Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Эксплуатациялық шығын жоспары



 

 

Эксплуатациялық шығынның жоспарын жасауда материалдық және еңбек қорының шығынының ең аз мөлшерін және жоспарланған жұмыс көлемін қатамассыз ету негізгі міндеттері болып табылады.Экономикалық шығындар бір жылға қызметтер бойынша төмендегі негізгі экономикалық элементтерді бөлуді жоспарлайды: еңбек ақысы, әлеуметтік аударылым, отын, материалдар мен артық бөлшектер, электр энергиясы , аммортизациялық аударымдар, басқада шығындар.

Еңбек ақы қорының барлық қызметі үшін ( қосымша жалақыны есептегенде) эксплуатациялық шығынға еңбек жоспарына тура сәйкес келетіндей етіп енгізеді.Әлеуметтік аудару өндіріс жұмыскелерінің жалпы қорынан 10% пайыз көлемінде жоспарланады.Басқа шығындар өткен кезеңдердегі есеп беруді талдау мәліметі негізінде жұмыс және басқада факторлардың көлемі мен құрлымындағы жоспарлы өзгерістерді ескеру бойынша жоспарланады.

Курстық жұмыста басқа да шығындарды шығынның жалпы суммасын орташа 0,5% алып, барлық кәсіпорынға есептеуге болады.

Қозғалыс қызметі. Стрелочниктер ауыстырымдары жұмсалатын материалдар шығындары әрекеттегі нормасымен табиғи қалыпында және материалдың бекітілген құны бойынша анықталады. Орташа жағдайда бір стрелочникті аударымға материал шығыны жылына 100-120 тенгені құрайды.

Электр энергиясына шығындар станция аумағын жарықтандыратын электр энергиясы шығынынан құралады: станция, сигналдар, қызмет бөлмелері, орталықтандырылған стрелкаларды электрлендіретін аспаптар және аккумулятор шаңдарының зарядкалары.

Станция аумағын және сигналдарды жарықтандыру үшін электр энергиясына шығындар көлеміне, станция территориясына байланысты жоспарланады:электр энергиясы шығынының номасы 1м2 электр энергиясы, жылына жағу ағат саны және бағасы 1кВт/сағ (1кВт/сағ. 4 теңге деп алып) және оларды өндіруге тең.

Станция аумағының аудны электр энергиясына шығын нормасы 1м2-қа 1,6-1,9 кВт/сағ, жылына 0,5-0,6 Вт/м2 есебінен . Жылына жану мерзіміне орташа 3200 сағат .Сондай шығын қызмет бөлмелерін жарықтандыру үшін электр энергиясына жоспарланады, ал жарықтандыру нормасы 1,8-2,0 кВт/сағ жылына 1м2есебінен 0,6 Вт/м2 жылдық жану нормасы шамдар 350 сағат.

Орталықтандырылған стелкалардың электр тасушыларды көректендіруші электр энергиясы шығыны электр энергиясының жылына бір енгізілуі мен электр энергиясының құнына есептелген. Бір электр тасуға СПВ-4 электр энергиясы шығыны жылына орташа 960 Вт/сағ.

Қозғалыс қызметі бойынша негізгі қорлардың аммортизациялық бөлінудің белгіленген нормаларынанықтайды.

Локомативті қызмет. Тепловоздар үшін отын шығынын жұмыс көлемі, өлшеуіштердегі отын нормасы және дизель отынының қазіргі бағасынан шыққан жұмыс түрлерінен алады.

Локомативтерді пайдалану шығынын үлкейтілген 5- таблица мәліметтерін қосымшадан анықтауға болады.

Амортизациялық бөлінуді тепловоздар паркі олардың бағасы көлемі және реновацияға бөліну нормасы бойынша жоспарлайды.

Вагондық қызмет. Кәсіпорын вагондарын пайдалануды ұлғайтылған анықтама мәліметтерінен белгілеуге болады.

Жол қызметі . Оның шығынын эксплуатациялық жолдардың ұзындығынан анықтайды: алынған рельс типтері және жол ұзындығының шығын нормасының бірлігінен.

Сигнализация және байланыс қызметі . Пайдалану шығынын шығынның жалпы нормасынан есептеуге болады.

Әкімшілік- басқарушылық шығындар. (АУР) ӘБШ-жалақысы еңбек жоспарымен дәл сәйкестікпен алынады. Әлекметтік бөліну ӘБШ-ң жалақы қорынан 7,5 % мөлшерінде жоспарланады.

ӘБШ іс-сапарға курстық жұмыстарына шартты 9,5-13 мың теңге. Басқа шығындар шартты 15,5-20 мың теңге мөлшерінде.

Жалпы өндірістік шығын жалпы өндірістік шығынға тікелей өндірістік процестерде қызмет атқаратын цех қызметкерлері мен жедел-өндірістік әлеуметтік бөлінулердің еңбек ақысы жатады. Оларға мынадай шығын жатады: ғимаратты пайдалану, жалпы- өндірістік белгілеудегі инвентарлар, негізгі құралдардың амортизациясы,ойлан табушылықпен , еңбекті жүзеге асыру, сақтаумен , кадр даярлаумен қызмет ететін жалпы- өндірістік қажеттіліктер.

Курстық жұмыста еңбек ақысы және әлеуметтік бөліністерді қоспағанда, жалпы өндірістік шығындар 900 мың көлемінде алынады, оларда элеметтер шығыны бойынша бөлеміз: отын - 40% ; материалдар мен қажетті бөлшектер -8% ; электр энергиясы – 9%; амортизация – 30% ; тағы басқалары -13%.

 

4. Жоспарлы өздікқұнды және көліктік жұмыс бағаларын анықтауды калькуляциялау ( баға кесу )

 

Өнімнің жоспарлы өздікқұны көлік шығынының бір өлшеміне келтірілген эксплуатация мөлшерінің шығыны белгіленеді.

Балық кәсіпорынның эксплуатациялық шығынының элементтері бойынша таблица жасалады: еңбек ақы, әлеуметтік бөлінулер; отын; электр энергиясы; амортизациялық бөлінулер; негізгі құралдарды пайдалану материалдар және жөндеу және артық бөлшектері және басқа да ақшалай шығындар. Тасымалдау өздікқұны жылдық жүк айналымы нетто эксплаутациялық қатынасына тең болады. Өнім құны немесе кәсіпорынның саудадан түскен ақшасы осы курстық жұмыста тасымалдау құнының жиынынан тұрады, олар тариф бойынша және маневрлік жұмыс пен жүкті өлшеу қызметі бағасымен белгіленеді.

Тасымалданатын жүктің түрлерімен көлемі, тасымалдау құны және тасымалдаудың жалпы құнын анықтау таблицасын жасау.

Маневрлік жұмыс құнын бір вагонға сағатына тариф бойынша 25 теңге , ал маневрлі локомативті – сағат көлемін жіберілетін вагондардың бір жылдағы санымен және маневрлі локомативті –сағаттың орташа шығынын 1 вагонға белгілеу. Теміржол өлшеуіш таразысына өлшеу құны- 1 вагон -4 теңге /ваг.

Өнімді өткізуден түскен ақшаның айырмашылығы ( көлік жұмыстары құны) және оның толық өздікқұны (эксплуатациялық шығыны) тепе-тең кіріс және өнімді өткізуден түскен кірістен көрінеді.

Әрі қарай өндірістік қордың құны белгіленеді: негізі өндірістік қорлар мен нормаланған айналымдық құралдарды отын, электр энергиясы, материалдар мен артық бөлшектер жиынтығы деп есептеп, пайдалануға және негізгі құралдарды жөндеу мен оған айналымдағы қордың қорын қосу, ал шартты айналым құралының құны 85%-ға тең деп алынады.

Балансты кіріс пен өндірістік қордың құнының қатынасын кәсіпорынның тиімділігі деп атайды.

 

 



Просмотров 2378

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!