Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Курс отырысында қаралды



Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат

 

 

Қарағанды 2010ж

Курс отырысында қаралды

«25»___06___2010ж. Хаттама № 12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент________ С.Т.Тулеутаева


 

Тақырыбы: Қыздыру әдістері және режимі. Таңдау алгаритмі. Ортопедиялық стоматологиядағы анестезияның өзекті мәселелері.

· Мақсаты: Тістерді егелеу әдісімен және тістерді егелеудегі дәрігердің тактикасымен таныстыру, ортопедиялық стоматологиядағы қазіргі кезеңдегі жансыздандыру.

 

· Дәріс жоспары

 

1. Тістерді егелеудегі дәрігердің тәсілі.

2. Қырнау аппараттарының және тірбинді қондырғылардың артықшылықтары

3. Қаптама астына тісті егелегенде жансыздандыру әдістері

4. Ортопедиялық стоматологиядағы қазіргі кезеңдегі тексеру әдісетрі


Тіс егелеу әдістемесі.

Ең бірінші тістің қатты тіндерінің қандай көлемін алып тастау керегін анықтап алу қажет. Тіс-жақ жүйесі қызметін бұзбай тіс пртезін тіс қатарында орналастыруға қажетті тістерді жеткілікті етіп егелегенуі керек. Бұл уақытта алынатын тіннің көлемі протез жасалатын материалға және дайындау әдісіне байланыст. Штампты-дәнекерленген құралдар кеңінен қолданған уақытта тістің қатты тіндерін егелеу 0,3 мм көлемінде алынғанда науқастың қауіпсіздік мәселесі өте төмен болған. Қазіргі кезеңде алынбайтын протездерді дайындау технологиясы жаңарған уақытта, протезге қойылатын эстетикалық талаптар алға шығып, науқасқа зақым келтірмей, тістің қатты тіндерінің қанша көлемі алынатындығы туралы көптеген сұрақтар туындайды. Тістің қатты тіндерінің қанша көлемі алынатындығы жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілген. Бұл уақытта ол көлем алынбайтын тіс протездерінің қалыңдығына тікелей байланысты деп есептеді. Ешқандай оқулықта кескіш құрал-жабдықтың егелегенде қандай қысым түсуі керектігін және оны қалай бақылау керектігі жөнінде жазылмаған. Ортопедиялық стоматология оқулықтарында, негізінен тісті қай бетінен бастап егелеу керектігі жөнінде жазылған. Бұрындары тіс егелеудің абайлап егеу әдісі қолданылған. Қазіргі уақытқа дейін осы әдісті қолданғанда асқынулар сирек кездеседі. Тіс тіндерінде екіншілік дентин қабаты пайда болу түрінде компенсаторлы қайта құру жүреді. Ұлпаны тітіркену реакциясына жауабы ептеп баяулайды тісті әр түрлі тітіркендіргіштері деген жауабы қалыптасады. Егелеуден кейін тұрақты ауру сезімі болса, (тістердің гиперестезиясы, жарақатты пульпит) тістің ұлпасы алып тастауға тура келеді. Тістің элмаль презмалары белгіленген бір заңдылықпен орналасады. Тістің әр аймағында эмаль презмаларының қисаю бұрышы тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тісті егелеу барысында егелейтін құралдың бағыты мен жылдамдығы эмаль презмаларының орналасуы дәл келетін болса, пайда болатн кері әсерлерді айтарлықтай төмендетуге болады. Ағзаларына жалпы аурулары бар науқастарда тістерді егелеу ерекше түрде жүргізіледі. Оларды біз анамнез және клинико-құрал жабдықта тексерулер жүргізулер арқылы анықтай аламыз. Ауру тарихына науқастың жалпы жағдайын белгілей отырып, жүрек қан-тамыр ауруларына, жүйке жүйесіне асқазан ішек жолдары ауруларыа, зат алмасу процесстердің бұзылыстарына ерекше көңіл аударылады.

Тіс егеудің жалпы сұрақтары

Ең алғаш тістерді егелеу жасанды қаптама жасау барысында 1881 ж. Бастады. «Тістерді » егелеу термині алынбайтын тіс протездерімен ортопедиялық емдегенде тістерді егелеуге арналған отандық монографиялар шыққанда 1983 жылдан басталады. Тістерді егелеу науқастың ағзасына зиянды, қажетті, ортопедиялық емдеу кезеңіне керекті кезеңдердің біріне жатады. Тістерді егелеу барысында механикалық жолмен зақымдалған, протездеуге кедергі туғызатын тістің қатты тіндерін алып тастау болып табылады.

Тісті егелеудің негізгі міндеттері:

- Тіс жегісімен немесе басқа да ауруларынмен зақымдалған тіндерді алып тастау

- Әр түрлі тіс протез құрылымдарын және бітемелік маторларды бекіту үшін оптимальды жағдай туғызу.

Тіс егелеудің негізгі көрсеткіштері – тістерді және тіс қатарларында туа және жүре пайда болған ақаулар. Тікелей тістерді, тіс-жақ жүйесін, ағзаны толығымен қызметін, пішінін қалыптастарын емдеу үшін, алдын алу шаралары аймағында тіс егелеу ең бірінші кезеңде тұрады. Сырттай қарағанда бұл өте қарапайым, тез жүргізілетін жұмыс сияқты, бірақ бұл науқас үшін өте қиын, қауіпті, жарақатты әрекетке жатады. Нәтиженің жоғары болуы егелеу техникасын дұрыс білуден, ағзаның анатомо-физиологиялы ерекшеліктерін білуден, сонымен қатар ағзаның толығымен компенсаторлары реакциясына байланысты. Егелеу барысында тіндерге физикалық және химиялық факторлар әсер етеді. Физикалық факторларға – кескіш құрал-жабдықтар жатады. Кескіш құрал-жабдықтармен тіс тіндеріне түсірілетін қысымға ерекше көңіл аударылады. Ол егеленетін тіндердің қызуына алып келеді. Соның салдарынан ауру сезімі ғана емес, сонымен қатар ұлпаның күйігі де қоса жүреді. Қазіргі уақытқа арнайы саусаққа кигізетін құралдар ойлап табылған, олар егелеу барысында кескіш құралдың қысымын анықтайды.

Химиялық факторларға: егеленетін аймақтың ауру сезімін азайту, кептіру, тазалау, зарасыздану заттары жатады. Факторлардың әр қайсысы тіске, толығымен барлық ағзаға тітіркендіргіш бола алады. Жұмыс істеу алдында ең бірінші ауыз қуысын мұқият қарау қажет – мүшелер мен тіндер бір-бірімен тығыз байланысты. Оған тістер, тіс қатарлары, жақ сүйектері, бұлшық еттер, тіл, сілекей бездері, буындар және басқалары кіреді. Ауыз қуысының микрофлорасы өзінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Функциональды шайнау жүйесінің құрамына парадонт, ауыз қуысының бұлшық еттерін, қан тамырлары мен жүйке тамырларынан тұрады. Сонымен қатар ауыз қуысында сезімтал және қозғалғыш жүйке талшықтарының рефлексогенді аймақтары бар. Науқастың психоэмоциональды жағдайын анықтап, оған алын алу шараларын қолдану тек қана тіс егелегенде ғана емес, толығымен ортопредиялық емдеуде жоғары нәтиже береді. Ауру тарихында науқастың жалпы жағдайын қарайластырады. Бұл үшін сұрастырудың әр түрлі әдістері қолданылады. Науқастың психиэмоциональды стресстік жағдайды төмендетудің басты шарттарының бірі науқас пен дәрігер арасындағы тығыз қарым-қатынас болып табылады.

Тіс егеу заттары

Қазіргі уақытта тіс протездерінде өте күшті стоматологиялық қондырғылар мен кескіш құрал-жабдықтар бар. Егерде қолданылатын құралдың айналу жылдамдығын 4000 айналымнан асатын болса, міндетті түрде сумен суыту қолданылады. Егерде айналу жылдамдығы 100 мың айналымнан асатын болса, салқындату үшін судың берілуі 50мл/мин болуы керек. Кескіш құралға түсіретін қысым 180-250 мг/мм кескін құралдың айналу жылдамдығы төмен болатын болса, тістің қатты тініне түсетін қысым соғұрлым жоғары болады. Бұл жағдайда 1,5 кг дейін. Өте күшті айналымда кескіш құралдарды қолданғанда көршілес жатқан тіндерді қорғау қажетті сулы салқындатуды қолданып, ауыз қуысы антисептиктің жай ерітіндісімен сулап отыру крек.

Ортопедиялық ем алдында тістердің ұлпасын алып тастау

Тіс егелеудің терапиялық, ортопедиялық және аралас түрлерін ажыратады. Терапиялық немесе ортопедиялық ем жүргізудің көрсетілімдеріне тістің сауыт бөлігінің ақаулары жатады. Ортопедиялық стоматологияда көбіне салмалармен немесе алынбайтын протез түрлерімен емдеу ақарастырылған. Екі жағдайда да ақауды болдырмау үшін қаншалықты қажетсіз тіндерді алып тастау керектігі жөнінде сұрақ туындайды. Бұны ауыртпай және қауіпсіз орындаған жөн. Егерде терапевтке қажетсіз тіндерді алып тастау қажет болса – жағдай түсінікіті. Ал ортопедтер патологиялық мұқалуды емдегенде, тістің жартылай ақауларын емдегенде, тіс қатары бұзылыстарын емдегенде мынадай сұрақ туындайды: сау периадонты мен сауыты бар тістің ұлпасын алу керек пе? Егерде тіс тіс қатарында орналасу жағдайына өзгеретін, берілетін жауап оң болады. Бірақ кейінгі жарақаттарда дәрігер-ортопед көбіне ортопедиялық мақсатта тістердің ұлпасын алғызады. Ортопедиялық көрсеткіш бойынша тістердің ұлпасын алып тастауға жібереді, некроздың алдын алу мақсатында, бірақ тіс ұлпасын витальды түрде сақтап қалу керектігін мойындайды.

Тіс егелеудің тіс тіндеріне тигізетін әсері.

Көптеген бақылаулар көрсеткендей, тісті егелеу барысында пайда болатын жылу тіс тініне және толығымен ағзаға әсері тиеді. Эмальдың жылуға деген тұрақтылығы төмен. Бұзылыстар эмальдың белокты-минеральды комплексін қамтиды, ол эмаль призмаларының өзгеруіне алып келеді.

Одонтобластардың жылуға деген сезгіштігі жоғары. Қан тамырлары мен жүйке талшықтарында өзгерістер кездеседі. Биохимиялық зерттеулер бойынша жылу шығару мезосомальды ферменттердің белсенділігіне әсерін тигізіп ұлпа торшаларында екіншілік өзгерістер туғызады. Ұлпа ішілік қуыста егелеу барысында температура 5,50С жоғарылайды, ол некроз ошақтарының пайда болуына алып келеді. Ұлпа ішілік температура 11,10С жоғарылағанда өзгерістер ауыр түрде жүреді де оны ішінде 50% қана қайтымды болады. Қызудың 16,70С жоғарылауы тамырлардың некрозы мен тромбозына алып келеді. Шамадан көп жылу шығару болса периодонтта асептикалық қабыну процесі 6-12 сағаттан кейін прайда болады. Сүйек тінінде негізгі затпен домбықпасы пайда болады. Домбықпаның екінші кезеңі 15 күннен кейін байқалады. Сондықтан үлгіні егелегеннен кейін екі сағат аралығында алынады, сауытты шақтап көру 5-7 күннен кейін, ал протезді бекіту 15 күннен кейін жүргізіледі.


Әдебиеттер

Негізгі:

1. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил.

2. Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т. Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с

3. Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У,. Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с

4. Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)

5. Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с

6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)

7. Н. Г. Аболмасов. Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.

8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.

9. В. А. Попков. Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.

Қосымша:

  1. Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие / - Владивосток : Б.и., 2005. - 76 с
  2. Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
  3. Е. Н. Жулев Конструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
  4. Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
  5. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
  6. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)

7. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с

Қорытынды сұрақтар:

1. Тістерді егелеу әдістері?

2. Тістерді егелеу тәртібі?

3. Тістерді егелеу барыснда болатын асқынуларды алдын алуы?

4. Тістерді егелеудегі сақтық ережелері?

 


Просмотров 1178

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!