Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Шөгінді қабаттардың заттық құрамын зерттеу



Қабаттар арасындағы кірікпелер мен тасберіштерді зерттеу.

Шөгінді жыныстар қималарын зерттеу кезінде кірікпелерге, әсіресе аутигендік тасберіштер түзілімдеріне көңіл бөлу қажет. Кірікпелерге, әдетте шөгінді жыныстарға басқа жатқан ауып келіп көмілген аллахтондық денелер жатады. Олардың жергілікті литогенетикалық шөгінді типпен тура генетикалық байланысы жоқ. Бірақта, оның тегі, тасымалдау әдісі және көмілуінде, көне шөгіндітүзілу жолымен байланысы барлығы байқалып тұрады. Егер кірікпелер ішін-ара таралмаған болса, оның корреляциялық маңызы да бар, ал олардың тегін зерттеу палеогеографиялық жағдайы мен шөгіндітүзілу ортасы жайлы кейбір мәліметтер бере алады. Кірікпелерге сазды- құмайтты ұсаққабатты шөгінділердегі жеке құжбандар, малтатастар жатады.

Тасберіш (конкреция) – таужыныстардағы аутигенді минералдық түрбөлшектер шемені. Олардың қалыптасуы диагенез сатысында шөгінді қатқабаттарды бойлаған ерітінділер диффрузиясы арқылы алғашқы бір орта төңірегінде шөгінделіп өсуі нәтижесінде жүреді. Карта түсіру кезінде зерттеуші- геолог үшін шөгінді қабаттардағы тасберіштердің, корреляциялық белгінің бірі ретінде маңызы зор. Геологиялық зерттеулер кезінде тасберіштерді зерттеудің тәртібі оқулықта берілген [1]

Органикалық қалдықтарды зерттеу. Бұл зерттеулер нәтижесінде кем дегенде үш геологиялық мәселені шешуге болады:

1. Органикалық қалдық табылған ауданның шөгінді түзілу жағдайы айқындалады.

2. Ұқсас органикалық қалдықтар көмегімен ортақ жасты таужыныстар қабаттары салыстырылып, корреляцияланады.

3. Шөгінді қабаттардың стратиграфиялық шкаладағы орны анықталады.

Далалық геологиялық зерттеулер кезінде омыртқасыз жануарлар мен қазба өсімдіктердің төмендегідей белгілеріне көңіл бөлу қажет:

Шөгінді қабаттардағы жануар-жәндіктер мен өсімдіктердің өмір сүру іздері, карта түсіру кезінде қабаттарды салыстырушы (корреляция) белгі ретінде, шөгінді түзілудің фациялық жағдайын, тал қабат жатыс жағдайы бұзылғаннан кейін оның жабыны мен табанын ажыратуға көмегін тигізеді.

Кенорындарда экономикалық бағалауға әсер етуші факторлар.

Кенорынды өндірістік игерудің экономикалық тиімділігі оның төмендегідей табиғи сипаттамаларына тікелей байланысты болып келеді: кенорынының қоры; кенорынының пайдалы қазбасының сапасы; игерудің тау-кентехникалық жағдайы; шикізаттың технологиялық қасиеті; нысана орналасқан жердің географиялық-экономикалық жағдайы; кенорынын игерудің экологиялық жағдайы;

Кенорынның қоры (ресурсы) –геологиялық барлау нәтижесінде жер қойнауында шоғырланған пайдалы қазба кенорындарының анықталған мөлшері. Қорға есебі, бағалануы нақты белгілі болғандар, ал ресурстарға шамамен бағаланған (жобалық) саны жатқызылады.

Пайдалы қазбаның сапасы оның химиялық, физикалық және техникалық қасиеттеріне байланысты болады. Кендердің сапасы олардың заттық құрамымен (минералдық және химиялық) анықталады және пайдалы компоненттің (элементтердің немесе пайдалы минералдардың) мөлшерімен сипатталады.

Шикізаттың технологиялық қасиеттерідегеніміз жер қойнауынан өндірілген шикізат-тың алғашқы өңдеу процесінен соң товарлық өнімге айналуы. Пайдалы қазбаны комплекстілі жағдайында әр бір бағалы құрамбөлшекті жекелеп алу алғашқы өңдеудің міндеті болмақ.

Кенорынын игерудің тау-кен техникалық жағдайы-кен қазу жұмыстарының түрі мен әдісі пайдалы қазба байлықтың жатыс жағдайына, жер бетінен тереңдігіне, таужыныстары мен кеннің қаттылығы мен беріктілігіне, кенорынының гидрогеологиялық пен инженерлік-геологиялық жағдайына байланысты болып келеді.

Кенорынының географиялық-экономикалық пен экологиялық орналасуы жағдайлары-өндірілетін кенорынының қандай ауданда орналасқаны оған жіберілетін қаржының көлемін болжауға мүмкіндік береді.

Атпарлық және қатпар түрлері туралы айтып беріңіз, Таужыныс ,қатқабаттарында қатпарлар қалыптасуының негізгі механизмі қандай?

Қатпарлық – негізінен тектоникалық қозғалыстар (ара-тұра экзогендік процестер) әсерінен туындайтын, таужыныс қатқабаттарында түрлі масштабты және алуан түрлі пішінді қатпарлардың (иілімдер жүйесінің) қалыптасуын қамтамасыз ететін, жер қыртысында кеңінен етек алған деформация түрі. Қатпарлық – майыспалы деформация (пластическая деформация) өкілі болып табылады, яғни мұндай деформация нәтижесінде таужыныс қабаттары өздерінің тұтастығын сақтайды, тек қана пішіндік өзгерістерге ұшырайды. Қатпарлардың басты-басты екі түрі болатындығы белгілі, олар – антиклиндер мен синклиндер. Кез келген қатпарлық көптеген антиклиндер мен синклиндердің жиынтығынан тұрады.

Қатпарлар жүйесінің қалыптасу механизмі белгілі бір бағытта туындаған қарқынды қысымның (стрестің, немесе бүйірлік қысымның) әсерімен, осының нәтижесінде таужыныстардың сығымдала иліп-жанышталуымен түсіндіріледі. Осылайша сығымдалу нәтижесінде туындаған қатпарлардың пішіні мен мөлшері бір топ сырт жағдайларға байланысты алуан түрлі болып келеді. Аталған жағдайлардың бастылары – қатпарлыққа ұшыраған таужыныстардың риологиялық жағдайы («ағуға» бейімділігі), қатпапрлану аймағының кинематикалық және динамикалық жағдайы, сол аумақта туындаған кернеулер сипаты және сырт ортаның ерекшеліктері.

Жоғарыда аталған аталған жағдайлардың ішіндегі ең бастысы – таужыныстың реологиялық жағдайы, яғни оның «босаңсуға», яки «ағуға» («иілуге») бейімділігі. Жер бетіне шығып жатқан қатты да берік таужыныс қабаттарының өз тұтастығын сақтай отырып «иілу» процесін көз алдына елестету қиын, себебі олар жоғары дәрежелі сығымдау кернеулері жағдайында «бір рет иілгенше, мың рет жыртылған (сынған) болар еді». Олай болса, қатпарлық процесі негізінен жер қойнауларында, яғни жер қыртысы қимасының тереңдіктері деңгейінде өтетін процесс. Аталған тереңдіктер деңгейіндегі таужыныс қабаттарының жыртылуға емес, иілуге бейім болу себебі – сол деңгейлердегі температура мен қысымның жоғары болуынан, осының салдарынан таужыныстардың «босаңсуынан» деп түсіну қажет. Мұндай қатпарлар тобын әдетте «тереңдік қатпарлары» деп атайды. Тереңдік қатпарлары (глубинные складки)дегеніміз бүйірлік қысым (стресс) жағдайында, жоғары температуралар мен қысымдардың әсерінен «ағуға» бейімделген таужыныс қабаттарында ұшырасатын қатпарлар түрі. Мұндай қатпарлық түрлері көне платформалардың және фанерозойлық қатпарлы белдеулердің кристалдық іргетасын құрайтын жаралымдарда ұшырасады. Бүйірлік қысым жағдайында туындайтын, алайда жер қойнауының тереңдіктерінде емес, беткі қабатында көрініс беретін тағы бір қатпарлар тобын даралауға болады, оларды шартты түрде «жамылғы қатпарлығы» деп атайды. Жамылғы қатпарлығы (покровная складчатость)аймақтық қысым қатпарлығы, мұндай қатпарлық көлбеу (горизонталь) бағытталған стресс әсерінен қат-қабатталған таужыныс жиынтығының созылымдық иілуге ұшырауы нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатпарлық әдетте кристалдық іргетас жаралымдарының беткі бөлігіне және сол жаралымдарды көмкеріп жататын шөгінді тыс қатқабаттарына тән. Қатпарлықтың үшінші тобы «экзогендік қатпарлық» деп аталады. Экзогендік қатпарлық (экзогенная складчатость)әр түрлі экзогендік күштер (кернеулер) әсерінен жер бетіне жақын орналасқан шөінді таужыныс қатқабаттарына тиесілі қатпарлар тобы.

Тереңдік қатпарлары, өз кезегінде, үш түрге бөлінеді, олар «созылымдық иілу қатпарлары» (складки продольного изгиба), «көлденең иілу қатпарлары» (складки поперечного изгиба) және «ағымдану қатпарлары» (складки течения) деп аталады.

Созылымдық иілу қатпарлары таужыныстардың қат-қабатталу жазықтығының бойымен өрбіген стресс нәтижесінде қалыптасады. Қабаттардың иілуі нәтижесінде оларды құрайтын заттардың қозғалысы сығымдалу бағытына перпиндикуляр бағытта өрбиді, мұның нәтижесінде қатпар өзінің өстік жазықтығы бойымен «өсетін болады». Сондықтан да мұндай қатпарлардың қалыптасуы сығымдалу аймағы ауданының айтарлықтай кішіреюімен орайласады, яғни таужыныс қатқабаттарының сығымдалуға дейін алып жатқан ауданы таужыныс қатқабаттарының «жиырыла жинақталуы барысында» өз ауқымын айтарлықтай кішірейтеді.

Көлденең иілу қатпарлары қалыптасуы барысында таужыныс қатқабаттарының сығымдалуы олардың қат-қабатталу жазықтығына перпиндикуляр бағытта өтеді. Бұл қатпар түрлері өздерінің иілу дәрежесі тұрғысынан алғанда созылымдық иілу қатпарларына қарағанда әлдеқайда қарапайым болып келеді.

Ағымдану қатпарлығы тұтқырлығы өте төмен таужыныстарда кеңінен тараған және біршама жиі ұшырасатын қатпарлық түрі. Температура мен қысымның төмен мөлшерлері жағдайында мұндай қатпарлақ тұздар, гипс, саздар, көмірлер сияқты әуелден-ақ тұтқырлығы төмен, яки «аққыш таужыныстарда» көрініс береді. Ал температураның өте жоғары дәрежелі болуы талай-талай берік таужыныстардың тұтқырлығын азайтады, сондықтан жер қойнауындағы жүздеген градус температуралар жағдайында кәдімгі мәрмар, кварциттер, аплиттер, гнейстер, амфиболиттер т.с.с. таужыныстар да ағымдану қатпарлығына ұшырайды. Мұндай процестер барысындп таужынысты құрайтын минералдардың қайтадан кристалдануы және жаңа минералдардың туындауы жүзеге асады. Ағымдану қатпарлығы өздерінің пішіндері жағынан өте күрледі қатпарлар түзеді, бір ғана қатпар қанаттары мен құлыптарындағы қабаттардың делдиіп қалыңдауы немесе, керісінше, жіңішкеріп жұқару мысалдары жиі ұшырасады. Мұның нәтижесінде қатпар қимасындағы оның сырт көрінісі «іркіс-тіркіс» сипатты иеленеді. Мұндай қатпарлардың өстік жазықтығы қабаттың алғашқы жағдайымен салыстырғанда әр түрлі бағыттарда созылады, алайда оның негізгі созылу бағыты заттардың «ағу бағытына» сәйкес келеді.

Жамылғы қатпарлығы көбінесе кристалдық іргетасты көмкеріп жататын шөгінді тыс қатқабаттарында ұшырасатындығы жоғарыда айтылды. Өздерінің күрделілік дәрежесі тұрғысынан мұндай қатпарлық өкілдері тереңдік қатпарларымен салыстырғанда қарапайымдау болып келеді. Алайда жамылғы қатпарлығына тиесілі қатпар өкілдері арасындағы ең күрделілерінің және маңыздыларының бірі – аймақтық сығымдалу қатпарлары. Мұндай қатпарлық қат-қабатталған таужыныстардың көлбеу (горизонталь) бағытталған стресс салдарынан созылымдық иілуге ұшырауы нәтижесінде туындайды. Бұл қатпарлық түрін кейде «альпинотиптік қатпарлық» деп те атайды. Мұндай қатпарлар жүйесі созылмалы сипатты иеленген, өстік жазықтығы үнемі бір бағытта сағаланады, қатпар қанаттары созылу бағытына перпиндикуляр бағытта «қисаяды». Қатпарлардың үнемі бір бағытта «қисаюын» «вергенттілік» деп атайды, вергенттілік көлбеу (горизонталь) стрестің көрініс беру бағытына қарсы бағытталады. Жамылғы қатпарлығының тек қана шөгінді тыс қатқабаттарына тиесілі және біршама қарпайым құрылыспен сипатталатын өзге өкілдері ретінде кептелу қатпарларын (складки облекания) (шөгінді тыс астындағы кристалдық іргетас блоктарының тербелмелі, яки жоғары-төменбағытталған қозғалыстарынан туындайды) және диапирлік қатпарларды (тұз күмбездері мен саз диапирлері қалыптьасуымен байланысты туындайды) атауға болады.

Экзогендік қатпарлық өкілдері мыналар: суасты-сырғыма қатпарлары (подводно-оползневые складки); шөгінділік кептелу қатпарлары (складки осадочного облекания); тығыздалу қатпарлары (складки уплотнонения); ісіну қатпарлары (складки разбухания); отыру қатпарлары (складки оседания); тырсию қатпарлары (складки выпирания). Бұлардың бәрі де шөгінді тыстың жер бетіне жақын орналасқан қабаттарында алуан түрлі қарпайым экзогендік процестер нәтижесінде қалыптасады.

 



Просмотров 1780

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!