Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Модуль. Экскурсиялық нысандардың түрі мен құрамы



Дәріс

Тақырыбы: Экскурсиялық нысандардың топонимикасы

Мақсаты:Студенттердің осы тақырып бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, оны тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту

Жоспары:

1. Топонимика, интегральды ғылым.

2. Туристік-экскурсиялық нысандарды оқуда топонимика ролі. Топонимиканың жіктелуі.

1. Топонимика, интегральды ғылым. Топонимика ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» - орын, жер, «онома» - атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі: семантикасы (мағынасы), жасалу жолдары, этимологиясы. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген. Географиялық атаулар белгілі-бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отырады. Жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады. Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық объектінің ерекшеліктері және ландшафттың ерекше белгілері көрініс табады. Географиялық атаулар жүйесі кез келген тілдің ажырамас элементі болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып отырады.

Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол кезеңдегі физикалық-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық, лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта түседі. Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың тарихындағы маңызды оқиғаларды “жадында” сақтап, қаз қалпында бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келб.ін анықтаған. Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география “топонимиканың бесігінің жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды”. Географиялық орнының ерекшеліктеріне орай, республика аумағы тарихи кезеңдерде Сібір – Орал, Қиыр Шығыс - Орталық Азия, Орта Азия, Солтүстік Кавказ және Оңтүстік Орыс жазығы аймағында жүрген саяси, экономикалық оқиғалармен тығыз байланыста болды. Ескеретін мәселе, еліміздің тарихи дамуында Оңтүстік Қазақстан ежелгі отырықшы өркениеттің ошағы болған ұлы өзен Сырдарияның аңғарындағы суармалы егіншілік пен қолөнердің, сауда мен қала мәдениетінің орталығы қызметін атқарды. Сырдария бойында ежелден бері Орталық Қазақстанда тұрған көшпенділердің қыстаулары орналасатын. Сыр бойындағы шұраттар мен қалалар олардың жолдарында ешқашан бөгеп тұрған жоқ, сол себепті көшпенділер мен отырықшы халықтың арасында өзен жағалауындағы жер дауы туындаған жоқ. Далалық аймақтар мен отырықшы егіншілік өркендеген аудандар аралығындағы шаруашылық - мәдени байланыстары жөнінен еліміздің топонимикасы аздаған айырмашылықтарға қарамастан бірін-бірі толықтырып, жалғастырып жатты. Қарастырып отырған мәселенің өзектілігі географиялық атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып-білу, қорыта айтқанда студенттерді, оқушы жастарды еліміздің бай табиғаты мен атаулары туралы мол мәлімет беру.

Келесі беттен қосымша оқысандар болады



Просмотров 2076

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!