Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936)
|
Сатиралық-юморлық реализм: Г. Манн, Марк Твен, О. Генри. 4 часть
3. Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалықағымдардың жиынтық атауы. Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды. Модернизмнің негізгі бастауы ретінде.А.Бергсонның - интуитивизмі, Э.Гуссерльдің феноменологиясы,З.Фрейдтің психоталдауы,С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев, т.б. - экзистенциализмі танылды. Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Мысалы, Г.Марсель мен Ж.П.Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э.Хемингуэй, У.Фолкнер, Г.Грин, Ф.Мориак, А.Миллерге модернизм әсер етсе, М.Пруст, Д.Джойс, Ф.Кафка, Р.Музиль,А.Белый, П.Валери, Ж.Жироду, Ж.Кокто, Ж.Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептері айқындалмады. Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М.Әуезов әңгімелерінде, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы,Ә.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т.б. шығармалар.
22- билет. Сервантес.1.16ғ.соңы мен 17ғ. Басында өмір сүрген Испан қайта өрлеу дәуірінің ірі өкілі Мигельде Сервантес. 1547 жылы қыркүйектің 29 да Испанияның Алкала де Энорис қалашығында дүниеге келді. Әкесі Родриго Сервантес емші болған. М.Сервантес 1557-1561 ж/ы иезуиттер мектебінде оқыды. 1561 жылы отбасы Мадритке көшіп барған соң оқуын осы жерде жалғастырады. Сол жерде бозбала Мигельде өлеңге деген сезімі оянады. Филипп 2-нің әйелі Исабелланың өліміне арналған сонеттері жас Сервантестің поэзия саласындағы тұңғыш өлеңдері еді. Сервантестің «Дон Кихот» романын жазуын оның өміріндегі ең қиын ауыр кезеңдерге тура келеді. Оның «Ғибратты новеллалар», «Парнасқа саяхат» шығармалары бар. Шығарманың бас қаһарманы- Ламанч қыстағында жасайтын жасы елуде, ұзын бойлы,қайратты, аңшы, кедейленген дворян Кихона. Ол серілік романдарды қызыға оқитын ертелі-кеш кітаптан бас алмайтын оның миы зақымдалады. Оның көз алдынан серілік роман/ғы жәдігөйлер елестейді. Оның ойында сері болу және оларға ұқсап, әділетсіздікпен күресу ойы туады. Өзіне 1 апта ойланып, «Дон Кихот» деген есімді ойлайды. Ақсақ арық атына серілік роман/дай «Даңқты Росинант». Ал өзінің ғашығы деп Табасо қыстағындағы шошқа бағатын Алдансо Лоресо деген қызды таңдайды. Ал оған «Дюльсиния Табосо» деп ханшаларға қоятын есімді қояды. Осыдан кейін оның жорықтары басталады. Ол жолда 1-ші кездескен жолаушының батасы мен сері атағын алмақшы болады. Дон Кихот осы күні кешке қарай жеткен жері керуен сарайды қорқынышты, қапас деп ойлайды. Бұл жердегі әйелдер оған сұлу ханымдар боп елестейді. Шошқа бағушының сыбызғысының даусын өзін күтіп алу салтанатына арналған күй деп қабылдайды. Дон Кихоттың дұшпанмен алғашқы қақтығысы осы керуен сарайдың қорасында болады. Қасиетті орын деп түсінген сарайды түнімен күзетіп шығады. Осы кезде малын суаруға келген шопанды дұшпан екен деп оған шабуылдайды. Керуен сарайының қожайыны оған бата беріп, құтылуды ойлайды. Санчо Пансаны өзіне атқосшы етіп алады. Оны қызметтері үшін болашақта бағындыратын аралдардың біріне губернатор етіп тағайындамақшы болады. Серілік романдарға ес түссіз берілу Дон Кихотты алаңғасарлық халге түсіргенімен, оның жүрегі таза, іс-әрекеттері адал. 2.Ортағасырлық Серілік роман. 13 ғасырда сарай маңы, серілік бағыттағы — куртуаздық әдебиет және қалалық әдебиет пайда болды. 14 — 15 ғасырларда ақындар куртуаздық лирика әдістерін дамыта отырып, бұрынғы поэтик. тақырыптарды жетілдірді. 14 — 15 ғасырлардағы серілік романдар ұлттық мәселелер мен фольклорлық әуендерге толы болды (“Мелюзина”, 14 ғ., “Жан де Сантре тарихы”, 15 ғ.). 15 ғасырдың соңында Франция Қайта өрлеу дәуіріне өтті. Италиямен қарым-қатынас күшейіп, кітап басу ісі дами бастады, антикалық дүниеге деген қызығушылық өсті. 3. Неміс романтизмі.Германиядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталмыш жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырған осы елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек, Германиядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында жатыр.Неміс романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну үшін мәселенің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм «сыртқы шындық пен жалпы дүниеге» (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде Неміс буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңындағы дәуірде кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе, буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік ұялатты, ал рухани «арақашық жақындығы» шешуші міндет атқарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттық және кеңістік тұрғыдан алғанда сол тұстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал Неміс романтизмінің құрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік тауып отырды. Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі жасалғанның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Неміс әдебиеті мен рухани өмірінің аса қуатты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезегінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты.Енді Неміс романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен түрлердің тазалану, жаңғыру, түрлену, түрлеу, яғни қайта өрлеу дәуірі келіп жетті. Табиғаты терең, мазмұны сан алуан, пішіндік болмысының қыры көп осы дәуірдің көркемдік келбетін, эстетикалық сырын танытатын шығармалар қатарынан Альфонс Ламартин, Виктор Гюго туындыларын айрықша атап көрсетуге болатыны даусыз. Неміс романтизмінің айрықша белгілері, өзіндік бітім-болмысы аталмыш ақын-жазушылардың шығармашылығымен тығыз байланысты.
23-билет. 1.717ғ әдебиеті. Борокко термині.Испан әдебиетінде Борокко ағымы 17 ғ/ғы Батыс Еуропаның, Испанияның тарихи өмірі негізде кең түрде дамыды. Осы дәуірдегі испан философиясы әлсіз,түңілушілік бағытта болды. Борокко жазушылары антикалық өнермен қайта өрлеу дәуірі әдебиетінің теориялық жетістіктерін, эстетикалық дәстүрлірңн жоққа шығармайды, халық шығармашылығынан да қол үзісіп кетпейді. Борокко бағытына тән болған миссикалық- аллегориялық тәсілдер осы кезеңнің ірі драмашысы Кальдерон шығ. айқын көрінеді. 17 ғ/да Испан әдебиетінде 3 әдеби бағыт айқын көрінеді. Олар: қайта өрлеу реализмі, классицизм және борокко бағыттары. 17 ғ/ғы Испан әдебиетінің өкілдері: Лопе де Вега, Кальдерон, т.б. Лопе де Вега «Қой қайнары драмасы», « Шалғындағы ит», «Би мұғалімі» драмалары бар. 2.Грек лирикасының түрлері.Грек тілінде «лирика» сөзі ішектің музыкалық аспап лираның атынан кеп шыққан. Мағынасы музыка сүйемелделдеуінде орындалатын жыр дегенді білдіреді. Бұл атау лирикалық поэзияның дамыған дәуірлерінен әлдеқайда соң шам.б.з.б. 3-2 ші ғас. Эллиндік дәуірдегі ғалымдар тарапынан қолданысқа енгізілген. Сол кезеңде гректердің өздері осы топқа жататын шығармалардың барлығын мелос,милика яғни өлең деп атаған. Сондықтан ғасырлар бойы ежелгі гректер лирикалық пожзияны басқа түрлі тәсілдер мәселен, өлең, музыка аспабы,бимен байланыстырған. Дәуірлердің өтуімен лириканың ямб және элегия деп ат. Кейбір қарапайым түрлері бірте- бірте музыкадан алыстап, теқ қана оқу үшін шығарылған әдеби жанрға айналды. Мелос атауы болса, көңіл күйді білд. Өлеңдерге қат. қолд/ы. лириканы түрлерге бөлу тәсіл/ң бірі- өлшем. Эпикалық жырлардың гекзаметр өлшемінен басқа формаларды жазылған шығармалардың барлығы лирикаға қосылған. Осы негізде бұларды элегия, ямб, мелос деп бөлген. Үздік лирика ретінде танылған мелос жандар. Өзінің мазмұнына, қандай оқиғаларына арналғандығына қарай 2 топқа бөл/і: жеке әнші орындайтын монодиклирика және көпшілік орындайтын хор лирикасы. 3. Батыс пен Шығыс мәдениетінің синтезі.Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Бұл философия «схоластика» (лат. Ғылым, мектеп). Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталған жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Филсофтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, оларданбұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер(лат. Шын) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді. Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды.Ортағасырлық филасофияның ерекшелігі: философиялық ойдың дамуының тікелей діни – теологияның шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Құлдық және буржуазия арасында мың жылдай үстем құрған феодалдық құрылыс жатыр. Оны схоластика деп атаған. Схоластика (гр. Scholasticos- мектептік) – орта ғасырлық «мектептік философия», оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Бұл үшін олар ежелгі философиялық идеяларды пайдаланды.Қазіргі схоластика деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз, бекер, жел сөзге үйір дегеннің синонимі. Схоластардың талас- пікірі жалпылық пен жалқылық қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар(лат. Unuversalia- жаппайлық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп атайды. Мұны шешуді түрлі жолдары айталды. Біреуі- жалпы ұғым- әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұған қарама- қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал «адам» деген жалпы атау- ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады. (лат. Nomina – нақты атау). Реализм (лат. Realis- шындық, заттық)- өнердің объективтітанымдық және эстетикалық табиғатын жүзеге асыра алатын көркемдік әдістердің бірі. Адамның шындыққа деген жан- жақты қатынастарын бейнелеу, жеке – дара суреттеу арқылы өмірдің заңдылық типтік мағынасын ашу.
24-билет.1.Испания әдебиеті. Лопе де Вега.17 ғ/да Испан әдебиетінде 3 әдебибағыт айқын көрінеді. Олар: қайта өрлеу реализмі, классицизм және борокко бағыттары. 17 ғ/ғы Испан әдебиетінің ірі өкілі: Лопе де Вега. Лопе де Вега 1526 жылы қарашаның 25 де Мадрит қаласындағы қолөнершілер отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Фелис де Вега астура шаруаларының бірі болды. Жұмыс іздеп Кастилияға келген. Лопе Фелис 1573 жылы иезуиттер мектебінде, кейін Алкола де Энараси универ. білім алады. 1576 жылы әкесі қайтыс болған соң оқуды тастап кетеді. 1588 жылы атақты суретшінің қызы Изабель де Урбинаға үйленеді. Осы жолы Лопе де Вега жеңілмейтін армадо флотының Англия жағалауына жааған жорықтарына қатардағы әскер ретінде қатысады. Жас ақын кеме палубасында «Анжеликаның сұлулығы» поэмасын жазады. Ол испан ұлттық драмасының қалыптасуына және дамуына негіз салады. Жазушының осы уақытта табылған және жарияланған пьесаларының саны 500 ге жақын. Оның 50 і діни пьесалар. «Өз үйінде данышпан» драмасында қарапайым шаруаның тұрмысы, кедейлігі мен ар тазалығы, билеуші топ өкілдерінің менмендігіне қарсы қойылады. «Периваньес және командор Оканьи», «Саламей Алькальді», «Сивель жұлдызы» драмаларында ізгілік ар-намыс үшін күрес,билеуші топтарды сынға алу көзделеді. «Өз үйің өлең төсегің», «Шаруа өз лашығында»дармаларында табиғи адал сезімге,қарапайым кедей жандарға,шаруаларға деген құрмет негізделеді. Лопе де Вега махаббат,отбасылық тұрмыстық тақырыптарындағы комедияларында махаббат еркіндігі және неке мәселелері көріністеріне ерекше көңіл бөледі.
|