Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Атысуға өтініштер 2016 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады



СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

Рметті әріптестер!

Сіздерді , С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті Студенттік Ғылыми Қоғамы , 2016 жылдың 21-22 сәуірінде болатын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы»атты IIІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыруға, ғылыми ой-өрісін және әртүрлі ғылыми бағыттардың байланысын кеңейтуге ықпал ету,өзекті мәселелермен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін айқындау және дамыту.

Студенттер, интерндер, резиденттер, ординаторлар, аспиранттар, жас ғалымдар (35 жасқа дейінгі) конференцияға қатысуға шақырылады.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының медицина және биомедицина бөлімінің (оқушыларының, колледж студенттерінің) отырысы өтеді.

Конференцияның іскери тілдері:қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы:

1. Баяндама мен тезистің ауызша жариялануы;

2. Баяндама мен тезистің стенд түрінде жариялануы;

3. Тек тезистің жариялануы;

 

Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:

 


· Ішкі аурулар

· Хирургиялық аурулар, анестезиология және реаниматология

· Педиатрия және неонатология

· Фармация және фармакология

· Стоматология

· Акушерство және гинекология

· Неврология, психиатрия және наркология

· Гигиена және экология

· Морфологиялық пәндер

· Қоғамдық денсаулық сақтау

· Мейірбикелік істегі зерттеулер

· Сәулелік диагностика және терапия, онкология

· Іргелі пәндер

· Иммунология, инфекциялық патология, эпидемиология


 

Конференцияға дайындық барысында, қатысушылырдың өтініштерінің санын және ұсыныстарын ескере келе, жоспарланған секцияларға түзетілулер еңгізілуі мүмкін.

 

Конференция ұйымдастырушылары қатысушылардың өзі орындаған әрі толық ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша, ауызша баяндамалар мен тезистерді іріктеп алады. Пайдаланылған әдебиетке шолулар қарастырылмайды. Ауызша баяндама ұзақтығы 5 минут.

 

Постерлі баяндама рәсімдеу талаптары №2 қосымшада көрсетілген. Постерлі баяндаманы дайындау автор есебінен жүргізіледі.

Конференция мәліметтері студенттік «International Student’s Journal of Medicine» журналының арнайы шығарылымында жарияланатын болады. Журналдың электронды нұсқасы университеттің арнайы сайтында www.kaznmu.kz, журналдың арнайы сайтында isjm.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ арнайы сайтында nirs.kaznmu.kz, ҚазҰМУ СҒҚ Вконтактеvk.com/snokaznmuқауымдастығы парақшасында жарияланады.

Конференцияға қатысу үшін:

1) Сілтеме бойынша өтіп, конференцияға қатысудың онлайн-өтінішін толтыру қажет (№3 қосымшаны қараңыз); https://sno-i-smu-kaznmu.timepad.ru/event/278435/

2) Тезистерді талапқа сай рәсімдеп, мына сілтемеге жіберу кажет: orgkomitet-2016@mail.ru жіберу ( №1, №4 қосымшаларды қараңыз);

3) Барлық авторлар мен кафедра меңгерушілерінің қолдары қойылған және мөр басылған тезистің сканерленген нұсқасын (jpg немесе pdf форматында) конференция ұйымдастырушыларының поштасына orgkomitet-2016@mail.ru жіберу қажет;

Сіздердің жіберген мәліметтеріңіз келіп түскеннен кейін, ұйымдастырушы комитет сіздерге шақырту жібереді және конференцияға қатысу туралы қосымша ақпаратты хабарлайды.

атысуға өтініштер 2016 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

 

Конференцияға қатысу және тезистерді жариялау - тегін.Іс-сапар шығыны(жолақысы мен тамақтануы) жіберген жақтың есебінен жүргізіледі. Қатысушыларға ҚазҰМУ-нің студенттік жатақханасынан орын берілуі мүмкін. Сондай-ақ,төмендетілген бағамен хостелден орын берілуі мүмкін

Конференцияның өтілетін орны: ҚР, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті. Арнайы сайты: www.kaznmu.kz



Просмотров 973

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!