Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызы



Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.

Алайда осы тәрізді программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (кызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және протрамманың негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.

Бухгалтерлік ақпарат жүйелері құрылымы икемді және ашық жүйелі болу керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болған өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге өзгеріс енгізуге болады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принциптер бойынша іске асырылады.

Программалық өнімді программалаусыз қамтамасыз етуге тиісті икемділік, параметрлеуге негізделген. Икемді күйге елтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйені пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктер мен құрылымын қызмет көрсетуді іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерін сонымен қатар бухгалтерлік технологияларының өзгерісін тұжырымдайды. Бухгалтерлік технологияларының өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланысты құру алгоритімінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай жағдайда икемдеуді бухгалтердің өзі атқарады.

Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгіз 1-2 айдан 3 жылға дейін, ал бейімдеу жұмысы мезретті (меню) икемдеу күйге келтіру, есеп беру нысанын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейің өзгереді. Қазіргі кезде әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу, деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар негізінде бухгалтерлік ақпарат жүйелерін (БАЖ) құрудың және оның жұмысының үлкен мәні бар.

Бухгалтерлік ақпарат жүйесін таңдау мынандай әр түрлі факторлардан: меншік нысандарынан (ЖШС, АҚ және тағы басқаларынан); кәсіпорын көлемінен; қызмет түрлерінің санынан; есептік және қаржылық операцияларының ерекшеліктері мен көлемдерінен; қолданылатын есептеу техникасы мен әр түрлі телекоммуникациялар құралдарынан; оның қолданылуының ұйымдастырылған нысандарынан (АЖО, ЖЕЖ, ГЕЖ) және басқаларынан тәуелді.

Есептік деректерді өвдеудің ең тиімді нысаны ретінде икемді әрі сенімді бухгалтерлік жүйелер құруға және жүйенің ақпараттық қорына желінің кез келген абонентінің қол жеткізуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) құруды айтуға болады.

Автоматгандырылған бухгалтерлік есеп жүргізуге бағьпталған ақпараттық жүйелерді шартгы түрде үш топқа бөлуге болады:

- мини-жүйелер;

- шағын және орта кәсіпорындар үшін әмбебап жүйелер;

- ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.

Мини-жүйелер айналымы үлкен емес және жүйенін жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған, оларға есеп теңге түрінде жүргізіледі. Бұл жүйелерге Бас Бухгалтер, 1С Бухгалтерия жатады.

Әмбебап жүйелер терең талданыммен сипатталады. Оларда құндық есеп функциясы жүзеге асырылған және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС және тағы басқалары жатады.

Ірі кәсіпорыңдарға бағытталған ірі кешендер мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі мен есептің белгілі бір бөлігінде бағытталған: негізгі құралдар; банктік операциялар; касса; жалақы; материалдар; қойма және тағы басқа осы сияқты АЖО-ның жиынтығын береді.

Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өндеу құралы, сонымен қатар енгізу және шығару нысандарының қуатты көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ІІРО, Интегратор, БОСС 1.0, RS - баланс. СУПЕР-МЕНЕДЖЕР және тағы басқалары жатады.

Ақпараттық жүйе есебін таңдағанда оның тиімділігін, сенімділігін, бейімділігін, құндық көрсеткіштерін және тағы басқаларын ескеру қажет.

Кілттік сөздер: бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, бухгалтерлік ақпарат, құжат, файл (массив), ақпараттық ағын, ақпаратық жүйе, классификация, классификатор, классификация жүйесі, классификацияның иерархиялық жүйесі, классификацияның фасеттік жүйесі , кодтау, декодтау, кодтау жүйесі

Иллюстрациялық материал:слайд

 



Просмотров 4239

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!