Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері



Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. ҚР азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Яғни, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл-объективтік мағынадағы меншік құқығы.

Азаматтардың меншік құқығының негізінде әр сипаттағы қатынастар болуы мүмкін. Олар иемдену тәсіліне, азаматтар меншігі пайда болғанда туындайтын экономикалық қатынастардың ерекшелігіне байланысты. Азамат материалдық игілікті өндіру процесінде де, бар материалдық игілікті бөлу және қайта бөлу процесінде де иемденеді. Өндіру процесінде иемдену өндіру құралдарын иелену нәтижесінде де, және онсыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар меншік жеке даралай немесе қоғамдық иемдену нәтижесінде де туындауы мүмкін. Азаматтардың жалданбалы жұмысшы ретіндегі еңбегі және олардың өздерінің жеке экономикалық қызметі меншіктің құрылуының негізгі көздері болып табылады.

Егер азамат өндіруді өзінің немесе қандай да бір негіздерде басқадан алған өндіру құралдарымен жүзеге асырса, онда иемдену нәтижесінде, жалпы ереже бойынша, дара еңбек меншігі (кіріс алуға бағытталмаған) немесе шағын жеке меншік (кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде) туындайды. Егер өндіру құралдарының меншік иесі өндіруге өзі тікелей қатыспай басқаның еңбегін пайдаланатын болса, ірі жеке меншік пайда болуы мүмкін. Азамат өзінің жалданбалы еңбегін өзі пайдаланса меншіктің дербес түрі құрылады. Өндіру құралдарының меншік иесі тек жекелеген адамдар ғана емес, жалпы қоғам да (мысалы, мемлекет) болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылатын мемлекеттік меншік жалақы, сыйақы, жәрдемақы, стипендия, медициналық қызмет көрсету, зейнетақы және т.б. арқылы біртіндеп азаматтың меншігіне ауысады. Азаматтардың мұндай меншігі өзіндік деп аталады, онда тұтынушылық сипат басым. Егер меншік өндіру нәтижесінде емес, материалдық игіліктерді бөлу немесе қайта бөлу (мысалы, мәміле жасағанда) нәтижесінде туындаса, ол кезде де дара меншік қатынасы туындайды. Бірақ бұл дара меншіктің негізіне меншік иесінің өндіргіш еңбегі алынбайды.

3.Иелену құқығы.Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы, жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.

1. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.
2. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.
3. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi.

Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға болмайды.

1. Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей он бес жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлiкке меншiк құқығы бұл мүлiктi иелену мерзiмiне сәйкес алған тұлғада осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады.
2. Мүлiкке меншiк құқығын алғанға дейiн оларды өз мүлкiндей иеленушi азамат немесе заңды тұлға өз иелiгiн мүлiктiң меншiк иелерi болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшiншi жақтардан қорғауға құқылы.
3. Иелену мерзiмiне жүгiнетiн азамат немесе заңды тұлғаның өздерi құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелiк еткен уақытының бәрiн өз иелiгiне қосып алуына болады.
4. Тұлғада болып, оның иеленуiнен осы Кодекстiң 260-263, 265-баптарына сәйкес талап етiлуi мүмкiн мүлiктер жөнiндегi иелену мерзiмiнiң өтуi тиiстi талаптар бойынша талап мерзiмi бiтуiнен ерте басталмайды.
5. Егер тұлғаға сотта оның меншiк құқығын танудан бас тартылған ретте мүлiктi иеленушi тұлға меншiк иесiне айналады.

Меншік құқығына ие болу әдістерібастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 4



Просмотров 2795

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!