Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Бап. Валюталық қазыналар



1. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi және олар арқылы мәмiлелер жасау тәртiбi заң құжаттарында белгiленедi.
2. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады.

Меншік объектілері жалпыжәнеарнаулы режимге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты бекітілген арнайы нормативтік ереженің болуы.

Арнаулы режим бірқатар объектілер үшін белгіленген. Бәрінен бұрын жылжымайтын мүлікті айтуға болады. Онымен мәміле мемлекеттік тіркеуден олар өткен кезден бастап жасалды деп саналады. Сонымен қатар, жерге байланысты мәміле жасау үшін бірқатар қосымша рұқсаттар керек. Автокөлік құралдары IIМ-нің аумақтық органдарында арнаулы тіркеуден өтеді. Бағалы қағаздардың айналымын арнаулы заңнама реттейді. Сонымен қатар, біраз объектілер азаматтық айналымда шектелген. Қару-жарақ, күшті әсер ететін улар, жарылғыш заттар, өнер туындылары және тағы басқалар жайында осыны айтуға болады. Біреулерін пайдаланғанда арнаулы есепке қою керек, басқалары үшін тиісті бір қызметте болу шарт, ал үшіншісінде, оларды иемдену мен сатудың ерекше ережесі қарастырылған.

Меншіктің ең маңызды объектілері жер мен тұрғын үй болып табылады.

2.«Жер туралы» заңнын 2-бабына сәйкес жер құқық объектісі болып табылады, яғни жерге жеке меншік азаматтардың меншігі түрінде болады. («Жер туралы заңның» 15-бабы, 2-тармағы). Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, заңның 33-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтың құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құндылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігі мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін арттырады, яғни ол меншік құқығының дербес объектісі ретінде көрінеді.

Жерге жеке меншік құқығы-азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексінде және басқа заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде иемдену, пайдалану және билік ету құқығы. Жер учаскесін жеке меншікке беру тиісті аумақтардағы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа), қалалық, поселкелік, ауылдық атқарушы органдардың құзырында.

Тұрғын үй азаматтардың меншік құқығының объектісі ретінде. Тұрғын үйдің құқықтық режимі тұрғын үй қатынастары туралы Заңда анықталған. Азамат өзінің Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұрғанына қарамастан, егер заң құжаттарында басқадай көзделмеген болса жеке меншігінде заңды түрде тұрғын үй иемденуге құқылы. Бір азаматтың меншігінде болатын тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.

3.Азаматтардың меншік объектісінің маңызды түрінің бірі тұрғын – жай болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес азамат, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратындығына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бұл орайда азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде кеңінен танымал. Олар азаматтардың меншік құқықтарының объектілері болып есептеледі (АК-тің 129-140 баптары). Азаматтардың меншік құқығының бұл объектісінің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген

Пайдалану құқығы

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Жер пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмепің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз – мемлекеттік мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда алудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім, жеміс, төл түрінде және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті пайдалану әртүрлі формада жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер учаскелерін жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіруі, ғимараттар мен құрал – жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.

Билет



Просмотров 1373

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!