Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жай серіктестіктің ортақ меншігі



Бірлескен қызмет туралы шарт ( жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндеттенеді. Жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. Шаруашылық серіктестігі – коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалардың бір түрі. әсіресе жай серіктестік пен толық серіктестік арасында ұқсастық көп, себебі екі жағдайда да серіктестік құрған азаматтар, оның борышы бойынша өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді. Бұлардың айырмашылығы сонда, бірінші жағдайда азаматтар заңды тұлға құрамай-ақ ызметпен айналысады, екінші жағдайда – заңды тұлға құрады. Екінші жағдайда заңды тұлға құқықтың азаматтық айналымдағы өзінше дербес субъектісі ретінде туындайды. Жай серіктестік құрғанда құқықтың жаңа дербес субъектісі туындамайды, ал қатысушылары ары қарай қатыса береді. Жай серіктестіктің консорциум сияқты түрі АК-да айрықша реттеледі. Консорциум-бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік). Консорциум дегеніміз заңды тұлғалар бірлестігінің бір формасы. Заңды тұлғалар бірлестігі коммерциялық (бірнеше шаруашылық серіктестігі шаруашылық серіктестігі формасында коммерциялық бірлестік құрады) және коммерциялық емес –қауымдастық (одақ) формасында болады. Бұл, бірақ заңды тұлғалар болып саналатын бірлестіктерге қатысты. Консорциум заңды тұлға емес. Ол – шарттық бірлестік консорциумның қатысушыларының арасындағы барлық қатынасты бірлескен қызмет туралы шарт пен консорциум мүлкіне ортақ үлесті меншік жайындағы нормалар анықтайды. Консорциум –жай серіктестіктің бір түрі, оның қатысушылары заңды тұлғалар. Сондықтан да серіктестік жайындағы барлық ережелерді консорциумға толықтай қолдануға болады.консоруиум –уақытша бірлестік ол, не белгілі бір мерзімге, не қандай да бір мақсатқа жету үшін құрылады. Кейде мақсат айқын баяндалмайды (мысалы, темекі фабрикасын тұрғызу және ары қарай пайдалану), бұл ретте консорциум мерзімсіз болады. Оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері шарттың мазмұнын құрайды. Қатысушылардың міндеттерінемыналар жатады: мүліктік жарналар енгізу; серіктестіктің ортақ ісін жүргізуге қатысу. жай серіктестіктің қатысушыларының құқықтары мыналар: сеіктестіктің ортақ істерін басқаруға және жүргізуге қатысу құқығы; ақпаратқа құқық; жай серіктестік қызметіне қатысуға құқықты басқаға беру құқығы және қатысудан бас тарту құқығы; ортақ мүлікке қатысты туындайтын, оның ішінде табыстан үлес алуға құқық.. Ө­з мақсаттарына жету үшін бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары ақшалай немесе басқа заттай не өз еңбегімен жарна енгізеді. Ортақ мүлікке салымдар қосудың мөлшері мен тәртібі бойынша қатысушылар келісімін бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі талабы деп тану қажет. Шарттың қатысушыларының ортақ іс жүргізу серіктестік қатысушыларының міндеті де, құқығы да. Жалпы ереже бойынша, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істер жүргізуі олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады.

БИЛЕТ

1.Иесіз заттар242-бап. Иесiз заттар1. Меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.2. Егер меншiк иесi бас тартқан заттарға меншiк құқығын алу туралы (осы Кодекстiң 243-бабы), олжа туралы (осы Кодекстiң 245-бабы), қараусыз жануарлар туралы (осы Кодекстiң 246-бабы) және қазына (осы Кодекстiң 247-бабы) туралы ережелер терiске шығармаса, иелену көнелiгiне (осы Кодекстiң 240-бабы) сәйкес иесiз қозғалмалы заттарға меншiк құқығы алынуы мүмкiн.

3. Иесiз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергiлiктi атқарушы органның мәлiмдеуi бойынша қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлдiк берiлген орган иесiз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiне алады.Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.Мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.Сот шешiмi бойынша коммуналдық меншiкке түстi деп танылмаған иесiз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншiк иесiнiң иелiгiне, пайдалануына және билiк етуiне қайта қабылдануы, не иелену мерзiмiне орай (осы Кодекстiң240-бабы) меншiкке алынуы мүмкiн.

 



Просмотров 1961

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!