Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



III. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару



 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:

республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті саланың уәкілетті органымен;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының жергілікті атқарушы органмен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.

2. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, мемлекеттік кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.

3. Басшыны тағайындау, осы Заңда көзделген жағдайларда басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін осы Заңда және мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

5. Мемлекеттік кәсіпорын басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады.

6. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, осы Заңда белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

7. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды.

Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) басшының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.

8. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін басшы белгілейді.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 19

 

Меншік құқығының нысаны мен түрлері. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында:« Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады,» - деп жазылған. Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанында – жеке (191бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәріптейді. Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса ( тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.

2. Жер учаскесі ұғымы мен белгілері. жер учаскесі - Жер Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі. Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн. жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы. жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады.

3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері мен әдістері. АК-нің 249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi.1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады. 2. Мүлiктi меншiк иесiнен мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;3) реквизицияланған;4) тәркiлеген;5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi мәжбүрлеп иеліктен шығарған;6) күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қойған;7) мемлекет меншігіне алып қойған реттер кірмейді.3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:1) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіндекөзделген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен;2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 20

 

1.Жерге меншік құқығының және өзге құқықтардың пайда болу негіздері. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы АК-ның 13-тарауында көзделген тәсілдермен және ҚР Жер кодексінің тиісті нормаларымен алынуы мүмкін. АК нормаларын қолданғанда ескеретін бір жағдай - меншік құқығын иемденудің бірқатар негіздері жер учаскесіне меншік құқығын иемденгенде негіздер бола алмайды. Мысалы, өндеу, олжа сияқты тәсілдер арқылы тек жылжитын мүлікке ғана құқықты иеленуге болады. Сонымен қатар, жер учаскесіне заттық құқықты иеленудің негіздерінде, кейбір жағдайларда, өзіндік ерекше сипат бар. Жерге жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын иеленудің негізгі тәсілдері, ҚР Жер кодексінің 22 және 31-баптарынасәйкес, мыналар болып табылады: көрсетілген құқықтарды әмбебап құқық мирасқорлық тәртібінде беру, басқаға беру немесе олардың өтуі. Беру дегеніміз - тиісті құқықты мемлекет арқылы иелену. Құқықты басқаға беру ондай құқықты қайталама рынокта иеленгенде болады. Әмбебап құқық мирасқорлық заңды тұлға қайта құрылғанда немесе мұраға алғанда орын алады. Жеке меншік құқығын иелену тәсілдерінің тізбесі жер пайдалану құқығын иемдену тәсілдеріне қарағанда кең. Мысалы, жер пайдалану құқығын иелену тәсілдеріне иелену көнелігін жатқызуға болмайды. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе қайталама рынокта немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібінде уақытша жер пайдалану құқығын иелену қозғалмайтын мүлікке құқықтардың туындауы үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріліп жүзеге асырылады. Атап айтқанда мұндай құқықтар, құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап туындайды. Бұл ретте көрсетілген құқықтардың субъектілері мен жер учаскесінің мақсатты пайдалануы үшін белгiленген заң талаптары сақталуы тиіс. Құқықтарды мемлекет бергенде сол құқықтардың туындауы жайындағы нормалар өзіндік ерекшелік сипатқа ие болады.

2.Өңдеу ұғымы.237-бап. Өңдеу.1. Шартта өзгеше көзделмегендiктен, адам өзiне тиесiлi емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншiк құқығын материалдардың меншiк иесi алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуiр асып кетсе, жаңа затқа меншiк құқығын адал жұмыс iстеп, өңдеудi өзi үшiн жүзеге асырған адам алады. 2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, өз материалдарынан дайындалған затқа меншiк құқығын алған материалдардың меншiк иесi ол затты өңдеудi жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншiк құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншiк иесiне олардың құнын қайтаруға мiндеттi. 3. Өңдеудi жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде материалынан айрылған меншiк иесi жаңа затты өз меншiгiне берудi және өзiне келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

3.Акционерлік қоғамдардың меншік құқығы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді. Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде республика Үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады. Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады. Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылылығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады. Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді. Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға. Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін кандидатураларды ұсыну; қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау; дивидендтер алу; - қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам жарғысымен белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен танысу; - тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы қағаздардың меншік иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені алу; қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу және қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алу;- қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (сату) бағасы бойынша ондағы бар акцияларға теңбе-тең артықшылықпен сатып алу. Бұл ретте қоғамның жай акцияларын иеленуші акционердің қоғамның жай акцияларына айырбасталатын жай акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленуші акционер қоғамның артықшылықты акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы бар.Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшін қажет акциялар санын білмеген жағдайда орналастырылатын бағалы қағаздарды басқа акционерлермен бірге жалпы меншік құқығы бойынша сатып алуға құқылы. - қоғам таратылған жағдайда жеке меншік мүліктің бөлігіне.Артықшылықтыакция Заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын білдірмейді. Артықшылықтыакциялардың меншік иелері – акционерлердің мынадай басымдықтары бар:- қоғам жарғысымен белгіленген кепілдік берілген мөлшерде алдын-ала анықталған дивидендтерді алуға жай акциялардың меншік иелері – акционерлер алдындағы және осы Заңмен белгіленген тәртіппен қоғамды тарату кезінде жеке мүліктің бөлігіне басым түрдегі құқығы; Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Қоғам қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.3. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын мемлекет меншігіне алып қою оларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 21

 

1.Жеке меншік құқығы құқықтық институт ретінде

191-бап. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

2. Меншік құқығына ие болу түсінігі

235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi.Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi. Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған жемiстерге, өнiмге, табысқа меншiк құқығы осы Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады. Меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге мәмiленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн. Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына - заңды тұлғаларға көшедi ( ҚР АК 46-бабы). Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi. ҚР АК көзделген реттер мен тәртiп бойынша тұлға меншiк иесi жоқ мүлiкке, меншiк иесi белгiсiз мүлiкке, не меншiк иесi бас тартқан немесе өзге негiздер бойынша ол меншiк құқығын жоғалтқан мүлiкке меншiк құқығын алуы мүмкiн. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою кезінде, сондай-ақ жер учаскесін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде мүлікке меншік құқығына ие болады.Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.

3.Меншік құқығынан бас тарту

250-бап. Меншiк құқығынан бас тарту

Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде ол жариялайды, не бұл мүлiкке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетiнсiз өзiнiң мүлiктi иеленуден, пайдаланудан және оған билiк етуден шеттейтiнiн айқын дәлелдейтiн басқа да әрекеттер (әрекетсiздiк) жасайды. Меншiк құқығынан бас тарту осы мүлiкке басқа тұлға меншiк құқығын алған кезге дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға әкелiп соқтырмайды

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 22

 

1.Жеке меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы

191-бап. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

2.Консорциум ұғымы

233-бап.Консорциум - бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде заңды тұлғалар нақты шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн белгiлi бiр ресурстарды бiрiктiрiп, күш-жiгердi үйлестiретiн ерiктi түрде тең құқықты уақытша одақ (бiрлестiк). Консорциумға қатысушылар өздерiнiң шаруашылық дербестiгiн сақтап қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметiне қатыса алады.Консорциумға қатысушылардың арасындағы қатынастар шарт негiзiнде құрылады. Консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Консорциумға қатысушылар, егер консорциалдық келiсiмде өзгеше ескертiлмесе, консорциум қызметiне байланысты мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады. Консорциум өз қызметiн алдына қойған мiндеттерiн орындағаннан кейiн немесе оған қатысушылардың шешiмi бойынша тоқтатады.

3.Күтімсіз,ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды алып қою (256-бап)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше бағалы әрi мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың меншiк иесi бұл ескерткіштер мен құндылықтарды күтiп ұстамай, бұл олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе жария сауда-саттықта сатылады.

Тарих және мәдениет ескерткіштері, мәдени құндылықтар сатып алынған кезде меншiк иесiне - тараптардың келiсуiмен, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардың құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесiне сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.

Билет

1.Жеке меншік - жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.Меншік дегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұлазаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады: 1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді. 2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды. 3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді. 4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді. Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада: шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру; бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесты дамыту; жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

2. Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншiк иесiне немесе оны алуға құқығы бар өзiне белгiлi басқа адамдардың бiреуiне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға мiндеттi. Егер зат үй-жайдың iшiнде немесе көлiкте табылған болса, ол сол үй-жайдың немесе көлiктiң иесi болып табылатын адамға тапсырылуға тиiс. Мұндай ретте осы иеленушi затты тапқан адамның құқықтарын иеленiп, оның мiндеттерiн мойнына алады. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппаратына мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады. Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсырылуы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады. 1. Көмбе, яғни жерге көмiлген немесе басқа әдiспен жасырылған, меншiк иесiн анықтау мүмкiн болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесi иесiнiң немесе қозғалмайтын затты меншiктенушiнiң және көмбенi тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, меншiгiне тең мөлшерде түседi. Көмбе жасырылған жер учаскесiн пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушiнiң келiсiмiнсiз қазған немесе бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi тауып алған жағдайда көмбе сол меншiк иесiне берiлуге тиiс. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлуге тиiс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесiн пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушi және көмбенi тапқан адам осы көмбе құнының елу процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданыла отырып бөлiнедi.

3. Қазіргі Азаматтық кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі, 14-тарауда "Мешпік құқығы мен өзге де заттық құқыктардың тоқтатылуы" деген арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтық кодекстің 249-бабы меншік құқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында кезделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.
Меншік құқығының тоқтатудың аталған негіздеріне меншік құқығынан бас тартуды ерекше бөліп қараған жөн.Меншік құқығынан бас тарту болған жағдайда мыналарды ескерген жөн меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға алып келіп соқпайды Айталық азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі жер учаскісіне меншік құқығынан бас тартса бұл жөнінде ол жариялайды не ниетінсіз яғни өзінің осы мүлікті билік етуін шектейтінін айкын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды
Заң меншк иесінен мүлікті ықтиярынсыз алуға байланысты қатынастарды бүге-шүгесіне дейін реттейді Меншік құқығын алып қою ушін: а) негіз заңда қарастырылған болуы керек; ө) соттың шешімі болуы міндетті.
Азаматтық кодекстің 249-бабы 1-тармағы меншік иесінің міндетгемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мұндай өндіріп алу, егер шартга өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тің 251 бабы, 1-тармағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп алудың басқалай жолы шарт аркылы болуы мүмкін. Ақы өндіріп алынатьш мүлікке меншік иесінің меншік құқығы заңдарда кезделген тәрііп бойынша меншік қүқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады. Мүлікті меншік иесінен ықтиярынсыз алыпқою заң қүжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-бабы, 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойьшша заң құжаттарына сәйкес адамньщ өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүліктің меншік иесі, егер заң қүжаттарывда өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік қүқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиісті егер меншік иесі мүлікті көрсетілген мерзімде иеліктен айырмаса ол сот шешімімен
Иеліктен ықтырынсыз айырылуға тиіс мұнда меншік иесіне мүлікті иеліктен айыру жөнінде шығындарды шегеріліп оның құны өтеледі. Ықтиярсыз алып қою негіздеріне реквизициялау да жатады бұл дүлей аппаттар, авариялар жұқпалы аурулар ,індеттер және төтінше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттары нда белгіленген тәртіп пен жағдайларға байланысты меншік иесіне құнын төлей отырып алып қойылуы болып табылады,мұнда бағаны және де ревизия жүргізуге байланысты жағдайларға сотқа жүгінуге болады.Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы үшін немесе өзге де заң бұзушылыққа жол берілгенде сот тәртібімен тегін алуды білдіреді.

Билет

1.Қазақстан Республикасының Жер кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі 42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi 1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстiңгi қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады. Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының топырақ қабаты астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Кең тараған пайдалы қазбаларды өндiруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. 2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiне құқықтарын өз қалауынша жүзеге асырады. Жер учаскелерiне меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жерге құқықтары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша шектелуi мүмкiн.3. Жер учаскелерiне меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес экологиялық рұқсат алуға мiндеттi. 5-тарау. Жер учаскесі - меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде : 42-бап . Жер учаскесiне құқық шектерi 43-бап . Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi 44-бап . Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру 45-бап . Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру 46-бап . Оралмандарға жер учаскелерiн беру 47-бап . Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу 48-бап . Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу 49-бап . Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу 49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі49-2-бап. Жерді резервте қалдыру50-бап . Жер учаскелерiн беру нормалары 51-бап . Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер учаскелерi 52-бап . Жер учаскесiне құқық және онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқық 53-бап . Жер учаскесiне ортақ меншiк немесе ортақ жер пайдалану 54-бап . Ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбi 55-бап . Ортақ үлестiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер үлестерiмен жасалатын мәмiлелер 56-бап . Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртiбi 57-бап . Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару 58-бап . Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлiсу 59-бап . Бөлiнбейтiн деп танылған жер учаскесiн бөлуге жол берiлмейтiндiгi 60-бап . Жер учаскесiне ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi 61-бап . Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы 62-бап . Бiрнеше пәтерi және (немесе) кiсi тұрмайтын үй-жайлары бар үйдiң жанындағы және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскесiне құқық 63-бап . Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу

2. ҚР-да 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру" туралы Заңы жүзеге асуда. Мемлекет меншігінен алу дегеніміз — бұл шаруашылық басқару функциясын және тиісті өкілетті беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардан тікелей шаруашылық субъектілеріне беру. Жекешелендіру дегеніміз—мемлекет меншігінің объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды қайта жаңғырту жолымен құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын мемлекеттен алып, занды және жеке тұлғаларға беру. Мемлекет меншігінен алу және мемлекет меншігін жекешелендіру жұмыстарын Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті және оның аумақгық органдары жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының меншігіне қатысты мемлекет мүддесін білдіреді. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру объектілеріне не жатады? Барлық өндірістік және өндірістік емес салалардағы мемлекеттік меншіктер: кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, олардың құрылымдық бірліктері мен бөлімшелері, сондай-ақ мәдени түрмыстық мақсаттағы, әлеуметтік аядағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы объектілер және басқа да құнды заттар. Қазақстан Республикасының тек мемлекеттік меншігінде тұрған объектілерді жекешелендіруге болмайды. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің Үлттық бағдарламасына сәйкес Республика Үкіметі мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік әлеуметтік даму, айналадағы ортаны және халықтың денсаулығын қорғау мүдделерін ескере отырып, сондай-ақ, қызметтің кейбір жекелеген түрлеріне мемлекеттік монополиямен қамтамасыз ету керектігін есептей отырып, мемлекет меншігінен алуға және жекешеленуге жатпайтын объектілердің тізбесін бекітеді. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру субъектілері сатып алушы, сатушы және делдал болып табылады. Сатып алушы біздің Республиканың азаматтары, егер меншіктері мемлекетке тиісті болмаса шет мемлекеттің азаматтары және азаматсыз адамдар, сондай-ақ республика аумағында тұратын заңды тұлғалар бола алады. Сатушы рөлін мемлекеттік мүлік жөніндегі Қазақстан Республикасының инвестициялар женіндегі мемлекеттік Комитеті және Қаржы министрлігі атқарады.
Сатушы және сатып алушы берген рецензияның негізінде де тараптардың бір жағының сенімхатымен коммерциялық негізде әрекет жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес үйымдардың — делдалдың қызметін пайдалана алады. Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу. Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін. 2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді. 3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары. Ұлттандыру- жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт) мемлекет иелігіне өту процесі.

 



Просмотров 1590

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!