Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ШИМ-ШАК НС» ЖШС –НЕ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Шим-шак НС» ЖШС –нің есеп саясаты мен құрылыстағы

Есепті ұйымдастыру

 

 

«Шим-шак НС» серіктестігі мемлекеттік тіркеу куәлігі № 24077-1901-ЖШС (Қосымша №4) негізінде 2006 жылдың 15 қыркүиегінде құрылды. Серіктестіктің жарғысында өзгерістер болғандықтан, 2008 жылдың 14 қараша күні кәсіпорын мемлекеттік қайта тіркеу куәлігін алды(Қосымша №5). Нөмірі 00953 Р 0041391 мемлекеттік лицензиясы бар (Қосымша №6).Кәсіпорынның тіркелген мекен жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Совхозный,№ 10 үй.

«Шим-шак НС» серіктестігінің негізгі іс-әрекеті болып: Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау мен қызметтер корсету. «Шим-шак НС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Сарыарқа салық комитетімен берілген салықтық тіркеу номірі 620 300 262 795 (Қосымша №7). Қосымша Құн Салығы бойынша есепке қою куәлігінің сериясы 62305 номірі 0013030 Сарыарқа аудандық салық комитетімен 2006 жылдың Мамырдың 1 ші күні берілді (Қосымша №8). «Шим-шак НС» серіктестігінің ҚҰЖС Мемлекеттік сыныптаушысы бойынша коды – 40606250 (Қосымша №9).

Кәсіпорынды директор- Мухатчина Фаузия Осербайқызы басқарады. Ұжым 10 адамнан тұрады. Кәсіпорында шаруашық жұмысшылар жоқ, тек административтік басқару персонал мен шаруашылық-техникалық бөлім

«Шим-шак НС» кәсіпорнының бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңымен, Қазақстан Республикасының нормативті актілері мен заңдылықтарына сәйкес орнатылған. Шаруашылық процесс пен субьект қызметінің қаржылық нәтижесіне толық және нақты ақпаратын қалыптастыру –бұл бухгалтерлік есептеменің негізі болып саналады. Бұл ақпарат бухгалтерлік және қаржы есептерін құру қызметінің ережесі мен принциптерін орнату стандарттарымен сәйкес басқару және меңгеру үшін; инвесторлар, сатып алушылар, кредиторлар, мемлекеттік органдар, банктер және басқа мүдделі тұлғалар үшін қажет.

Бухгалтерлік қызмет жасау кезінде есепті ұйымдастыру және заңдылықтарды сақтау үшін жауапты директор Мухатчина Ф.О. болып табылады [3, б.81].

«Шим-шак НС» кәсіпорнының бухгалтерлік есебін жүргізу үшін бухгалтерлік қызмет қалыптасқан, оны басты бухгалтер басқарады, бірақ «Шим-шак НС» кәсіпорорнында басты бухгалтер қарастырылмаған. Бұл кәсіпорында бухгалтер Карбаева Айсұлу Тұрсынқызы.

«Бухгалтерлік ережені» кәсіпорынның директоры Мухатчина Ф.О. бекітті. Бухгалтер директорға есеп беру қажет.

Есеп саясатына сай ЖШС «Шим-шак НС» бухгалтериясының міндеттеріне келесі функциялар жатады:

- қаржылық есептерді дайындау;

- активтердің сақталуын байқау;

- әрбір объектіге келген шығындарды байқау;

- салықтық есеп;

- есеп шотты басқарып, жүргізіп, төлемдерді жүзеге асыру;

- статистикалық есеп;

Бухгалтер бухгалтерлік есеппен шектелмей келесі қызметтер атқару тиіс:

- қаржы есеп операцияларының есебі;

- еңбек және еңбекақы есебі;

- шығындар есебі;

- табыстар есебі;

- тауар материалдар қор есебі;

- негізгі құралдар мен материалдық емес құралдардың есебі;

- бухгалтерлік есепті жүргізуді іштей бақылау.

«Шим-шак НС» ЖШС-де активтердің меншіктік капитал, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі екі жақты жазу әдісімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп 1 С Бухгалтерия программасымен персональді компьютерлерде жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп регисторлар жазуының негізі болып алғашқы құжаттар болып саналады, олар шаруашылық операцияның болған шартын белгілеп алады. Алғашқы құжаттар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңына сай және 19.03.07 ж. шыққан Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің «Алғашқы құжаттардың типті формаларын бекіту» бұйрығына сай құрылады.

Формалар «Шим-шак НС» кәсіпорнымен ерікті түрде шығырылады. Электронды және қағаз түрдегі алғашқы құжаттар құрамында келесі реквизиттер болу керек:

- құжат атауы;

- құрылған күні;

- құжат субъект атынан жасалса, бұл субъект атауы;

- шаруашылық операция атауы;

- шаруашылық операция ақшалай және шынайы өлшемдері;

- шаруашылық операция орындалу факті, дұрыс, тиімді орындалғанына; жауапты жұмысшылар аты жөні;

- қолдары.

Алғашқы құжаттарға операция қиындығына қарай, есеп хабарламаларын өңдеу әдісіне қарай, нормативті құқұқтық актілер талаптарына қарай қосалқы реквизиттер қосылу мүмкін.

Алғашқы құжаттарды электронды түрде құру кезінде «Шим-шак НС» ЖШС-гі бұл құжаттардың көшірмелерін қағаз түрінде сақтау қажет. Бұл көшірмелер шаруашылық операцияға қатысқан басқа қатысушыларға, сот прокуратура сияқты мемлекеттік мекемелерге де қажет. Алғашқы құжаттар операция орындалу кезінде немесе операция орындалғаннан кейін құрылу тиіс.

Кассалық және банктік құжаттарға өзгертулер жасауға болады. Басқа алғашқы құжаттарға өзгертулер тек қана шаруашылық операция кезіндегі болған қатысушылармен келісім жасап, олардың қолдары қойылып, өзгерту күні жазылу керек.Алғашқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есепте бейнеленіп, жиналып, жүйеленіп, бухгалтерлік есепте регистленеді. Бухгалтерлік регистрлерде құжаттар топталып қаржылық есепке айналдырылады.

Құжаттар қозғалысының реті (құрылуы, басқа субъектен алу, есепке алу, өңдеуі, архивке түсуі), орындаушылар тізімі, құжаттардың бухгалтерияға түскен күні, есепті кезеңдегі бүкіл жұмыстардың аяқталуы, қаржылық есепті дайындап құрудың бәрі - құжаттар айналымы деп аталады. Құжаттар айналымы графиктер мен блок схемалармен анықталады, оны «Шим-шак НС» кәсіпорынның директоры Мухатчина Ф.О. бекітеді. Бухгалтердің талабы бойынша құжаттарды бухгалтерияға беру және құру тәртібі сақталу тиіс.

Құжаттар бухгалтерлік есепте бейнеленіп, дұрыс құрылып, құжаттар айналым графигіне дұрыс түсу үшін жауапты жұмысшылар болу тиіс, олар құжаттарға қол қоятын адамдар. «Шим-шак НС» серіктестігі алғашқы документтерді, бухгалтерлік есеп регистлерін, қаржы есептерін архив ережелеріне сай сақтау керек.

Құжаттарды (алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп регистрлері, электронды және қағаз түрдегі ақпарат базалары, қаржылық есептер, есептік саясат, есепті ақпаратты өңдеу үшін электронды программа және басқа құжаттар) кейбір кезең сақтау қажет, бұл кезең ҚР заңдылығымен немесе «Шим-шак НС» кәсіпорынның есеп саясатымен бекітіледі. Салық кодексі бойынша субъектілерде (кәсіпорындар, серіктестіктер, мекемелер біріккен ұйымдар) ҚР барлық құқықтық ұйымдарда 30.06.92ж. №562 шыққан «Құжаттарды меңгеру және құжаттар айналымының негізгі ережесі» бойынша нормативті акт болып құжаттарды сақтау тәртібі және мерзімі саналады.

«Шим-шак НС» кәсіпорынның құжаттарды сақтаудың келесі мерзімдері бекітілген:

- жылдық қаржы және салық есеп беруі-10 жыл;

- жұмысшылардың есеп шоттары -75 жыл;

- ұзақ мерзімді активтер құжаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер құжаттары –шығу мерзімі +5 жыл.

- салық мақсатында амортизацияланған активтер құжаттары - шығу мерзімі мен тоқталу мерзімі +5 жыл

- басқа да алғашқы құжаттар және құжаттарға қосымша – 5 жыл

Жұмысқа қажетті программа мен электронды түрдегі құжаттар 2 және одан да көп жерлерде сақталынған.

Бухгалтерлік есеп мәліметтер базасы әр күні сақталынып, архивленеді. Соңыра құжаттар не қағаз түрінде не электронды түренде, оперативті сақтаудан мемлекеттік архив фондына ауысып көшеді.

«Шим-шак НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы шаруашылық қызметіне талдау жасау мақсатында «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері» кестесі құрылып көрсетілген. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі мәліметтері 2 кестеде қарастырылған.

 

Кесте 2

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі мәліметтері, мың теңге

Мәліметтер   2010 жыл 2011 жыл Айырмашылықтар
+;- %
1. Жасалған жұмыстан табыс.мың тенге   48363,9 116409,9 58%
2. Жұмысшылардың орташа саны   11%
3.Негізгі құралдардың орташа жыл құны, мың тенге   593,5 723,2 129,7 18%
4. Ағымды активтердің орташа жыл құны, мың тенге   688,8 54983,3 54294,5 98%
5.Жұмыс өнімділігі (бет1/бет2), мың тенге   6045,5 12934,4 6888,9 53%
6. Қор қайтарымдылығы (бет1/ бет3), мың тенге   81,5 160,9 79,4 49 %
7.Қор сыйымдылығы (бет3/бет1), мың теңге   0,0122 0,0062 -,006  
8. Өнімнің өз құны, мың тенге   42921,6 100342,5 57545,2 57%
9. Жиынтық табыс, (бет1-бет8), мың тенге   16067,1 66%
10. Кезең шығындары шығындары.мың. тенге   14525,2 67%
11. Салық төлеу алдындағы табыс,Мың тенге (бет 9-бет10)   788,9 753,1 49%
12. Корпоративті табыс салығы шығындары 60%
13. Таза табыс (бет 11-бет12) 41%
Ескертпе – кесте автормен құрастырылған

 

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі мәліметтеріне сүйенсек жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түскен табыс 2001 жылы 2010 жылға қарағанда 68046 мың теңгеге немес 58 пайызға өскен. Жұмысшылардың саны 8 адамнан 9 адамға яғыни 1 адамға өскен ол 11 пайызды құрап отыр. Негізгі құралдардың орташа жыл құны 129 мың теңшгеге немесе 18 % өссе, Ағымды активтердің орташа жыл құны, 54294,5 мың теңге немесе 98, % өскен. Қор қайтарымдылығы 81,5 тен 2001 жылы 160,9 ға дейін өскен. Жиынтық табыс 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 10625 мың теңге немесе 66% өссе таза табыс 385 мың теңге немесе 41% өскен. «Шим-шак НС» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы 2010-2011 жж 3 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 3

«Шим-шак НС» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы 2010-2011 жж, теңге

АКТИВТЕР 2010 жыл 2011 жыл Айырмашылығы
(+;-)
Мың теңге % Мың теңге % Мың теңге (+;-) %
I.Қысқа мерзімді активтер, барлығы, оның ішінде 98,4 86,7
Ақша және оның эквиваленттері 11,7 73,9
Қысқа мерзімді дебиторлық борыш 18,9 86,7 96,8
Қорлар 1,3 0,01 -91037 -1250
Басқа қысқа мерзімді активтер 48,8     -3768182  
I.Ұзақ мерзімді активтер, барлығы, оның ішінде 1,6 11,7
Негізгі құралдар 7,7 1,3 17,9
Материалдық емес активтер 2,3 0,3 -27630 -18,5
Активтердің жиыны 85,5
Екертпе – кесте автормен құрастырылған

 

«Шим-шак НС» ЖШС-нің активтерінің құрамы мен құрылымы қарастыратын болсақ 20011 жылы 2010 жылға қарағанда құрылыс кәсіпорының активтері 45631517 мың теңгеге немесе 85,5 пайызға өскен, оның ішінде ағымдағы активтер 45529493 мвң теңгеге немесе 86,7 пайызға өскен. Оған себеп болып отырған қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың 44776823 мың теңгеге немесе 96,8 пайызға және ақша қаражаттарының 4611889 мың теңгеге немесе 73,9 пайызға өсуінен болып отыр. Ал ұзақ мерзімді активтеріне келетін болсақ ол 102024 мың теңгеге немесе 11,7 пайызға өскен, оның ішінде негізгі құралдар 129654 мың теңгеге немесе 17,9 пайызға өссе ал материалдық емес активтер -27630 мың теңгеге немесе -18,5 пайызға кеміген. Жалпы құрылыс кәсіпорынының активтерінің құрамы мен құрылымына оң баға беруге болады. Енді осыған сәйкес «Шим-шак НС» ЖШС құрылыс кәсіпорынының міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымын келесі кесте бойынша талқылайық [4, б.57].

«Шим-шак НС» ЖШС-нің міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымы келесі 4 кестеде барілген.

 

Кесте 4

«Шим-шак НС» ЖШС-нің міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымы

Міндеттемелер мен капиталдың атаулары. 2010 жыл 2011 жыл Айырмашылығы
(+;-)
Теңге % Теңге % Теңге (+;-) %
III.Қысқа мерзімді міндеттемелер 92,1 98,8 86,5
Салықтық міндеттемелер 1,2 4,1 95,5
Басқа төлемдер бойынша міндеттемелер -23088 -0,2 0,2 121есе
Қысқа мерзімді міндеттемелер 91,1 84,6
Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер     8,4
IV.Ұзақ мерзімді міндеттемелер            
V. Капитал 7,9 1,2 0,3
Шығарылған капитал 1,3 0,3  
Шығарылмаған табыстар (жабылмығын шығындар) 6,6 0,9 0,3
Міндеттемелер мен капиталдың жиыны 85,5
Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

 

Енді біз құрылыс кәсіпорынының міндеттемелері мен меншікті капиталдарын талдауды қарастыратын болсақ, 2001 жылы кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері 45629831мың теңгеге немесе 86,5 пайызға өскен. Оның ішінде салықтық міндеттемелер 45629831 мың теңгеге немесе 95,5 пайызға өссе басқа төлемдер бойынша міндеттемелер 130321 мың теңгеге немесе 121 өссе ал қысқа мерзімді міндеттемелер 38891142 мың теңгеге немесе 84,6 пайызға өскен.

Кәсіпорында ұзақ мерзімді міндеттемелер жоқ яғни қарастырылмаған

Меншікті капиталының құрамы 2001 жылы 2010 жылға қарағанда 1686 мың теңгеге немесе 0,3 пайызға өскен оның ішінде бөлінбеген пайда 1686 мың теңге немесе 03, пайызды құраса ал шығарылған капитал 97100 мың теңге көлемінде өзгеріссіз қалған.

Меншікті капиталды талдау. Меншікті капиталды талдау кезінде оның құрамы мен құрылымына аса назар аударылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы үлкен емес 97100 теңге құрайды, сондықтан кәсіпорын аз көлемді болып саналады. Бірақ директордың алдыңғы жылдары жарғылық капиталды үлкейтету ойлары бар.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны кұрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылык жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты.

Серіктестіктің жалпы жиналысында Жарғылық капиталдың ұлғаюы туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 ай ішінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға ол туралы хабарлауы тиіс. Хабарламас бұрын Жарғылық капитал ұлғаятын соманың жартысынан кем болмайтын сомасы енгізілуі тиіс. Бұл кезде 1030 шот дебеттеліп, 5010 шот кредиттеледі.

Егер жарғылық капиталдың ұлғайғаны туралы аталған органға хабарламаса, Жарғылық капитал орындалмады деп есептеледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде кәсіпорын негізгі құралдарды қайта бағалауға дейінгі сомаға мынадай жазу береді: 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» дебеттеліп, 1300 «Қорлар» бөлімшесі кредиттеледі.

Негізгі құралдарды қолдану шамасы бойынша бағалауға дейінгі есептен шығару сомасы 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.

«Шим-Шак НС» ЖШС бөлінбеген табысты 5500 бөлімшесінің 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттарында есепке алады. Жыл соңында 5510 шот 5610 «Қорытынды пайда» шотпен жабылады, және ол бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептілікте мынадай жазба арқылы көрсетіледі:

Дебет 5510 Кредит 5610 – кәсіпорын зиян шегуінің қорытынды сомасы.

Дебет 5610 Кредит 5510 – кәсіпорынның алған табысының қорытынды сомасы.

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянның) қалған сомасы 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шоттан 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шотқа жіберіледі.

 

 

2.2 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі

Ақша қаражаттарының есебі.Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозға-лысы есебі ҚЕХС №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі» сәйкес жүргізіледі. Ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есебі сыртқы қолданушыларға есепті кезең уақытында ақша қаражаттарының келуі мен кетуі туралы ақпарат беріп, кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді [5, б.94].

«Шим-Шак НС» ЖШС – нің «Қазақстан халық банкі» Акционерлік Кәсіпорынында теңгелік №0030467146 ағымдағы шот, валюталық №036070553(USD) және №700160883 (RUR) ағымдағы шоттары бар, БИК195301603. Кәсіпорын банкте банктік шотты ашу шарты бойынша ашқан. Онда екі жақтың құқықтары міндеттері жауапкершілігі қарастырылған. Бұл шотқа кәсіпорынның көрсеткен қызметінен түскен табыстар аударылады және қызметіне қажет мөлшерде ақша қаражаттары алынады. Ақша қаражаттарын ағымдағы шоттан алуға кәсіпорынның басшының бұйрығы негіз болады.

Осы заңнамалақ және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі негізгі формаларын қолданады;

- Төлем –тапсырмасы

- Төлем – талап тапсырмасы

- Банктің құқықтық- нормативтік актілері

- Банк выпискасы

- Шетел валютасымен ақша аударудың өтініші

- Шот-фактура

«Шим-Шак НС» ЖШС – нің төлем тасырмасымен есеп айырылысқанда, ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке тапсырылады.

Бенефициар резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жіберуші болған жағдайларды ескермегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға белгілеген формадаға бланкпен ақша аударуға туралы өтініш беру болып табылады.

Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар. Ақша қаражаттарының баламаларыинвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі,ең алдыменқысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған.

Ақша қаражаттарының баламаларыретінде жіктелетінинвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасыретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламаларыболып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады [6, б.21].

Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.

Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестиция-ларын сатып алу және сату.

Қаржылық қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестиция-лық және қаржы қызметі туралы есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Кәсіпорын қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

«Көліктік қызмет көрсету орталығы» Акционерлік кәсіпорынының операция-лық қызметінен түсетін ақша қаражаттары туралы есеп тікелей әдіс бойынша құрылады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің ақша қаражаттар қозғалысы мүлдем жүргізілмеген. Ал операциялық және инвестициялық қызметінің ақша қаражаттары туралы есебі келесі 5 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 5

«Шим-Шак НС» ЖШС – нің 2010-2011 жылдың ақша қаражаттар қозғалысының көрсеткіштері, мың.тг

Көрсеткіштер 2010 жыл 2011 жыл Ауытқуы
Ақша қаражаттарының операциондық қызметінің қозғалысы; Кірісі; Шығысы:            
Ақша қаражатының инвеститциялық қызметінің; Кірісі; Шығысы:   -944 -   -430 -   -564 - -564
Ақша қаражатының қаржылық қызметінің қозғалысы; Кірісі; Шығысы:   - - -   - - -   - - -  
Ақша қаражаттарының бастапқы есепті кезеңі
Ақша қаражаттарының соңғы есепті кезеңі
Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

 

Жоғарыдағы 5 кестеден көрініп тұрғандай операциялық қызметтен келіп түскен ақша қаражаттары +95084 мың теңге оның ішінде;

- сатылған тауарлар бойынша +95084 мың.теңге

Ал инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттары кіріс етілмеген ал қызметтен шығып қалған ақша қаражаттары -430 мың теңге ақша қаражаттары шығарылған оның ішінде негізгі құралдарды сату бойынша 430 мың теңге жұмсалған;

Қолма –қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруды кәсіпорын Қазақстан Республикасының 1998 жыл 29 маусымдағы №237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жыл 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз мен ақша аударымдарын атқару Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жыл 25 қарашадағы №433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу Ережелерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттарда көрсетілген қолма-қол ақшасыз есеп айырысу формаларына кәсіпорын төлем тапсырмасымен есеп айырысуды тандаған.

Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы- банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмасын ұсынады.

Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1999 жыл 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын – төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алады [7, б.17].

Есептік кезеңдегі түгендеу санын, оның жүргізілітін күнін, оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді. Субъект түгендеуді жүргізу мін,детті мына жағдайларда қалыс қалады:

-жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында, алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын басталмауы керек;

-субъект мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда;

-материалды-жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау-тапсыру күні);

-талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде, сондай-ақ құндылықтар бүлдірілгенде - мұндай фактілерде дереу түгендеу;

-төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу;

-тарату балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда);

-негізгі құралды және тауарлы –материалдық қорларын қайта бағалауда- суюъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар.

Ашылған ағымдағы шоттармен мынадай жұмыстар істелінеді дейік кәсіпорынға шетел валютасында ақша түскенде,ол ақша түсер алдында банктен хабарландыру жіберіледі. Хабарландыруда мынадай ескертілу жазылады сіздердің валюталық ағымдағы шотыңызға ақша келіп түсті, ол ақша қаражаты сіздердің шотынызға туседі, егер де сіздер заңға сәйкес берілетін құжатты бізге жіберсеніз ол құжат шот немесе инвойс деп аталады. Егерде жіберілмесе банк заңға сәйкес құқылы 180 уақыт күнтізбелік күнге шейін ақша жіберушіге қайтарып береді. Сол құжат арқылы кәсіпорынға ақша қаражаты түседі.

Төмендегі 6 кестеде кәсіпорынның банктік шоттағы ұлттық және шетел валютасымен жүргізілген ақша қаражатының қозғалысының есебінің үлгісі келтірілген.

 

Кесте 6

01.01.11 Кәсіпорынның банктік шоттағы ұлттық және шетел валютасымен жүргізілген ақша қаражатының қозғалысының есебі

Банк атауы Дебет Кредит Курстық сомасы 147 =1$
Халық банкі АҚ-ның филиалы 17693$= 2600871теңге
Халық банкі АҚ-ның филиалы 6651399 теңге
Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

 

6 кестеден байқағанымыздай мұнда заңды тұлға – резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады. Заңды тұлға резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыру немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген. Заңды тұлға – резиденттердің ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есеп шотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс. Заңды тұлға – резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы талаптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы турінде төлем ақы алады.

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайлығын қамтамасыз ету үшін Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Заңға, Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бухгалтерлік есептің стандарт-тарына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендуге міндетті.

Аяқталмаған құрылысты түгендеу барсында оның бар-жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі, сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау; құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамында- жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды [8, б.72].

Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.

Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді полистік (сақтандыру куәлігі) қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке (Қолда бар ақша түгендеу актісімен) ресімдейді.

Кассаны түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырылысу, бюджетпен, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай кредит берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұндай қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұлшотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қазаздық шттан үзінді көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комисиясын ұсыну керек. Баланстан берешектің есептен шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндегін бақылауды жүзеге асыру аса қажат [9, б.42].

Дебиторлық борыштар есебі. Дебиторлық борыштар есебі-сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің, шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар және көрсетілген қызмет үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Дебиторлық берешек ағымды және ағымды емес болып қарастырылады,ал есепте саудалық, саудалақ емес дебиторлық берешек болып көрсетіледі. Дебиторлық берешектер дисконтталады ал кредиторлық берешек-тер дисконтталмайды.

Дебиторлық берешектер және міндеттемелер есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының үшінші бөлімінде дебиторлық берешектер және алтыншы бөлімі міндеттемелер үшін қолданылады.

Кәсіпорында дебиторлық берешек негізгі қызмет пен Жарғымен қарастырылған басқа да қызметтер көрсету нәтижесінде пайда болады. Дебиторлық берешек жеке немесе заңды тұлғаладың кәсіпорын алдында қандай да бір міндеттемелері туындаған кезде пайда болады. Кәсіпорын өз қызметін жабдықтаушылар немесе тапсырыс берушілер мен келісімге келу негізінде жүзеге асырылады. Келісім және орындалған жұмыстарды қабылдау актісі негізінде әрбір тапсырыс беруші бойынша салыстыру актілері жасалынады.

Дебиторлық борыштар-сатып алушы немесе басқа да тапсырыс берешілердің ақша қаражатары бойынша төленетін төлемдерді Дебиторлық борыштар шот-фактурасымен жасалынған жұмыс актісімен немесе накладноймен бекітіледі. Тапсырыс берушілердің көрсетілген қызметтер, өткізілген ТМҚ, негізгі құралдар мен материалдық емес активтері үшін берешегі 1210 (Алынатын шоттар) шоты субшоттарында жүргізіледі.Ол шоттар «Шим –шак НС» ЖШС –нің Қаржылық –шаруашылық қызметі бойынша бухгалтерлік шотымен көрсетіледі:

1210-01 Теміржол жүкті транспорттық тасымалдауы

1210-02 Мердігерлермен аяқталмаған құрылыс бойынша атқарған жұмыстар үшін есеп айырысу

1210-03 Теміржол әкімшілігінің тасымалдау бойынша акцептелге қарызы

1210-04 Теміржол әкімшілігінің тасымалдау бойынша акцептелмеген қарызы

1210-05 Тиелген ТМҚ бойынша

1210-06 Көрсетілген НҚ-дар бойынша

1210-07 Көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыс бойынша

1210-11 Табыстардың түсуі кезіндегі теміржол арқылы өткізілген жүктер

Кәсіпорынның дебиторлық берешегі соған байланысты табыс танылған кезде ғана танылады. Ол бастапқы құнмен, одан күмәнді қарызға түзетулер мен сатудан шегерімді алып тастағанда, бағаланады [10, б.48].

Кәсіпорынның негізгі дебиторлық берешегі алуға арналған шоттардан, яғни сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің шотынан, алдағы кезең шығындарынан, жабдықтаушылармен тауарлар және қызметтер үшін есептесу-ден, есепті тұлғалардың берешегінен тұрады. Қосылған құн салығын көрсеткенде берілетін операция. Клиенттердің көрсетілген қызметіне төленген ақысы банк клиент арқылы жүргізіледі, олардан түскен төлем ақы береіледі.Жабылған кезде кредитор мен дебиторлардың соммасы шығады.

Бұл берешектердің пайда болуына әкелетін операцияларға Кәсіпорын мынадай төмендегі 7 кестеде көрсетілген жазуларды береді:

 

Кесте 7

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек бойынша түгендеу есебі

Кәсіпорын атауы шот Пайда болған уақыты Қызмет түрі Сома Өтеу мерзімі
«Дос» ЖШС 1210,07 2010ж. желтоқсан айы Қызметтер көрсетілген 3 айға дейін /2011ж. наурыз айы
«Транслайн РК» ЖШС 1210,07 2011ж. тамыз айы Құрылыс материалдары сатылған 1 жылға/2012ж. тамыз айы
ҚХР-сы Xinjiang Moer CO LTD 1210,07 2011ж. қазан айы Қызметтер көрсетілген 3 айға дейі/2011ж. желтоқсан айы
Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

 

7-кестедегі көрсеткіштер бойынша дебитор мен кредиторға арналған ФО-17 формасы жасалады. Күмәнді талап болып келісіммен тағайындалған мерзімде жабылмаған және кепілмен қамтамасыз етілмеген дебиторлық берешек танылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен берешек үмітсіз қарыз деп танылып, есептен шығарылады. Егер бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешек келесі есепті кезеңдерде өтелсе ол негізгі емес қызметтен табыс болып саналады [11, б.107].

Күмәнді қарыздар бойынша резерв есепті кезеңнің соңында жүргізілген дебиторлық берешекті түгендеу нәтижесінің негізінде құрылады. Кәсіпорында резервті құру кезінде төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу мәдісін басшылыққа алады

Кәсіпорында есепті тұлғаларға бұрын берілген есепті сома бойынша аванстық есеп тапсырылмай есепке ақша берілмейді. Егер есепті соманың қалдығы кассаға қайтарылмаса, ол сома есепті тұлғаның еңбекақысынан ұсталынады.

Кәсіпорында міндетемелері жабдықтаушылардан алынған тауар, қызмет, алынған аванстардың, банк несиесінен, бюджет алдындағы қарыздың және еңбекақы бойынша есептесулердің нәтижесінде пайда болған.

Кәсіпорын мен жабдықтаушының арасында тауарды жеткізу немесе қызметті көрсету туралы келісім-шарттар жасалынған. Онда міндеттемені жабу мерзімі, шарттары, бағасы қарастырылған.

Кәсіпорында міндеттемені жабудың мерзімі көп жағдайда бір айдан аспайды. Жабдықтаушылардан тауарлы-материалдық құндылықтарды сенімхат негізінде Кәсіпорынның сенімді тұлғасы ала алады. Сенімді тұлға тауарлы-материалдық құндылықтарды алғаннан кейін Кәсіпорынның бухгалтериясына тауарларды қоймаға немесе материалды- жауапты тұлғаға тапсырғаны және тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды тапсырады. Сенімхатты пайдаланғаны туралы уақытында есеп бермеген тұлғаға жаңа сенімхат берілмейді. Кәсіпорында берілетін сенімхаттың мерзімі үш күнге белгіленген. Қызмет алуға және қолма-қолсыз төлеу формасында сенімхат жазылмайды.

Қысқа мерзімді кредиторлық берешегі пассив бөлігінде көрсетілген.Егер күмәнді дебиторлық берешек болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны шотта көтсету қажет.Ол кәсіпорында «Шим-шак НС» ЖШС-нің Қаржылық –шаруашылық қызметі бойынша бухгалтерлік шотымен көрсетіледі;

3310 (01,02,03,04,05,06,07,08) - Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3320 (01,02,03,04,05) - Еншілес ұйымдар алдында кысқа мерзімді кредиторлық берешек

3331(01)-Ассоциацияланған ұйымдар алдында қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3332 (01)-Біріккен ұйымдар алдында кысқа мерзімді кредиторлық берешек.

Тауарлы материалдық қорлардың есебі.

Тауар-материалдық құндылықтар есебі №2 «Тауар-материалдық құндылықтар есебі» стандартына сәйкес жүргізіледі. Тауар-материалдық құндылықтар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады. Тауар - материалдық құндылықтарға мыналар жатады:

- шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс( қап, қорап, жәшік) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;

- аяқталмаған өндіріс;

-субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Шикізаттардың және материалдардың (жұмыс, қызмет) шығындары, өндіріс үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, отындардың, энергия-ның, еңбек ресурстарының, ең негізгі құралдарының тозу құнының, сондай-ақ технологиялық процесстен туындайтын басқа да өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге байланысты шығындарының жиынтығын қамтып, өнімнің (қызмет, жұмыс) өзіндік құнын құрайды [12, б.14].

Есеп саясатында анықталғандай, өндіріс қорларының өзіндік құнын бағалау, арнайы (жалпылама) бірыңғай ұқсастық, орташа есептік құны, ФИФО, әдістерінің бірін қолдану арқылы жүргізіледі.

Арнайы (жалпылама) бірыңғай ұқсастық әдісі бойынша бағалау арнайы жобалар және тапсырыстар үшін өндірілген, өзара айырбастау құралының қызметін атқаратын тауарлы- материалдық қорлардың өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Өндіріс қорларының орташа есептік құнын, есепті кезеңнің басындағы қолда бар және сатып алынған немесе осы кезеңнің ішінде өндірілген ұқсас қорлардың орташа құнын анықтау арқылы есептеп шығарады. Өндіріс қорларын ФИФО әдісі бойынша бағалаған кезде, бірінші кезекте алғакшқы сатып алыңған немесе өндірілген қорлардың құнын шығысқа шығару көзделеді.

ТМҚ өзіндік құны есепті кезең басында қолда бар және сатып алынған қорлардың орташа құның анықтау арқылы бағаланады. Өндірістік процестерге қатыспайтын тауарлы-материалдық қорлар қоймаларда сақталады. Сақталу орның да қорлардың әр түрлеріне қатысты мәліметтерді қамтитын жарлық орналасады. Барлақ кірістелген ТМҚ-ларға шартты номер тіркеледі, бұл номер міндетті түрде тауарлы-матриалдық қорлардың келіп түсуін растайтын барлық құжаттарда жазылады.

ТМҚ-ы жабдықтайшы қоймаларынан алу үшін материалды жауапты тұлғаларға сенімхат беріледі. Қоймаларға келіп түскен тауарлы-материалдық қорлар жауапты тұлғалар есебі негізінде кіріс ордерлерімен рәсімделеді. Кіріс ордерлері негізінде берілген сенімхаттар есебі журналында тауардың келіп түскені туралы белгі жасалынады. Егер тауар келіп түспесе, қолданылмаған сенімхат бухгалтерияға қайтарылып, сенімхаттарды тіркеу журналында сенімхат қолданылмағаны туралы белгі жасалынады. Қолданылмаған сенімхаттар 5 жыл сақталынады.

ТМҚ-ны кірістеу тауарлы құжаттар негізінде жүргізіледі (шот фактура, тауарлы транспорттық накладной, келісімдер). ТМҚ-ны кәсіпорын ішінде шығыстау кезінде қолданылатын басты құжат біржолғы шығыс накладнойы болып табылады. ТМҚ кәсіпорыннан тыс жерлерге шығыстау кәсіпорын басшысы мен оның орынбасарлары келісімімен жүргізіледі, келісім негізнде өткізілген қорларды құның өтеуге шот-фактура толтырылады. Кәсіпорын бухгалтериясы ТМҚ-ы кірістелуі, қолда бар болуының, шығысталуының есебін ақшалай және сандық көріністе жүргізіледі. ТМҚ келіп түсуін растайтын бастапқы құжаттар әрбір қойма бойынша қойма басшыларымен бір оайдан аспайтын уақытта бухгалтерияға беріліп отырады.

8-кестеде тауарлық материалық қорларды есепке алу бойынша шоттардың корреспонденциясы көрсетілген.

 

Кесте 8

Тауарлық материалық қорларды есепке алу бойынша шоттардың корреспонденциясы

р/н Операциялардың мазмұны Сомасы 1310 шоты бойынша шоттар-дың корреспонденциясы
дебет кредит
Бастапқы құны бойынша шикізаттар мен материалдарды қоймаға келіп түсті
Кінәлі тұлға анықталуына байланысты, жетіспеген материалдар сызып тасталды
Түгендеу кезінде анықталған материалдардың артығы кірістелді
Аяқталмаған құрылыс құнына жатқызылған материалдар сызып тасталды
Жеткізіп берушіге ақауы бар тауарлар қайтарылды  
Ақауы бар тауарларды қайтару бойынша дебиторлық берешектің пайда болуы
Материалдардың өзіндік құнын сатудың таза құнына дейін сызып тастау
Негізгі өндірістің қажеттілігіне материалдарды пайдалану
Ескертпе – В.П.проскурина Бухгалтерлік проводкалар Алматы 2001 жыл

 

ТМҚ есебі аудитінің негізгі мақсаты-олардың есебінің дұрыс ұйымдас-тырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:

- олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;

- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;

- өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;

- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;

Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор [13, б.107].

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі.

Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар есебі» стандартына сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады;

Бастапқы құн немесе өзіндік құн- активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы.

Ағымдағы құн - белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттың құны.

Өткізу құн - мәмлілеге дайын және хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома.

Жойылу құн - шыққан шығынды тастап пайдаланған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы

Амортизациялық құн - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны.

Баланстық құн- жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома.

«Шим-шак НС» ЖШС негізгі құралдардың есептен шығу кезінде пайда болатын пайда мен шығын есебінде негізі емес қызметтен түскен табыс ретінде көрсетіледі, ал оның шоттар бойынша коррсепонден-циясын 9 кестеден көруге болады.

 

Кесте 9

Негізгі құралдар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Шаруашылық операция Дебет Кредит Сомасы, мың теңге
Егер негізгі құралдар баланстық құнына тең бағамен өткізілетін болса
Егер негізгі құралдардың өткізу құны баланстық құнынан төмен болса; 2420, 1010
Егер сату бағасы баланстық құнынан жоғары болса, яғни сатудан табыс түссе; 2420, 6010
Ескертпе – В.П.проскурина Бухгалтерлік проводкалар Алматы 2001 жыл

Қаржылық лизинг - Жалға берушінің (лизинг берушінің) белгілі бір сатушыдан алдын-ала келісімді мүлікті меншікке алып, бұл мүлітті жалға алушыға (лизинг сатушыға) мүліктің құнын төлеу құқығымен бірге, төленетін ақымен беруі.

Негізгі құралдараға жататың мүліктің қайсысы да және кез келген басқа тұтынылатын заттар, сондай-ақ құнды қағаздармен табиғи ресурстар лизинг объектісі бола алады.

Лизинг құқылық жағынан ҚР-ның 05.07.2000 жылы Қаржылық лизинг Заңымен ҚР-ның Азаматтық кодексімен 565-572 бабы Жал есебі бухгалтерлік есеп стандарттарымен, ҚР-ның 05.07.200 жылы Лизинг мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырылулар еңгізу туралы заңымен реттеледі.

Материалдық емес активтер есебі. Материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа да субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер Материалдық емес активтер – қызмет барысында сатуға бағытталмаған физикалық формасы жоқ активтер [14, б.92].

Материалдық емес активтер бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайда (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін с



Просмотров 2154

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!