Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпорынның міндеттемелер мен капитал есебі



Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау әс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Қазақстанның тәжірибесінде басқару есебі көп жағдайда ұйымның қызметін бақылау, басқару және жоспарлау үшін пайдаланылатын, бір кәсіпорын шегінде басқару персоналын ақпараттармен қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырылады. Әр түрлі экономикалық, заңдылық, ұйымдық және техникалық-технологиялық факторлардың байланысы басқару есебін ұйымдастыру үлгісінің жан-жақтылығын анықтайды [17, б.38].

Барлық ұйымдар мен қызметтер өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін бухгалтер бсқару есебі жөніндегі мамандар – бухгалтер-талдаушылар ұсынатын қажетті ақпаратты біледі. Есептің бұл түрі – кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің бөлігі. Ол басқаларға қарағанда жуықта пайда болуы, дәстүрлі қаржылық есеппен ортақ белгілер бар, алайда соңғысына қарағанда міндетті болып табылмайды. Ол үшін жалпы қабылданған есептік принциптер маңызды емес, оның мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға емес, мүдделері жеке-жекеленген және бұрыннан белгілі болуы мүмкін, ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін арналған.

Басқару есебінің мәні – объектілер мен мәлімдемелерінің өндірісті басқарудың толық процесіндегі жиынтығы. Басқару есебінің міндетті мыналар болып табылады: есеп, жоспарлау, бақылау, ұйымның және құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен нәтижелері туралы мәліметтерін талдау мен бағалау; қажетті басқару шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның мақсаттарымен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қажетті процесс болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің мақсаты- қызмет көрсету мен пайда алу.

Шығындарын басқару кәсіпорынның негізгі міндеттерін орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен шақтағы, қазіргі және өндірістік қызметтің шығындары мен қорытындыларын байқау мен талдаудан тұрады.

Міндеттемелер есебі мен аудиті.Міндеттеме- бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борыны немесе міндеті. Міндеттемелерді қадағалау үшін бірнеше тәсілдер бар:

-Ақша қаражаттарын төлеу

-Басқа да активтердің беру

-Қызметтерді көрсету

-Міндеттемені басқа міндеттеменен өзгерту

-Міндеттемені капиталға өткізу

Міндеттемелерді басқа да қорлармен өтеуге болады.Ол кредитордың өз құқығынан айырылған жағдайда және оған рұқсат берілмегенде.

Міндеттеме орындалуы мүмкін ағымдық (Қысқа мерзімді), ол келесі клиенттерді қанағаттандырса;

-Міндеттемені кәсіпорынның нақты кезенніңде өтелетін болғанда

-Міндеттеменің басты мақсаты сату болған жағдайда

-Есепті күннен 12 ай ішінде міндеттемені өтеген жағдайда

Ал басқа міндеттемелерді өтеу мақсаты ұзақ мерзімді болып саналады.

Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері бойынша;

Бағалау міндеттемелер- белгілі мерзімі және орындалу соммасы жоқ міндеттеме

Шартты міндеттемелер- болашақ кезеңнен туындайтын міндеттеме

Шартты активтер-қаржылық есепте есептелмейді өйткені ол табысқа есептелініп болашақта келіп түспеуі мүмкін.

Міндеттеменің азаюы мен көбеюі кәсіпорын экономикалық табыстылығын өзі бақылайда немесе сырттан мамандар шақырады (юристі,нарық аналитигін).

Бірақ қаржылық есепте келесідей ақпарат болуы қажет, ол міндеттеме-лердің сатыларына қарамастан ашық мәліметтер көрсету қажет:

-жыл басындағы және жыл сонындағы баланстың құны

-құрылған есепті кезеңнің қосымша бағалау міндеттемесі

-Есепті кезенді қолданылған сомалар

-Есепті кезенге қосылған қолданылмаған сома

- Болашақ мерзімде қолданылатын міндеттемеге қысқаша мінездеме.

Кәсіпорын Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы ҚР-ның Кодексіне сәйкес салықтарды төлейді.Салықтар бойыеша бухгалтерлік міндеттемелер есептің регистріне жазбалар үшін негізі болып келесі құжаттар қарастырылады;

- Анықтамалар

- Есеп айырысулар

- Декларация

Корпоративті табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы деген пассивтік шотында жүргізіледі.

Корпоративтік табыс салығын есептегенде «Корпоративтік табыс салығын есептеу шығындары» счеты дебиттеліп «Ағымдағы төленетін табыс салығы » кредиттеледі. Корпоративтік табыс салығы жыл қортындысы бойынша бір жылда бір рет есептелінеді.

Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеу кезінде, оның ішінде, бюджетке төленген аванстық төлемдер бойынша «Ағымдағы төленген табыс салығы» дебиттеледі, «Ақша қаражаттары» кредиттеледі.

Кәсіпорынның есеп саясаты қаржылық есеп беруді құру кезінде келесі ұйғарымдарды қарастырады;

- Есепті кезендегі салық төлемдер немесе салық төлемдер бойынша үнемдеу

- Төленуге тиісті табыс салығы

Міндеттемелер әдісі бойынша табыс салығы кәсіпорының пайда табу кезінде шегетін шығыны ретінде қарастырылады. Есепті кезенде пайда болған уақыттық айырмалардың салықтық әсері салықтық төлем сомасна кіріді және бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған салық бабында көрсетіледі.

Уақыттылық айырма – есепті кезеңдегі салық салынатын пайда мен бухгалтерлік пайда арасындағы айырмашылық, олар табыс пен шығындардың кейбір баптарының салық салынатын пайдаға апарылатын кезеңі мен бухгалтерлік пайда ретінде танылатын кезеңі сәйкес келмеуінен пайда болады. Уақытылы айырмалар бір кезңде пайда болып келесі кезеңдерге жойылады.

Тұрақты айырма- салық салынатын пайда мен бухгалиерлік пайда арасындағы ағымдағы есепті кезеңде пайда болып, келесі кезеңдерде жойылмайтын айырмашылықтар.

«Шим-шак НС» ЖШС-нің меншікті капиталы есебі.

- Жарғылық капитал

- Қосымша төленетін капитал

- Төленбейтін капитал

- Эмисиондық табыс

- Сатып алынған өзінің бөлінген құралдары

- Резервтік капитал

- Бөлінбеген пайда

Акционерлік кәсіпорыны құрылуы барсында шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болды. Кәсіпорын мүлкінің құны жек баланста көрсетілген негізгі және айналыс құралдарынан, материалдық құндылықтардан тұрады. Кәсіпорын мүлкі салымдарға (үлес пен салымдарға ) бөлінуі мүмкін есем.

Кәсіпорын мүлкі құралады;

- Уәкілетті орган берген мүлік ;

- Қызмет ету нәтижесінде сатылып алынған (ақшалай қаржыны қоса есептегенде ) мүлік;

- Тасымалдау қызметін көрсеткеннен түскен ақшалай материалдық ресурстар;

- Заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен тұрады.

Кәсіпорын уәкілетті органның келісімінсіз өзіне тиесілі көлік транспорт-тары мен көлік қорларды, басқа да негізгі қорларды беруге сатуға, несиеге беруге, айырбастауға, қайтарусыз уақытша пайдалануға беруге, филиалдар ме енщілес кәсіпорындар құруға, кәсіпкерлермен біріккен өндірістер ашуға,оларға өзінің және ақша капиталын салуға құқылы. Шаруашылық иелігіндегі мүліктерін қолдану барсында түскен өнімдер мен табыстар, сондай-ақ шаттар бойынша және басқа да негізде сатып алынған мүліктер меншік құқығын сатып алу үшін заңнамалық, актілерде белгіленген тәртіппен кәсіпорынның шаруашылық жүргізу иелігі түседі.

Кәсіпорының меншікті капиталы - бұл міндеттемелерін шегергендегі кәсіпорын активтері. Меншікті капитал құрамына жарғылық капитал, резервтік капитал, есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залал) қосымша төлінбеген капитал кіреді. Жарияланған Жарғылық капитал көлемі құрылтайшы құжаттарыда тіркеліп, бухгалтерлік есепте заң тәртібібойынша тіркелгеннен кейін көрініс табады. Тегін алынған негізгі құралдар мен көрсетілген қызметтер сомасы, негізгі құралдардың және қызметтердің бағалаауға дейінгі сомасы және басқа да осыған ұқсас сомалар қосымша капитал ретінде есепке алынады. Резервтік капитал таза табыстан Жарғылық капитал сомасынан 10% көлемінде жыл сайын аударымдар жүргізу арқылы құрылады. Резервтік капитал сомасы тек қана кәсіпорын шығындарын жабуға қолданылады [18, б.55].

Бөлінбеген пайда көлемін ұлғайту мақсатында негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаудан алынған құралдар қолданылады, олар келесі шоттарда есепке алынады.

5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв

5440 Инвестицияларды қайта бағалауға арналған резерв

5460 Өзге де резервтер

«Шим-шак НС» ЖШС-нің меншікті капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялардың үлгісі 11-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 11

Меншікті капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Шаруашылық операция Дебет Кредит Сомасы, теңге
Кәсіпорын зиян шегуінің қорытынды сомасы
Кәсіпорыннның алған табысының қорытынды сомасы
Ескертпе – В.П.проскурина Бухгалтерлік проводкалар Алматы 2001 жыл

Активтердің толық істен шығуы жағдайында немесе негізгі құралдардың тозу сомасы көлемінде қайта бағалау сомасы бөлінбеген пайда ретінде танылады.

Жарғылық капитал құрамына енгізілген активтер жарғылық капиталға өткізілген күннен бастап, әділетті нарықтық құны бойынша бағаланады.

«Шим-шак НС» ЖШС-нің меншікті капиталы 2011 жылы 611165 мың теңгені құрады және 1686 мың теңгеге өсті. Одан бөлінбеген зиян 23668 мың теңгеге төмендеп 46997 мың теңге түсті. Кәсіпорынның міндеттемелері мен меншікті капиталын талдауы бойынша талдау кезеңінің сонында меншікті капитал құрамы 0,3 %, ал ағымдағы міндеттемелер 9,7 % құраған. Кәсіпорында ұзақ мерзімді міндеттемелер қарастырылмаған.



Просмотров 3455

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!