Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпорынның табыстар мен шығындар есебі



 

 

Табыс- бұл есепті кезеңде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы. Негізгі және көмекші қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы – материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуға мүмкін.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасы сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде,тараптар өздерінің келісім шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу,шығындық алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайда сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда яғни бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенім білдіреді [19, б.102].

Табыс бухгалтерлік есеп шоттарында 6-бөлімде көрсетіледі

6010- өнімді өткізуден, кызмет көрсетуден түскен түсім

6110- қаржыландырудан түскен түсім

6210- басқа да кірістер

6310- қысқарылатын қызметпен байланысты кірістер

6410- үлестік қатысу әдісі бойынша кірістер

Төмендегі 12, 13 кестелерде «Көліктік қызмет көрсету орталығы» Акционерлік Кәсіпорынының есепті кезеңнің табыстары мен шығыстары көрсетілген.

 

Кесте 12

«Шим-шак НС» ЖШС-нің есепті кезеңнің табыстары, мың.тг

Көрсеткіштер 2010 жыл 2011 жыл ауытқу
Тауарлар мен қызметтерді өткізуден түскен табыс
Қаржыландырудан түскен табыс
Басқа да табыстар -16330
Жалпы табыс
Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

 

12 кесте бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: кәсіпорын 2010 жылы өнімді сатудан түскен табыс мөлшерін 68046 мың теңгеге жоғарылатты, ол жоспарды құру кезінде өнімнің жоғарырақ бағалары мен сатудың үлкен көлемдерін есепке алғанымен байланысты. Қаржыландырудан түскен табыс өзгеріссіз қалды, ал басқа да табыстар 16330 теңгеге төмендеді. Ал жалпы табыстар бойынша 2011 жылы табыс көлемі 57421 теңгеге артты.

 

Кесте 13

«Шим-шак НС» ЖШС-нің есепті кезеннің шығындары, мың.тг

Көрсеткіштері 2010 жыл 2011 жыл ауытқу
Әкімшілік шығындар
Шаруашылық шығындар
Басқа да шығындар
Жиынтығы
Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

 

Есепті жылда жұмыс күшінің азаюы мен қызмет көрсету көлемінің артуына байланысты, сәйкесінше кезең шығындары да артты, 2010 жылы –жалпы шығын 184250 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 529884 теңгеге артты.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономи-калық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлім-шелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д = Д - Р (1)

Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;

Д - жалпы табыс;

Р - кезең шығындары.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффи-циенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Шығыстар – бұл активтердің шығуы немесе басқа да пайдаланылуы, сондай-ақ тауарларды жабдықтау немесе өндіру, қызметтер көрсету және кәсіпорын қызметінің тұрақты негізі немесе басты түрлерін құрайтын басқа да түрлерін іске асыру нәтижесінде міндеттерінің пайда болуы.

Шығындар есебі бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспарының 7 Шағындар бөлімінде жүргізіледі.

7110- өнімді өткізу бойынша шығындар

7210- әкімшілік шығындар

7310- сыйақы бойынша шығыстар

Шығыстар өнімді өндіруге кеткен шығыстардан болады және олар өндіріс көлемінде тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірілмесе де белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезең шығыстарына мыналар жатады:

-жалпы және әкімшілік шығыстар;

-пайыз бойынша шығыстар;

-тауарлы-материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.

Кәсіпорын осы аталып өткен кезең шығыстары бойынша жалпы және әкімшілік шығыстары бойынша жұмыс атқарылады. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстар есебі 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстары» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі.

Қаржылық есеп беру. Қаржылық есеп беруді құрастырудың басты мақсаты-кәсіпорынның қаржылық жағдайы, ақша қаражаттарының қозғалысы, қызметінің нәтижесі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп келесі көрсеткіштер туралы ақпаратты қамтиды:

- Активтер

- Міндеттемелер

- Капитал

- Табыстар мен шығындар

- Ақша қаражаттарының қозғалысы

Қаржылық есепті беру мен дайындау кәсіпорынбасшылығының міндеті болып табылады. Қаржылық есеп берудің толық қозғалысы туралы мәліметтері;

- бухгалтерлік баланс

- табыстар мен шығындар есебі

- ақша қаражатының қозғалысы есебі

- капиталдағы өзгеріс туралы есеп

- есеп саясатының негізгі баптары мен түсініктеме жазу

Бухгалтерлік баланс түсініктеме жазуда ҚЕХС 1 Қаржылық есеп беру берілген принциптеріне сәйкес жүргізіледі.Ол Үздіксіздік, Есептеу және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есп тікелей әдіспен құрастырылады. Жылдық қаржылық есеп берудің есепті кезеңі жылдың 1 қантарынан 31 желтоқсан аралығында қамтиды [20, б.12].

Қаржылық талдаудың басты мақсаты ол анықталған нәтижелер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. «Көліктік қызмет көрсету орталығы» акционерлік кәсіпорыны-ның қаржылық жағдайы шаруашылық жүргізу үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шарушылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықта-лады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылық белгілі денгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелдейді.

 

 



Просмотров 10807

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!