Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Шим-шак НС» ЖШС –дегі есепті жетілдіру жолдары



Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде-бәсекелестік шешуші рөль болып атқарылады. Бәсекелесті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Сондықтан есеп және талдау жұмысының қажеттілігі, көптеген себептермен анықталады.

Біріншіден - кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін.

Екіншіден - өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару, жүргізу үшін.

Үшіншіден - кәсіпкерлер өзара қарым-қатынас сенімді жұмыс істеу үшін және де өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.

Шаруашылық субъектісіне қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеу үшін активтер және ұзақ мерзімді активтер керек, яғни негізгі құралдар, материалды емес нақты инвестициялар керек. Олар ұйымдарды қаржыландыру үшін негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорларды өсіміне салымдар ретінде пайдаланады.

«Шим-шак НС» ЖШС-дегі есептегі жыл қорытындысын табыспен аяқтағаныменде, дұрыс жүйеге қойылған есеп және талдау жұмыстарының негізінде үлкен көрсеткіштерге жетуге болар еді деп ойлаймын. Мысалы, негізгі құралдардың есебін жүргізуді жетілдіру үшін автоматтандыру жүйесіне көшу.

Тозуы жеткен негізгі құралдарды, дер кезінде есептен шығару және олардың орнына бүгінгі күнгі талаптарға сай өнімділігі жоғары негізгі құралдарды сатып алу.

Бұл ұсыныстар өндірілетін өнім көлемін арттыруға ықпал етеді деп есептейміз. Сондай жағдайда ғана ұйымдар қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда бәсеке төтеп беріп, өз өнімдерін халықаралық базарларға шығаруға мүмкіндік ала алады. Ал шығарған өнімдерді сапасы және саны жағынан сұранысты қанағаттандырмайтын шаруашылықтың нарық заманында өмір сүре алмайтындығы халықаралық тәжірибеде, дамыған елдердің экономикасына белгілі болып отыр [28, б.50].

Бухгалтерлік есепке тән «Көлік қызметін көрсету орталығы»Акционерлік Кәсіпорынындағыүшін мына төмендегі мәселелерді қойған жөн деп естеймін:

-Аталмыш кәсіпорында жылма-жыл жасалатын есеп саясатын алдыңғы қатарлы тәжірибеге және Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары талабына сай жетілдіріп отырғаны жөн.

-Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы кейбір ауытқушылықтар мен сәйкес келмейтін мәселелерді, осы серіктестіктің өзінде шешіп отыру үшін, бухгалтерлік есеп өрісіндегі құжаттарды компьютерлік жүйеге келтіруді ұсынамыз.

-Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің айырмашылықтарын толық анықтап отыру мақсатында, бұларды экономикалық маңызына қарай классификациялық топтарға бөліп, әрбір жекелеген есеп обьектілері бойынша аналитикалық жіктеу счеттарын ашу керек.

-Ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік баланс құрылымында ең үлкен дәрежені құрайтындығына байланысты, бұлардың экономикалық жағынан тиімділігін талдау және алынған нәтижені қаржылық қорытынды есеп мәліметтерімен салыстырып отыру қажетлігі туындайды.

Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.

Табыстар мен шығындарды бюджеттеу – тұтасымен ұйымдардың да, есепке алудың бөлінген объектілерінің арасындағы да (бөлімшелер) анықталған уақыт аралығындағы қаржы қорытындысы түрінде жүйеленген жоспарлы-бақылаушы есеп айырысулардың жиі рәсімі [29, б.412].

Табыстар мен шығындарды бюджеттеу жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті мыналардан тұрады:

-ақшалай түсімнің, шығындардың, өтеу сомаларының, есеп айырысу пайдаларының, табыстылықтың және т.б. анықталған деңгейіне жету тұрғысынан ұйымдардың жүзеге асырылатын мақсатын бағалау;

-бөлімшелердің және тұтасымен алғанда ұйымдардың табыстар мен шығындар бюджетін жоспарлау;

-бөлімшелердің және тұтасымен алғанда ұйымдардың табыстар мен шығындар туралы есепті құру;

-«жоспар / факті» түріндегі ауытқушылық себептеріне талдау жасау.

Аталған жүйені жүзеге асыруға жауапкершілік әдетте қаржы бөліміне жүктеледі.

Кәсіпорындардағы тығыз өзара байланыстың салдарынан, көп жағдайда бюджеттеу жүйесінің әртүрлілігі болып табылатын қаржы қорытындылары мен басқарудың әкімшілік үлгісі енгізіледі.

Аталған үлгі бойынша егер кәсіпорындардың шығындары белгіленген бір шектен шықса, онда кәсіпорын күтіліп отырған жалпы қаржы қорытындысына жетеді.

Осы мақсатта шығындарды жоспарлау және бақылаудың арнайы жүйесі құрылады.

Есеп беру мерзімінің басына дейін құрылымдық бөлімшелердің бастық-тары, бюджеттеуге жауап беретін адамдар келесі айға өзінің бөлімшесінің шығындар сметасын қаржы қызметінің кәсіпорынына ұсынады.

Аталған смета шығындардың жеке сомаларын ашудан, тасымалдаушы-лардың атауынан, шығындарды жүзеге асырудың негізділігінен тұруы қажет. Бөлімшенің барлық шығындары қаржы бөлімінде тексерілуі және талдануы қажет.

Бөлімшенің шығындарының жоспарланған сметаларының, сондай-ақ өткен мерзімге арналаған есеп беру ақпараттарының негізінде оларды келесі айға тұтасымен алғандағы ұйымның шығындарының мәлімет бюджетіне шоғыр-ландыру жүзеге асырылады.

Осыған қоса, шығындар мына баптар бойынша топтастырылады: шикізат, негізгі өндірістің көмекші материалдары, тарап ұйымдардың қызмет көрсету-лері, көмекші бөлімшелердің негізігі материалдары, көліктік қызмет көрсету-лері, жарнама және өкілділік шығындары, іссапар шығындары, құрылғылар, коммуналдық қызмет көрсетулер, еңбекақы, жалға беру, басқалар.

Айға арналған кәсіпорынның жалпы шығындары жоспарының жүйесі аясында, өндірістік бағдарламамен және жүзеге асырудан түскен ақшалай түсімдермен сәйкестігі келтіріледі. Егер жүзеге асырудан түскен ақшалай түсім шығындардың жалпы сомасын жаппаса, онда бөлімшенің шығындары алынып тасталынады немесе келесі есеп беру мерзіміне қалдырылады.

Шығыстарды бюджеттік бақылау, қаржы қызметінің шығыстарды жүргізудің бекітілген жоспарлы шегінің аясында жүргізуге құқық беретінді-гінен тұрады (жоспарлы шек деп бекітілген бюджетке сәйкес бөлімшенің шығындарының сомаларын айтады). Бюджеттің табыс бөлігінің орындалмауы жағдайында, қаржы қызметі шығын бөлігін қысқартуға құқығы бар. Жоспардан тыс шешімдерді, әдетте аталған шығындардың мақсаттылығынан және ағымдағы активтердің бар болу фактісінен шығып отырып, осындай төлемдер-дің әрбір нақты жағдайлары бойынша қаржы директоры қабылдайды.

Қорытындысында, аталған жүйе, ай ішіндегі ақша қаражатын дұрыс шығындауға және жоспарланып отырған қаржы қорытындысына нақты жетуге әкеледі [30, б.254].

Ай өтуі бойынша, бөлімшенің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса, шығын-дарының фактілі көрсеткіштеріне салыстыру жүргізіле отырып, бюджеттің орындалуына талдау жасалады. Егер ауытқушылықтар белгіленген шектен шығып кетсе (ертерек анықталған шектен), барлық есеп беру мерзімінің аяғына дейін ауытқудың себептеріне талдау және бөлімшенің мақсатына, іс-шараларына және бюджетіне түзету жүргізіледі.

Кәсіпорындардағы қаржы қорытындыларын басқарудың тежегіші, таза құнды санау қиындығының салдарынан тек есеп беру мерзімінен кейін қалыптасатын жалпы қаржы қорытындысының фактісі болып табылады.

Алайда, кәсіпорындардағы пайданың қалыптасуына бақылау жасау мақсатында, жедел талдау жүргізілу қажет. Осыған байланысты, осы арқылы шығындарды есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін ұсынатын бағдарламалық кешендер қолданылады. Осындай жүйелер кәсіпорынның қызметіне мұқият жедел бақылау жасауды және қаржы қорытындыларымен басқарудың тиімділігін арттыруды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін уақыттың кез-келген сәтінде жүзеге асырулар, дебиторлық берешектер, таза құн, қаржы қорытындылары туралы толық жедел ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.

 

ОРЫТЫНДЫ

 

 

Сонымен, бухгалтерлiк есеп бүгiнгi таңда басқару жүйесiнде маңызды орындардың бiрiн алады. Ол өндiрiстiң, айналыстың, бөлудiң және тұтынудың нақты үрдiстерiн көрсетiп, кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешiмдерiн қабылдаудың негiзi болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп Бухгалтерлiк есеп стандарттарында және Типтiк шоттар жоспарында бекiтiлген принциптерiне сәйкес жүргiзiледi.

Ал енді «Шим-шак НС» ЖШС -дегібухгалтерлік есеп және аудиті теоретикалық және практикалық аспектілеріне талдауына қорытынды жасай отырып, осы жұмыста жазылған және негізделген мынадай маңызды ережелерді атап өтейік.

Кәсіпорындарда қолданылатын жалақы нысандары мен жүйелері мынадай негізгі талаптарға сай болуы қажет: еңбек шығындарының негізделген нормаларын пайдалану (жұмысшылардың еңбек міндеттемелері); тиісті квалификацияның жұмыс күшін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тарифтік ставкілер (айлықтар) қолдану; жұмыс нәтижелерінде жоғары материалдық мүдделікті жасау.

«Шим-шак НС» ЖШС -дегібухгалтерлік есеп пен аудитті талдау кәсіпорындағы есептілік жүйенің деңгейі жеткілікті деңгейде жоғары екендігін көрсетті және жалпы алғанда осы санаттағы кәсіпорындар үшін көзделген қолданыстағы заңнама тарапынан есеп саласындағы негізгі талаптарға сәйкес келеді.

Сонымен бірге, кәсіпорында ішкі бақылау жүйесі жоқ екендігі анықталды., бұл басшылыққа кәсіпорындағы шығын орталықтары бойынша істің мән-жайы туралы ақпаратты уақтылы алуға және еңбекке ақы төлеу жүйелерін оңтайландыруға мүмкіндік бермейді. Кәсіпорынға ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру ұысынылды.

Функционалдық аспектіде бухгалтерлік жүйелер кем дегенде қатесіз арифметикалық есептеулер жүргізу қажет; ерікті нысандағы бастапқы және есептік құжаттарды даярлауды, толтыруды, тексеруді және басып шығаруды жүргізу қажет; деректерді қатесіз бір баспалық нысаннан басқаға ауыстыруды жүзеге асыру қажет; ерікті күрделік деңгейдегі проценттерді есептеуді және қорытындыларын жинақтауды жүргізу қажет; өткен кезеңдердегі деректер мен есептерге назар аударуды жүзеге асыру қажет.

Көрсетілген мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін, кәсіпорында бухгалтерлік есептің мән-жайы және мұрағаттық матеиралдары бойынша бірыңғай материалдарының базасы болу қажет. Деректер базаларының құрамы түрлі болу мүмкін, бірақ міндетті түрде нақты есептік қызметке жүйенің бейімделу негізгі параметрлерін беретін қабылданған шоттар жоспарына сәйкес болу керек. Есептерді жүргізуді, қорытындыларды соммалауды және пайыздарды есептеуді қамтамасыз ететін жүйенің модульдері осы кезеңде қабылданған есептік нормативтерді пайдалану қажет.

Жүйенің компьютерлік жоспардағы сенімділігі оның кез-келген ауытқулардан қорғалуын және кейбір жағдайларда деректерді қасақана бұзушылықтардан қорғалуын білдіреді.

«1С Жалақы және кадрлар 7.7» жүйесі жалақыны есептеуді автомат-тандырып қана қоймай қызметкерлерді есептеуді ұйымдастыруға, қызметтік ауысуларды тіркеуге, кадрлық құрам бойынша статистикалық анықтамалар алуға мүмкіндік береді. Жүйенің әмбебаптығы осы міндеттерді іске асырудағы кезе-келген әдісті іске асыруға мүмкіндік береді және кез-келген есептілік құжаттарды алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның бастапқы конфигурациясын өзгерту мен толықтыру мүмкіндігі оны кез-келген кәсіпорынның және жеке пайдаланушының талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бастапқы жеткізілімнің жалақыны есептуге тез арада кірісуге мүмкіндік беретін негізді қалыптастыратын сипаттары бар.

«Шим-шак НС» ЖШС -дегібухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру жолдары бойынша келесі ұсынымдар:

- ұйым қызметі мен оның негізгі құралдарының жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратты қалыптастыру;

- Меншігіне авто және көлік құралдарын, транспортық негізгі құралдарды сатып алуды ұсынамын;

- Көліктік бағыттарды көбейту және сервистік жағдайды жақсарту:

- шаруашылық операциялардың дұрыс орындалуы мақсатында басшылықты ақпаратпен қамтамасыз ету;

- мүлік және міндеттемелердің барысы мен қозғалысы, тауарлы-материалдық және еңбек, қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға сәйкес қолданылуы есебін қамтамасыз ету, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерінің алдын алу және ішкі шаруашылық қорларды шығару, оныі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерінің алдын алу және ішкі шаруашылық қорларды шығару, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңы» 2007 жылдың 28 ақпанынан, № 234-III ЗРК

2. О налогах и других обязательных платежах в бюджет: Кодекс Республики Казахстан (по состоянию на 01.01.2009)

3. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). – Алматы: Издательский дом «Бико», 2008

4. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). - Алматы: Издательский дом «Бико», 2008

5. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес 06.01.2007 жылы қабылданған бухгалтерлік есеп шоттар жоспары.

6. Пошерстник Н.В. Финансовый учет. Учебник, Астрахань, 2007

7. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2008

8. Терехова В.А. Финансовый анализ. – 4-е изд., прераб. и доп. – М.: Бухгалтерский учет , 2007

9. Мюллер Г. Финансовый анализ: методы и процедуры. – М.: Финансы и статистика, 2006

10. Международные стандарты финансовой отчетности. Алматы, изд.Бико, 2008

11. Методические рекомендации к международным стандартам бухгалтерского учета. Выпуск 7– Алматы, 2007

12. Международные стандарты финансовой отчетности. М.: издание на русском языке. Аскери – АССА, 2008

13. Қаржылық есеп беру туралы № 2 стандарт, Қазақстан Республикасының каржы Министірлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы бұйрығымен бекітілген, № 217

14. Халықаралық бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы стандарттарды қолдануға нұсқаулар. – Алматы, Юрист, 2007. Книга 1, 256с.

15. Палий В.Ф. Комментарии к международным стандартам финансовой отчетности. – М.: Аскери – АССА, 2007

16. Кутер М. Бухучет: основы теории: Учебное пособие. М., 2008

17. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита. - Алматы: Экономика, 2006

18. Качественные характеристики финансовой отчетности: сравнение требований КСБУ и НСФО №2. Бюллетень бухгалтера №43, 2007

19. О товариществах с ограниченной ответственностью: Закон РК

20. Абдыкалыков Г.А., Сатмурзаев А.А. Основы бухгалтерского учета и аудита: Уч.пос. – Уральск: Дастан, 2006.

21. Бухгалтерский учет: Учебник/П.С. Безруких, В.Б. Ивашкевич, Н.П.Кондраков и др. – М., 2006. – с. 576

22. Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» заңы (салық кодексі) 2008 жылдың 10 желтоқсанынанот № 99-IV ЗРК

23. Бухгалтерлік есеп жүргізу ережелері (2007жылдың 22 июнямаусымынан, № 221). - Алматы, TOO «Издательство LEM», 2008г., 28с.

24. Шеремет А.Д. Экономический анализ хозяйственной деятельности. – М.: Экономика, 2006.

25. Учет доходов и Адаме Р. Основы аудита. - М.: ЮНИТИ, 2007

26. Кошкимбаев СХ. Аудит как неотъемлемая часть рыночных отношений (опыт, практика, перспективы). -Алматы: К,аржы-К,аражат, 2006

27. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). – Алматы: Издательский дом «Бико», 2006

28. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет. Учебное пособие.-М: Инфра, 2007

29. Наумова Н.А. Основы бухучета: Учебное пособие для вузов. М., 2008

30. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Учебное пособие. Алматы – Экономика – 2006

 

 



Просмотров 1732

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!