Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



бөлім. Көмекші мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеу



Көмекші мектептегі түзету, тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің біріне еңбекке баулу жатады. Осыған байланысты ақыл есі кем оқушыларды қарапайым жалпы білім беруге дайындау, жалпы білім беру мектептеріндегідей, оларға жаңа заманғы өндірістің ғылыми негіздерін айтуды міндеттемейді. Көмекші мектептегі еңбекке баулу өзіне тән әдіс тәсілдермен, арнайы тапсырмаларды жалпылау түрінде жүзеге асады.

Оқушы қолжетімді мамандық негіздерін меңгереді. Адамдармен сыпайы қатынас орнатып, қоғамның жақсы деңгейі кімнің еңбегімен жасалғаны туралы түсініп, өздері де жұмысқа жауаптылықпен қарайтын болады.ол еңбекте жеке жіне қоғамдық көзкарастар бірігетінін түсіну керек. Мқғалім, оқушыларға білім бере отырып, оқушылардың еңбек әрекетінің жетіспеушіліктерін түзетеді.

Еңбекке баулу физикалық, эстетикалық, экологиялық жағдаймен тығыз байланысты. Жүйелі түрде орындалған жұмыс істі орындауға деген жауапкершілік, бірігіп жұмыс жасау , адалдық, тұрақтылық сезімдерін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушыларды әр түрлі еңбекке қосу өз еңбегінің нәтижесін көріп, содан рахат алуға жетелейді.

Еңбекке баулуды ұйымдастыру. Еңбекке баулудың нәтижеліігі көбіне жұмысты ұйымдастырға байланысты. Тәрбиеленушілердің жеке, топпен және ұжыммен жұмыс түрлерін ұйымдастыру керек. Балалар өздерінің қабілеттеріне сай барлық еңбек түрлерімен айналысады. Біртіндеп еңбектің күрделенген түріне ауысады.

Жоғарыда айтылғандарды түсіндіріп кетейік. Көмекші мектептің төменгі сынып оқушыларына жеке түсіндіру жұмысты жеңілдетеді. Осы кезеңде өздері әлі тұлға болып қалыптаспаған балаларға педагог жеке тұлға болып саналады. Соған сәйкес балалар педагог берген тапсырманы дер кезінде орындап, оның алдында есеп беріп отырады. Тәжірибелі педагогтар оқушыларды ұйымдастыра отырып, әрекеттің ұйымшылдық сипатына жетеді. Осылайша жеке сабақтар жалпы сабақтың бөлігі ретінде қарастырылады. Екатеринбург пен Чилябинск қалаларының мектерінің тәжірибелері мен зерттеулері жұмысты жақсы ұйымдастырған кезде балалар ұжымда жұмыс жасауға дағдыланады: бір біріне есеп беріп, жұмыстарын талқыға салып отырады.

Соңғы жылдары Ресейдің көмекші мектептерінің тәжірибелеріндетәрбиеленушілердің ұжымда жұмыс жасауының төмендегідей түрлері кеңінен таралған:

· Тәуелсіз ұжымдық жұмыс(бұл кезде оқушылар жеке жұмыс жасап, ұжым болып талқыға салады)

· Берілген жұмысты жауапкершілікпен ұжым болып орындау. Осындай ұйымдастыруда ұжымның әр мүшесінің жұмысымен ортақ нәтиже шығарады.

Еңбек ету кезіндегі бірігуде басшылық ету, мүшелердің психологиялық сәйкестігі, топтың ортақ қызығушылығы есепке алынуы тиіс. Әр түрлі жастағы балалардың ұжымын құру тәрбиелеудің сабақтастығын жүзеге асыруға мүкіндік береді.

· Бірнеше кезең.

· Әр мүшесінің тапсырманы меңгеруі (қажетті жағдайда жұмысты орындау тәсілін оқыту, жоспарлау мен бағдарлауды қосатын нұсқау беріледі)

· Еңбекті ұйымдастырудың түрін жасақтау:

· Тапсырмаларды бөліп беру және ұжым мүшелерін берілген тапсырмаға сай жұмыс орындарына қою.

· Ұжым мүшелерін жұмыстарын бөліп беру (педагогикалық мақсатқа сай осы қызметтің бір бөлігін қабілетті оқушыға беру)

· Жұмыстың қарқындылығын арттыру үшін ұжымішілік байланыспен қамтамасыз ету;

· Ұжымның сыртқы байланысын қамсыздандыру (дайын затты, құралдарды, материалдарды алып беруге)

· Жасалынып жатқан жұмыстың мұғалімнің бақылауында болуы

· Жасалынан жұмыстың сапасы мен нәтиженің сандық есебін шығаратын қорытынды бақылау.

Балалардың біріккен еңбек жұмысын дұрыс ұйымдастырған кезде олардың психофизикалық кемшіліктері мен қиындықтарын жоюға болады. Осыған байланысты еңбек қызметінде балалардың ерекшеліктерін біліп оныда есепке алу педагогтардың алдына қойылған маңызды тапсырмаларының бірі. С.Л.Мискойдың, Е.А.Ковалеваның, Н.П.Павловтың (1988 ж) зерттеулері еңбекке баулуда оқушыларға жеке және жалпы әсер етуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тіптік ерекшеліктерін есепке алу мақсатқа сай болы табылады. Балалар ұжымын дұрыс ұйымдастыруда қызметтің жан жақтылығы еңбекке баулудың тапсырмаларын сәтті шешудің алғышарттарын туындатады.

Көмекші мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы қызметтерінің материалдық базасы.

Оқушылардың қызмет етудің кез келген түріне ұйымдастыру материалдық базаның сәйкес болуын талап етеді. Әсіресе, күнделіікті жасалып жүрген қызмет түрлеріне қатысты: өз өзіне қызмет ету, үй тұрмыстық, қоғамға пайдалы және өндірістік еңбек. Еңбек әрекетінің сыныптан тыс түрлері бау бақшада, оқу өндірістік цехтарда, ферма алаңдарында ұйымдастырылады.

Соңғы уақыттардағы зерттеулер бойынша көмекші мектептер қатарында қоғамға пайдалы әрекеттерді ұйымдастырудың жағдайы көңіл көншітерлік нәтиже бермей отыр. Өндірістік еңбектің 70 пайызы оқыту шеберханаларында өткізілсе, тек 30 пайызын ғана арнаайы жұмыс орындарында өтіледі. Осының нәтижесінде бүкіл оқу барысымен оқушыларды тәрбиелеу жүйесі бұзылады. Бұдан басқа мектеп интернаттар қатарында өз өзіне қызмет ету мен шаруашылық еңбегінің жүргізілу жағдайы нашар. Оларға арнайы сыныптар бөлінбеген. Ккөбіне сабақ өткізу кезінде әжетханаларды, жатын бөлмелерін, жуынатын жерлерді пайдаланыды. Ал кейбір мектеп интернаттардағы тұрмыстық шаруашылық ұйымдастырылатын сыныптар санитарлық талаптарға сай емес, керекті құрал жабдықтары толық емес. Тұрмыстық шаруашылық бөлмелерінің қосымша жерлері тазалау құралдарымен материалдарын сақтайтауға берілген. Сондықтан ол жерде тазалау құралдарын сақтайтын жәшшіктер орналасқан. Осы жерге тәрбиеленушілер күнделікті пайдаланатын тазалауға қажетті заттарды қоюға болады.

Көмекші мектеп интернат оқушыларының өндірістік еңбегні мектептегі арнайы оқыту орындарында, сонымен қатар өндіріс орындарында ұйымдастыруға болады. Оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастырудың мақсаты жеткіншектерді материалдық өнімдер шығару ортасында өндірістік еңбекке тарту, әр түрлі машиналармен, құрал жабдықтармен, механизмдермен, жаға технологиялармен таныстыру, сонымен қатар еңбек білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, сол мамандыққа деген қызығушылығын одан әрі арттыру. Жұмысқа қажетті объектілерді таңдау оқушылардың кәсіби еңбектік дайындығының сипатына, дайындық деңгейіне жауап беру керек. Жұмыс түрлерін кезекпен ауыстырып тұру, жеткіншекті кәсіби дайындығының талаптарына сай бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауыстыру да қарастырылған.

Өндірістік еңбекке алынған еңбек ақысын төлеу осы саладағы заңды әрекет ететін қағидалармен бағалауларға сай есептелінеді.

Мектептегі құрал жабдықтарды, станоктар мен механизмдерді жөндеу үшін мекеме тәжірибелі жұмысшыларды келісілген кесте бойынша бөледі.

Отандың көмекші мектептер пайдалы еңбек әрекетін ұйымдастыру мен оның материалдық базасын жақсартуда жеткілікті тәжірибе жинады. Бірақ жоғарыда көрсетілген шаралардың нәтижелілігі, басқа да еңбекке баулу процесін құрайтын әрекеттермен біріктіріп жасалғанда шешіледі.



Просмотров 2975

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!