Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кімшілік құқықтық қатынастар



Әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қоғамдық болып табылады, онда тараптар әкімшілік құқықтық нормамен белгіленген және кепілденген өзара байланысты құқықтыр мен міндеттерді иеленушілер ретінде болады. Бұл құқықтық қатынастардың тараптары Қазақстанның азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттік қызметшілер, атқарушы билік органдары болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, олардың тараптарының заңдық тепетеңдігі болмайды. Олай болатын себебі әкімшілік құқықтық қатынас оған екінші тарапта болмайтын өкілеттіктері бар атқарушы биліктің тиісті өкілінің (атқарушы органның, лауазымды адамның )қатысуынсыз болуы мүмкін емес.Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардың объектісі атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы басқарылатындардың еркі, сана сезімі және солар арқылы болатын мінез құлқы болып табылады.Әкімшілік құқықтық қатынас өзінің мәні бойынша басқарушылық бола отырып, оның пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы үшін кең аясы бар. Бұл мемлекеттік басқару аясы, оның ұғымы, шегі бұрын да, қазіргі кезеңде де атқарушы билікті іске асыру жөніндегі практикалық қызметтің көлемімен және бағыттылығымен анықталады. Тағы бір ерекшелігі, екінші тараптың тілегіне немесе келісіміне қарамастан да пайда болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар тараптары әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарын бұзған үшін жауапкершілікте болады. бірақ азаматтық құқықтық қатынастарға тән болатын бірі бірінің алдында емес кінәлі тарап уәкілетті атқарушы органның алдында жауапты болады. осындай тәртіппен, мысалы, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік пайда болады.Заңда қаралған жағдайларда жауапкершілік сот тәртібімен де болуы мүмкін. Сонымен әкімшілік құқықтық қатынас тарабының жауапкершілігі мемлекет алдында оның тиісті органдары, атқарушы орган не сот, арқылы пайда болады. мұндай тәртіп мынаған байланысты, әкімшілік құқықтық нормаларды бұзу жариялық құқықтық мүдделерге қол сұғады, оларды, қашанда белгілі , тек мемлекеттік органдар ғана білдіруге қабілетті.Әкімшілік құқықтық қатынастар пайда болу, өзгертілу немесе тоқтатылу үшін әкімшілік құқықтық нормалармен қаралған шарттардың болуы талап етіледі.Бұлар заңдық айғақтар,яғни мән жайлар, әкімшілік құқықтық норма тиісті тараптардың арасында нақты құқықтық қатынастардың пайда болуын солармен байланыстырады.Әкімшілік құқықта заңдық айғақтарды еріктілік белгісі бойынша әрекетке және оқиғаға бөледі.Іс әрекет-әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар қандай да бір субъектінің белсенділікпен ерік білдіруінің нәтижесі. Олар заңды және заңсыз болулары мүмкін. Заңды іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленген мінез құлықтың ережелеріне толығынан сәйкес келеді. Олар заңды қылықтарға және заңды актілерге бөлінеді.Заңдық айғақтар –заңсыз іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарына сай келмейді, оларды бұзады. Сондай ақ әрекетсіздікте заңсыз болуы мүмкін.Оқиғалар – бұл адамның еркіне байланысты құбылыстар , мысалы , өлім, табиғи апат.Әкімшілік құқықтық қатынастар өзінің сипаты, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі болады. Оларға тән заңдық биліктік элемент те әртүрлі көрініс табады.Осыларды ескере отырып, әкімшілік құқық ғылымы тұжырымдаған кейбір белгілер бойынша оларды түрлеп топтастыруға болады,бұл орайда ең алдымен басқарушылық байланыстардың сипатын анықтау ерекше маңызды.Осы тұрғыдан мыналарды бөлуге болады:Атқарушы биліктің мән мағынасын тікелей көрсететін қатынастар, бұндай қатынастардың шегінде атқарушы биліктің тиісті субъектісі осы қатынастардың басқарылатын қатысушыларының мінез құлқына тікелей реттеушілік ықпал жасауды жүзеге асырады.Тікелей басқарушылық ықпал жасау шегінен тысқары қалыптасатын, бірақ оны жүзеге асырумен байланысты қатынастар. Олардың бірінші – әкімшілік құқықтық қатынастардың негізгі түріне қатысты алғанда көмекші маңызы бар. Шындығында бұл жерде негізгі және негізгі емес басқарушылық байланыстар туралы айтылып отыр, яғни, сатылас және деңгейлес қатынастар. Оларды бұлай бөлудің негізіне олардың қатысушыларының өзара қарым қатынасының заңдық сипаты алынған. Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар негізінен мемлекеттік басқару аясына тән, өйткені әкімшілік құқықтық реттеудің мазмұнын, сондай ақ мемлекеттік басқарушылық қызметке тән басқарушылық байланыстарды ең толық дәрежеде білдіреді. Олардың мәні мынада : қатынастың бір тарабында, оның өзге тарабында болмайтын, заңдық биліктік өкілеттіктер болады.Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастардың барлық түрлерінде басқарушылық байланыстардың басты белгісі , яғни тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі айқын көрініс табады. Деңгейлесәкімшілік құқықтық қатынастар деп тек тараптары шындығында және заңды түрде тең құқылы болатын қатынастар ғана түсініледі, яғни оларда бір тараптың екінше тарапқа міндетті болатын заңдық биліктік әмірі болмайды. Нақты қатынасты деңгейлес деп тану үшін мынадай маңызды мән жайларды ескеру керек.

 



Просмотров 2087

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!