Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері



Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың шеңбері кең және неғұрлым күрделі.Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің өз еңбек қызметін іске асыру кезінде пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі жұмыс, яғни азаматтың еңбекке деген мүмкіндігін іске асырудан басталады.

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø қарым қатынастар ішкі еңбек қатынасы жағдайында жұмыскерді белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына енгізіледі;

Ø еңбек қатынастары – жұмыскерді жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø еңбек қатынасының мазұмыны жұмыскердің қатаң түрде белгіленген, кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға негізделген жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа қатынас шеңберіне еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø жұмыс барысындағы кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø еңбек заңдылығын сақтау мен оны бақылауға байланысты қатынастар.

Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері төрт негізгі белгілермен сипатталады:

Еңбек қатынастарының орталықтанған және оқшауланған реттеулерінің өзара бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың мемлекеттік –құқықтық негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған реттеулер жекеленген және ұжымдық еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

Келісімдік, ұсынылған және императивтік реттеу әдістерінің бірлесуі. Келісімдік реттеулер еңбек қатынастарында туындайтын көпшілік жағдайында олар өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы, жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс ұсыну әдістері болған жағдайда көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция қолданылудан қорықпайтын жағдайда оны сақтамауына да болады. Мұндай нормаға бірінен кеиін бірін екі бірдей демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі міндетті түрде норманы сақтаудың барлығымен көрінеді. Негізінен еңбекті қорғаудың барлық институттары императивтік нормадан тұрады. Сонымен қатар заң шығарушы жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу жасына қатысты ең төменгі талаптар қояды.

Кәсіподақтық мекемелердің еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық негізгі екі функцияны жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында және ұжымдық еңбек келіспеушілігі кезінде жұмыскердің мүддесін қорғайды.

Жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау әдістерінің өзіндігі. Ол ерекшелік ең бірінші еңбек құқы- ол кәсіподақтық мекемелердің әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар арнайы мекемелер мен еңек келіспеушілік жағдайларын қарастаратын әдістер бар- ол мекемелер келісім коимссиясы, немесе көтеріліс жасау сияқты әдістер.

 

Еңбек құқығының қағидалары.

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі және мәні. «Қағида» сөзішң өзі латын тіліңдегі «principium» сөзінен туыңдаған және оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылай, «қағида» түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесіңде қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін құрайды және осы құқықтық жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қағидалары - бұл еңбек құқығы нормаларыңың негізгі бастамасы.Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары - бұл қолдаңыстағы еңбек заңнамасыңың мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды.Еңбек цщыгының қағидалары ретінде еңбек құқыгы нормаларының мәнін және мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты багъттарын көрсететін, қолданыстагы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.Еңбек құқығыңың қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Олар объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты.Еңбек құқығыңың қағидалары заңнамадан көрініс табады және заңнамалық тұрғыда бекітілген, себебі, осы қасиет бұл қағидалардың құқықтық қағида деп аталуына негіз болады. Еңбек құқығының негізгі қағидалары ҚР Конституциясында және осы құқық саласыңың маңызды заң шығарушы актілеріңде бекітілген. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңыңың 2-бабының 1-тармағында республика қызметінің негіздемелік қағидалары, ал 2-бөлімде еңбек бостандығы қағидасы бекітілген.Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын болсақ, еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тән:

■ олар экономикалық және саяси жағдайлармен байланысты, себебі, қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;

■ олардың мазмұңына ортақтық тән, себебі, қағидалар әрқашаңда құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобыңың мәнін көрсетеді;

■мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық нормаларыңда бекітеді және саңкциялайды, қағидалар ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;

■олардың жиыңтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасыңың белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы жағдайындағы мәнін ашады;

■ мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі бір мәселелерді шешудегі мәнін көрсетеді;

■ тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы әрекет етеді және өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие.

Ұзақ уақыт бойы оқу әдебиеттеріңде еңбек құқығы саласының қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды, ең алдымен, ҚР Еңбек туралы заңдар кодексінің 2-бабының мазмұңымен байлаңыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі - қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұңы бұған қарағаңда әлдеқайда кеңірек, себебі, олар өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығыңың барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік оргаңдарын) қамтиды. Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын мәнінде жүзеге асырылуын да қаматамасыз етуі қажет.

Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мәні мынада:

1) олар біріккен түрде еңбек құқығыңың барлық нормаларының басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасың^ің мәнін және оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек береді;

2) еңбек заңнамасының одан әрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;

3) еңбек құқығыңың нормаларын қолдаңуға көмек береді, себебі, қаңдай да бір күмән туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;

4) жекелеген нормаларды еңбек құқығыңың жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;

5) еңбек құқығы субъетілеріңщ жағдайын, құқықтық мәртебесін анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін және олардың кепілдіктерін көрсетеді.

Әрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:

■ барлық құқық салаларына, соның ішіңде, еңбек құқығына да тән жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм қағидалары және т.б.);

■ құқық саласыңың нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар;

■ тек белгілі бір құқық саласына тән сала ішіндегі қағидалар (мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары және т.б.).

Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тән қағида болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана емес, сонымен қатар, жер, азаматтық, қылмыстық атқару құқықтарына да тән, себебі, аталған құқық салалары да еңбекті қолдаңуды (фермерлік қызмет, мердігерлік шарттары бойынша жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс және т.б.) реттейді.

Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты рөлге ие. Олар Қазақстан Республикасыңың Конституциясында бекітілген және бұл жайт олардың жалпылық сипатын дәлелдейді. Мұңдай қағидалардың қатарынан мыналарды атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық; қоғамдық көзқарасты ескеру және жариялық; ұлтаралық одақтастық қағидасы.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік оргаңдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың ҚР Конституциясын және заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостаңдықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міңдетінен көрініс табады. ҚР Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігі, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, наңымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны көзделген.



Просмотров 12233

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!