Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Жауаптылық түрлері және олардың сипаттамалары



 

Заңдық жауаптылықты салалық және мамандандырылған (өзіндік) деп бөлумен қатар, заңдық жауаптылық түрлерін жіктеудің басқа да тәсілдері бар. Атап айтқанда, мынадай: қолданудың негізгі мақсаттары бойынша — жазалау және өтеу (айыппұл салу) жауаптылығы; санкциялардың колданылу тәртібі бойынша — сот және әкімшілік жауаптылық; құқық бұзу субъектісі бойынша — кұқық субъектілерінің. жеке және ұжымдық жауаптылығы; құқық бұзушының кінәсінің бар екендігіне немесе жоқ болуына байланысты — кінәлі немесе кінәсіз жауаптылық (кінәсіз жауаптылық). Қорыта айтқанда, заңдық жауаптылықтың көрсетілген түрлерін қосалқы (қосымша) деп сипаттауға болады. Оның үстіне басты (негізгі) деп заңдық жауаптылықтың салалық және мамандандырылған түрлерін тану қажет.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңға жауапкершіліктің екі түрі айрықша көзделген: 1) мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде жеке кәсіпкердің) жауапкершілігі.

Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысында мемлекеттік басқару мақсаттарына жете алмауға соқтырған, сонымен бірге басқадай заңға қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) істеген жағдайда, өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін ҚР заңдары белгілеген жауапкершілік көтереді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері ҚР бэсекелестік туралы заңын бұзғаны үшін жауапты болады (атап айтқанда, «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 10, 11, 12-баптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеледі. Егер басым немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісі бір жыл ішінде екі рет аталған заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса және бәсекелестікті шектейтін әрекеттер жасауды жалғастыра берсе, монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту мақсатында нарықтың аталган субъектісін мәжбүрлі бөлу немесе оны бір немесе бірнеше заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері базасындағы құрамнан шығару туралы сотқа шағым беруге құқылы. Егер жиынтығында келесі шарттар орындалса: 1) құрылымдық бөлімшелердің алдын ала технологиялық келісілген өзара байланысы болмаса; 2) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалар үшін тиісті тауар нарығында дербес қызмет жүргізу мүмкіндігі бар болса, сот оны мәжбүрлі болу немесе құрамнан шығару туралы шешім қабылдайды. Соттың мәжбүрлі бөлу немесе құрамнан шыгару туралы шешімін меншік иесі немесе ол өкілеттік берген орган аталған шешіммен қарастырылған талаптарды есепке ала отырып және аталған шешіммен көрсетілген мерзімде, бірақ алты айдан аспайтын уақытта орындаута міндетті).

Жеке кәсіпкердің жауапкершілігі туралы айтқанда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 7-бабы, 7-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, ҚР заңына сәйкес өндіріп алу қолданылмайтын мүліктен басқа, өзінің бар мүлкімен жауапты болатынын атап кеткен жөн.

Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру барысында жеке кәсіпкер меншік құқымен өзіне тиесілі бар мүлкімен, оның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен де жауапты болады. Жеке тұлға жеке кәсіпкерлік жүргізу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қатысты жүргізілуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын біреуінің мүлкі жеке кәсіпкерлікпен айналысатын екіншісінің борыштары бойынша өндіріп алу заты бола алмайды.

Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі орын алған жағдайда — әңгіме басқа: ондай кезде кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты ерлі-зайыптылардың борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсысының іскерлік қызмет атқаратынына байланыссыз жүргізіледі.

Сөйтіп, жеке кәсіпкерлік туралы занды бұзғаны үшін жауапкершіліктің үш түрі қарастырылған: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-кұқықтық және қылмыстық-құқықтық. Бірақ жоғарыда айтылғандай, заңдық жауаптылықтың негізгі (салалық) түрі бесеу, сол себепті бұдан ары қарай олардың әрқайсысы кәсіпкерлік қызметке қатысты қолданылуына байланысты қаралатын болады.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігіне тікелей ең көп ықпал ететін заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына азаматтық-құқықтық жауапкершілік жатады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік төмендегідей белгілердің болуымен сипатталады:

1) азаматтық-құқықтық жауапкершілік - бұл мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының бірі;

2) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өтем немесе қалпына келтіру сипатында болады;

3) азаматтық-құқықтық жауапкершілік азаматтык құқықтардың немесе міндеттердің бұзылуына жол берген адамға тиімсіз мүліктік зардаптар жүктеуден көрінеді.

Міндеттемелердің бұзылғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапты болу мынадай түрде болуы мүмкін: залалдардың орнын толтыру; айыпақы өндіріп алу; кепілақыны жоғалту немесе қайтарылған кепілақы сомасының үстіне қосымша кепілақы төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынған пайданың барлығын мемлекет кірісіне тәркілеу; кепілдікке салынған мүлікке, сонымен бірге ұстап қалу құқына сәйкес ұсталып тұрған мүлікке меншік құқын жоғалту және т.б. Оған қоса, жауапкершіліктің жалғыз түрі болмаса да, ең көп тараған түріне залалдардың орнын толтыру және айыпақыларды өндіріп алу жатады.

Қолданыстағы заңмен келтірілген зиянды өтеудің әртүрлі тәртібі анықталған: тауардың жеткіліксіздігі себепті келтірілген зиянды сатушы немесе өндіруші зиян шеккен сатып алушыньщ тандауы бойынша өтейді; жұмыстардың немесе қызметтердіц жетіспеушілігі себепті келтірілген зиянды оларды орындаушы өтейді; тауардың цасиеттері және оны пайдалану ережелері туралы толық және анык мәлімет берілмеуі себепті келтірілген зиянды сатушы немесе тауарды өндіруші өтейді; жұмыс немесе кызмет туралы дүрыс емес жэне жеткіліксіз мәлімет берілуі себепті келтірілген зиянды орындаушы өтейді.

Қазіргі кезде кәсіпкерлік саласында қолданыстағы заңдарда ең көп жарияланып жүрген заңдық жауапкершілік қатарына әкімшілік-құқықтық жауапкершілік жатады. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік әкімшілік құқық бұзылған, яғни заңға қарсы, мемлекеттік, қоғамдық құрылысқа, меншікке, азаматтардың өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз) іс (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған жағдайда қолданылады.

Кәсіпкерлік қызмет туралы заңның тиімділігін көтерудің айрықша тәсілі қылмыстық жауаптылық болып табылады. Әдетте, қылмыстық жауаптылық қашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен байланыстырылады және ең қатал (құқық бұзушыға қатысты) ықпал ету шарасы (азаматтық-құқықтық жауаптылық заң бұзушының мүліктік жағдайына ықпал етуде маңыздырақ болуы мүмкін екені осыған дейін айтылғанмен) ретінде қабылданады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды екі топқа бөлуге болады: 1) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жасайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзатын кылмыстар;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілері жасайтын кылмыстар.

Қылмыстардың бірінші тобына мыналар кіреді:

1) ҚР ҚК 189-ба-бы - «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау»;

2) 200-баптың 2-бөлімі - «Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету»;

3)«Табиғатты пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу».

Қылмыстардың екінші тобын құрайтындар:

1) 190-бап - «Заңсыз кәсіпкерлік»;

2) 191-бап - «Заңсыз банктік қызмет»;

3) 192-бап -Жалған кәсіпкерлік»;

4) 193-бап - Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе басқадай мүлікті заңдастыру»;

5) 194-бап - «Кредитті заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану»;

6) 195-бап - «Кредит берешегін өтеуден қасақана жалтару»;

7) 196-бап — «Монополистік әрекет және бәсекелестікті шектеу»;

8) 197-бап - «Көпшілік сауда-саттық, аукциондар өткізудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу»;

9) 198-бап - «Көрінеу жалған жарнама беру»;

10) 199-бап - «Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану»;

11) 200-бап - «Коммерцияльіқ немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету»;

12) 201-бап - Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу»;

13) 202-бап - «Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу»;

14) 202-1-бап — «Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды тұлғасының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәлімет беруі»;

15) 203-бап - Бағалы қағаздар ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу»;

16) 204-бап - «Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі».

 

 



Просмотров 4281

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!