Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Негізгі белгілері. Биржа түрлерін жіктеу



 

Биржа - бұл биржа сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін кұрылған заңды тұлға. Биржа сауда-саттығы - ол өнімді (бағалы қағаздарды, валюта және басқадай құндылықтарды) айырбастау және сату саласы.

Биржалар капиталдың бастапқы жинақталу заманында пайда болған. Алғашқы биржалар тауарлық болған: XV ғасырда Венецияның, Генуяның, Флоренцияның және Италияның және басқа да сауда-саттық қалаларының базарлары мен сауда биржалары кеңінен танымал болды, ал XVI ғасырда оларға Нидерландының, Францияның, Англияның ірі тауар биржалары қосылды. Тауар биржалары Антверпенде (1531 ж.), Леонда (1545 ж.), Тулузда (1549 ж.), Лондонда (1556 ж.), Амстердамда (1608 ж.) құрылды. Ресейде алғашқы биржа Петр I бұйрығымен 1703 жылы (Санкт-Петербор тауар биржасы), Жапонияда алғашқы күрішпен сауда жасау биржасы 1730 жылы, АҚШ-та 1792 жылы Нью-Йорк биржасы, ал 1848 жылы Чикаго тауар биржасы (оның үстіне АҚШ-тың ең көне биржасы Нью-Йорк биржасы емес, XVIII ғасырда үзіліспен болса да, 1754 жылдан жұмыс істейтін Филадельфия қор биржасы саналады) пайда болды.

Кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретіндегі биржаны сипаттайтын белгілер төмендегілер болып табылады:

1) белгілі бір биржа тауарымен сауда-саттық (биржа тауары болып белгілі бір түрдегі жэне сападага айналымнан алынбаған, оның ішінде экспортқа шығаруға рұқсат берілген (квота және лицензия), биржалық сауда-саттыққа белгіленген тәртіппен көрсетілген тауарға биржа берген стандартты шарт және коносамент саналады);

2) жария және көпшілік сауда-саттық өткізу (қалауы бойынша барлық адамдар жасалған мәмілелер мен қалыптасқан бағалар туралы ақпарат ала алады);

3) сауда-саттықты алдын ала белгіленген және белгілі бір уақытта жүргізу;

4) биржа сауда-саттығын өткізу ережелерін белгілеу.

Қандай мақсатта құрылуына байланысты биржалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді. Өз қызметінің басты мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін және оны кұрылтайшылар арасында бөлісетін биржа коммерциялық ұйым болып табылады, ал коммерциялық емес биржалар құрылтайшылардың мүшелік жарналары есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда, негізінен, биржалар коммерциялық емес ұйымдар болып құрылуда, өйткені биржаның коммерциялық емес атауы оның мәртебесін айтарлықтай көтереді.

Биржалық сауда-саттыққа келушілерге рұқсат етуге байланысты биржалар ашық және жабық болуы мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда, алғашында ашық - жиынға келушілердің барлығы үшін қолжетерлік, сатушы мен сатып алушы делдалсыз-ақ сату-сатып алу шартьш жасай алатын биржалар пайда болады. Қазіргі заманғы биржалар, әдетте, жабық болып келеді, яғни сауда-саттыққа тек қана осы биржада тіркелген биржа делдалдары (брокерлер, дилерлер) қатыса алады (басқа адамдар биржада тек солардың көмегімен тиісті шарт жасасу негізінде тауарын сата алады немесе тауар сатып алады). Сонымен қатар ашық биржалардың мынандай: мүлтіксіз ашық биржалар (оларда контрагенттерді делдалдар қызметін пайдалануға ешкім міндеттемейді, ал биржаға келген кез келген адам мәміле жасай алады) және аралас тұрпатты биржалар (оларда сатушылармен және сатып алушылармен

істейді) деп аталатын түрлері де кездеседі.

Жасалатын биржа мәмілелерінің басым түріне байланысты биржалар нақты тауар биржалары (қолма-қол биржа) және фьючерлік биржалар деп ажыратылады. Бастапқыда нақты тауармен сауда-саттық жасайтын (биржа мәмілесі міндетті түрде кейіннен тауар беруге жалғасады) қолма-қол биржа пайда болды. Бүгінгі күні фьючерлік биржалар кең таралған, яғни кейіннен тауар берілмей-ақ сауда-саттық жасауға рұқсат етіледі; мұндай сауда-саттықтың негізгі мақсаты -шартты қайта сатқаннан (мәмілені тоқтатқаннан) кейін шарт жасасқан заттың бағасының мүмкін болатын өзгерісінен түсетін айырымды алу, сонымен бірге қолма-қол тауармен жасалған мәмілені оған қойылған бағаның қолайсыз өзгеруінен сақтандыру (хеджерлеу - сақтандыру мақсатында уақытша мәміле жасау) болып табылады.

Биржа тауарының түрлеріне қарай олар: тауар, қор және валюта биржалары деп бөлінеді.

 

 

Тауар биржалары

 

Тауар биржасы - биржа тауарларын көтерме саудамен сату

бойынша ұйымдастырушылық және реттеушілік қызметін тұрақты

түрде белгілі бір орында және белгілі бір уақытта көпшілікке арналған сауда-саттық жасау жолымен жүзеге асыратын меншіктің кез келген түрлеріне негізделген заңды тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1995 ж. сәуірдің 7-індегі № 2170-ші «Тауар биржалары туралы» Заңына сәйкес, тауар биржалары жабық (биржа сауда-саттығына тек биржа мүшелері ғана қатысатын) және ашық (биржа сауда-саттығына келушілерге де рұқсат етілетін) болуы мүмкін.

Тауар биржаларындағы биржа сауда-саттығы мыналардан тұрады:

1) брокерлік қызмет (яғни клиент атынан және соның есебінен, клиент атынан және өз есебінен немесе өз атынан және клиент есебінен биржа мәмілелерін жасау);

2) дилерлік қызмет (яғни биржада қайтадан сату мақсатымен өз атынан және өз есебінен биржалық мәмілелер жасау);

3) өз атынан және өз есебінен біржолғы келушілермен биржалық мәмілелер жасау.

Биржа сауда-саттығы ережелері төмендегілерді:

- биржаның негізгі құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін;

- алдағы көпшілікке арналған жария саудалар туралы биржа сауда-саттығы қатысушыларын хабардар ету тәртібін;

- сол сауда-саттықтарды биржада өткізу тәртібін;

- биржалық мәмілелердің түрлерін;

- оларды тіркеу және есепке алу тәртібін;

- биржа тауарлары бағаларын белгілеу тәртібін;

- бұрын өткен көпшілікке арналған жария саудалардағы биржалық мәмілелер, оның ішінде биржалық мәмілелердің бағалары жайында және биржалық тауарлардың бағаларын белгілеу туралы биржа сауда-саттығына қатысушыларды хабардар ету тәртібін;

- тауар нарықтары және биржа тауарларының нарықтық конъюнктурасы туралы биржа мүшелерін және биржалық сауда-саттықтың басқа мүшелерін хабардар ету тәртібін;

- биржа мүшелерінің және биржалық сауда-саттықтың басқа мүшелерінің биржалық мәмілелер жасау кезінде өзара есеп айырысу тәртібін;

- бағалар деңгейінің кенет көтеріліп кетуін немесе төмендеуін, бағаларды жасанды көтеруді немесе төмендетуді, бағаларға әсер ету үшін келісіп алуды немесе қасақана жалған сыбыстар таратуды болдырмау мақсатында биржада баға белгілеу үдерісіне бақылау жасау бойынша шараларды;

- биржа өткізетін көпшілікке арналған сауда-саттық барысында тәртіп пен тәртіп сақтауды қамтамасыз ететін шараларды, сондай-ак сол шараларды қолдану тэәртібі мен шарттарын;

- биржа мүшелерінің және биржалық сауда-саттықтың басқа. мүшелерінің қолданыстағы зандарды сақтауын қамтамасыз ететін шараларды;

- биржа тауарларының тізбесін;

- биржа сауда-саттығына қатысушылардан биржа айыппұл өндіріп алатын заң бұзушылықтар тізбесін, сондай-ақ айыппұлдардың мөлшерін және оларды өндіріп алу тәртібін;

- биржаның қызметі ушін төленетін төлемдердің мөлшерін және биржаның оларды өндіріп алу тәртібін қарастыруға тиіс.

Биржаға: биржа тауарына бағалар деңгейлерін және шектерін; биржалық сауда-саттықтағы делдалдық қызметі үшін биржалық сауда-саттық қатысушыларының өндіріп алатын сыйақыларының мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.

Сөйтіп, тауар биржалары төмендегідей қызметтерді орындайды:

1) биржалық сауда-саттықтарды ұйымдастыру (биржалық сауда-саттық өткізу ережелерін әзірлеу, оларды өткізуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және т.б.);

2) биржалық шарттар жасау (биржа тауарларының сапалы сипаттамаларына, биржа тауарлары партияларының мөлшерлеріне, сондай-ақ биржа мәмілелері бойынша есеп айырысуға қойылатын талаптарды стандарттау);

3) биржалық бағаларды қалыптастыру және реттеу (биржалық баға оны белгілеу, яғни биржа ережелері бойынша соңынан жариялай отырып, биржалық бағаларды тіркеу барысында айқындалады);

4) биржалық мәмілелер бойынша дауларды шешу (бұл даулар биржада арнайы тәуелсіз орган - төрелік комиссиямен шешіледі);

5) биржалық сауда-саттық қатысушыларьш болашақта болуы мүмкін шығындардан сақтандыру (сақтандыру мәмілелерін жасау арқылы);

6) мәмілелердің орындалуына кепілдік беру (клиринг және есеп-қисаптың биржалық жүйелері көмегімен қамтамасыз етіледі - биржа сауда-саттыққа қатысушылардың өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке алу жолымен қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін пайдаланады, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырады);

7) биржаның ақпараттық қызметі (биржалық бағаларды кейіннен қорытындылап және жариялай отырып, оларды жинау және тіркеу; әлеуетті клиенттерге тауарлардың бары туралы ақпарат беру және т.б.).

 

Ор биржалары

 

Қор биржасы - бұл сауда-саттықгардың ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету қызметін оларды тікелей сауда-саттықтың дәл осы ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып өткізу жолымен жүзеге асыратын, АҚ-тың ұйымдық-кұқықтық түрінде құрылған заңды тұлға (2003 ж. шілденің 2-індегі № 461-П «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы 1-бабының 44-тармағы). Қор биржасының айрықша өзгешеліктері ретінде оның коммерциялық емес ұйым болып табылатындығын айтуға болады (коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық түрдегі АҚ-ын құру мүмкіндігі 2003 ж. мамырдың 13-індегі № 415-П («Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы 3-бабы, 3-тармағында көзделген).

Қор биржасының аталған құрылымдық бөлімшесінің негізгі қызметтері мыналар:

- бағалы қағаздармен жасалған, өлшемдері мен шарттары бұл мәмілелердің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарты ұйымдастыру мақсатында жасалғанын болжамдауға дәлелдеме болатын мәмілелерді анықтау (күдікті мәмілелер);

- мұндай мәмілелер туралы мәліметтерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға беру;

- сауда-саттықтарды ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленген басқа да қызметтер.

Қор биржасының (сауда-саттықтарды ұйымдастырушының) ұйымдық құрылымының негізгі міндеттері мынадай дербес бөлімшелерден тұрады:

1) сауда-саттықтарды қаржы құралдарымен ұйымдастыру;

2) бағалы қағаздар листингі және листингтен кейінгі шаралар;

3) биржалық ақпаратпен жұмыс істеу;

4) сауда-саттықты ұйымдастырушы қызметіне қосымша бағдарлама жұмысын орындау;

5) сауда-саттықты ұйымдастырушы қызметіне қосымша техникалық жұмыс орындау;

6) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру.

Қор биржасының (сауда-саттықты ұйымдастырушының) акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ ҚР заңдарына сәйкес құнды қағаздардан басқа өзгедей қаржы құралдарымен мәмілелерді іске асыруға құкылы занды тұлғалар арасында орналастырылады.

Қор биржасының әрбір акционері, оған тиесілі акцияларды санына байланыссыз, биржа акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауыс иеленеді.

Қор биржасы акционерлерінің жалпы жиналысы бір мезгіл акциялардың шығарылуын тіркей отырып, оларды шоғырландыру (қор биржасының орналастырылған акцияларының жалпы санына әр акционерге тиесілі акциялардың сандық қатынасын сақтай отырып, аталған қордың жарияланған акцияларының санын азайту) мақсатында жарияланған акциялардың күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Шығарылатын акциялардың жиынтық құны акцияларды шығарудың күшін жою күніне қор биржасының жарғылық капита-лының өлшеміне сәйкес болуға тиіс.

Қор биржасы директорлары кеңесінің құрамына тұрақты негізде өкілетті органның дауыс құқы бар өкілі кіреді.

Қор биржасынын ережелері төмендегілерді:

1) қор биржасындағы мүшелік санатты, қор биржасы мүшелігіне кірудің шарттары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, қор биржасындағы мүшелікті кідірте тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібін;

2) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізу жоспарланған немесе енгізілген эмитенттерге, соңдай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;

3) бағалы қағаздарды қор биржасы тізіміне енгізудің, оларды сол тізімнен шығарудың және тізім санатын ауыстырудьщ шарттары мен тәртібін;

4) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілтен эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты жариялап қою бойынша да);

5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткізудін тәртібін;

6) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру тәртібін;

6-1) қор биржасында сауда-саттықты тоқтата тұру және қайтадан жаңдандыру шарттары мен тәртібін;

7) қор биржасының сауда жүйесі айналысына жіберілген қаржы қуралдарын бағалау әдістемесін;

8) биржа сауда-саттығы ережелерін бұзғаны үшін қор биржасы мүшелерінің жауапкершілігін, қор биржасы өндіріп алатын айыппұлдардың мөлшерін және төлеу тәртібін;

9) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру барысында туындайтын даулар мен кикілжіңдерді шешу тәртібін белгілеуге тиіс.

Қор биржасының мүшелері болып бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және ҚР заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы өзге де занды тұлғалар (оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар да) саналады. Қор биржасы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының оннан кем емес мүшесіне ие болуға тиіc.

Қор биржасы төмендегідей қызметтерді:

1)) сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;

2) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізу жоспарланған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ бағалы қағаздарға және қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілтен) басқадай қаржы құралдарына талаптар белгілеу;

3) бағалы қағаздармен және қор биржасында айналысқа жіберілтен басқадай қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелеріне сауда жүйелеріне баруға рұқсат беру;

4) бағалы қағаздары және қор биржасында айналысқа жіберілген басқадай қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізіп отыру;

5) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер мониторингін және талдауды жүзеге асыру;

6) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айлы-шарғы жасау мақсатында орындалған мәмілелерді мойындау мәселелері бойынша сараптау қорытындысын әзірлеу.

 

 

Валюта биржалары

 

Валюта биржасы – шетелдік валютамен және басқадай валюталық құндылықтармен жария және көпшілікке арналған сауда-саттық түрінде алдын-ала анықталған орында, белгіленген мерзімде және күні бұрын қарастырылған ережелер бойынша жүзеге асырылатын биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған заңды тұлға.

«Валюта» термині мемлекеттер заңды төлем құралы немесе қолма-қол және қолма-қол емес түрдегі банкнот, қазына билеттері және оның ішінде қымбат металдан жасалған (айналыстан алынып тасталтан немесе алынып жатқан, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне ауыстыруға жататын) мәнеттер түріндегі құнның ресми стандарттары деп қабылданған ақша бірліктері, сонымен қатар шоттардағы қаражаттар, оның ішінде халықаралық ақшалай немесе есеп-қисап бірліктеріндегі қаражат деп ұғынылады. «Валюта құндылықтарына» жаткызылғандар:

- шетелдік валюта;

- бағалы қағаздар және нақты құны шетелдік валютамен берілген төлем құжаттары;

- резидент еместер шығарған нақты құны жоқ бағалы қағаздар;

- құйма түріндегі тазартылған алтын;

- ұлттық валюта, бағалы қағаздар және нақты құны ұлттық валютамен белгіленген төлем құжаттары (олар арқылы резиденттер және резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместердің арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылатын);

- резиденттер шығарған нақты құны жоқ, олар арқылы рези­денттер және резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместердің арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылатын бағалы қағаздар («Валюталық реттеу туралы» Заңның 1-бабы, 4-тармағы).

Заң шығарушы валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға қойылатын арнайы талаптарды белгілеген. «Валюталық реттеу туралы» Заңның 6-бабы, 1-тармағына сәйкес, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтердің төмендегідей түрлері:

1) қолма-қол шетел валютасы үшін бөлшек сауда жүргізу және қызметтер көрсету;

2) уәкілетті органдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруы ҚР Ұлттық Банкінің лиценциялауына жатады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ

РЕТТЕУ



Просмотров 4651

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!