Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Банк қызметін құқықтық реттеу



 

Банк қызметі - бұл банктердің арнайы заңмен белгіленген банк операцияларын және басқадай операцияларды жүзеге асыруы бойынша кәсіпкерлік қызметтің бір түрі. Кәсіпкерлік қызметтің бір түрі бола отырып, банк қызметі банктердің кәсіптік және жүйелі негізде жүзеге асырылатын және пайда (табыс) табуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі болып табылады. Банк қызметінің өзіне тән өзгешелігі мынада: банктер қызметін жүзеге асыру барысында әртүрлі банк операцияларын және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттерді (банктік мәмілелер), сондай-ақ негізгі банк қызметін жүзеге асырудың қолайлы және қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге байланысты бірқатар әрекеттерді орындайды. Соңғы жағдайда банк қызметіне жататын ақпараттандыру, күзет, қауіпсіздік жүйесі және кредит ұйымының әртүрлі бөлімшелері қызметінің соған ұқсас басқа қосымша түрлері туралы сөз болып отыр. Демек, банк қызметін негізгі екі түрге бөлуге болады: 1) негізгі (яғни банктің банк операцияларын жүзеге асыру және банктік мәмілелер жасау жөніндегі қызметі); 2) қосымша (яғни банктің банк қызметтерінің тиімділігін және қауіпсіздігін көтеруге ықпал ететін көмекші қызметі).

Банк қызметі - оның субъектілері, бір жағынан, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ал екінші жағынан, банк клиенттері жеке және заңды тұлғалар болып табылатындығымен сипатталады.

Банк — бұл банк қызметін жүзеге асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктер негізгі үш міндетті орындайды:

1) кредиттік (ақылық, мерзімдік және өтемдік шарттармен ақша қаражаттарын беру);

2) есептік (клиенттердің ағымдық шоттарын жүргізу, чектерді төлеу және қаражаттарды клиенттердің шоттарына есепке алу);

3) депозиттік (адамдардың белгілі емес топтарынан депозиттер тарту және алынған қаражатты пайда алу мақсатында басқа клиенттер арасында орналастыру).

Кәсіпкерлік қызмет түрі іспетті банк қызметінің өзіне тән ерекшелігі - оның банктер және банк қызметі туралы заңда белгіленген банк операцпяларының және басқа да операцияпардың жиынтығы болып табылатындығы. Сөйтіп, заң тұрғысынан алғанда, банктер жүзеге асыратьш операциялардың екі тобы ажыратылады: 1) банк операциялары; 2) банктер жүзеге асыратын басқа да операциялар.

Бірінші топқа банк операцияларының келесідей түрлері кіреді:

1) депозиттер қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

2) депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

3) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденток шоттарын ашу және жүргізу;

4) жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір тұлғаға тиесілі тазартылған асыл металдардың және асыл металдан жасалған тиындардың мәнеттердің нақты саны көрсетілетін металл шоттарын ашу және жүргізу;

5) кассалық операциялар: депозиттер қабылдаған кезде қолма-қол ақша кабылдау және беру, заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу; аударылатын, есептік, банктік қарыз операциялары, оның ішінде оларды ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, буып-түю және сақтау;

6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындау;

7) есептік операциялар: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа борыштық міндеттемелерін есепке алу;

8) банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның, атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқы бар брокердін және (немесе) дилердің және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке немесе ұлттық басқарушы компанияға жататын заңды тұлғаның ақылы, мерзімдік және өтемдік шарттармен ақшалай кредит беруі;

9) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

10) банкноттардың, мәнеттердің және құндылықтардың инкассациясы;

11) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау (клиенттің тапсыруы бойынша банктің ақша алу және банк шотына жатқызу операциясы);

12) аккредитивті ашу (көрсету) және растау, сол бойынша міндеттемелерді орындау;

13) банктердің ақшалай түрде орындалуын қарастыратын банктік кепілдіктер беруі;

14) банктердің ақшалай түрде орындалуын қарастыратын үшінші тұлғалар үшін банктік кепілгерлік және басқадай міндеттемелер беруі.

Екінші топқа лицензиясы болған жағдайда банктер жүзеге асыруға құқылы операциялардың төмендегідей түрлері жатады:

1) құймалар түріндегі тазартылған асыл металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдарды), асыл металдардан жасалған тиындарды сатып алу, кепілдікке алу, есепке алу, сақтау және сату;

2) құрамында асыл металдар және асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілдікке алу, есепке алу, сақтау және сату;

3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау; төлеушінің вексельдерді төлеуі бойынша қызметтер корсе­ту, сондай-ақ ескертпе (домицилий) вексельдерін төлеу, делдалдық

әртібімен вексельдер акцептісі (төлеуге дайын болуды қуаттау);

4) лизинг қызметін жүзеге асыру;

5) өзінің бағалы қағаздарын шығару (акциялардан басқа);

6) факторингтік операциялар: тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алушыдан төлемеу тәуекеліне бара отырып, төлеуді талап ету құқығын иелену;

7) форфейтинг (сыртқы экономикалық операцияларды несиелеу) операциялары: сатушының айналымынсыз вексельдерді сатып алу жолымен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін төлеу;

8) сенімділік операциялары: ақшаларды, ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын және тазартылған асыл металдарды сенімгердің мүддесінде және соның тапсыруымен басқару;

9) сейфтік операциялар: клиенттердің құжат түрінде шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша сейф жәшіктерін, шкафтар мен тұрақжайларды жалға беруді қоса отырып, қызметтер көрсету.

 

 



Просмотров 4451

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!