Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпкерлік келісім-шарттар және олардың сипаттамасы



 

Мазмұны бойынша кәсіпкерлік шарттар мүліктік және ұйымдастыру-шылық шарттарға бөлінеді.

Мүліктік шарттарға белгілі бір мүліктік игілікке байланысты құқықтық қатынастарға қатысушылардың қызметін реттеуге бағытталған шарттар жатады. Өз кезегінде, мүліктік шарттар мүлікті беруге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге жасалатын шарттар деп бөлінеді (бұл жіктеу қызмет түрлері бойынша жүргізіледі).

Мүлікті иеліктен шығару (беру) шарттары екі топтан тұрады:

1) мүлікті меншікке беру, шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару (сатып алу-сату, беру, өзара шарт жасасу, газбен, жылу және электр энергиясымен жабдықтау) шарттары;

2) мүлікті уақытша пайдалануға беру (мүліктік жалдау).

Жұмыстарды орындау шарттары тұрмыстық және құрылыс мердігерлігі, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мердігерлігі және т.б. шарттары болып табылады.

Қызметтер көрсету шарттары қатарына: жүк тасымалдау, тіркеп сүйреу, экспедиция, сақтандыру, банк қызметтері, сақтау, комиссиялар, тапсырмалар және т.с.с жатады.

Ұйымдастыру шарттары кейінгі кәсіпкерлік немесе басқа қызмет үшін алғышарттар құрайды және, әдетте, мүліктік шарттар жасауға негіздеме болып табылады.

Ұйымдастыру шарттары арасынан заңды тұлғалар құру туралы құрылтай шарттарын бөліп айтуға болады. Ұйымдастыру шарттары қатарына алдын ала жасалатын деп аталатын, солар бойынша тараптар келешекте алдын ала жасалатын шартта көзделген талаптармен мүлікті беру, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету туралы шарт (негізгі шарт) жасасуға міндеттенетін шарттарды да жатқызуға болады.

Экономикалық салалар бойынша кәсіпкерлік шарттарды төмендегідей жіктеуге болады:

1) материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу саласында — тауар беру, сатып алу сату, айырбастау, қарыз беру, комиссиялар және кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлеріне жасалатын шарттар;

2) құрылыста — құрылыс мердігерлігіне, жобалау және іздестіру жұмыстарьшың мердігерлігіне, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар мен құрал-жабдықтарды жалға беруге, Құрылыстағы делдалдыққа жасалатын шарттар;

3) ауыл шаруашылығында - өзара жасалатын, құрылыстар мен құрал-жабдықтарды жалға беруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жан-жақты техникалык қызмет көрсету, басқадай ауылшаруашылық және агрохимиялык жұмыстар орындауға жасалатын шарттар;

4) көлікте — жүк тасымалын ұйымдастыруға, көлік құралдарын беру бойынша міндеттемелер және жүкті тасымалдауға беруге жасалатын шарттар, жүк тасымалдауға, тіркеп сүйреуге, транспорт экспедициясына, теміржолдың кірме жолдарын пайдалануға, вагондарды беру және тазалауға, көлік құралдарын жалдауға, авиация қызметтерін көрсетуге, құбыр жүргізу көлігінің қатысуына жасалатын шарттар;

5) байланыста — пошта экспедициясы, пошта жөнелтімдері, жалға беру, байланыс кәсіпорындарының телеграф арналарын және телеграфтық абоненттік байланысты беруі, интернет байланысын беру шарттары;

6) есеп айырысу және кредит саласында (банк саласында) - банк шоттары, ақша аударымдары және банк салымдары бойынша шарттар;

7) ғылыми-техникалық прогресс саласында - ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық шарттар;

8) жер қойнауларын пайдалану саласында — концессиялық келісімдер, өнімді бөлу туралы келісімдер, қызмет көрсету шарттары және бірлескен қызмет туралы шарттар;

9) бағалы қағаздар нарығында - бағалы қағаздарды сатып алу-сату.

Кәсіпкерлік шарттары болып табылатындар мыналар:

- өнім (тауар) беру шарты;

- кәсіпорынды сату шарты;

- лизинг шарты;

- кәсіпорынды жалдау шарты;

- кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты және басқалары.

Кәсіпкерлердің қатысуымен жасалатын шарттарға мыналар жатқызылуы мүмкін:

- бөлшек саудамен сатып алу-сату;

- тұрмыстық мердігерлік шарты;

- прокатқа беру шарты және басқалары.

 

 

БИРЖАЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР

 

Биржалық мәміле - биржа сауда-саттығы барысында биржа тауарына қатысты биржа сауда-саттығына қатысушылар жасаған, биржа тіркеген шарт (келісім) болып табылады. Биржалық мәмілені тіркеу және рәсімдеу тәртібін биржа белгілейді. Биржада жасалған, бірақ жоғарыда көрсетілген алаптарға сай келмейтін мәмілелер биржалық болып саналмайды.

Биржалық мәмілелер әрқандай түрлерде болуы мүмкін. Сөйтіп биржалық сауда-саттық барысында биржалық сауда-саттыққа қатысушылар төмендегілерге байланысты мәмілелер жасай алады:

- нақты тауарға қатысты кұқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге;

- беру мерзімі өтіп кеткен нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге (форвардтық мәмілелер);

- биржалық тауарды берудің стандарттық шарттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге (фьючерстік мәмілелер);

- биржалық тауарды берудің стандарттық шарттарына қатысты кұқықтар мен міндеттерді болашақта беру үшін құқықтарынан шегіну (опциондық мәмілелер);

- биржалық тауарға, шарттарға немесе құқықтарға байланысты биржалық сауда-саттық ережелерінде белгіленген басқа да мәмілелер.

Егер барлық биржалық мәмілелерді топтастырса, онда негізгі екі топты бөліп шығаруға болады.

 

 



Просмотров 5550

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!