Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мұсылман құқығының пәні және әдістері



Теория және есеп меню

1.Мұсылман құқығының пәні және әдістері.....

2. Фикх ілімін ашыңыз және оның......

3.Құранның – мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретіндегі рөлін анықтаңыз.

4.Мұсылман құқығы ерекше құқықтық жүйе ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз.

5.Суннаның- мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі.....

6.Мұсылман елдеріндегі конституциялық құрылысты.....

7.Дәстүрлі қазақ қоғамына шариаттың әсер етуін талдаңыз.

8. Шариат – мұсылмандық заң. Шариаттың мазмұнын анықтаңыз.

9.Қазақ әдет құқығы бойынша меншік қатынастарына шариаттың тигізген әсерін ашыңыз.

10.Мұсылман азаматтық құқығының......

11.Мұсылман қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығына.....

12.Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтаңыз.

13.Мұсылман құқығындағы меншік институтының мазмұнын......

14.Мұсылман құқығы бойынша джихад мәселесі. Джихад түрлері....

15.Шариаттағы құран мен суннаның арақатынасын анықтаңыз.

16.Исламдағы міндеттер мен парыздарды ашып, талдаңыз.

17.Араб халифатының қалыптасуын және дамуын талдаңыз.

18.Ислам және адам құқығының арақатынасын анықтаңыз.

19.Мұсылмандық неке(никах) және оның нысандарын анықтаңыз.

20.Қазіргі кезде шариат нормаларын қолдану мәселелерін ашып көрсетіңіз.

21.Шариаттың қарыз өтеу ережелерін анықтаңыз.

22.Қисас және тазир категориялары қылмыстарды ашыңыз.

23.Хадд категориялы қылмыстарды анықтаңыз.

24.Мұсылман құқығындағы жазаның мақсатын, түрлерін және ерекшеліктерін анықтаңыз.

25.Мұсылман құқығы бойынша ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін ашып,көрсетіңіз.

26.Ислам құқығы бойынша қылмыстың ұғымын анықтаңыз және түрлерін көрсетіңіз.

27.Диа категориялы қылмыстарды анықтаңыз.

28.Некенің тоқталуына әкеп соқтыратын шариаттың ұйғарымдарын ашыңыз.

29.Күнәлі істер үшін шариаттың жазалау шараларын анықтаңыз.

30.Ұрлық үшін шариаттағы жазалаудың шараларын көрсетіңіз.

31.Шариат бойынша мұсылмандардың садақа беру міндеті мен садақа берудің ережелерін анықтаңыз.

32.Салық пен садақаның түрлерін(хумс, зекет, аль-фитр, үшір, және т.б) ашып талдаңыз.

33.Қазақ әдет құқығы бойынша неке және отбасы қатынастарына шариаттың ықпалын анықтаңыз.

34.Қазақ әдет құқығы бойынша қылмыс пен жаза мәселеріне шариаттың тигізген әсерін анықтаңыз.

35.Иджма, қияс, фетва – мұсылман құқығының қосымша қайнар көздері ретіндегі рөлін агықтаңыз.

36.Ант беру, міндеттеме қабылдау мен уәде етудің тәртібі мен нысандарын анықтаңыз.

37.Шариат бойынша мұсылмандардың салық төлеу міндетін анықтаңыз.

38.Идда және оның мазмұнын анықтаңыз.

39.Риба және оның мазмұнын анықтаңыз.

40.Талақ беру тәртібі. Талақтың түрлерін анықтаңыз.

1. А. Сабырова мұсылман емес ер кісіге үйленгенімен........

2. Сеитова Банкке барып тұрғын үйді сатып алу үшін.....

3. Мына терминдердің ішінен бірі-біріне қарама –қарсысын табыңыз және олардың мәнін ашыңыз:

4.Қазіргі кезде , қоғамда, мұсылман әйелдерінің хиджаб киюіне.............

5.Қазақстанда қылмыстық істі шешу барысында А. Атты тергеуші шариат нормаларына жүгінді.....

6.Мұсылман құқығы бойынша қоғам, адам, билік ұғымдарының мағынасын ашыңыз.

7. А. Танысова, жалғыз басты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы......

8. Алматы қаласының нотариалды кеңесінің біреуінде ҚР азаматшасы мен Иран............

9.Интернеттің форумында ҚазҰУ-нің қабырғаларында намазхана.......

10.Қазақстандағы діни мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды атаңыз. Олардың қызметін ашыңыз.

11. 10 жастағы Абдулла сауда-саттықпен айналысқысы келіп.....

12.Кади Құран мен Суннада көрсетілмеген мәселе бойынша қылмыстық іс қозғайды.......

13.Барысова күйеуіне талақ беріп ажырасады. Ажырасқаннан кейін....

14.Азаматов әйелі Жүнісбекова талақ береді. Біраз уақыт өткеннен кейін.......

15.Талақ алған әйел, талақ алғаннан кейін бір ай өткен соң.....

16.Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесә белсенді.........

17.Күйеу қайтыс болған мұсылман әйел екі айдан соң қайтадан тұрмысқа шығады......

18. Барысова күйеуін өлтіріп кеткенін біліп, өш алуды көздейді.....

19.Мұрынова күйеуі бола тұрып, көршісі Рашитовпен ........

20.Кулиров үйіне қайтып келе жатып, бір сөмке тауып алады.....

Мұсылман құқығының пәні және әдістері.....

Біздің заманымыздың VII-ші ғасырының басында Арабия түбегінде өмір сүрген араб тайпаларының арасында қарама-қайшылықтар орын ала бастады. Олар өзара бір-біріне шауып, тыныштықты, бейбіт жатқан халықтарды қанай бастады. Мемлекеттік және әлеуметтік дифференциация күшейді. Халықтың тұрмысы нашарлады, шейхтар мен сайдтер ең құнарлы жерлерді иемденді. Құлдардың саны көбейіп кетті. Қылмыс және тәртіпсіздікке жол ашылды. Ислам дінінің келуіне дейін көптеген діндер болды.Осы арада әлеуметтік-экономикалық дағдарыста жаңа қоғам қалыптаса бастайды. Бұл қоғамның ұстанған негізгі идеологиясы бара- бара дамып жан-жағындағы халыққа таралып, салт-дәстүрлік негізі қалыптаса бастайды. Бұл салт діни нанымдық түр ала бастайды.Жаңа діни наным-Исламның қалыптасуы Мұхаммедтің (570-632ж) атымен байланыстырылады. Мұхаммед жаңа тәртіптің қалыптасуын жариялайды. Себебі:сол арқылы халықтардың арасындағы қайшылықтарды, шиеленістерді шешуге жағдай туғызған. Барлық арабтар бір ұлттылыққа жиналуды шақырады. Олардың басшысы болып, құдайдың жолын уағыздаушы, соңғы елшісі Мұхаммедті тағайындайды. Халық бұған көнеді. Ол дінге кірудің басты талабы, ол дінді қабылдау және оны қатаң түрде сақтау. Сонымен қатар мұсылман діні шыққан тегіне, нәсіліне қарамастан барлық адамдарда тең деп жариялады және Мұсылман құқының халыққа рухани жағынан тәлім-тәрбие беру арта түсті. Қарапайым халық осы дінді ерекше жылдам қабылдады. Себебі: қалың көпшілік мүлдем сауатсыз, қараңғыда түртінектеген су қараңғы соқыр секілді, жарыққа яғни, шамға ұмтылған көбелектей кез-келген діндерге кіріп сенуден қалады. Алғашқыда сенім халықтық мінез танытты, ол бай адамдарды шошыта бастады. Кейіннен ақсүйек қауымның көздері жетіп мұсылман дінін қабылдайды.Өйткені, бұл дін олардың түпкілікті, терең мүдделеріне сай болып шығады. Ислам діні негізі «салям» сөзінен бастау алған, оның мағынасы бейбітшілік және жақсылық . Бұл екеуіде бақытпен теңеледі, ал бақыт болса өз кезегінде сенімділікті, еркіндікті, денсаулықты, әділеттілікті жариялайды.Бұл жеке тұлғаның өмірге деген көзқарасын тек жақсы нақтылығын көрсетеді. Ислам- бұл «Алланың көрсеткен жолы» болып табылады және оны адамзат ұстануы қажет. Өйткені өмірдің тепе-теңдік заңы бұзылмауы керек және ол ақыл-ойдың салты деп аталады. Нәтижесінде бұның бәрі қасиетті «Құранда» жазылған, оның авторы- бір Алла.Алланың негізгі талап ететін жағы ол адамдардың діни және рухани материалдық білімпаз болуы және осы негізде ақиқатты білуге болады делінеді. Бұл туралы мәселердің барлығы сүреде жазылған. VII ғасырдың 10-шы, 32-ші жылдары Арабияда пайда болды және оның негізін қалаушы жоғарыда айтылғандай Мұхаммед пайғамбар. Ең негізгі мұсылман діни наным, оқудың қайнар көзі болып «Құран» мен «Сунна» болды. Сонымен осы бағытпен құрылған Араб Халифаты ерекше нығайып күшті мемлекет құрылды. Мұсылмандық құқық – шариғат Шығыстағы мұсылман елдерінің көпшілігінің мемлекет және құқық тарихының өркендеп өсуіне ерекше әсер етті. Әлбетте, қазақтардың да мемлекет және құқық тарихы мұнан шет қалған жоқ. Оның заңдық және идеологиялық әсер ету факторының шеңбері өте кең болып, бұл елдердің қалың жұртшылығының сана-сезімі мен көзқарастарының қалыптасуы барысында өшпес із қалдырды. Оның үстіне, әлемдегі барлық діндерге қарағанда ислам діні мемлекет және құқықпен өте тығыз қабысып жатыр. Бұларды байланыстырушы күш ретінде мұсылмандық құқық пен исламдық құқықтық идеология мықты қызмет атқарды. Қазіргі кезде әлемдегі мұсылмандардың саны 1,5 миллиардтан астам. 30-дан астам елдерде ислам діні мемлекеттік дін болып саналады. 120 елде мұсылман қоғамдарының алар орны басым. Бұл елдерде ең соңғы тарихи жағдайларға қарамай, ислам діні белсенділікпен өркендеп-өсуде, мұсылмандық құқық құқықтық өмірлерінде, саясаты мен идеологиясында көрнекті қызмет атқару үстінде. Сондықтан да қазіргі заманғы құқықтық жүйелерден мұсылмандық құқықты оқып-үйрену маңызды болып табылады. Рас, әлі күнге мұсылмандық құқық жете зерттелмеген. Оның да себеп-салдары бар.Дегенмен, кеңес дәуірінің шығыстанушылары бұл тақырыпқа қалам тартқандары жасырын емес. Бірақта олар бұл тақырыптың маңызды көп тұстарына көңіл бөлмеді. Ал мұсылмандық құқықтың түрлеріне келетін болсақ олар яғни келесі төменгі құқықтарды айтсақ болады. Отбасылық құқықтар, азаматтық құқық, әкімшілік және конституциялық құқық, қылмыстық құқық, іс жүргізу құқығы, халықаралық құқық, мұсылмандардың әлеуметтік жағдайын анықтаушы құқық.Тезис: «Мұсылман құқығы» курсы мұсылман елдеріндегі шариаттың рөлінің негізгі мәселелерін, оның мұсылман қоғамының өміріндегі, құқық шығармашылық және құқық қолдану қызметтеріндегі ролін терең теоретикалық тұрғыдан зерттеп, талдайтын курс болып табылады.

 

2. Фикх ілімін ашыңыз және оның......

Фикх – мұсылман құқығының теориясы. Бұл теорияның атқаратын міндеті Құранның жіне Сүнненің пайдалану және талқылау қағидаларын мұсылман қоғамы өмірінде, мемлекет деңгейінде практикалық жағынан талқылау болып табылады. Былайша айтқанда фикх ол мұсылман құқығының ғылымы болып табылады, ал шариғат – мұсылман құқығының тәжірибиелік жүйесі болып табылады.Осы жерден Теория мен Практика сияқты Фикх пен Шариғатта бір-бірімен тығыз байланысты екендігін көруге болады. Фикх ілімінің өзі теориялық жағынан бөлінеді: усуль ал-фикх – фикхтың «тамыры», фуру ал-фикс – фикхтің «бұтақтары» деп. Фикһ - терең түсіну мен жан-жақты ұғыну. Ұғым ретінде бұрын діннің барлық салаларында терең түсінікке ие болу мағынасында қолданылатын және сенім, ахлақ (мораль), амал (іс-әрекет) мәселелерінде білім иесі болу Фикһ сөзімен түсіндірілетін. Ханафи мазһабының негізін қалаушы Әбу Ханифа осы кең және жалпы мағынаға Фикһты «адамға пайда және зиян келтіретін нәрселерді (яғни құқықтары мен міндеттерін) білу» деп түсіндірген. Кейіннен сенім және ахлақ (мораль) мәселелері Фикһ саласынан шығып, басқа салаларда зерттеле бастаған. Осылайша, сенім мәселелерін зерттеген ғылым саласы – қалам ғылымы, ал-ахлақ мәселесін зерттеген ғылым саласы тасаввуф (сопылық) ғылымы немесе ахлақ ғылымы деп аталған. Одан кейін тек адамның іс-әрекеттеріне қатысты (амал) мәселелер ғана калып, Фикһ ғылымы сол іс-әрекеттерді зерттей бастаған. Осыған орай, Фикһ ғылымы адамның іс-әрекеттеріне (амал, фиил) қатысты діни үкімдерді зерттейді. Адамның іс-әрекеттері жалпы ғибадаттар және муамалат болып екіге бөлінеді. Ғибадаттар адамның Аллаһ алдындағы міндеттерін түсіндіреді. Мысалы, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылыққа бару ғибадат болып табылады. Бұлар - жеке мағынадағы ғибадаттар. Мұнымен қоса, ғибадаттың жалпы мағынасы да бар.Ол - адамдарға пайда келтіретін әрекет жасау Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде (хадис): «Иманның 60-тан аса бөлігі бар. Жолдан адамдарға зиян келтіретін тасты алып тастаудың өзі де иманның бір бөлігі болып табылады» - деп айтқан. Сол себептер мұсылмандықта адамның өзін және отбасын басқаларға мұқтаж етпеу үшін жұмыс істеп табыс табу, туыстарына көмек көрсету ғибадат деп есептелгеніндей, еліне және барлық адамзатқа пайдасын тигізу үшін жұмыс істеу де ғибадат болып саналады. Ал муамалат іс-әрекеттері болса, екі немесе бірнеше адам арасындағы немесе қоғамдар, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Адамдар арасында пайда болатын сауда-саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру, үйлену, ажырасу және мирас қатынастары сияқты, бұрын укубат (қылмыс пен жаза) ретінде зерттелген қылмыс пен жаза да муамалат саласында қарастырыла бастаған. Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы қатынастар да осы салаға кіреді. Қамтитын мәселелеріне қарай отырып, муамалатты қазіргі ұғым бойынша құқықнемесе құқықтық қатынастар деп те атауға болады. Құқық ұғымы ғибадаттарды емес, тек муамалат тақырыптарын ғана түсіндіру үшін қолданылған. Классикалық Фикһ ғылымы бір қалыпты дамығандықтан, әрбір муамалат мәселесіне қатысты мәліметтер жалпы теория тұрғысынан айтылмай, тек тиісті мәселе төңірегінде ғана түсіндіріледі. Мысалы,: сауда-саттыққа қатысты мәліметтердің барлығы «Китаб әл-Бей» (сауда-саттық) тақырыбына қамтылады. Алайда, бұл факихтердің (мұсылман заңгерлердің) бір келісім теориясына тоқталмағанын көрсетпейді. Сауда-саттық, жалға беру, кепіл немесе кепілдік көрсету, несие беру сияқты мәселелер қаншалықты жеке зерттелсе де, әсіресе, сауда-саттық мәселесі зерттелгенде, келісім теориясы деп есептелетін мәліметтер беріледі. Фикһ (мұсылман құқығы) саяси және мәдени өмірмен бірге діни өмірді де қамтитын мазмұнға ие. Жалпы алғанда, Фикһтың қамтитын мәселелері 4-ке бөлінеді.Ғибадаттар;Муамалат (қарым-қатынас);Мүнакахат (неке мәселесі);Укубат (жаза мәселесі);Ғибадаттарға дәрет, намаз, ораза, зекет және қажылық жатады. Сондай-ақ, ант етуге және құрбандыққа қатысты үкімдер де осы бөлімге кіреді.Муамалаттың құрамына заманауи (қазіргі кездегі) құқықтағы жеке құқықтың бөлімдері - міндеттемелік құқық, мүлік құқығы, сауда құқығы және мемлекеттік жеке құқық пен мемлекеттік құқықтық бөлімдері - мемлекеттік жалпы құқық және әдістемелік құқық үкімдері кіреді. Фераиз деп аталатын мирас үкімдері мен «Сыяр» тақырыбында қарастырылатын халықаралық құқыққа қатысты үкімдер де осы бөлімде қамтылады. Сондай-ақ, «әл-Ахкаму'с-Султания» атты жеке жұмыстарда қарастырылған Ата заң мен басқару құқығына қатысты үкімдер де осыған жатады.Мүнакахат үйлену, ажырасу, қамқорлыққа алу, алимент төлеу және баланың заңды немесе заңсыз туылуы сияқты отбасылық құқық мәселелерін қамтиды. Қылмыстар мен жазаларға қатысты мәселелер укубаттың құрамында қарастырылады.Осы төрт бөлімнің орнына ғибадаттардан тыс, қалған барлық құқық мәселелерін муамалаттың құрамына алып, жалпы екі бөлімді қарастырады. Классикалық мұсылман құқығы заманауи құқықтың барлық негізгі мәселелерін қамтумен қатар өз жүйесі мен жіктеу қисыны тұрғысынан да өзіндік ерекшелікке ие. Мұсылман құқығында Рим құқығынан бері қолданылып келген мемлекеттік құқық пен жеке құқық түрлеріне бөлу мәселесі қарастырылмайды. Алайда мұсылман заңгерлер діни және құқықтық міндеттерге жауапкер болған адамдардың әрекеті туралы айтқанда, оларды мемлекеттік құқық және жеке құқық бөлімдеріне ұқсас «Аллаһ хақтары» және «Құл хақтары» деп аталатын екі топқа бөлген.«Аллаһ құқығы» ұғымы, көбінесе белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарамастан, жалпы алғанда қоғамның мүддесін жүзеге асыруды және қоғамдық тәртіпті сақтауды мақсат еткен үкімдерді түсіндіреді. Бұл топқа жататын үкімдерден ешкімнің бас тартуға құқығы жоқ және осы үкімдердің орындалуында немқұрайлылықтың байқалуы мүмкін емес. Ал «Құл құқықтары» ұғымы, көбінесе тұлғалардың бір-бірімен жасаған әртүрлі құқықтық қарым-қатынастарын анықтайды. Мұндай құқықтарда құқық несі қадаған кезінде құқығынан бас тарта алады.

 



Просмотров 2660

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!