Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мұсылман құқығы ерекше құқықтық жүйе ретіндегі ерекшеліктерін көрсетіңіз



Мәзһаб – жүретін жол, бағыт дегенді білдіреді. Мәзһаб сөзі бастапқыда Ислам ғұламалары арасында бір ғалымның белгілі бір мәселе тұрғысында ұстанымы деген мәнде қолданылып келді. Мәселен, Ибраһим ән-Нахаидің мәзһабы, Шағбидің мәзһабы, Хасан Басридің мәзһабы, Суфян Сәуридің мәзһабы деген сияқты. Бұл жерде «мәзһаб» сөзі ұстаным, пікір, бағыт деген мәнді береді. Кейін келе «мәзһаб» сөзі үлкен құқықтық мектептердің жалпы атауына айналды. Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мәзһабы дегенде жеке адамдардың пікірі емес, көптеген ғалымдардан құралған үлкен құқықтық мектептің бағыты меңзеледі.Ханафи мәзһабының (құқықтық мектеп) құру­шысы Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит болып табылады. Ол 699 жылы Куфа қаласында дүниеге келіп, 767 жылы Бағдатта қайтыс болады. Әбу Ханифа мәзһабын сунниттердің басым көпшілігі ұстанады. Жас кезінен бастап білім алуды бастаған ол Куфа қаласындағы сол заманның алдыңғы қатарлы ғұламаларынан хадис үйреніп, шариғат (ислам құқығы) мәселелерімен айналысады. Әбу Ханифа шариғат заңдарын шығару барысында өзіндік бір әдіс жасап шығады. Ол өзінің әдісі туралы былай деген екен: “Мен белгілі бір мәселеде ең әуелі Алланың кітабына (Құран) сүйене отырып үкім шығарамын. Егер ол жерден таппасам, пайғамбардың сүннетінен іздеймін. Іздегенімді екеуінен де таппасам, пайғам­бар­дың сахабаларының сөздеріне бас ұрамын, бірақ олардың ішінен өзіме ұнағанының көзқарасын ала­мын, ұнамағанын алмаймын. Алайда сахабалардың көзқарастарынан бас тартып, сахаба еместердікіне еш уақытта жүгінбеймін. Сахаба еместерден Ибрахим ән-Нахаи, Шаабий, Ибн Сирин, Хасан әл-Басри және Саид ибн Мусаййаб (сол дәуірдің атақты ғұламалары) сияқтылар туралы әңгіме айтылар болса, бұлардың барлығы өз ақылдарын пайдаланып жүрген ғалымдар болып табылады. Мен де өз ақылымды қолдана отырып, осылардың жасағанындай жасаймын”.

Бұл жерден Әбу Ханифаның алдымен Құранға, одан кейін Суннетке (Мұхаммед пайғамбардың сөз­дері мен іс-қимыл әрекеттері), одан кейін сахабалар­дың сөздеріне жүгінгендігін, ал сахаба еместердің сөздеріне мән бермегендігін байқаймыз. Құран мен сүннетке сүйеніп үкім шығару осы қағидатқа негіз­деліп жасала­ды. Әбу Ханифаның шариғат заңдарын жасау бары­сын­дағы қолданған әдістері мына жеті қағидатқа негізделеді:

1.Құран: Шариғаттың тірегі, ислам заңдарының өзегі. Құран – барлық діни үкімдердің бастау алар қайнар көзі және барлығы одан шығарылады.2.Сүннет: Алланың кітабын (Құранды) түсінді­руші. Ол жерде ашылмаған мәселелер сүннетте көрсетіледі.3.Сахаба сөздері: Сахабалар – пайғамбармен бірге болғандар және оның айтқандарын бізге жеткізушілер. Сондай-ақ құран аяттары мен пайғам­бардың хадистерінің мән-мағынасын жетік білетін тұлғалар болып табылады.4.Қияс (салыстырмалы әдіс): Әбу Ханифа белгілі бір мәселенің шешімін Құран мен сүннеттен немесе сахабалардың сөздерінен таппаған жағдайда осы әдісті пайдаланған. Қияс дегеніміз құран мен сүннет бойынша үкімі жоқ, бірақ араларындағы себеп-салдар ұқсастығына қарай салыстыра отырып, үкім шығару болып табылады. Әбу Ханифа осы әдіс арқылы үкім шығаруда үлкен жетістіктерге қол жеткізген.5.Истихсан: Истихсан дегеніміз белгілі бір құқықтық мәселелерді шешу барысында қиястың үкімінен бас тартып, соған жақын бір үкім шығару дегенді білдіреді. Бұл әдіс негізінен жаңадан туындаған мәселенің кейбір ерекшеліктеріне қияс үкімінің сәйкеспеуі барысында қолданылады.6.Ижма (келісім): Ижма дегеніміз белгілі бір ғасырда өмір сүрген ислам ғұламаларының бір мәселе бойынша ортақ көзқараста болуларын білдіреді. Бұл дегеніміз белгілі бір мәселеде ғалымдардың ортақ келісімдері де үкім ретінде жүретіндігін білдіреді.

7.Салт-дәстүр: Салт-дәстүрлер де өзінше бір дәлел және үкім ретінде қолданылады және “дұрыс”, “бұрыс” болып екіге бөлінеді. Дұрыс салт-дәстүрге діни үкімдер мен ұстанымдарға қайшы келмегендері жатқызылады. Бұрыс салт-дәстүрлерге қандай да бір діни негізге қайшы келгендері жатады және олар дінде дәлел ретінде қолданылмайды.Әбу Ханифа базар талабын терең меңгерген әрі тәжірибелі саудагер болған. Ол әдет-ғұрыптарды ұстануға дұрыс қарайтын еркін көзқарасты адам еді. Осыған байланысты оның шариғатына мына екі ерекшелік тән: 1) Сауда-саттыққа ыңғайланған. 2) Жеке бастың еркіндігін көздеушілік.

Имам Малик ижтиһадта ұстанған тәсілін жазып қалдырмаған. Бірақ Муатта атты еңбегінен кейбір сөздерінен және әл-Мудәууәнәдағы жазылған ижтиһадтары арқылы ізбасарларына оның ұстанған тәсілін анықтауға мүмкіндік туды. Бұған қарағанымызда Малики ижтиһадында: 1. Кітап: Бірінші дерек ретінде Құранға жүгінеді. 2. Сүннет: Одан таппағанын сүннеттен іздейді. Бірақ ахад хадистің орнына қияс пен Мәдина халқының іске асырғанын таңдайды. 3. Ижмаъ: Имам Малик ижманы дәлел ретінде қабыл еткен. 4. Рәй: Малик кейбіреулерінің көзқарасы бойынша хадисші деп саналса да үкім шығаруда (истинбат) рәйге кеңірек тоқталған. Оның қолданған дәлелдері сахаба сөзі сүннет ішінде; қияс, әл-мәсәлиху-л мурсәлә, сәдду-з зәраиъ, әл-истихсан, әл-истисхаб болса рәймен талданады. Мәдина халқының амалына тоқталар болсақ; Қазы Ыяадтың (ө. 544/1149) түсіндіргені бойынша хадистің қарсысында Мәдиналықтардың амалдарының жағдайы үшке бөлінеді: a) Амалдың хабарға сай болуы: Мұндай жағдайда амал, жазбаша түрде жеткен болса дәрежесі хабар арқылы қуатталған болады. Ижтиһадпен болса мұның таңдауын жүзеге асырады. ә) Амалдың бір-біріне қайшы екі хабармен сай келуі: мұндай жағдайда хабардың қайсысы амалға жақын болса сол таңдалады. б) Амалдың, жалпыға бірдей хабарларға қайшы болуы: Бұл жағдайда егер Мәдина халқының келіскені жазбаша түрде келген болса, хабарды тастап, Мәдина халқының амалы алынады. Себебі нақты мәлімет, ойша басым болғанмен айырбасталмайды. Сағ, мудд сияқты өлшемдердің мөлшері, азан, қамат, намазда бисмилләһтың іштен оқылуы, қор, сақталмайтын заттардың зекеті секілді пәтуалар осыған мысал болады. Егер мәдиналықтардың істеген амалы келісімге, ижтиһадқа сүйенген болса хадис алынады. Имам Малик уахидың келуіне куә болған, Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жүзеге асырғанын көріп өскен, осы нәрсені іс-әрекетімен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген Мәдина халқының амалдарын белгілі шарттар арқылы мән беріп, үкімдеріне дерек ретінде қолданады. Сондықтан да мәдиналықтардың амалы ол үшін маңызды болғанМәзһаб – жүретін жол, бағыт дегенді білдіреді. Мәзһаб сөзі бастапқыда Ислам ғұламалары арасында бір ғалымның белгілі бір мәселе тұрғысында ұстанымы деген мәнде қолданылып келді. Мәселен, Ибраһим ән-Нахаидің мәзһабы, Шағбидің мәзһабы, Хасан Басридің мәзһабы, Суфян Сәуридің мәзһабы деген сияқты. Бұл жерде «мәзһаб» сөзі ұстаным, пікір, бағыт деген мәнді береді. Кейін келе «мәзһаб» сөзі үлкен құқықтық мектептердің жалпы атауына айналды. Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мәзһабы дегенде жеке адамдардың пікірі емес, көптеген ғалымдардан құралған үлкен құқықтық мектептің бағыты меңзеледі.Малики мәзһабының негізін қалаушы Малик ибн Анас әл-Асбахий 713 жылы Мединеде дүниеге келіп, сол жерде 795 жылы дүниеден өтеді.Малики мектебі-сунниттік мектеп.Малик ибн Анас Мединедегі атақты ғалымдардан дін ғылымдарын үйренеді. Өз заманының танымал ғалымы болады және ұстаздық қызметпен айналысады. Ол сабақты екі түрлі әдіспен жүргізетін болған. Бірі – хадис сабағы болса, екіншісі – белгілі бір жағдайларға байланысты пайда болған мәселелерге үкім шығару сабақтары болатын. Малики мәзһабының басты ерекшелігі құқықтық бір мәселеде салыстырмалы әдіс (қияс) пен логикалық түйіндеуді шектеулі деңгейде қолданады. Діни үкім шығару барысында қоғамға пайдалы жағы ескеріле отырып шешім шығару әдісі мен Медине халқының дәстүрлері, сондай-ақ қарапайым құқық ескеріледі. Бұл мәзһаб қазіргі таңда Солтүстік және Батыс Африка елдері мұсылмандары арасында таралған. Келесі бір сунниттік ағым болып табылатын Хан­бали мәзһабы Ахмад ибн Ханбал тарапынан құрылған. Ханбали мәзһабы басқа сүннит мәзһаб­тарына қара­ғанда мутазилиттерге қарсы діни-саяси қозғалыс түрін­де пайда болды да, содан кейін барып құқықтық мек­теп болып қалыптасты. Ахмад ибн Ханбал 778 жылы Бағдатта дүниеге келіп, сол жерде 855 жылы өмірден өтеді. Білім алу үшін сол дәуірдің ғылым орталықтары болып саналатын Мекке, Меди­не, Шам, Йемен және т.б. аймақтарға сапар шегеді. Бұл мәзһабтың басты ерекшелігі “жаңашылдыққа” (бидға) қарсы, шариғат­тың заңдарының орындалуына өте қатал, дінде еркін ойшылдыққа жол бермейді. Қияс әдісін шектеулі дәрежеде қолданады. Ханбалит­тердің жаңашылдықты толықтай жоққа шығармай­тындық­тарын да айта кету керек. Өйткені, ханба­литтер мұсыл­мандарға теледидар, радио, телефон секілді дүниелерді қолдануға рұқсат беруге мәжбүр. Бұл мәзһаб қазіргі таңда тек Сауд Арабиясында ғана таралған. Осы елдегі ваххабилікті ханбали мәзһа­бының жалғасы деп атауға да болады. Бұл мәзһабты ұстанушыларға тән ерекше белгілердің қатарында әулие-әнбиелерді жоққа шығаруды, сопылыққа деген қарсылықты, қабірлерді зиярат етуге деген қарсы­лықты айтуға болады. Соңғы уақытта бұл ағымның өкілдері біздің елімізде де пайда бола бастады. Бұл мәзһаб Сауд Арабиясынан келген азаматтар мен сол жерден білім алған студенттер тарапынан таралуда.

 

 



Просмотров 2402

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!