Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Азақ әдет құқығы бойынша меншік қатынастарына шариаттың тигізген әсерін ашыңыз



10.Мұсылман азаматтық құқығының......

Қарастырылатын сұрақтар:1 Арие, Музарие, олардың мазмұны 2 Қарыз беру тәртібі 3 Сауда-саттық ережелері4.Жалға беру тәртібі5 Риба Келісім, міндеттеме, мәміле: Сауда-саттық міндеттемелері. Өз меншігі болып табылатын затты өзара келісілген ақысын алып, басқа біреуге өткізу міндеттемесін сауда-саттық міндеттемесі дейді.Сауда-саттықта сақталуға тиісті ережелер: екі жақтың өзара келісуі; келісушілердің кәмелетке толған болуы; ақыл-есі бүтін болуы; өзін-өзі игеру құқығына ие болуы; сатылатын зат өз меншігі болуы; сатылатын затты тапсыру және қабылдап алу; сатылатын заттың заңды болуы; заттың санын, сапасын, салмағын, мөлшерін дәл белгілеп аныктау; бағасын дәл анықтау; сатылатын заттың тек пайдалы болуы. Шариғат бойынша екі жақтың өзара келісуін бір жағы «саттым», екінші жағы «сатып алдым» деген сөздер білдіреді. Шариғат бойынша 10 жасқа толмаған балалармен сауда-саттық келісімін жасау заңсыз деп табылады. Сауда-саттық келісімін тек кәмелетке толғандар ғана жасайды. Ақыл-есі кемістермен (мысалы, жынды, есалаң, мас т.б.) жасалған сауда-саттық келісімі заңсыз деп саналады. Сол секілді сатылатын заттың нағыз құнын білмеушілермен де жасалған келісім заңсыз болып табылады. Келісім тек ақыл-есі бүтін адамдар арасында жасалуы тиіс.Сонымен қатар келісушілердің екі тарапы да өзін-өзі игеру құқығына ие болуы шарт. Мысалы, қожасының рұқсатынсыз құлы, ерінің рұқсатынсыз әйелі өз меншігі емес заттарды сатуы не сатып алуы заңсыз деп табылады.Шариғат заңы бойынша сатылатын зат өз меншігі болуы тиіс. Ешкім басқаның мал-мүлкін иесінің рұқсатынсыз не сенім хатынсыз, келісім шарт жасап, сату және сатып алуға тыйым салынады. Жасала калған жағдайда, иесінің талап етуі бойынша тоқтаусыз тез жойылып, сауда-саттық шарты бұзылады. Қожасының рұқсатынсыз мал-мүліктің сатылғаны екі жағына да белгілі болса, онда мал-мүлік тартып алынады әрі екі жағының да кеткен шығындары өтелмейді. Ал, егер сатушы ғана біліп, алушы білмесе, барлық болған шығынға сатушы жауап береді. Сауда-саттық келісімі тек сатушы сатып алушыға бере, тапсыра алатын, ал сатып алушы қабылдап ала алатын затқа ғана жасалады. Әлбетте, қашып жүрген құл, ұрланып әлі табылмаған зат не мүлік сату объектісі бола алмайды.Сауда-саттыққа байланысты ереже қағидалар: Сауда-саттықта көп саудаласып жату өбестік. Сатушы заттың бағасын шектен тыс көтермеуі, ал алушы өзін бишара көрсетіп арзан алуға ұмтылмауы кажет. Өз затының басқаға өте зәру екенін біліп, қымбатқа сату күнә. Сауда-саттықга алдап-арбауға тыйым салынады. Сол секілді затын мақгап, ант ішуге болмайды. Зат жарық кезде сатылып, оны кадағалап дұрыс көру мүмкіндігін жасау сатушыға міндеттеледі. Жұма күні Песін намазы кезінде сауда-саттық жасауға тыйым салынады. Біреудің саудасын бұзып, сатып алуға болмайды. Заттарды, әсіресе тамақ өнімдерін сатып алып, қымбаттағанда сату заңсыз іс-әрекет болып саналады. Сауда-саттықта өзара келісімді орындау екі жақгың да міндеті. Келісімді заңсыз, бұзушы жағы барлық болған шығындарды орнына келтіреді. Кездейсоқ, апат жағдайларда келген зиян мен шығындарды зат қолында болған жағы толтырады.Сатушы мына кездерде өз куәлерін келтіреді: сатылған заттың бағасының мөлшері жайлы таласта; сатылған заттың бүлінген не толық берілмегені жайлы; сатылған заттың сатып алушыға бергенге дейінгі аралықта бүлінгені жайлы; сатып алушысыз сатып алынған зат өлшенгенде. Сатып алушы мына кездерде өз куәлерін келтіреді: заттың саны түгел болмағанда; сатылған заттың төлеу мерзімі жайлы талас туындағанда. Қарыз міндеттемесінің қағидалары: Шариғат заңы бойынша карыз міндеттемесі екі түрлі: 1) дайн; 2) сәлем уә салаф болады. Дайн қарызға ақша не мал-мүлік беріледі де, айтылған мерзімінде дәл сол түрде кайтарылады. Сәлем уә салаф — карызға ақша не мал-мүлік беріледі де, айтылған мерзім ішінде үстемемен, артық етіп кайтарылады. Міндеттері: екі жақтың өзара келісімі; кайтарылатын не төлейтін мерзімін көрсету; саны мен сапасын аныктау; қарыз алушының сол затты, ақшаны кабылдап алуы; көрсетілген мерзім ішінде карыз беруші қайтарып алу құлдығына ие болмауы; құл мен күң қожасының рұқсатынсыз қарыз алу не беру келісімін жасай алмауы.Дайынға қатысты ережелер: аса қажет болмаса, карыз алуға рұқсат етілмейді; қарыз үшін үстеме қосуға тыйым салынады; қарыз өтемі беретін кездегі бағамен өлшенеді. Сәлам уә салафқа қатысты ережелер: көрсетілген мерзім өткенше карыз беруші алушыдан берген мал-мүлкін, ақшасын иесіздендіре алмайды. Қарыз куәлердің көзінше тапсырылуы тиіс; қарыз беру мен алу міндетгемелері куәлердің көзінше жазбаша да, куәлер алдында ауызша да жасалады;Қарыз беру мен алу міндеттемесі өз мерзімінде төленгенде жойылады.Уддиа– (аманат) сақтауға беру: Заттың, не малдың уақытша бір себептерге байланысты 'біреуге сактап тұру міндеттемесін уддиа — аманат дейді.Аманаттың ережелері: өзара келісімі; сактауға берілген затты пайдалануға болмайды; аманат зат иесіне сұраған кезде кайтарылады; карауға кеткен шығындарды аманат иесі төлейді; аманат затты сақтамаса құнын толық кайтарады; кәмелетке толмаған, ақыл-есі дұрыс еместермен аманат келісімі жасалмайды.Аманат келісімі ауызекі жасалады. Аманат жайлы дау туса, екі жағы да куәлер келтіреді. Куәлері болмаса, ант ішіледі.Үжіреге (жалға) беру міндеттемесі: Үжіреге беру деп негізінен: біреуге белгілі бір мерзімге пайдаланып, онан пайда табу үшін әрі сол пайдаланғанына ақы төлейтіні үшін берілетін заты, не болмаса, жеке қызметі, не күшінен тұратын міндеттемені айтады. Үжіреде екі түрлі: мүліктік және жеке басының жандануы. Үжіре жайлы ережелер: екі жактың өзара келісімі; өзара келісушілер барлық құқықка (кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін т.б.) ие болуы тиіс. Кей жағдайда кәмелетке толмағандар камқоршысының рұқсатымен жалдануға тыйым салынбайды. Үжіреге беру мерзімі мен оған төленетін акы анық көрсетілуі тиіс. Мүлікті үжіреге беру мерзімі міндетті түрде айқын көрсетіледі. Жеке басын жалдауда адам өз күшін ұзақ мерзімге сатып, құл іспетгі болмауы үшін 3 жылдан аспауы көзделген. Бұрын 70 жылға дейінгі мерзімге жалдану болған. Жеке басының жалдану міндеттемесінде үжіре ақысы алдын ала не болмаса, бөліп-бөліп не ақшалай, не мүліктей төлеуге болады.Үжіре жайлы кағидалар: Екі жақтың өзара келісуі. Өзара келісушілер барлық кұкыққа ие, кәмелетке келген, ақыл-есі бүтін болуы тиіс. Кей жағдайда көмелетке келмегендермен камқоршысының рұқсатымен тыйым салынбайды. Үжіреге беру мерзімі мен онан алынатын ақы анық көрсетілуі тиіс. Мүлікті үжіреге беру мерзімі міндетті түрде көрсетілуі керек. Жеке үжіреде адам өз күшін ұзақ мерзімге сатып, құл іспетті болмауын көздеп, сунниттер үжіре мерзімін бұл жағдайда 3 жыл деп көрсетеді. Бұрын 70 жылға дейін болатын. Жеке үжіре ақысын алдын ала немесе бөліп-бөліп не ақшамен, не заттай төлей беруге болады. Үжіре шарттарында: мүлік кандай жағдайға пайдаланылып, онан қанша пайда алуға болатыны, жеке үжіреде жалданушының кандай жұмыс атқаратынын, нендей міңдет орындайтынын көрсету керек. Бұл шарттар орындалмаса үжіреге алушы мүліктік зиянның бәріне жауапты болып, сол секілді жалданушы адамды шектен тыс пайдаланғаны үшін ақы төлеуі тиіс болады. Үжіреге берілетін мүлік үжіреге алушы пайда табу мүмкіндігіне ие болуы үшін иелігіне өтуі тиіс. Жоқ мүлік не қашқын күлмен жасалған үжіре шарттары заңсыз болып табылады. Занды түрде пайда алынатын үжіреге беруге рұқсат етіледі. Ал, шариғат тыйым салған заттар мен құрал-жабдықтар (мысалы, шарап сату үшін лавкесін үжіреге алу т.б.) заңсыз деп табылады. Үжіреге алушы ешқандай пайда таба алмағанына карамастан келісілген ақысын төлеуге міндетгі. Үжіреге алмаған тірілердің ас-аукаты, киімі үжіреге алушы міндетіне кіреді. Үжіреге берілген мүліктің сақгалуына үжіреге алушы жауап береді. Әлбетте, оның кінәсінен еместігін дәлелдеп көрсетсе, не мүліктің бүлінуі әлі өзінің иелігіне тиіп үлгермегенде болса т.б. жауаптан босатылады. Үжіреге алушы алынған мүлікті басқа біреуге беру құқығына ие. Бұл үжіреге алушыны жауапкершіліктен кұтқармайды. Бала емізу үжіреге алуда ерінің рұқсаты керек. Әрі нәтижесінде туыстас болатын қарым-қатынасты жоғалтпау жағын да есте тұту керек. Қолөнерші (шариғатта қолөнершінің заказы да үжіре деп саналады) міндетіне алған заказын өз мерзімінде сапалы етіп орындауы тиіс.Егер қолөнерші немесе шеберхана (жұмысшы) заказды орындамай әрі заказға берілген дүниені бүлдірсе, онда барлық келтірген шығын үшін жауап береді. Үжіре жайлы міндеттеме жасалуда сақталатын кағида-ережелер:Үжіре міндетті міндеттемеге жатады. Екі жақты өзара келісілген болуы әрі мерзімі, ақысы, қандай түрде пайдаланылатыны жайлы шарттарда көрсете отырып, шариғат соты алдында жазбаша жазулары немесе куәлердің көзінше ауыз-екі келісулері қажет. Міндеттеме түрі: Әділ түрде көз алдында жасайды.Бисмилаһир рахманир рахим Шариғат жолымен төменде көрсетілген (ай, күні) 5 ай мерзімге пәленше (мөрі) қора-қопсысымен, бау-бақшасымен үйді (қайда, қай махалла не көшеде, нөмірі т.т.) пәленшеден (мөрі), өзінің занды жекеменшігі болып табылатын мүлкін 80 түмен 5500 динарға алдым. Онын ақысын үжіреге алушы ай сайын кепілденген сомасын төлеп тұрамын. Оны қуаттаушылар: .қатысқан куәлер куәландырады.Сот жүргізу ісінде және сот алдындағы заңдылық дәрежесі: Үжіредегі ақысы жайлы талас-тартыс бола қалғанда, үжіреге беруші куәлер келтіреді, ал үжіреге алушы ант ішеді. Ал үжіре заты қайтарылуы жайлы туындаған таласта, үжіре беруші ант ішеді. Заказ берудегі таласта қолөнерші "осынша заказ берілген" деп, оны қуаттайтын куәлер келтіруі тиіс.Үжіренің тоқтатылуы және жойылуы: Үжіре міндеттемесі міндетті болғандықтан, оны жасауда шариғатта көрсетілген барлық кағидалар сақталса, онда екі жақгың өзара келісуімен шариғат соты алдында немесе куәлер алдында жойылады. Үжіре мерзімі біткенше екі жактың бірі өлсе, онда үжіре жайлы міндеттеме үзілмейді, онан әрі оның мүрагері жалғастыра береді. Үжіреге алушы өлсе, оның мұрагерлері үжірешінің қызметі мен жұмысын мерзімі біткенше пайдалануға құқыкты. Тек үжіреге алушыға берілген мүліктің пайдалануға жарамсыздығы не бүлінгендігі ашылса, онда үжіреге алушы оны мерзіміне карамай қайтаруға құқылы. Мұндайда үжіреге алушы міндеттемені тез арада жоюы керек. Ал, өзінде калдырса, онда затты кайтару құқығынан махрүм кылады. Осындай қағида еңбек күшін сатушы мен үжіреге алушы арасында болады. (Егер, жалданушы тапсырылған істі істеуге қабілеті жетпесе, өз міндетін аткара алмаса.)Тапсырыс: Тапсырыс, яғни, екі жақтың өзара келісімі бойынша капитал иесі өзінің (ақшасын) біреуге сауда-саттық жасап, пайда түсіруге әрі оны өзара бөліп алуға міндеттелген міндеттеме.Тапсырысқа қатысты қағидалар: Тапсырысқа берілетін мал тек ақшадан тұруы тиіс. Алтын, күміс құймаларын беруге болмайды. Имам Ағзам кағида-сында алғашқыда тауар болса да бола береді делінген.Тапсырысты орындаушыға пайдадан берілетін ақы анықталуы тиіс (егер, түскен пайда ақысыз болса, онда арие, ал пайдасы берілсе "карыз", ал түскен пайдаға катысы жоқ ақы белгіленсе, онда "жалдау" міндеттемелеріне айналып кетеді). Пайданың бір бөлігі (мысалы, жартысы, үштен бірі, сегізден бірі) өзара келісе отырып аныкталады. Егер де тапсырыс жөніндегі шарт қожасының еркімен пайдаланғанға дейін, немесе тіпті сауданы бастағанға дейін токтатылса немесе жасалған міндеттеме заңсыз деп танылса, онда мұндай кезде мал иесі кеткен барлык, шығынды өзі көтереді әрі тапсырысты орындаушыға еңбегі үшін жалдап алған іспетті ақы төлеуге міндетгі. Қожасы ақшасының арқасында тапсырысты орындаушыға сауда-саттық жасау мерзімін, қандай затпен қай жерде сауда жасау кажеттігін анықтай алады. Осы шарттарды сақтай отырьп тапсырысты орындаушы өз еркімен қалауынша әрекет етеді де, ақша иесі онан әрі іс-әрекетіне араласа алмайды.Міңдеттеме мерзімі біткенше тапсырысты орындаушының күн көрісі (кедей болса) ақша иесінен болады. Яғни, түскен пайдадан күн көреді. Ал, баққуатты болса, пайдадан өзінің күн көрісіне жартысын ақ алады. Тапсырысты орындаушы өз құқығын ақша иесінің келісімімен баска біреуге бере алады. Мұндайда алушы адам бұрынғы тапсырыс міндеттемесінің шарттарын бұлжытпай орындауы тиіс. Капиталды жоғалтқаны немесе пайдасыз сауда айналысы үшін тапсырысты орындаушы, егер ол оның кінәсінен болмаса, жауап бермейді. Тапсырысты орындаушы өлсе, онда ақша иесінің каржысымен сатып алынған заттар дәлелденсе ғана мұрагерінен өндіріледі. Екі жағы өзара келіскеннен соң сот алдында жазбаша міндеттеме алады.Тезис: Шариат заңы бойынша сатылатын зат өз меншігі болуы тиіс. Ешкім басқаның мал-мүлкін иесінің рұқсатынсыз не сенім хатынсыз, келісім шарт жасап, сату және сатып алуға тыйым салынады. Жасала калған жағдайда, иесінің талап етуі бойынша тоқтаусыз тез жойылып, сауда-саттық шарты бұзылады. Қожасының рұқсатынсыз мал-мүліктің сатылғаны екі жағына да белгілі болса, онда мал-мүлік тартып алынады әрі екі жағының да кеткен шығындары өтелмейді.

 



Просмотров 1696

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!