Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Мұсылман құқығы бойынша ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін ашып,көрсетіңіз



Статистика бойынша мұсылман елдерінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы өте төмен. Бұл жағдай мұсылмандардың әдет-ғұрыптарының Ислам дәстүріне негізделетініне байланысты болғандықтан орын алып отыр. Өйткені Исламда неке қию және той жасау рәсімдері әрқашанда киелі, игі және даналық дәстүр болып саналған.
Неке қию (араб тілінде - "никах") Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию - адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсынуы. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлылық принциптерін ұстана отырып, махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақытты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі.
Мұсылман жігітке өз қалындығын таңдау кезінде асықпауы қажет. Ол жоғары ислами ерекшеліктерге ие, тұрақты және берекелі жанұялық өмірді қамтамасыз ететін бойжеткенді іздестіруі және тек сұлу жарды ғана таңдамай, келешек өз балаларының анасын да таңдайтындығын ұмытпауы керек. Сондықтан ол тек сұлулығына ғана қарамай, біріншіден оның дінге деген көзқарасына, ақылына және тақуалығына назар аударғаны абзал. Бұл мәселе бойынша пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) былай деген: "Жарды таңдау кезде төрт нәрсеге көңіл аудару керек: байлығына, атағына, сұлулығына және дініне. Сен үшін абзалы дінді ұстанатын қыз, егерде керісінше болса, сен ұтыласың". Бірақ осымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерін ескере отырып, қыздың сұлулығы да негізгі шарттардың біріне жататынын жоққа шығармаған.
Ер адамға туысқанына немесе сүтті қарындасына үйленуге тыйым салынады. Қосылған жағдайда олардың бір-біріне жыныстық тартылыстары өте төмен денгейде болады, олай болса келешек ұрпақтары әлсіз болу мүмкіншілігі жоғары. Қазіргі заман зерттеулеріне назар аударсақ, көптеген әлсіз балалар дәл осындай жұптардан дүниеге келетіні дәлелденген. Бұл мәселе де Исламда өте күрделілердің қатарынан.
Үйленерде атастыру рәсімі өтеді. Атастыру рәсімі шариғатқа сәйкес – үйленетін жігіт пен қызды бір-біріне таныстыру болып табылады. Бұл рәсім Сүннет болып саналады және неке қиғанға дейін орын алады. Атастыру кезінде қыздың және қамқоршысының пікірлері, қыз күйеуге тиюге келісімін береді немесе жоқ па деген сұрақтар анықталады. Екі жақтың келісімі Ислам шарттары бойынша міндетті түрде болу керек.
Некелік келісімшарт – Аллаһ алдындағы екі жақ арасында жасасқан қасиетті келісімшарт. Келісіп жатқан тараптар өзіне Исламның барлық міндеттерін орындауға жауапкершіліктерін алатынын белгілейді.
Белгілі болғандай, Ислам неке қию рәсіміне ерекше назар аударады. Егерде неке қию шарттарының біреуі бұзылатын болса, неке рәсімі дұрыс орындалмаған болып есептеледі және құқықтық күшіне енбеген болады. Сондықтан осындай қате қиылған некеде туылған балалар "заңнан тыс туылған" болып саналады. Осыған орай неке қию рәсіміне қатысатындар некенің қалай қиылатынын білуі шарт. Егерде төрт шарттың барлығы орындалатын болса, неке дұрыс қиылған болады. Бұл шарттар келесідей:
1. Қамқоршының (арабшадан - уәли) болуы және оның неке қиюға келісім беруі. Уәли ретінде басымдылық бойынша қалындықтың әкесі, атасы, ағасы, ағасының ер баласы, әкесінің ағасы және т.б. болуы мүмкін. Қалындықтың туысқандары болмаған жағдайда уәли ретінде жергілікті мешіттің имамы болуы мүмкін.
2. Қыздың келісімі.
3. Куәгерлердің болуы. Кем дегенде екі куәгердің болуы тиіс. Бұл мәселеде пайғамбардың (с.а.с.) айтқан сөзі бар: "Неке тек уәлидің болуымен және келісімімен және кем дегенде екі әділ куәгердің болуымен орындалады".
4. Белгілі шарттардың ескерілуімен некелік келісімшарттың орындалуы. Неке қию рәсімін кез келген тілде өткізуге рұқсат берілген, бірақ бір шартты ескеру керек, ол: куәгерлер айтылып жатқан сөздерді ұғу қажеттілігі.
Қалындықтың уәлиі мен куәгерлер келесі шарттарға сай болулары тиіс:
– олардың мұсылман болуы;
– кәмелеттік жасқа жетуі, өз сөздері мен әрекеттеріне бақылау жасауға мүмкіншіліктері болуы, Ислам қағидаларын сақтауы;
– тұрарлық адам болуы, демек, жоғары мінез-құлыққа сай болуы және ниеттерінде таза болуы.
Бұдан басқа куәгерлер әлбетте есту, көру, сөйлеу қабілеттіліктеріне ие және естері дұрыс болуы керек.
Неке қиюдың алдында жігіт әйеліне махр береді (тікелей аударғанда - төлем). Қазақ халқының дәстүрінде барлығымыз білетіндей «қалын мал» деп аталады. Махрді көлемі аз болса да, неке кезінде белгілеу Сүннет болып саналады және оның қалындық үшін берілуі заңмен белгіленген.
Көптеген халықтың әдет-ғұрыптарында қалың мал қалындықтың ата-анасына беріледі, ал шариғат белгілеген заңдар бойынша қалың мал тек әйелдің өзіне берілуі тиіс екендігін атап өткен орынды болады.
Мұның барлығы жанұяда келісім мен бейбітшілік орнатуға арналған шаралар. Егерде жанұя салиқалы болса, онда қоғам да дұрыс үрдісте дамып, келісім мен тұрақтылыққа жететініне күмән болмайды. Қазіргі заманда орын алып жатқан көптеген мәселелердің шешімі табылатынына да сенім бар. Демек, Ислам некені өте маңызды міндеттердің бірі ретінде санайды және ерлі-зайыптылардың одағында ізгілік пен татулықты орнату үшін белгілі іс-шаралардың атқарылуын міндеттейді.



Просмотров 1201

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!