Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ІТТБ фекальді ластанғанын анықтау екі әдіспен жүргізіледі: титрациондық және мембрандық фильтрлі әдіспен



Кесте 55.

Топырақтың микробиоло­гиялық көрсеткіштері бойынша санитарлық жағдайын бағалау кестесі

Топырақ категориясы 1 г топырақта бактерияның жалпы саны Титр
    коли-титр титр С.реrfringens
Таза Ластанған Қатты ластанған 100000-900000 1 000 000 жоғары I жоғары 0,1 — 0,01 0,001 төмен 0,01 жоғары 0,001—0,0001 0,0001 төмен

Титрациондық әдіс

Зерттеудің бірінші күні

Бірінші топырақ ерітіндісінен 1:10 стерильді пипеткамен 10 мл ерітінді аламыз, ол 1 г топыраққа сәйкес келеді және оны 50 мл Кесслер ортасына егеміз. Одан кейін тағы сол сияқты 9 мл қайтатылған ортаға әр ерітіндіден 1 мл топырақ ерітіндісін егеміз. Еккен соң 37 °С термостатта 24 сағат ұстаймыз.

Зерттеудің екінші күні

Егілгендерді қараймыз (егер өсінді байқалмаса үшінші күнге қалдырамыз). 48 сағаттан соң Кесслер ортасындағы бродильді тамырда лайлану және газ түзілуі байқалмаса теріс деген жауап береміз.

Егер ортада газ бөліну немесе лайлану байқалса немесе тек қана лайлану байқалса бактериальді ілмекпен алып Петри шынысындағы Эндо ортасына егеміз. Шыныдағы егілгендер термостатта 370С 24 сағат инкубация жасалынады.

Зерттеудің үшінші күні

Егілгендерді қараймыз. Эндо ортасында өсінділер байқалмаса теріс деген жауап береміз.

Егер Эндо ортасында ішек таяқшасына ұқсас колониялар байқалса, онда олардан жұғын жасап, Грам әдісімен бояп және микроскоптан қараймыз. Егер жұғыннан грам теріс таяқшалар көрінсе оксидаза тестісін қоямыз. Егер оксидаза сынамасы теріс болса, онда жартылай сұйық глюкозалы ортаға егіп ферментативтік қасиетін анықтаймыз. Егілгендер термостатта 370С 24 сағат инкубация жасалынады.

Зерттеудің төртінші күні

Егілгендерді қараймыз. Ортада газ бен қышқыл пайда болса топырақтың зерттеу ерітіндісінде ішек таяқшасы бар екендігін дәлелдейді.

Топырақтың коли-титрі ІТТБ анықталған ең аз көлемінен анықталады (әртүрлі топырақтың коли-титрі 55 кестеде берілген).


Мембранды фильтр әдісі

Мембранды фильтр әдісі аз ластанған топырақты зерттегенде қолданады. №3 стерильді мембранды фильтр арқылы 1:10, 1:100, 1:1000 ерітіндісінен 10 мл жібереміз. Әрі қарай ішек таяқшасын анықтау судағы ішек таяқшасын анықтаған сияқты. Мембранды фильтр әдісі зерттеу уақытын екі күнге дейін қысқартады. Анализ нәтижесі коли-индекс түрінде беріледі. Топырақтың коли-индексі — бұл 1 г топырақтағы ішек таяқшасының саны.

Ескертпе. Кесслер ортасының құрамында ІТТБ ашытатын лактоза бар, және генциан фиолеті бар грам теріс микрофлораның өсуін тежейді.

С. perfringens-тің титрін анықтау

Барлық топырақ ерітінділерінен (1:10-нан 1:1000000) дайындалған ерітіндіден әрқайсысынан 1 мл паралельді екі қатарлы стерильді пробиркаға құямыз. Бір қатардағы пробиркаларды 800С 15 минут қыздырамыз, себебі спора түзетін бактериялардың спорадан ажырату үшін. Одан кейін пробиркаға Гетрогеден дайындалған 9 мл 450С қыздырылып және ерітілген Вильсон – Блер ортасын құямыз. Қоректік ортада егілген материалдың біркелкі жайылу үшін алақанның ортасына салып айналдырамыз, одан кейін тез суық суға саламыз себебі ондағы оттегінің жойылуы мен ортаның салқындауы үшін. Содан кейін 430С 24 сағатқа қалдырамыз.

С. perfringens ортаның түбінде қара колониялар түзеді. Қоректік ортаның жарылуы газ бөлінгенін білдіреді. Колониядан дайындалған жұғында грам теріс ірі таяқша спорасы овальді пішінді, спора орталықта немесе субтерминальді орналасқан.

Вильсон — Блер ортасында өскен топырақ ерітіндісінің салмағы С. perfringens-тің топырақтағы титрі болып табылады (55 кесте). Топырақта С.perfringens-тің болуы ол басқа да клостридиялардың бар екендігін анықтайды – сіреспе қоздырғышы (С. tetani), ботулизм қоздырғышы (С. perfringens).

Сонымен қатар 1 г топырақтағы термофильді бактерияларды да анықтайды. Топырақта егерде көптеген ішек таяқшасы мен аз термофильді бактериялар кездессе, топырақ фекалиямен ластанған деп танылады.

Қоректік орталар

Кесслер ортасы. 1 л дистилденген суға 10 г пептон, 50 мл бұқаның өтін қосамыз. Қоспаны қайнатамыз 20—30 мин, марле (вата) арқылы сүземіз, 10 г лактоза қосамыз және көлемін 1 л дейін жеткіземіз. рН 7,4—7,6 жеткіземіз. 4 мл 1% генциан фиоле­тінің сулы ерітіндісін қосамыз. Қайнатылған ортаны колба және пробиркаға құямыз. 0,5 атм (112°С) қысымда 15 мин стерильдейді. Орта күлгін түсті.

Бақылау сұрақтары:

Ай уақытта топыраққа санитарлық-бактериологиялық зерттеу жүргізіледі?

Топырақтың санитарлық-бактериологиялық ана­лизінде анықталатын анықтамалар?

Топырақтан сынама алу қалай жүргізіледі?

Топырақтағы ІТТБ қандай әдіспен анықтайды?

Тапсырма

Топырақтан 1:10 ерітіндісінен бастап 1:100, 1:1000, 1:10 000 ерітінді дайындаңыз және сол ерітіндідегі топырақ сынамасының микроб санын анықтаңыз.

Оқытушыдан дайын топырақтан егілген Вильсон-Блер ортасын алып, С. perfringens титрін анықтаңыз. Колониядан жұғын жасаңыз, Грам бойынша бояыңыз. Жұғындағы С. perfringens микроскоп арқылы анықтап оқытушыға көрсетіңіз. Микроскоп қорытындысын дәптерге салып және жазыңыздар.


АУАНЫ САНИТАРЛЫҚ-БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Оршаған ортаның ішінде адамға әсер ететін факторлар ішінде ауа маңызды роль атқарады. Ғылым, ауа микрофлорасын зерттейтін ғылымды - аэро мик­робиология.

Ауа микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта емес, онда қоректік заттар жоқ және үнемі қозғалыста болады. Сондықтан көптеген микроорганизмдер ауада тез жоғалады. Ал, кейбіреулері осыған төзімді келеді, мысалы, туберкулез таяқшасы, клостридия спорасы, саңырауқұлақтар және басқалар, кейде ұзақ уақытқа дейін сақталады.



Просмотров 2789

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!