Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы. Сын есімнің зат есіммен байланысы



(468-472 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсете білу.Тілін, сөздік түрлерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, жұмбақтар,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Сын есім

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 467-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу.Оқулықпен жұмыс.468-жаттығу өлеңді көшір, сын есімнің астын сыз. 469-жаттығу. Сын есімдерге зат есім қойып жазу.(жуас ат, ақ мақта, жазық дала, жақсы бала.)470-жаттығу. Ребусты шеш, сөйлем құр. «Қалың»

Ү. Бекіту:471-жаттығу дәлелдеу. ... ...

Бұл – сын есім, өйткені ...

ҮІ. Үйге тапсырма:472-жаттығу «Күнбағыс»,бағалау.

 

Тақырыбы: Сын есімнің зат есіммен байланысы

(473-477жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:а) Көркем жазу Аа Аа Аа аю . ә/ -жаттығу. Жаңа кітап, жаңа көйлек, жаңа үй, қалың дәптер, қалың киім, қалың кітап,ұзын жіп, ұзын шаш, ұзын темір.473-жаттығу жұмбақты шеш, сын есімді тап. Өзбетінше жұмыс істеу: 474-жаттығу. Сергіту сәті.475-жаттығу топтастыр:

Үлгі: Түс Дәм Көлем Пішін

Қоңыр қышқыл үлкен домалақ

... ... ... ...

ІҮ. Қорыту.Сын есім деген не?Үлестірмелерге жауап алу. 476-жаттығу салыстыр, дәлелде.

Ү. Үйге тапсырма: 477-жаттығу,бағалау.

 

Тақырыбы: Сын есімнің мағынасы туралы түсінік

(478-487-жаттығулар)

Мақсаты: жаттығулар орындай отырып, сын есімді тауып өздеріне қатысты зат есімдермен байланысын анықтай білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Байқампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі.суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сын есімнің мағынасы туралы түсінік

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. 477-жаттығу. 2.Оқу, талдау.

ІҮ. Білімдерін тексеру:а) Көркем жазу Әә Әә Әә әдемі 478-жаттығу өлеңді көшіріп жаз, сын есімді тап, байланысып тұрған сөзді сызбамен көрсет. 479-жаттығу суреттегі зат атауларына қатысты сын есім тауып жаз. ( Кең көше, жарық көше, түзу көше). Топқа бөлініп: 1) 480-жаттығу , 2) 482-жаттығу, 3) 483-жаттығу.

Ү. Қорыту.Мысалдар келтіре отырып, сын есімді табу.484,485,486-жаттығу

ҮІ. Үйге тапсырма: 487-жаттығу,бағалау.

 

Тақырыбы: Бақылау диктанты. Терек.

Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Диктанттар жинағы

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Терек.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.

Терек

Терек - тал тұқымдасының бір туысы. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек сияқты он сегіз түрі өсіріледі.

Оның биіктігі елу метрге дейін жетеді. Теректі көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызады. Олар елді мекенді көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады. (40 сөз)

Тапсырма:

1. Сан есімдердің астын сыз.

2. Мекенді сөзін түбірі мен қосымшасын ажырат.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

Тақырыбы: Қатемен жұмыс

Мақсаты:Диктантты талдау. Оқушылардың жазған бақылау диктанттарын талдау. Қатемен жұмыс жүргізу.Сауатын білімін дамыту.Ұқыпты , таза жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрн: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Қатемен жұмыс.

ІІІ. Білімдерін тексеру1.өткенді еске түсіру.2.ережелерді еске түсіру.3.дәптерлерін тарату.Тақтамен жұмыс.Оқушыларға жіберген қателерін талдату, тақтаға жазу.Тақтаға қиын сөздерді жазғызу.

ІҮ. Қорыту.Бағалау.

ҮІІІ Үйге тапсырма:қайталау.

 



Просмотров 1472

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!