Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі



Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге өзіндік пікір айтуға үйрету. 2. Сөздік қорын байыту,қиялын дамыту,дүниетанымын кеңейту. 3. Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу, аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Көрнекілік:сурет,плакаттар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сурау, тексеру.«Байлық пен ақыл» мазмұнын сұрау.Саған қай ұлдың жауабы ұнады, неліктен?Ақылды болсаң, бай боласың деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.

ІІІ. Жаңа сабақ:Жұмбақ жасыру.

Белестен шапқан ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдір үзбейді, (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Түлкі)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс:Ертегіні рөлге бөліп,мәнерлеп оқуды үйрету.

Ертегі бойынша берілген суретке зер салып «Қасқыр неге ақсап жүре алмай келеді деп ойлайсыңдар? Ертегідегі кейіпкерлерді сипаттап көріңдер»

Ү.Дәптермен жұмысЕртегіге сүйеніп қасқыр мен түлкі арасында диалог құра.Ертегіден ақыл сөзді тауып,дәптеріңе жазып ал.

ҮІ.Сабақты қорыту. Ертегіден өзіңе қандай әсер алдың?

Үйге тапсырма беру.38-39 бет оқу, мазмұны


Күні: 07.10.2013

Сабақтың тақырыбы: Ұр тоқпақ

Мақсаты: Ұр тоқпақ ертегісін оқып, мазмұнын айта білуге үйрету. Түсініп оқуға дағдыландыру.Тілін,сөздік қорын дамыту.Ақылды, білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Байлық пен ақыл.

2.Тізбектей оқыту .

3.Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту.

- Қай бала ақылды?

- Ол қандай жауап айтты?

- Саған қай қай ұлдың жауабы ұнады?

- Неліктен?

ІҮ.Мақсат қою :Ертегі Ұр тоқпақ

Ү. Жаңа сабақ.Ертегіні оқып, әңгімелеу.Талдау .Сөздік жұмыс жүргізу.Ертегіні оқу,іштей оқу,тізбектей оқу.

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру.Сұрақтарға жауап алу, өмірмен байланыстыру,әңгімелету, бөлімдерге ат қою

ІІ. Бекіту.

- Бүгін не өттік?

- Ертегі не туралы екен?

- Балаларға мінездеме беру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.1.ертегіні оқу. 2.бағалау.


Күні: 09.10.2013

Сабақтың тақырыбы:Сақина

Мақсаты:Оқушыларды ертегіні түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету.Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту.Адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі:сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер.

Түрі:аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1.«Ұр, тоқпақ!» ертегісінің мазмұнын сұрау. 2.Топтық жұмыс жүргізу.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сұрақтар мен тапсырмаларды орындату.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ:

1.Ертегіден халқымыздың тұрмыс салтын, әдет ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас болып келеді.

2. Ребус шешеу арқылы ертегінің атын табу. «Сақина».

3. Ертегіні оқып, түсіндіру.

4.Сөздік жұмысын жүргізу.

5.Дәптермен жұмыс жүргізу.

6.Ертегіні оқыту,

7. іштей оқу.

8.тізбектей оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру. Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?/ Оқушылар өз тілектерін айтады/

ҮІІ. Қорыту.Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерін атап айтқызу.

ҮІІІ Үйге тапсырма1.ертегіні оқу, мазмұны 2.бағалау

 

 

Күні: 10.10.2013

Сабақтың тақырыбы:Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Мақсаты:1.Ертегі түрлері туралы түсінік беру.2.Оқушылардың танымдық білім,білік дағдысын дамыту.3.Достыққа ,еңбекке тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Сақина ертегісінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі.

ІҮ.Жаңа сабақ.Сызба бойынша ертегі түрлерімен таныстыру 2.Ертегіні оқып беру,түсіндіру.

Сергіту сәті :Өлеңді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,дәптермен жұмыс

Ү. Қорыту.Ұрлық түбі қорлық деген мақалды қалай түсінесің?

ҮІ.Үйге тапсырма.Бағалау


Төрт түлік жайлы жырлар.

Тақырыбы:Ботақан,Қошақан. Бұзауқан.

Мақсаты: Төрт түліктің төлдері Ботақан, Қошақан, Бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру. Шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Тілін сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: төрт түлік сурету.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Қызғалдақ пен Қарасора. Оқу, әңгімелету.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Осы мысал арқылы қандай жат қылықтарды сынайды?Қарасора не деп мақтанды?Қарсораның әрекеті дұрыс па?Қандай тыйым сөз білдік?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы.

Ү. Жаңа сабақ.а/ автор туралы түсінік Сағи Жиенбаев.ә/ Ботақан өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету.б/ Қошақан оқу, талдау.в/ Бұзауқан өлеңін оқып таныстыру.Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу,қайталанып тұрған сөздерді табу,Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:өлеңде қандай төлдер жырланған?Қылықтары туралы не дейді?Төлдерді қалай шақырады?

ҮІІ. Бекіту.Төрт түлік туралы мақал-мәтел.Төрт түлікті қалай күтеміз?Төрт түліктің пайдасы.Өлеңдегі сөздерді пайдаланып өлең құрастыру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.ұнаған өлеңді жаттау. Суреттерін салу.2.бағалау.

 

Тақырыбы: Қой

Мақсаты: 1. Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту 3. Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: төрт түлік сурету.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Өлеңде қандай төлдер жырланған?Қылықтары туралы не дейді?Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлік туралы мақал-мәте.лТөрт түлікті қалай күтеміз?

ІІІ Мақсат қою кезеңі.Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы.

ІҮ. Жаңа сабақ.1. Мақал-мәтел талдау

Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір.

Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын

2. Жырды мәнерлеп оқып беру.3. Оқушыларға мәнерлеп оқып беру.4. Дәптермен жұмыс

Ү. Сабақты қорыту.Қойдың пайдасы қандай?Қойдың жүнінен жасалатын заттарды ата.

ҮІ. Үйге тапсырма:1.Жырды жатқа айту.2.Бағалау


Күні: 16.10.2013



Просмотров 1772

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!