Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Алдар көсе мен салт атты



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту2. оқушылардың ой-өрісін , ойлау қабілеттерін дамыту.3. оқушыларды өтірік айтпауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап

Көрнекілік: тон ішіктің суреті

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Өз ізі» мәтінінің мазмұнын сұрау. Өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ:1. Киген тоны,Оңды тон. Өнді тон.2. Үш кісі ішік пішті Бес кісі ішік піштіҚанша кісі ішік пішті?Жаңылтпашты жаңылмай, тез айтуға үйрету.Жаңылтпаштағы киім атауларын ата.Бұл киімдерді қай кезде киеді?Не үшін киеді?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс:Оқушыларға Алдар көсе мен салт атты тақырыбын түсіндіріп, тізбектете оқыту.Балалар, бұл аңызда Алдар көсе байды қалай алдап кетіпті?

Ү. Суретпен жұмыс:Суретке зер сал.Жерде тұрған кісі қалай киінген?Ат үстіндегі кісі ше?Алдар көсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едің?

ҮІ. Қорыту:Алған білімдерін қайталап, сұрақтарға жауап бере отырып, қорыту

ІІ. Бағалау

 

 

№61.Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ  
Сабақтың мақсаты: Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
1. Білімділік: Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.
2. Дамытушылық: Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар.
   
Пан-аралық байланыс: Қазақ тілі, сурет.
Сабақтың барысы:  
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сабаққа балаларды дайындау. 2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.   - Үйге не берілді? - Аңыз дегеніміз не? - Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті? - Аңызды кім әңгімелеп береді?
  Сергіту. - Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады? - Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік? - Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың?
III. Жаңа сабақ Кіріспе : - Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ»
а) суретпен жұмыс (сұрақ-жауап) 1.     2.   - Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? - Ол не үшін керек? - Құлағың үсімес үшін не істеу керек? - Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік. Қыста құлағым үсіп кетті, Үсіп, ісіп кетті. - Неге? - Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал - өлеңін түсініп оқып көрелік.
   
   

Оқулықпен жұмыс. Мысал - өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.

(мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.

2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын

жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б

Бекіту.

- Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?

(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)

- Осы сөздермен сөйлем құра.

- Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?

- Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Денсаулығын күту, ойлау, қоршаған дүние өзгерісін бақылауға

дағдыландыру.

Есте сақтау, әндете білу, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті

сөйлей білуге баулу.

 

Сабақтың түрі. Аралас

 

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әндету, ойын.

 

Көрнекілігі. Қысқы көрініс суреттері, үлестірме карточкалары.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі . 1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын және олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ мақсатымен таныстыру.  

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

-Үйге не берілді?

-Рөлмен мәнерлеп оқу, құлақ не үшін керек, тымақтың пайдасын анықтап ,

тәрбиелік жұмыс жүргізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

-Үйден салған « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша әр оқушы өз суретін

сипаттап әңгімелеп,шағын көрме ұйымдастыру.

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

 

1. Кіріспе (осылай жаңа сабақтың кіріспе әңгімесі ретінде байланыстырып кету.)

-Балалар, мына жұмбақты шешсек , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға көмектеседі.

Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым. ( шаңғы )

Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. ( шана )

Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. ( коньки )

Бұлар не үшін керек?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар жазушысы әрі ақын Бердібек Соқпақбаевтың өлеңін дұрыс,

түсініп оқып көрелік ( Б. Соқпақбаевтың өмірі, « Менің атым Қожа » атты

кино жайлы бір- екі ауыз әңгімелеп кету.)

 

3. Оқулықпен жұмыс. - (іштен , дауыстап, мәнерлеп оқу)

4. Дәптермен жұмыс. 1.жұмбақты жатқа жазу.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Өзің білетін спорт түрлерінің атын жаз.

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 



Просмотров 1447

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!