Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын



Мақсаты: 1. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, Абай туралы толық мағлұматтар, оның шығармалар жинағы.

2. Оқу дағдыларын жетілдіру

3. Оқушыларды ұқыптау, зеректікке тәрбелеу

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі .Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Мұхтар Әуезовтың «Бала Абай» мәтінің оқып, мазмұнын сұрау, сұрақтарға жауап алу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру:Өткен сабақта оқыған әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.- Мәтін қалай аталады? Бала .....- ....Абайдың жасы 13 толған еді. - Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді? - Абай неден көп шықпайтын болды? - Абайға әңгімені кім көп айтушы еді? - Биыл әсіресі Абайдың .... өскен . - Абайдың шешесінің есімі кім? - Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?«Абай жолы» романын жазған кім?

Ү. Жаңа сабақ:1. Абай жолы романынан алынған үзінді әңгімені дұрыс, түсініп оқы.

2. Сергіту сәті. 3. Мәтіндегі бас әріппен жазылатын сөздерді үлгі бойынша теріп жаз. 4. Барлас ақынның Абайға берген батасын тауып оқы 5. Батаны кімге береді? 6. Барлас ақын Абайға не үшін риза болды? 7. Абайдың ұғымтал, зеректігін неден байқадың?

ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.Абай туралы білгендеріңді жинақтап, «Пікірлер» ағашын жаңа пікірімен толықтыр.

ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Осы мәтін бойынша үйде өзін сөзжұмбақ жасап көр.Бағалау

 

№ 110. Тақырыбы: Қоңыр қозы. /Т.Жұртбаев/

Мақсаты:Тақырыпты оқып, түсіндіру. 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. 3. Білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бала Тұрар.Оқу, мазмұнын сұрау

ІІІ. Өткенді пысықтау:үлестірмелер арқылы қорыту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:а/ Мұхтар Әуезов туралы қысқаша мәлімет беру. Абай жолы романын арқылы ұлы Абайды әлемге танытқан кемеңгер жазушы М.Әуезов. ә/ әңгімені қысқаша баяндау. /Мұхтарды қариялар еркелетіп Қоңыр қозы атаған. Оның мінезі салмақты, әрбір көрініске назар аударатын,зеректігімен ерекшеленеді ә/ Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Бала Мұхтаржды атасы неліктен Қоңыр қозы атады?Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды? Мәтіннен Мұхтар аулы суреттелген жерлерді тауып оқу. Абай ауылының көрінісі суреттелген жолдарды тауып оқы.Дәптермен жұмыс.

ҮІІ. Бекіту:Әңгіме кім туралы? Олар қайда келді? Бала Мұхтар қандай екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау

 

Тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай. Тұрсын Жұртбай.

Мақсаты: Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Бала Мұхтар мен Абай туралы түсінік беру. Еңбекке , білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Қоңыр қозы.Оқу, әңгімелеу.

ІІІ.Өткенді пысықтау:Бала Мұхтарды атасы неліктен Қоңыр қозы атады? Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Бала Мұхтар мен Абай

Ү. Жаңа сабақ.а/ әңгімені оқуә/ талдау,б/ сөздік жұмыс Оқулықпен жұмыс Іштей оқу.Тізбектей оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру:сұрақтарға жауап алу. Абай неліктен бала Мұхтарға көңіл аударды? Тауып оқу

ҮІІ Бекіту. Мәтін кім туралы екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау

 

Тақырыбы: Бала Тұрар

Мақсаты: Тұрар Рысқұлов туралы мәлімет беру.

Міндеттері: 1. Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың балалық шағынан мәлімет беру, оқиғаны айтуға, ой-пікірін білдіруге үйрету. 2. Сөздік қорын дамыту 3. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Күйші. БіржанОқу, мазмұнын айту.

ІІІ. Өткенді пысықтау.-Жолаушылардың аты неден сескеніп жалтақтады? Оның сауылатын түйе екенін қайдан білді? Жолаушыны кім қарсы алды? Ақсақал жолаушыға қандай ақыл айтты? Күй үйдегілерге ұнады ма? Жолаушының есімі кім? Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Бала Тұрар

Ү. Жаңа сабақ:а/ мәтінді оқу.Сөздік жұмыс,қысқаша мәлімет беру .Көрнекілікпен жұмыс.Тақырыпты оқу,іштей оқу,тізбектей оқу.Дәптермен оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру:Мұғалімнің көңілі неліктен Тұрарға ауды? Тұрардың сабаққа селқостығы неде? Атамырза Тұрарға неліктен күлді? Оның күлкісіне мұғалім қандай әңгіме айтты?

ҮІІ Бекіту:Мәтін кім туралы екен?

ҮІІІ.Үйге тапсырма:Оқу мазмұны. Бағалау

 



Просмотров 2099

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!