Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы: Батылдық. Сәбит Мұқанов



Мақсаты: С.Мұқановтың Батылдық атты әңгімесін оқып, түсіндіру,

Міндеттері: 1. Қазақ балуаны Балуан Шолақ туралы түсінік беру, оқы дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. 2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту. 3. Батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Түрі: аралас сабак

Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:Бал Мұхтар мен Абай.Тізбектей оқу. Мазмұнын сұрау

ІІІ. Білімдерін тексеру : Абай неге бала Мұхтарға көңілі ауды? Мұхтар жайлы не деді?

Мұхтар неге қысылды? Абай Мұхтарға неге риза болды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Батылдық

Ү. Жаңа сабақ:а/ автор туралы түсінік ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру б/ сөздік жұмыс жүргізу г/ дәптермен жұмыс в/тақырыпты оқу,іштей оқу,тізбектей оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды? Ол неліктен батыл бала, балуан бала атанған? Бала қандай тәуекелге берды? Ол қасқырды немен түртті? Қасқыр қандай әрекет жасады? Қасқыр неге қалжырады? Айқас немен аяқталды? Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу.

ҮІІ Бекіту:Әңгіме кім туралы екен? Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу мазмұны.Бағалау

 

№120. Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ

Мақсаты:1.Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, жинақтау

2.Қызығушылықтарын арттыру. 3. Ерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Батылдық» мәтінің оқып, мазмұнын сұрау2. С. Мұқанов туралы мағлұмат бер

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру:«Гиннес» кітабы дегенді естідің бе?

Мұғалім мысал келтіреді

Ү. Жаңа сабақ:1. Рекорд еңбекте, спортта, қол жеткен ең жоғарғы табысГиннес кітабы – алғаш рекорд жасаған адамның есімі кіретін кітап. 2. Гиннес кітабына кірген қазақ – Тоқтар Әубәкіров туралы мағлұмат беру, түсіндіру. 3. Мәтінді оқып беру, оқушыларға оқыту. 4.Мақал-мәтелдермен жұмыс. 5. Сергіту сәті.6. Дәптермен жұмыс . Жана сөздерге түсінік беру. Т.Әубәкіров туралы оқыған мәніннен леп белгісімен жазылған сөйлемдерді теріп жаз: «Нағыз қазақ! Қыран қазақ! Қанатың талмасын! Бұл 1989 жылдың 1 қарашасында болған оқиға еді. Ал 1991 жылы Т.Әубәкіров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты.7. Тәулік 22 сағат, 12 минут 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.

ҮІ. Қорыту.Сұрақтарға жауап алу.1. Гиннес кітабына кірген қазақ кім екен? 2. Ол қандай ерлік көрсетті? 3. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің? 4. Т.Әубәкіровтың ерліктері сенде қандай көңіл-күй туғызды

ҮІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау

 

Сабақтың тақырыбы: Ырысбекұлы Бекзат

Мақсаты:1.Түсініп мәнерлеп дұрыс оқу қабілеттерін қалыптастыру 2.Сөздік қорын дүниетанымдарын дамыту. 3. Спортқа,салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Типі:Жаңа білімді қалыптастыру, Түрі: аралас

Көрнекілігі:суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

ІІ. Өткен сабақ:1. мазмұнын айту.2. сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

ІІІ.Жан-жақты білімін тексеру:Ерлік Отан туралы ұлағатты сөздер

ІҮ.Мақсат қою:Спорт туралы пікірлер

Ү. Жаңа сабақ:1. Кіріспе спорт туралы тоқталу.Түрлерін ерекшеліктерін,чемпиондар туралы айту.2. суретпен жұмыс. 3. Сөздік жұмыс. 4.Кітаппен жұмыс.1.Оқу, мұғалімнің оқуы,іштей оқу,тізбектей оқу.2.Мазмұнын талдап түсіну.3.Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс

І. Қорыту.Бекзат Саттарханов туралы толық қорытындылау

Сұрақтарға жауап алу.

ҮІІ. Үйге тапсырма:224-225 мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бағалау

 

Тақырыбы: Шығарма. Менің апам.

Мақсаты: «Менің апам» тақырыбында шығарма жазу.Тілін , сөздік қорларын дамыта отырып, байланыстырып сөйлеуге баулу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шығармаға даярлық.Сендердің апаларың бар ма? Апаң кімдермен тұрады? Апаң сені қалай еркелетеді? Апаңның аты кім? Сен апаңды қалай жақсы көресің? - Апаңды қалай сыйлайсың? Сұрақтарға жауап ала отырып, өз ойларын қорытып, әңгімелету.

ІІІ. Шығарманы жазу.а/ Оқушыларға өз ойларын қорытып жаздыру. ә/ Жекелеген оқушыларға көмек көрсету.б/ Әдемі, көркем жазуға баулу.

ІҮ. Қорыту.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ү. Үйден: қайталау.

 

Бөлімді қайталау. Тест

Мақсаты: 1.Тарауды қайталай отырып сөздік қорын жетілдіру.2. Жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту.3. Әдептілікке инабаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: тест

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, тест

Сабақтың көрнекіліктері: кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:1. «Досыма хат» мәтінің сұрау.2. Топпен жұмыс

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Көп түктенің орнына тиісті сөздерді қой.Сылдыр қағып, Таудан құлап .Жатыр ағып Мөлдір ....

А) құрақ Ә) бұлақ Б)арық В)теңіз

2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.

А) Ж.Жабаев «Алатау» Б) С.Венчели «Дельфин»

Ә) С.Сейфуллин «Көлде» В) Ш. Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ»

3. Балықтың

А) Бақырып Ә) Ақырып Б) Жүгіріп В) Шоршып

4. Ауызынан дәм кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта:

А) өте ащы Ә) өте тұщы Б) өте дәмді В) өте жұмсақ

5. Мақал-мәтелді дұрыс аяқта:

Сулы жер - .....

А) құнарлы жер Ә) нулы жер Б) таулы жер В) қорлы жер

6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.

А) жасын Ә) жалын Б) бұршақ В) жаңбыр

7. Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.

А) Ш.Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»

Б) С. Көбеев «Түлкі мен қырғауыл» В) Ж.Жабаев «Алатау»

8. Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.

А) Ә.Асылбеков «Түлкі мен тиін» Ә) С.Сейфуллин «Көлде»

Б) Ш. Айтматов «Жау шапқанда» В) Л. Толстой «Өрттен құтқарушы иттер»

ІҮ. Қорытындылау

 



Просмотров 1422

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!