Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Автомобильдерді ерекше жағдайда пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету



Шөлейт және құмдақ топырақты жерлерде моторға отын мен майды жабық әдіспен құяды. Әрбір маусым сайын автотрактордың ауа тазартқышының түбіндегі майды ауыстырады, ауа тазартқыштың орталық түтіктерін тексеріп, қажет болса әрбір техникалық қызмет көрсетуде ауыстырып отырады. Автомобиль үш ауысым жұмыс атқарған сайын аккумуляторды тазартылған сумен толтырады

Ауа райы суық (температура – 30 градустан төмен) кезде арнайы мекемелер ұсынып отырған дизельдік- арктикалық отын мен майдың арнайы сортын қолданады. Ауысым соңында басқа отын толтырады да , пневматикалық жүйенің ауа баллондарындағы конденсатты төгеді. Мотордың салқындатқыш жүйесіне ауаның төменгі температурасында қатпайтын сұйық құяды.

 

Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1. кезекпен,жұмыс, жинау, технологиясына, кейін, бірі, бірінен, атқарылатын, бірнеше, қызылша, кіреді.

2. тазарту,жемістерін, негізгісі – қызылша,олардың, тамыр, қазып алу, сабақтарынан, және, жабысқан, топырақтардан

3. сай, орындалуы, осы, агротехникалық, жұмыстардың, болуы, талаптарға, тиіс.

4. жиналады, негізгі, қант қызылшасы, екі, технологиялық, түрлі тәсілмен

5. фаздық, олар: екі,фаздық ,бір , және, тәсілдер.

 

Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

 

шаппа саусағы - палец собачки шаппа тіс - храповый зуб шаппалы-аунақшалы механизм - роликово-храповый механизм шарлы теңгергіш - шаровый балансир шартылдақ жарғақ - хлопающая мембрана шектік кернеу - предельное напряжение шектік өлшем - предельный размер шетжақ - торец шетті арқалық - конечная балка шөгу - осадка,усадка шөміш арқаны - ковшовый канат шығар буын- выходное звено шынжыр қадамы - шаг цепи шынжырлы ілініс - цепочное зацепление

Бақылау сұрақтары

1. Қызылшаларды кесіп тазарту кезінде қант шығыны неше пайыздан аспауы тиіс?

А. 3-5%

В. 5-10%

С. 2-4%

Д. 1-2%

Е. 7-8%

 

2. Картоп қазғыш машиналар жұмыс технологиясына қарай нешеге бөлінеді?

А. 3

В. 4

С. 2

Д. 5

Е. 6

 

3. Сабақтары қурап кеткен қызылшаларды қандай комбайндармен жинайды?

А. жұлатын комбайндар

В. сүрлем комбайндар

С. жүгері комбайндар

Д. астық комбайндар

Е. алдын ала сабақтарын кесетін комбайндар

 

4. «Свеклопогрузчик» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А. Қызылша қазғыш

В. Қызылша тиегіш

С. Қызылша жуғыш

Д. Қызылша кескіш

Е. Қызылша тазалауыш

 

5. Бір фазды технологиямен қандай комбайндар жұмыс істейді

А. сүрлем комбайндар

В. алдын ала сабақтарын кесетін комбайндар

С. астық комбайндар

Д. жүгері комбайндар

Е. жұлатын комбайндар

 

6. «Свеклорезка» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А. Қызылша тазалауыш

В. Қызылша кескіш

С. Қызылша қазғыш

Д. Қызылша тиегіш

Е. Қызылша жуғыш

 

7. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. «Қант қызылшасы негізгі екі түрлі технологиялық . . . жиналады»

А. жұмыспен

В. іспен

С. жаттығумен

Д. тәсілмен

Е. зерттеумен

 

8. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Қайтсе? Не еткенде?

В. Не себепті? Неліктен?

С. Не мақсатпен?

Д. Қашан? Қашанға дейін?

Е. Қалай? Қалайша?

 

9. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Не мақсатпен?

В. Не себепті? Неліктен?

С. Қайтсе? Не еткенде?

Д. Қалай? Қалайша?

Е. Қашан? Қашанға дейін?

 

10. Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Қалай ? Қайтіп ?

В. Не себепті? Неліктен?

С. Қайтсе? Не еткенде?

Д. Не мақсатпен?

Е. Қашан? Қашанға дейін?

15 – сабақ

Аралас құрмалас сөйлемдер

Генератор

Сөздікпен жұмыс

Белдік – вал, полоса,

Беріліс - передача

Әсері – влияние, эфект

Тозу – изнашиваться

Тұрақты - постоянный

Айнымалы ток генераторы – генератор переменного тока

Магнит күші – магнитная сила

Өткізгіш – проводник, провод

Түзету – коррекция, поправка

Электр жүйесі – электрическая система

Электр жабдықтары – электрические оборудования

Муфта – муфта, жалғастырушы

Тегершік , елгезер, шығыр, шкив – шкив

Түзеткіш - выпрямитель

 

Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Қажетті, қолданылу, тұрақты, айнымалы, үнемі, арнаулы, бөлу, қозғалыс, күшті, тарайды, пайда болу, іске қосу

 

Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

 

Қажетті қуат, қамтамасыз ету, тозатын бөлшектер, жұмыс кезі,тазалап отыру қажет, айнымалы ток генераторы қолданылады, негізгі екі бөлік, магнит күші пайда болады,ток беріледі, сыртттан ток келтіріледі

 

4. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Генератор

 

Автомобильдің қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен генератор қамтамасыз етеді. Ол негізгі двигательдерден алынатын механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина. Ол үшін генератордың іске қосатын шкиві двигательдің иінді білігіне белдікті берілісі арқылы жалғасады.

Автомобильдердің электр жүйесінде екі түрлі генератор қолданылуы мүмкін: тұрақты ток және айнымалы ток тудыратын генераторлар. Тұрақты ток тудыратын генераторлардың тозатын бөлшектері көп болады. Себебі, ондағы пайда болған токты сақиналы коллектормен жанасып тұратын шеткалар қозғалмайды. Сөйтіп, олар үйкеліс әсерінен тез тозады. Оның үстіне оларды үнемі тазалап отыру қажет. Осындай кемшіліктерінің әсерінен кейінгі кездерде айнымалы ток генераторлары қолданылады. Мұндай генераторлардан алынған айнымалы ток арнаулы түзеткіштің күшімен тұрақты тоққа айналдырылып, электр жүйесіне тарайды.

Айнымалы ток генераторы негізгі екі бөліктен тұрады: айнымалы қозғалысқа келетін ротор және қозғалмайтын статор. Статорда магниттілігі күшті темірден жасалған бөліктерге өткізгіш сым оралған және олар өзара үш топқа біріктірілген. Роторда да магнитті өзекше сым оралып, олар да өзара біріктірілген. Осы ротордағы сым орамдары “қоздыру” орамдары деп аталады. Оларға сырттан ток келтіріледі де, оның айналасында магнит күші пайда болады. Осындай генераторды контактілі генератор деп атайды, өйткені сол ротордағы қоздыру орамына шетка мен айналатын сақина арқылы ток беріледі.

 

 



Просмотров 1241

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!