Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Иммундық клеткалардың антигендермен әсерлесу механизмдерін көрсетіңіздер



Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

1. іштен туа біткен иммунитет

2. жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

1. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

2. макрофагтар,

3. моноциттер

4. нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

1. сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.

2. комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]

Иммундық жүйенің қызметі:

· организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;

· организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;

· организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;

· ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;

· басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері[өңдеу]

Иммундық жүйенің қасиеттері:

1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.

2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммундық жүйе мүшелері[өңдеу]

Иммундық жүйе мүшелері:

1. орталық иммундық жүйе мүшелері:

·

· тимус (айырша без), сүйек кемігі;

1. перифериялық иммундық жүйе мүшелері:

·

· көкбауыр,

· лимфа түйіндері,

· әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.

Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.

Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.

Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.

Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.

Иммундық жүйенің жасушалары[өңдеу]

Иммундық жүйенің жасушалары:

· лимфоциттер,

· фагоциттер,

· базофилдер,

· бағана жасушалар,

· тромбоциттер,

· басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.

Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.[1][2][3]

Антигендер (antigen; көне грекше: anti — карсы; көне грекше: genesis — шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оган қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарларденелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер[1]; қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридтінемесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға адам жұқпалы арулардың қоздырғышымен залалданғанда адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.[2]

Антигендер — гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына—белоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән. Барлық табиғи Антигендер белгілі бір б и о л о- гиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән. Физико-химиялық қасиеттеріне қарай олар кор пускулдық (мысалы бактериялар), ерігіштік (мысалытоксиндер мен ферментер) болып бөлінеді. Антигендер қүрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады. Бұл жауапкершілік Т-лимфоциттердің рецепторларына жабысу және қорғаныс жауаптарын тұрақтандырумен байланысты. Көпшілік Антигендер құрамында бірнеше тәнді және тәнсіз детерминанттар болады, сөйтіп олар к ө п немесе бір валентті бола алады. Егер мұндай антигендердің құрамында бөтен заттар болмаса, оларды д а р а Антигендер деп атайды. Антигендердің иммундық жауап туғызуын күшейту үшін оларды кейде минерал майына немесе басқа бір инертті қосымша әсерсіз заттарға қосады (депанентті Антигендер) Антигендердің тағы бір түрі — белгілі (енді) Антигендер. Олардың мо- лекулаларына радиоактивті изотоптар, ауыр металл атомдары, флюоресцентті бояулар енгізіледі, сондықтан олар морфологиялық және серологиялық зерттеулерде өте жақсы көрінетін болады

 



Просмотров 2849

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!