Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Антропогенді және экологиялық факторлар



Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.1)Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес2)Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Популяцияның өсіп – өнуі және көбеюі

«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.

Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық деп бөлінеді. Статикалық көрсеткіштер популяцияның осы мезеттегі жағдайын сипаттайды және мыналардан құралады: -саны – популяциядағы жекелеген түрлер саны;-тығыздығы – жекелеген түрлер саны немесе бірлік ауданға не бірлік көлемге келетін популяцияның биомассасы;-құрылым көрсеткіштері – жыныстық және жастық құрамы;-кеңістіктік-этологиялық құрылымы – ареал аумағындағы түрлердің таралу сипаты (біркелкі, біркелкі емес, кездейсоқ).Динамикалық көрсеткіштері белгілі бір уақыт ішіндегі популяция ішінде болып жатқан процесті көрсетеді:-көбеюі – туылу арқылы белгілі бір уақыт аралығындағы жаңа жеке түрлер саны;-популяцияның өсу жылдамдығы – бірлік уақыттағы популяцияның көбею қарқындығы. Популяцияның өсу жылдамдығы оң, теріс, нөлдік болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш көбеюдің, өлімнің және орын ауыстырудың көрсеткіштеріне байланысты.-өлу көрсеткіші – бірлік уақыттағы популяцияның жеке түрлерінің азаю саны.

Табиғат ресурстары

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Биогеоценоз дегеніміз не?

Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді.Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:

  • түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);
  • популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);
  • биомасса.

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

1. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

2. Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

 

ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Озон қабатының жұқаруы

Қазіргі таңның актуальды мәселелерінің бірі - Озон қабатының жұқаруы. Озон қабаты жерден 20-30 км биіктікте орналасып, құрамына озон молекуласының мол концентрациясын жинақтаған. 30 км биіктіктен кейін озон қабатымен 90 % ультракүлгін сәулелері сіңіріліп, 20-25 км биіктікке тіршілік үшін қауіпті радиация жетпейді.Озон молекулалары атмосферада түзіліп, күрделі химиялық процестер нәтижесінде сол ортада ыдырайды. Ультракүлгін сәулесінің болмауы озонның қарқынды түрде түзіліп, мол мөлшерде шоғырлануына себепкер болады.Осы факторға байланысты Антарктика мен Арктиканың стратосфера қабатында полярлы қыс кезінде озон көп мөлшерде түзіледі. Антарктиданың көктемгі “озон тесіктерінің” пайда болуы Күн-Жер жүйесіндегі процестермен негізделген. Озон қабатының жұқаруына себепкер факторлар екіге жіктеледі:1. Табиғи факторлар;2. Антропогендік факторлар.Бір көзқарас негізінде – қыс айларында Антарктикада тұрақты циклон қалыптасып, оның ішінде мұз кристалдарының және хлорлы қослыстардың интенсивті түрде шоғырлануы жүреді. Көктем айы келгенде Күн сәулесі ол қосылыстарды ыдыратып, нәтижесінде хлордың атомдары түзіледі.Табиғаты бойынша хлор 1 валентті болғандықтан, қасындағы молекулалардың атомдарын өзіне тартып, олардың беріктігін бұзады. Озон молекуласындағы 1 атомды өзіне қосып, оның атомарлы (О) және 2 атомды молекулаға (О2) айналуына себепкер болады.15-18 км биіктікте Антарктида үстінде озон қабаты қатты жұқарып, ауаның жылынуы қарқынды түрде жүріп, сол қалыптасқан “озон тесіктернің” Оңтүстік жартылай шарға ығысуы байқалады.Екінші көзқарас бойынша озон молекуласының ыдырауында антропогендік фактор шешуші роль атқарады. Ұшудың жоғарғы шегін игерген авиалайнерлер отындарының шығарындылары, құрамында озон бұзушы және аэрозольді қоспасы бар ракета қондырғыларының жіберілуі – озон қабатын жұқартуда бірінші орынға ие.Ғарыш кеңістігін игеру барысында адамзат атмосфера қабаттарында космостық қоқысты млн-ған тоннамен жинақтаған болатын. Ғарыштық қоқыс – ракеталардың екінші сатысының жарылуы нәтижесінде түзілген ксенобионтты табиғаты бар заттар және спутниктердің жарықшақтары. Қазіргі таңда Жер орбитасының 400-800 км аймағында мөлшері 10 см-ге жетпейтін 70-150 мыңға жуық жасанды денелер мен мөлшері 10 см-ден асатын 10 мыңнан астам жасанды денелер кездеседі.Атмосфераның стратосфера қабатында адамзат өзінің игілігі үшін бірнеше күрделі физикалық және биохимиялық процестерді жүзеге асырады. Олар- техникалық әдістер көмегімен бұлттардан мезгілсіз жауын-шашын мен қар жаудыру, бұлттар мен тұмандарды сейілту, бұршақты түзілістердің алдын алу, атмосфераның газдық және аэрозольдық құрамын өзгерту.

Биогеоценоз дегеніміз не?

Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді. Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:-түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);-популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);-биомасса.Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.1)Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.2)Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.



Просмотров 2950

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!