Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі



Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.

Есіңізде болсын!

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

Екінші тәртіп - целлофан пакеттері, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп - зардап шегушіге екі - үш таблетка анальгин беру (оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

1. Күйген жерді жылдамырақ суық судың астында қойып 10-15 минут ұстау.

2. Таза құрғақ матамен жабу.

3. Көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пакет).

2,4-дәрежелі көмек көрсету кезінде жасауға болмайды:

1. Сумен шаюға.

2. Күйген жерді құрғақ таза матамен кешіктірмей жабуға.

3. Құрғақ матаның үстіне міндетті түрде суық зат қоюға.

 
 

 

16-сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай

1,2-дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету

 

Сік шалу

 

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы үсік шалу деп аталады. 60о-тан жоғары температурада пайда болатын күйіктерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуімен қоршаған орта ылғалдығының өсуіне сәйкес атта түседі.

Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі-сырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі және т.б.

Үсікке аяқ-қолдың, құлақтың, мұрынның үш жақтары жылдам ұшырайды.

Организм қатты суынған кезде (қан тамырлары түйіліп тығындалады) қан айналымы, айырбас процестері бұзылады (тамақтану бұзылып, артынша ауыр жағдайға алып келеді). Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі темератураның созылымдығы мен төменгі температура ықпалының дәрежесіне байланысты. Зақымдалған ұлпаларда болатын орны толмайтын құбылыстардың негізгі себептері осы төңіректе коректенетін қан тамырларының кең таралып, қатты тығындалуы жетілетін тромбоз болып табылады.

Органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша төрт дәрежеге бөлінеді:

I - дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады аяқ-қол мұздайды. Негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымдалған ұлпалар домығады.

II - дәрежеде теріде бозамық немесе қан тәріздес сұйық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды, зардап шегуші едәуір ауыртпалықты сезінеді.

Үсік шалудың осы дәрежесінде температураның көтерілуі есінеу, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты жалпы құбылыстар байқалады. Осы жері көгеріп тұрады, сезімталдық әлсірейді, тырнақтың түсуі, сүйектің сырқырауы, тамырдың соғысы байқалады.

III - дәрежеде негізгі тамырлар соқпайды, зақымдану тереңдігі біртіндеп анықталады. Алғашқы күндері терінің домығуы байқалады, көпіршік пайда болады терінің жабылмаған бөлігінің ісіну жолағы пайда болады.

Тереңдігі ұлпалардың зақымдануы қалың ірің түрінде 3-5 күнде байқалады. Ұлпалар мүлдем ештеңе сезбей аурулар азапты сырқаттан азап шегеді. Үсік шалудың осы дәрежесінде қатты көрінеді әуелі дене қатты қалтырайды іле -шала қоршаған ортаға селқостықпен қарау ахуалы жайлайды.

IV- өте ауыр. Ұлпалардың барлық қабаттарының оның ішінде сүйектің жансыздануымен сипатталады.

Дененің зақымдалған бөлігін жылыту мүмкін емес, ол суынған және мүлдем сезімсіз күйінде қалады, терінің бетін қара сұйықты көпіршік жабады, нақты ажырату жолағы 10-17 күннен кейін пайда болады.

Зақымдалған аймақ тез қарайып құрғай бастайды. Аяқ-қолдың ажырау процесі ұзақ (1,5-2ай), жараның жазылуы өте баяу. Бұл кезеңде организмнің жалпы күйі күрт нашарлайды, органдарда дистографиялық

өзгерістер (бұзылу) байқалады.

Алғашқы медициналық көмек- зардап шегушіні әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру керек. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде бұны жасауға тұра келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлігінде сезімталдық, қызару және ысыну пайда болған кезде ғана тоқтатуға болады. Дененің үсінген бөлігін қармен ысқлау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан қауіпті теріске шығарылды, өйткені суықты күшейтеді, ал мұздақ теріні жаралап, үсінген төңіректі асқындырады.

Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40о дейін біртіндеп артырған жөн. Бұл жағдайда аяқ-қолды кір-қоқыстан мұқият жуған дұрыс. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп таза таңғышпен жауып, қандай да бір жылы жамылғымен қымтау қажет.

Сырқатқа ыстық шай, кофе жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді.

Бет үсінген кезде үлбіреген жерлерді иіс сумен сүртіп, вазелин немесе антисептикалық крем жағады, одан кейін иіс сумен шайылған таңғыш қояды.

Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқаттарды емдеу (саусақ, қол, мұрын, құлақ) амбулаториялық тұрғыдан яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі.

Аяқ-қол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсікке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.

Күннің өтуі және ыстық тию

Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құйылуы байқалады (гиперемия).

Беттің қызаруы және бастың қатты ауыруы күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады. Сонан соң жүрек айниды, бас айналады, көз қарауытады және құсқысы келеді. Ауру естен танады, тыныс алу жиілей түседі, жүрек қызметі әлсірейді.

Басты орамалмен жабу, сондай-ақ басқа суық су құю алдын-алу шаралары болып табылады.

Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.

Денеге ыстық тиюдің үш себебі:

1. Жоғары сыртқы температура;

2. Дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;

3. Ауыр жұмыс істеу.

Ыстық тию тек ыстық күндерде емес ол жылы және қапырық бөл- мелерде, ыстық цехтарда болады. Ыстық тию әсіресе көрсетілген үш себеп қосылған кезде пайда болады.

Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына әкеп соқтырады.

Ыстық тиюдің алғашқы белгілері - аурудың әлсіздігі қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-400 дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кеуде құрсуы пайда болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек: зардап шегушіні жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тамақ береді. Жүрек -тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10% кофейн ертіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10% лобелин ертіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.

Улы заттармен улану

Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бір-біріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.

Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.

Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.

Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.

Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.

Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.

Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.

Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.

Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.

Мышьяк қоспасы бар улы химиялық заттармен уланған кезде зардап шегушіде лоқсу, құсу, іш ауыру, жалпы әлсіздік, дірілдеу пайда болады. Ауруды жасанды жолмен құстырып, асқазанын күйген магнезия (20г. және 5 стакан қайнаған су) ерітіндісімен шаю қажет.

Фосфор органикалық заттармен уланған кезде келесі белгілер байқалады: кеуденің қысылуы, жөтел, ентігу, бас ауыруы, сілекей ағу, терлеу, естің ауысуы, жүріс бұзылуы, сөздің көбею, көз қарашығының кішіреюі қол, бас, дененің басқа бөліктерінің дірілдеуі. Көзге түскен кезде көздің қарашығының кішіреюі, қызару, жас ағу байқалады.

Алғашқы дәргерлік көмек көрсеткенде ауызбен тамақты сумен шайып, 2% ас содасының ерітіндісін, 6-10 стакан су ішкізу керек (бір стакан суға, бір шай қасық) және жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Бұл шараны 2-3 рет қайталайды. Сосын 2-3 активтендірілген көмір қосылған 2% ас содасының ерітіндісінен жарты стакан ішікізеді. Ыстық шай беріп, жылы жабады. Тыныс алысы тоқтаған кезде, дәргер келгенше жасанды демалдыру жасау қажет.
Егер қоспа теріге түссе 5-10% нашатыр спирт ерітіндісімен тазлайды немесе мақтаға (сүртпей) сіңіріп алады, көзге түскен кезде суытылған қайнаған сумен жуады, сосын 30% натрий сульфацилінің (альбуцид) еріітіндісінен екі көзгеде 2 тамшыдан тамызады.

Мыс қоспаларымен уланған кезде ауызда металдың дәмі, сілекей ағу, лоқсу, құсу, асқазан ауыруы, тамыр соғысының жиілеуі, суық тер, дірілдеу пайда болады.

Мұндай жағдайда күйген магнезим ерітіндісімен 6-10 стакан су ішкізіп, сосын құстырады. Тұзды ерітінді беріп, ішіне жылы зат қою қажет. Жүрек соғысы нашарлаған кезде 20 тамшы валериан тұнбасын және ащы шай береді.

Ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырмағанда және қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, онда қолданылатын көптеген минералды және әктік тыңайтқыштардан улану, күю және кәсіби аурулар туындайды.

Минералды және әктік тыңайтқыштардың шаңы тыныс мүшелеріне,

көздің кілегей қабығына және мұрын қуыстарына зиянды әсерін тигізеді.

Әк көзге түскен кезде көз ауырып, жас ағады. Созылмалы улану кезінде тері құрғап, қатайып және тырысып қалады. әктің қосапларынан күйік, язва туындауы мүмкін. Көзге тыңайтқыштар шаңы түскен кезде жедел түрде көп сумен жуу керек (10 минут).

Аммиакпен уланған кездегі алғашқы белгілері: басында уланған адам ауырады, содан соң көзі ашиды, көзінен жас ағып қабағын көтере алмайды, қатты құрғақ жөтел пайда болады. Содан соң дауыс қырылдап, кеуде тұс, асқазан ауырады. Бас айналады, ауыз қуысы күлдірейді (күйеді). Аммиактың әсерін тоқтатпаса 2-3 сағаттан кейін өкпе суға толып кетуі мүмкін.

Алғашқы медицаналық көмек: зардап шегушіні тез арада улы аймақтан жатқызып шығару керек.

- сірке қышқылының 5%-ды ертіндісін иіскету керек;

- уланған адамға респиратор кигізу немесе кез-келген қышқылдың (бор, сірке, лимон( 5%-ды ерітіндісіне шыланған мақта-мата таңғышты таңу керек;

- у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;

- қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%-ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;

- осылай қышқылдың әлсіз ертіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;

- осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамыз;

- тамағына қыша қағазын қою керек.

Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады. Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 2-3 сағаттан кейін өкпе ісінеді.

Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақта-дәке таңғышты тағу керек.

- зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;

- зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;

- көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;

- зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%-ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;

- ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;

- егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы ьар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауыздан-ауызға дем алу және жанама массаж жасау арқылы дем алу мен жүрек қызметін қалпына келтір.

Күкірт қышқылымен улану кезіндегі алғашқы белгілері: кез-келген қаныққан қышқылдар мен сілтілердің буы арқылы уланғанда демалу жолдарының қозуы, жөтел, ауыр тыныс алу байқалады. Құсқың келу, қан аралас құсу, кей кезде өңеш пен асқазанның тесілуі, соңынан қан кетулер болады. Бұл тыныс алу жолдары мен ішек - қарын асқазаның шырышты қабатының химиялық күюінің салдары болып табылады. Жасырын мерзімнен кейін (2-24 сағатқа дейін) улы өкпе қабынады, содан соң өкпенің улы ісінуі пайда болады.

Алғашқы медициналық көмек:

- зардап шеккен адамға тез арада респиратор кигізіп немесе мақта-дәке таңғышты таңып, зақымданған аумақтан алып шық;

- оны отырғызып көзін және терісінің ашық жерлерін шайып, аузын сумен шайғыз;

- жасанды жолмен құстыруға болмайды, өйткені қышқыл немесе сілтіні құсқанда өңеш қайта күюі мүмкін;

- егер зардап шеккен адамның дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында‚ ауыздан-ауызға‚ демалу және жүрекке жанама сылау жасау арқылы дем алу қызметін қалпына келтіру;

- ағзаның өмір сүруге керекті жүйелерін қалпына келтірген соң, оны зақымдалған аумақтан көшір;

- «таза» аумақта зардап шеккен адамның ластанған киімін шешіп, оны таза киімге ауыстыр;

- егер зардап шеккен адам тұншығып жатса, тамағына қыша қағазын қою керек.

Сірке қышқылымен уланған кезіндегі алғашқы белгілері: адамның ағзасына сірке қышқылы ауыз арқылы түссе ауыздың, ерінің айналасындағы тері, тіл, ауыз қуысының шырышты қабаты күйіп қалады. Ал ауызда ішіне су толған көпіршіктер пайда болады. Жұтқанда қатты ауырады. Дауысы шықпай, зардап шегуші әрең, сыбырлап сөйлейді. Жұтқыншақтың күюі көмейді ісіндіреді, ол көмейдің бітелуіне әкеп, зардап шегушінің тұншығып өлуіне әкелуі мүмкін.

Асқазан ішек жолдары жағынан жүрек айну, қан аралас құсу, асқазаннан қан кету байқалады.

Алғашқы медициналық көмек:

- ауырсынуды басатын егу жасау;

- зардап шеккен адамды құстыруға, оның асқазанын шаюға, ауыз арқылы іш жүргізетін және ауырсынуды басатын дәрілер беруге болмайды.

Ауыр металлдармен, олардың тұздарымен және күшәнәмен уланудың белгілері: ауыздағы темірдің дәмі, жүрек айну, құсу. Тамағының қызаруы, Жұтқанда ауырсыну, іштің ауыруы мен өтуі. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету.

Бір мезгілде асқазан-ішек жолдарының зақымдалуынан жүрек айну, құсу, іш өту, асқазанан қан кетуі мүмкін.

Сынап және қорғасын тұздарымен уланғанда қызылиекте қою түсті жиек жаралар пайда болады. Тістің түбі босайды. Сонымен бірге, сынап тұздары асқазан-ішек жолдарының шыршты қабаттарын күйдіреді. Ағзаға у дем алу органдары арқылы түссе, дем алу жолдары ауыр зақымдалады: қалтырау, мұрын бітелу, жиі құрғақ жөтел, ентігу пайда болады. 1,5-2 сағаттан кейін улы пневмония дамып, өкпе ісініп кетеді.

Бір мезгілде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, артық шамданғыштық, қозу, көзде қос көріну, ұйқы бұзылу, сананың ауысуы пайда болады. Аяқ-қолдың тырысып қалуы мүмкін, ол әрі қарай ессіз күйге айналып, зардап шегуші қаза табуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек:

- зардап шеккен адамға мақта -дәке таңғышты таңып, тез арада оны таза ауаға шығар;

- таза сумен көзін шайып, аузы мен мұрынын шаю үшін таза су бер;

- терінің ластанған тұстарын сабынмен жу;

- егер зардап шеккен адам ояу болса, құстыруға тырыс;

- оған 1-1,5 л суды ішкіз де екі саусақпен жұтқыншақты қоздыру арқылы қайта құсқыз (асқазанды шаю). Осындай асқазанды шаюды 2-3 рет қайтала. Асқазанға барған сумен шыққан судың мөлшері бірдей болу керек;

- асқазанды шайып болғаннан кейін 30-50 гр сіңіргіштердің бірін - ақ топырақты немесе активтендірілген көмірді бер;

- зардап шеккен адамға тұзды іш жүргізетін дәрі беру керек. Егер зардап шегуші ерекше қозып тұрса құрамында магниі бар іш жүргізетін дәріні бер, ол орталық жүйке жүйесін қалпына келтіреді;

- зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне жеткізуге тырсу қажет.

Көміртектің тотығымен уланған кезіндегі белгілері: жеңіл деңгейде уланған адамның терісі өзгермейді, түшкіріп, құрғақ жөтел, бастың сақиналы қатты ауыруы, жалпы әлсіздік, бас айналу. Жүрісі бұзылады. Жүрек тамырының соғуы, дем алысы жиіленіп, артериалды қысымның, дене қысымының көтерілуі.

Жеңіл уланған кезде көрсететін алғашқы медициналық көмек:

- тезірек уланған адамды түтіндеу аумағынан таза ауаға шығарып,

өкпесін тазарту мақсатында терң дем алдыру керек;

- зардап шеккен адамға шай беріп, оны көрпеге орапжылыту қажет.

Орташа деңгейдеадам ағзасында күрделі өзгерістер сезіледі.

Тері қабаты ашық қызыл түсті болса, ерін мен тырнақтар көк түсті болады. Дем алуы қиындап, бірнеше рет құсады. Есі ауып, денесінің қызуы 390С-ге дейін көтеріледі. Жүрек қағысы минутына 120 рет соғады.

Алғашқы медициналық көмек:

- уланған адамның демалатын жолдары ылғалды орамалмен немесе кез- келген ылғалды шүберекпен жауып, көміртек тотығының жоғары қанықпасы бар аумақтан оны таза ауаға алып шық, сулы мата ағзаға уытты өнімдерді еңгізбейді;

- түтіндеген аумақтан уланған адамды алып шыққанан кейін оған таза оттекті жастықшадағы ауамен демалдыруды ұйымдастыру қажет.

Ауыр деңгейдеуланған адам ес-түссіз болады, тері қабатты көк пеңбек. Артериалды қан қысым өте әлсіз, дем алысы бұзылған. Тырыспалар пайда болады, ессіз күй дамуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек:

- уланған адамның мұрны мен аузын матамен бітеп, тез арада оны түтіндену аумағынан шығар. Оттекті жастықшадан таза оттегімен дем- алғыз.

Егер уланудың әсеріне демалу немесе жүрек қағысы тоқтап қалса:

- ауыздан-ауызға арқылы әдіспен дем алуды қалпына келтір;

- жүрек қызметін жүрекке жанама сылау жасау арқылы қалпына келтір;

- содан соң, дем алу органдарын сулы матамен жауып, уланған адамды түтіндеу аумағынан тез арада шығар, сонымен бірге медициналық қобдишадағы оттекті жастықшамен үзіліссіз дем алдыру қажет.

Ит қапқан адамның иттің тісі тиген жерге иод жағып, таза дәкемен байлайды. Содан кейін ол адамды жедел емханаға жеткізу керек. Алғашқы көмектен кейінгі емді дәрігер маман жүргізеді.

Жылан шаққан кездегі, у әсерінің жалпы белгілері: әлсіздік билеу, бас айналу, талықсу, жүректің айнуы және құсу. Ауыр жағдайда есіне айырылып қанталайды және шаққан жер домығады. Шаққан жердің уын жедел ауызбен сорып тастау керек. Жылан шаққан жерді кез-келген, дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт). Зардап шеккен адамды жедел ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болуы мүмкін.

Сонаның араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезіледі. Шаққан жері күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.

Көмек көрсету барысында терідегі ара бездерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек, бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу, адамды аяғы оның басынан кейін биік болатындай етіп жатқызу қажет.

Шаянның шағуы кезінде улану бір жарым - екі тәулікке созылады, оның белгілері әсіресе шаққаннан кейінгі алғашқы сағаттан соң қатты білінеді, шаққан жер күлбірейді, кейде бүршіктер де пайда болуы мүмкін, төңірегіндегі сөл түйіндері мен сөл жолдары домығады. Жалпы улану белгілері әр түрліš жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, дене температурасының көтерілуі, дененің жалпы ауыруы, бастың ауыруы және айналуы, қалтырау, демігу, мазасыздық жағдайды селқостық ауыстырады, тердің қатты шығуы, көзден жас ағу және мұрыннан су сорғалау, жүрек айналасының шаншуы. Шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, анальгин мен антигистаминдік дәрі - дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен).

Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайылады. Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам шаршайды.

Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауыруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.

Алғашқы көмек: Марганецтік калий ертіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ертінді, жүрек дәрі дәрмектерін береді. Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Өрмекшінің, бүйінің қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, олар теріден өтіп, улы бездерін еңгізе алмайды.

Алғашқы көмек: шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды.



Просмотров 5163

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!