Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Нашақорлық және оның себеп-салдары, онымен күресу жолдары



Нашақорлық-наркомания– есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.

Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)

Ең көп тарағаны шаншу немесе егуарқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қанайналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қолтамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата – аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екендеп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.

Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қанарқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.

Есірткі анда – санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ – қолдарының сіңірі оқтын – оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.

Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйкежасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз болып қалады.

Нашақорлық пен ауыратын адамдарды медициналық – әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.

- білікті медициналық – санитарлық көмекалуға;

- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;

- өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай – ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;

- медициналық – әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;

Есірткіге құмарлықты толық емдеп шығуға болады. Нашақорлықтан емделу тек шын ниет еткенде ғана нәтиже береді. Адам шын ниет етсе, кез келген ауруды да жеңуге болады. Тек мұндай мүмкіндік дерттің алғашқы кезеңінде ғана көбірек болатынын ұмытпау керек. Екіншіден, адамды орта, айналасындағылар билейді.

 

28. Лазерлі, инфрақызыл сәулеленулеріне түсінік беріңіз және олардан қорғану шаралары қандай? Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.

Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.

Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.

Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі зақымданулар ауыспалы қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін: қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.

Инфрадыбыс(лат. іnfra – төмен, астында) – жиілігі адам еститін дыбыс толқыны жиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан, т.б. пайда болады.

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.

Ал тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар деп аталады.

Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.

Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.

 

29. Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану жолдарын түсіндіріңіз. Электромагниттік радиотолқындардың адам ағзасына әсері. Физикалық сипаттамасы бойынша электромагниттік толқындардың сәулелері (ЭМС) бір-бірімен байланысқан. Электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгерісі және бір-бірімен әсері электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындылары: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц.

Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі (ӨТЖ), төмен жиіліктегі (ТЖ), жоғары жиіліктегі (ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі (УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән.

Жұмыс күні бойында ЭМА - да жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен 3МГц жиілік үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5- 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.

Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м2 (100 мкВт/см2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2) аспау керек.

Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.

Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.

Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері (басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл қызбаларындағы жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер, сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың ауаның химиялық заттармен ластануы. 

 



Просмотров 3004

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!