Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сыртқы және ішкі талаптар



БИЗНЕС-ШЕШІМДЕР МОДЕЛЬДЕУ

Пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы

 

6М080100, 6М080800, 6М080900, 6М081100 және 6М060800

мамандықтар бойынша магистрларды дайындау үшін

 

ҚазҰАУ 1-ші ұрпағы

 

1-курс

3 Модуль

 

Алматы, 2014


 

«Бизнес-шешімдерді модельдеу»пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы элективтік пәндер каталогы негізінде даярланды

 

 

Құрастырушылар: Құлмұханбет Ахметұлы Ахметов, т.ғ.к., профессор

Рафхат Ахметұлы Асаев, т.ғ.к., доцент

 

 

«Бизнес-шешімдерді модельдеу»пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Жаратылыстану пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасының отырысында талқыланды, № ... хаттама, «...» .... 2014 жыл.

 

Кафедра меңгерушісі ____________ Л.Т. Әлдібаева

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Инженерлік» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды, № ... хаттама, «...» .... 2014 жыл.

 

ОӘК төрағасы____________М.Т. Жетпейсов

 

 


МАЗМҰНЫ

1. ПӘНГЕ ҚОЙЫЛғАН ТАЛАПТАР.......................................................................................................................4

1.1. СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ТАЛАПТАР. 4

1.2. ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПӘННІҢ ОРНЫ... 5

2. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ НӘТИЖЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 6

3. ПӘННІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕРЕКТЕРІ. 8

4. ПӘННІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ... 9

4.1. ПӘННІҢ ҚҰРАМЫ... 9

4.2. ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БІРЛІГІ ЖӘНЕ МОДУЛЬДЕРДІҢ МЕНШІКТІ ЕҢБЕК ШЫҒЫНЫ... 9

4.3. ПӘН МОДУЛЬДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ... 10

1-Модуль. Егіс шаруашылығы элементтерін жобалау ..............................................................................10

2-Модуль. Егіс шаруашылығы жүйесін кешендік жобалау негізі................................................................11

3-Модуль. Агрономның зерттеушілік және жобалаушылық қызметтерін модельдеу. ..........................11

 

4.4. ЗЕРТХАНАЛЫҚ/ТӘЖІРИБЕЛІК/семинарлық сабақтар. 11

4.5. ПӘН БӨЛІМДЕРІН ӨЗБЕТІНШЕ ОҚЫП-ЗЕРДЕЛЕУ.. 12

4.5.1. Өзбетінше оқып-зерделеу үшін сұрақтар тізімі.................................................................................12

5. ОҚУ САБАҚТАР түрлерінің байланысы... 14

6. пәннің оқу- әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздығы... 15

6.1. негізгі әдебиеттер. 15

6.2. қосымша әдебиеттер. 15

6.3. оқылатын пәннің профилі бойынша жорналдар тізімі 16

6.4. сабақтарға әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар және басқа да материалдар. 16

6.5. Программалармен қамтамасыздығы.. 16

7. келтірілген құзреттіліктерді, дағдысын, меңгеруін және білімін бағалау Критерийі 16

8. пәннің Материалдық-техникалық қамтамасыздығы... 17

9. пәнді оқытуды ұйымдастыру жөнінде оқытушыға әдістемелік нұсқау.. 17


Андатпа

«Бизнес-шешімдерді модельдеу» оқу пәні мына мамандықтар бойынша: 6М080100, 6М080800, 6М080900, 6М081100 және 6М060800 оқитын магистранттардың қолданбалы мәселелерді шешуде математикалық әдістерді пайдалану жөнінде дағдыларын дамытады. Пәннің мазмұны, бүтіндей ауыл шаруашылығы өндірісінің, салаларының және агрономия мамандықтарының қызметтік өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін артыруға және магистранттарды аграрлық ғылымның жетістіктерін белсенді және мақсаттық бағытта пайдалануға қызықтыруға, аграрлық базалық және кәсіптік пәндер аймақтарында алынған кәсіптік білімдерді агробизнестің соңғы мақсатымен жүйелік байланыстыруға бағытталған. Әрекеттерді зерттеу модельдерін және әдістерін қолдану арқылы жобалау методологиясын, оның ішінде өсімдіктерді минералдармен қоректендіруді модельдеу, агрономиялық және экономикалық факторлар кешенін ескере отырып, өсімдік шаруашылығында дақылдарды оңтайлы үйлесімдіруге математикалық модельдер, сызықтық және бүтін сандық программалау есептерінің модельдерін даярлауға, сонымен қатар математикалық модельдерде агрономиялық, биологиялық және экономикалық заңдар мен заңдылықтарды кешендік өрнектеу әдіс-тәсілдерін үйрету қарастырылады.

Пән бакалавриатурада оқылған базалық, сонымен қатар «Информатика», «Математика», «Математикалық статстика» және «Агрономияда модельдеу» (әрекеттерді зерттеу пәнінің қарапайым негізімен бірге) пәндерінен алынған білімге сүйенеді. Бұл пән бойынша білімді бақылауда аралық аттестациялар өткізу арқылы рейтингтік жүйені қолдану қарастырылған. Пән бойынша үлгерімдіктің қорытынды бағасы емтиханның нәтижесінде алынған бағамен қоса, орташа өлшемді рейтинг бағасының негізінде қойылады.

Пәнге қойылған талаптар

Сыртқы және ішкі талаптар

ҚазҰАУ мынадай мамандықтар: 6М080100, 6М080800, 6М080900, 6М081100 және 6М060800 – магистранттарын дайындауда жалпы ғылымдық циклдың базалық бөлігі ауқымында «Бизнес-шешімдерді модельдеу» оқу пәнін оқып-зерделеу қарастырылған.

Аталған бағыттағы магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша осы жұмыс бағдарламада «Бизнес-шешімдерді модельдеу» пәнін оқып-зерделеу талаптары және келісімді уақыттары қарастырылады.

Магистранттарды дайындау жөнінде ҚазҰАУ жұмыс істеп жатқан оқу жоспарларына сәйкес, осы оқу пәнді оқып-зерделеу барысында төмендегідей құзреттілікқалыптасады:

– әрекеттерді зерттеу модельдерін және әдістерін қолдану арқылы жобалау методологиясын, оның ішінде өсімдіктерді минералдармен қоректендіруді модельдеу, агрономиялық және экономикалық факторлар кешенін ескере отырып, өсімдік шаруашылығында дақылдарды оңтайлы сәйкестендіруге математикалық модельдер даярлау, сызықтық және бүтін сандық программалау есептерінің модельдерін даярлау, сонымен қатар математикалық модельдерде агрономиялық, биологиялық және экономикалық заңдар мен заңдылықтарды кешендік өрнектеу әдіс-тәсілдерін меңгеру (КҚ-1);

– агробиологиялық жүйелер менеджменті сұрақтарын шешу әдіс-тәсілдерін, оның ішінде әртүрлі агротехнологиялар деңгейлері үшін түздік дақылдар өнімдерін бағдармалау әдісттерін меңгеру (КҚ-1);

– агробиологиялық нысандарды математикалық әдісттермен модельдеуді, ақпараттарды сақтау, қайта өңдеу әдістерін, тәсілдерін және жинапалу құралдарын, ақпараттарды басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгеру (КҚ-2);

– өсімдік шаруашылығында ұтымды өнім өндіру технологияларын және әдіс-тәсілдерін, өсімдіктерді қорғау жүйелерінде, дақылдар сорттарын жобалауда және модельдеуде әртүрлі методологиялық амалдарды қолдана білуге дайын болу (КҚ-2);

– кәсіптік іс-әрекеттерінде табиғиғылымдар пәндерінің негізгі заңдарын пайдалана алуға, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдана алуға, агробиологиялық жүйеде теориялық және эксперименталдық зерттеулер жүргізе алуға қабілеттілігі(КҚ-3);

– топырақтардың және өсімдіктердің үлгілерін талдауда және математикалық модельдеуде заманауй әдістерін қолдану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізе және оларды өзбетінше ұйымдастыра алу қабілеттілігі (КҚ-3).

 



Просмотров 828

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!