Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Пәнді оқытуды ұйымдастыру жөнінде оқытушыға әдістемелік нұсқау



«MS Excel-де бизнес-шешімдер қабылдау» оқу пәнінің дәрістерінде өзбетінше оқуға шығарылған сұрақтардан басқа мәселелер карастырылуға тиіс. Дәрістік сабақтардың көп уақыты магистранттарды пәнге қатысты ҚазҰАУ кітапханасының қорында бар әдебиеттерді және әдістемелік нұсқауларды қалай қолдану жөнінде, сонымен қатар оқу-әдістемелік кешенде қарастырылған басқа да мәліметтерді пайдалану тәртіптерін және өзбетінше оқып-зерделеуге шығарылған сұрақтарды меңгеру үшін оларды қалай пайдалану керектігіне бағытталады.

Арнайы даярланған слайдтармен компьютерлік презентация жасау арқылы күнтізбектік-жоспар бойынша дәрістер оқылады. Онда магистранттарға қарастырылып отырған материалдар туралы мәліметтер баяндалады және тиісті модельдермен тәжірибелік деректер бойынша есепті шығару тәсілдері компьютермен экранда көрсетіледі.

Зертханалық практикумның тапсырыстарымен және оларды орындау әдіс-тәсілдерінің әдістемелік нұсқауларымен магистранттар өзбеттерінше дайындалу жұмыстарын өткізу кезінде алдын ала танысуға міндетті. Зертханалық жұмысты орындауға кететін аудиториялық уақыт, оны қалай орындау керектігін түсіндіруге жұмсалмайды. Оқытушы зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі бойынша консультация беруге рұқсат бермейді. Зертханалық жұмыстың кейбір тұстарын түсінбеген немесе оны орындау әдістемесін білмеген жағдайда магистрант аудиториядан тыс уақытта оқытушыдан консультация беруін сұрай алады. Бірінші жолы ережені бұзған магистранттың теориялық білімі және зертханалық жұмысты орындау әдістемесін білетіндігі туралы оқытушы оны жекеше тексерістен өткізгеннен кейін барып, ол зертханалық жұмысты орындауға жіберіледі. Зертханалық жұмыстқа алдын ала дайындалмаған магистрант оны орындауға жіберілмейді. Орындалмаған зертханалық жұмыстарды магистранттар өзбеттерінше дайындық жасау уақыттарында қайтадан орындауға міндетті. Магитранттың зертханалық жұмысқа жіберілмеген факты ескеріле отырып, осы жұмыс бағдарламасының 7 п. құзретілікте келтірілген міндеттемеге сәйкес, оның дағдысы, меңгергені және білімі бағаланады.

Зертханалық жұмыс орындалу барысында, оны орындау туралы оқылған және танысқан әдістемені нақтылы зерттеу нысандарына (нақтылы деректермен) қолдануға байланысты, нақтылы сұрақтар бойынша оқытушы магистранттарға жеке-жеке конультация береді. Зертханалық жұмыс кезінде магистранттар бірін-бірі оқыту мақсаты үшін, өткізіліп отырған мәселе аумағында көзқарастарын білдіруге рұқсет етіледі және мұндай қатынастарға оқытушы тарапынан қолдау көрсетіледі. Зертханалық жұмысты орындауға жіберілмеген магистранттардың мұндай оң іс-әрекеттерге қатысуға құқығы жоқ және олармен бақылау-аттестациялау іс-шаралар өткізілуге тиіс.

Жұмысты орындау есеп беруді (отчет) дайындаумен аяқталады. Оқытушының шешімімен есеп беру (отчет) электрондық сақтаушыларда немесе принтерде басылған түрде оқытушыға тексеруге беріледі. Есеп беру талабы орындалмаған жағдай зертханалық жұмысты қайта орындауға жіберуге және тиісті бақылау-аттестациялық іс-шара бойынша бағаны кемітуге негіз болып есептеледі.

Оқытушының таңдауымен 1-ші модульдік бірлік ауқымында ауыл шаруашылығы дақылдарын минералдық қоректендіру үдерісінің математикалық модельдері нұсқаларының біреуі (бір дақыл, төрт минералдық тыңайтқыштардан кем емес және таңдап алынған бір органика) қарастырылады. Суармалы жүйе немесе қорғалған топырақты жер үшін қоректердің қоспасы моделін оқып-зерделеуге болады. Бұл кезде КҚ-1, КҚ-3 қалыптасуға біршама үлес қосылады.

2-ші модульдік бірлік ауқымында дақылдар үйлесімдігі және сорттар модельдері (көбінесе жылдық өндірістік бағдарлама моделі құрамына ауыл шаруашылығы кәсіпорынның блогы ретінде өсімдік шаруашылығы және азық өндіру енеді) қарастырылады. Ғылыми-зерттеу нәтижесінде жиналған немесе ауыл шаруашылығынан алынған басқаша материалдар арқылы модель құру ұсынылады.

Кәсіпорындарында дақылдарды бірнеше технологиялармен, кем дегенде екі технология (іс-жүзінде қолданылатын және балама) өсіріп өндіру және кем дегенде бір жаңа дақылды өсіру модель құрамында қарастырылады. Сонымен бірге дақылдар ауыспалы егіс технологиясы модельденеді. Мұндай іс-шаралар КҚ-2 қалыптасуына өз үлесін қосады.

3-ші модульдік бірлік ауқымында агрономиялық және экономикалық факторлар кешенін ескере отырып, өсімдік шаруашылығында дақылдарды оңтайлы үйлестіруге математикалық модельдер даярлау, сызықтық және бүтін сандық программалау есептерінің модельдерін даярлау, сонымен қатар математикалық модельдерде агрономиялық, биологиялық және экономикалық заңдар мен заңдылықтарды кешендік өрнектеу әдіс-тәсілдері қарастырылады. Сонымен қатар 2-ші модульдік бірлік ауқымында кәсіптік іс-әрекеттерінде табиғи-ғылымдар пәндерінің негізгі заңдарын пайдалану, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдану, агробиологиялық жүйеде теориялық және эксперименталдық зерттеулер жүргізу әдіс-тәсілдері қарастырылады. Магистранттар өзбеттерінше өз мамандықтарың салалары бойынша есептер құрастырып, басқа да модельдер құруға құқықты. Мұндай белсенділікке оқытушылар тарапынан қолдау көрсетіледі және ағымдағы бақылау бағаларында .ескеріледі. Осы модульдік бірлікті оқып-зерделеу КҚ-1 және КҚ-2 құзреттіліктерді дамытады.

4а, 4б немесе 4в модульдік бірліктердің біреуін таңдау магистранттың ғылыми және кәсіптік қызығушылығына байланысты жүргізіледі. Ереже бойынша бұл модульдік бірліктерді оқып-зерделеу барысында сандық модельдерді даярлау қарастырылмайды. Сондықтан таңдап алған модульдік бірлік бойынша магистрант модельдер даярлау жөнінде теориялық ұсыныстармен нұсқаулар туралы өзінің түсініктерін оқытушының алдында әртүрлі көрнекті деректерді компьютерде жасалған арнайы слайдтар бойынша қорғауға міндетті және қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің құзреттілігін көрсете білуі тиіс. Ең бастысы магистрант агробиологиялық жүйелер менеджменті сұрақтарын шешу әдіс-тәсілдерін, оның ішінде әртүрлі агротехнологиялар деңгейлері үшін егістік дақылдар өнімдерін бағдармалау әдістерін меңгергенін; өсімдік шаруашылығында ұтымды өнім өндіру технологияларын және әдіс-тәсілдерін, өсімдіктерді қорғау жүйелерінде, дақылдар сорттарын жобалауда және модельдеуде әртүрлі методологиялық амалдарды қолдана алатынын; топырақтық және өсімдіктік үлгілерді талдауда және математикалық модельдеуде заманауй әдістерін қолдану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізе алатынын және оларды өзбетінше ұйымдастыру қабілеттілігіне жеткенін дәлелдеуге міндетті.

4а модульдік бірлікте ауыспалы егіс технологиясын моделдеу іс-шарасын оқып-зерделеу қарастырылады да, нәтижесінде КҚ-2 құзреттілігі дамытылады. 4б модульдік бірлікте өсімдіктердің өсуін және дамуын модельдеу қарастырылады да, нәтижесінде КҚ-1 құзреттілігі қалыптасады. 4в модульдік бірлікте шет елдер әдебиеттері бойынша (шет тілінде немесе оның аудармасы) агрономиялық кәсіптік модельдері ішінен бір модельді оқып-зерделеу қарастырылады да, КҚ-2 және/немесе КҚ-3 құзреттіліктің қалыптасуына ықпал жасалады.

 

 


[1] Іс-шаралар түрі: қорғау, тестілеу, коллоквиум, басқалар



Просмотров 661

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!