Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сыртқы және ішкі талаптар. Пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы



БИЗНЕС-ШЕШІМДЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ

Пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы

6М070200, 6М070300, 6М070400, 6М071300, 6М071700, 6М071800, 6М072400, 6М073100, 6М080500, 6М080600, 6М080700, 6М090100, 6М090300, 6М0907 және 6М012000 мамандықтар бойынша магистрларды дайындау үшін

 

1 курс

3 Модуль

 

 

Алматы, 2014


 

«Бизнес-шешімдерді модельдеу»пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы Қазақ ұлттық аграрлық университеттің Ғылыми Кеңесі шешімімен бекітілген (хаттама №11, 30 маусым 2014 ж.) магистратура мульдер каталогы негізінде даярланды.

 

 

Құрастырушылар: Құлмұханбет Ахметұлы Ахметов, т.ғ.к., профессор

Рафхат Ахметұлы Асаев, т.ғ.к., доцент

 

 

«Бизнес-шешімдерді модельдеупәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Жаратылыстану пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасының отырысында талқыланды, № 1 хаттама, 28 тамыз 2014 жыл.

 

Кафедра меңгерушісі ____________ Л.Т. Әлдібаева

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Инженерлік» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды, №1 хаттама, 2 қыркүйек 2004 жыл.

 

ОӘК төрағасы____________М.Т. Жетпейсов

 

 


МАЗМҰНЫ

1. ПӘНГЕ ҚОЙЫЛғАН ТАЛАПТАР.......................................................................................................................4

1.1. СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ТАЛАПТАР. 4

1.2. ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПӘННІҢ ОРНЫ... 5

2. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ НӘТИЖЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 6

3. ПӘННІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕРЕКТЕРІ. 7

4. ПӘННІҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ... 8

4.1. ПӘННІҢ ҚҰРАМЫ... 8

4.2. ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БІРЛІГІ ЖӘНЕ МОДУЛЬДЕРДІҢ МЕНШІКТІ ЕҢБЕК ШЫҒЫНЫ... 9

4.3. ПӘН МОДУЛЬДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ... 9

1-Модуль. Технологиялық үдерістерді оңтайлау .......... ..............................................................................9

2-Модуль. Агроинженерлік жүйені кешендік жобалау негізі.......................................................................10

3-Модуль. Аграрлық инженердің зерттеушілік және жобалаушылық қызметтерін модельдеу. ..........10

 

4.4. ЗЕРТХАНАЛЫҚ/ТӘЖІРИБЕЛІК/семинарлық сабақтар. 11

4.5. ПӘН БӨЛІМДЕРІН ӨЗБЕТІНШЕ ОҚЫП-ЗЕРДЕЛЕУ.. 12

4.5.1. Өзбетінше оқып-зерделеу үшін сұрақтар тізімі.................................................................................12

5. ОҚУ САБАҚТАР түрлерінің байланысы... 14

6. пәннің оқу- әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздығы... 15

6.1. негізгі әдебиеттер. 15

6.2. қосымша әдебиеттер. 15

6.3. оқылатын пәннің профилі бойынша жорналдар тізімі 16

6.4. сабақтарға әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар және басқа да материалдар. 16

6.5. Программалармен қамтамасыздығы.. 16

7. келтірілген құзреттіліктерді, дағдысын, меңгеруін және білімін бағалау Критерийі 16

8. пәннің Материалдық-техникалық қамтамасыздығы... 17

9. пәнді оқытуды ұйымдастыру жөнінде оқытушыға әдістемелік нұсқау.. 18


Андатпа

«Бизнес-шешімдерді модельдеу» оқу пәні мына мамандықтар бойынша: 6М070200, 6М070300, 6М070400, 6М071300, 6М071700, 6М071800, 6М072400, 6М073100, 6М080500, 6М080600, 6М080700, 6М090100, 6М090300, 6М0907 және 6М012000 оқитын магистранттардың тәжірибеде қолданбалы математикалық әдістерді пайдалану жөнінде дағдыларын дамытады. Пәннің мазмұны, бүтіндей ауыл шаруашылығы өндірісінің, салаларының және агроинженерия мамандықтарының іс-әрекеттерінің бәсекелестікке қабілеттілігін артыруға және магистранттарды аграрлық ғылымның жетістіктерін белсенді және мақсаттық бағытта пайдалануға қызықтыруға, аграрлық базалық және кәсіптік пәндер аймақтарында алынған кәсіптік білімдерді агробизнестің соңғы мақсатымен жүйелік байланыстыруға бағытталған. Әрекеттерді зерттеу модельдерін және әдістерін қолдану арқылы жобалау методологиясын, оның ішінде агроинженерлік және экономикалық факторлар кешенін ескере отырып, ауыл шаруашылығы әртүрлі технологияларының математикалық модельдерін, сондай-ақ сызықтық және бүтін сандық программалау есептерінің модельдерін даярлауға, сонымен қатар математикалық модельдерде агроинженерлік және экономикалық заңдар мен заңдылықтарды кешендік өрнектеу әдіс-тәсілдерін үйрету қарастырылады.

Пән бакалавриатурада оқылған базалық, сонымен қатар «Информатика», «Математика», «Математикалық статстика» және «Агроинженерияда модельдеу» (әрекеттерді зерттеу пәнінің қарапайым негізімен бірге) пәндерінен алынған білімге сүйенеді. Бұл пән бойынша білімді бақылауда аралық аттестациялар өткізу арқылы рейтингтік жүйені қолдану қарастырылған. Пән бойынша үлгерімдіктің қорытынды бағасы емтиханның нәтижесінде алынған бағамен қоса, орташа өлшемді рейтинг бағасының негізінде қойылады.

Пәнге қойылған талаптар

Сыртқы және ішкі талаптар

ҚазҰАУ мынадай мамандықтар: 6М070200, 6М070300, 6М070400, 6М071300, 6М071700, 6М071800, 6М072400, 6М073100, 6М080500, 6М080600, 6М080700, 6М090100, 6М090300, 6М0907 және 6М012000 – магистранттарын дайындауда жалпы ғылымдық циклдың базалық бөлігі ауқымында «Бизнес-шешімдерді модельдеу» оқу пәнін оқып-зерделеу қарастырылған.

Аталған бағыттағы магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша осы жұмыс бағдарламада «Бизнес-шешімдер модельдеу» пәнін оқып-зерделеу талаптары және келісімді уақыттары келтіріледі.

Магистранттарды дайындау жөнінде ҚазҰАУ жұмыс істеп жатқан оқу жоспарларына сәйкес, осы оқу пәнді оқып-зерделеу барысында төмендегідей құзреттілікқалыптасады:

– әрекеттерді зерттеу модельдерін және әдістерін қолдану арқылы жобалау методологиясын, оның ішінде инженерлік және экономикалық факторлар арқылы агроқұрлымдардың параметрлерін оңтайластыру, сондай-ақ сызықтық, сызықтық емес, көліктік типтес және бүтін сандық программалау есептерінің модельдерін даярлау, сонымен қатар аграрлық жүйенің математикалық модельдерінде инженерлік және экономикалық заңдар мен заңдылықтарды кешендік өрнектеу әдіс-тәсілдерін, аграрлық өндірісті модельдеу әдістерін меңгеру(КҚ-1 және КҚ-3);

– аграрлық жүйелерді жобалау методологиясын, математикалық әдісттермен модельдеу, ақпараттарды сақтау, қайта өңдеу әдістерін, тәсілдерін және жинапалу құралдарын, ақпараттарды басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгеру (КҚ-2);

– ақпараттық технологиялар ортасында агроинженерлік және экономикалық көрсеткіштерді жобалауда және модельдеуде әртүрлі методологиялық амалдарды қолдана білуге дайын болу (КҚ-2);

– аграрлық жүйе менеджменті сұрақтарын шешуге, оның ішінде жүйелік тұрғыда базаланған теория және шешім қабылдау әдістерімен жаңа жұмыс құралы – компьютерде жаңа басқару методологиясын қолдана алуға құзретілігі (КҚ-3);

– кәсіптік іс-әрекеттерінде табиғи-ғылымдар пәндерінің негізгі заңдарын пайдалануға, математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдануға, агроинженерлік жүйеде теориялық және эксперименталдық зерттеулер жүргізеге қабілеттілігі(КҚ-1 және КҚ-3);

– агроинженерлік нәтижелік көрсеткіштерді талдауда және математикалық модельдеуде заманауй әдістерін қолдану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізе және оларды өзбетінше ұйымдастыра алу қабілеттілігі(КҚ-3).

 



Просмотров 631

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!