Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ЫНСАП, ӘДІЛЕТ, МЕЙІРІМ... НЕМЕСЕ ШӘКӘРІМНІҢ «Үш анығы» туралы



ЖАДЫНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Сталиндік репрессия көп ұлтты Отанымыздың тарихындағы қаралы кезең. Қаралы кезеңнің өлім тұзағы жа-зықсыз жандарды қыршыннан киды деп кана қойсақ, онда сөзіміз түгел болмайды. Репрессияға ұшыраған жазықсыз пенделер ғана емес, халыктын акыл-ойы мен арман-мұратынының көш басылары еді. Репрессияға тұтас көзкарастар, концепциялар, ғылыми мәнді жаңалыктар ұшырады. Ең сұмдығы — тұтас халыктар айып қамытын мойнына іліп, репрессияланды. Айтары бар ма!..

Шүкір, «орнында бар оңалар» деген ғой. Уақыттың алтын күрек желі оңынан тұрып, әлеуметтік өміріміз ғана емес, санамыз да жаңғыра бастады. Қоғам өміріндегі «Қайта құру!» деп аталып жүрген тегеурінді сілкініс өткенге мойын бұруға, шындыктың жүзіне тура карауға, болашаққа сеніммен кадам басуға дес беріп отыр.

Жадыны жаңғырту» айдарымен сонғы екі-үш ұрпақ көзінен таса болып келе жатқан материалдар беріліп отыр. Шын асылды тот баспайтыны сияқты, асыл ой мен арқалы өнерді де уақыт тоздыра алмайды. Оған қоса, Ахмет Байтұрсынов айтқан ғой: «Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы». Яғни, өткеннің асылын кұрметтей білсең ғана болашақтың ілтифатына ілігесің деп тұрған жоқ па!

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов суреттерін салған СССР Суретшілер одағының мүшесі Егор Гилев.

ЫНСАП, ӘДІЛЕТ, МЕЙІРІМ... НЕМЕСЕ ШӘКӘРІМНІҢ «Үш анығы» туралы

Шәкәрімнің творчестволық рухани жағынан калыптасу жолы дала қазағынын арнайы оқу орнында оқып, даярланбаған қалпын танытады. Бірақ не болса да өзі түртініп араб, парсы, шағатай, орыс тілін үйреніп, сол тілдерде жазылған рухани қазына көздерін тереңдей меңгеріп, шыншылдықпен ой корытқан дала ойшылын көреміз.

Шәкәрімшң ойшылдық, ақындық кітапханасының көлемі мейлінше кең әрі жан-жақты боп келеді. Бір жақсысы олардың бәрі де өз шығармаларында аталып, нақтылы дерек, мағлұмат сілтеме түрінде беріліп отыратыны бар. Бір жағынан мұнысынан әсіресе Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайын танып білуде таптырмайтын бірегей деректеме көзіне де айналып отыр.

Шәкәрім өлеңдеріндегі ойшылдық, философиялык, пікір танымдар көбінесе оның бүгінге дейін басылым көрмеген «Үш анық» деп аталып келген ел арасында таралған қолжазба көшірмелерінде жатыр. Шәкәрімнің бүкіл рухани болмысындағы ақындық өнер мен ойшылдық танымы өзіндік сыры мол, айтылар пікірінін астарлы қабаттары оқырман атаулыға алдын ала даярлықсыз ашыла бермейтін сыр бүгіп жатқан ерекшелігі де бар. «Үш аныктағы» таратылатын басты ойдың өзекті желісі де — Абай мұрасындағы мораль философиясына орай кеңінен таратылатын жанқұмары мәселесімен тікелей байланыста жатқан құбылыспен астасатындықтан, Абай шығармаларындағы осы мәселенің не екенін жіті танып білген кісі ғана Шәкәрім ойына еркін бойлай алмақ. Мұның себебі «...Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып мен адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім»,— деп Шәкәрімнің өзі Абайдағы мораль философиясына ерте қадам басқанын атап көрсетуінде үлкен мән-мағына жатыр деп білмек керек.

Шәкәрім «Үш анығын» жазу жолында айтарлықтай алдын ала зор даярлықтан өткен. Шығыс пен Батыстың рухани қазына-көздеріне бас қойғанда, ондағы идеалистік, материалистік бағыттағы еңбектермен таныстығы мол болғаң себепті:

Пәнші дейді: — Қайда тәңірі?

Дінші дейді: — Менде түр...

Пәнші (ғалым М. М.) нанды бес сезімге,

Дінші (теолог М. М.) адасты жолынан,—

деген сыншыл ой қорытындысы ретінде берілген дүниетаным көп нәрсенің астарлы сырын да аңғартады емес пе? Осы арқылы Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы дүниетаным бірінші, екінші анық деп көрсетеді де:

Іздедім, таптым анығын,

Тастадым ескі танығын,—

деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты үсынады. Ол — үшінші анығын Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып үштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. Мұнысы, Шәкерімнің үзақ жылдарға созылған ғылыми-творчестволық ізденіс үстінде келіп туған ой қорытындысы ретінде берілетін негізгі ой тизисі:

Енбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, кайнар өмір

Ар ілімі оқылса,—

деп тұжырымдалған танымында жатыр. Яғни, Шәкәрімнің «Үш анықтағы» мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтаң, өмір бойы осы жолда ізденген. Осы ар ілімі саласында тікелей немесе жанама түрде жазылған Батыс, Шығыс тілдерінде жазылған енбектердегі мораль фи-лософиясы жайлы ойлар тарихын сыншыл көзбен екшей келіп тапқаны:

Отыз жылдай жиғаным,

Сау ақыл — менің иманым.

Аламын соған сыйғанын,—

деп өзіндік жан сырын Абайдағы нұрлы ақыл ұғымымен сабактастыра карайтыны бар. Яғни, Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын философиялық трактатын жазуға даярлыкты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған-тергенін өз ой көрігінен өткізіп, қорытындыны 1928 жылы аяқтағанын көреміз.

Қалың оқырман қауымға алғаш рет ұсынып отырган Шәкәрімнің «Үш анығында» сөз болатын басты мәселе ар ілімінің негізі боп табылатын нәрсе «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім — үшеуі қосылып ұждан деген шығады. Мұны орысша совесть деп атайды... бұған нана алмаған адамның журегін еш бір ғылым, өнер, еш бір заң тазарта алмайды... ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды»,— деп тебірене терең ой толғауы бүгінде кайта кұру заманында халқымыздың алға койып отырған рухани жағынан жаңару талабына да үндес келіп жатыр емес пе? Бұлай дейтін себебіміз кеше ғана орыс халқының айтулы ғалымы академик Лихачев адамгершілік тәрбиеге шешуші мән бермейінше, ендігі жерде коғамның өмір сүруі екі талай деп үзілді-кесілді пікір түюіне Шэкәрім мұрасы да үндес шығады деп білеміз.

Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымының докторы.

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

ҮШ АНЫҚ

Адам хақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс — ұждан. Ұ ж д а н — дегеніміз ынсап, әділет, мейірім.

СӨЗБАСЫ

Кетті, келді,

Толды, семді,

Згеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Ршіп енді қайтадан.

Дөңгеленткен,

Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?

Жан деген не,

Мүлде өле ме,

Шын жоғалып сөне ме?

Дене жөн деп,

Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме?

Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп өнуіне қам қылады. Мұны — «барлық таласы» дейді. Бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қай бірі өзі үшін, кай бірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады.

Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет-өлгеннен сонғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу - ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана дүние қамын қылу үшін, олай болса бүл екеуін қалай тексереміз. Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты - өзінің тұтқан діні, оқыған - ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзінің мынау жөн дегенін халық алдына салғаны жөн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.

Бұл екі жолдың түбі қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм әлемдегі барша нәрселердің қайдан бар болғанын, мұны кім жаратқан деген ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам жаңа бір нәрсені көрсе мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп, әр кім түрлі ой жүргізген. Тіпті, ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірісі бар деп сурет жасап табынған. Онымен де тұрмай адам қолынан келмейтін істерді істеген алдамшы жәдігөй, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің орнын басады деп сондайларға да табынған. Сүйтіп соқыр кісіше сандалып жүргенде пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы өмірде қылған ісіңе қарай ол өмірде де өлшеусіз бақ, қиын азап бар мұны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі адамның бір қатары бұған нанып ерсе де, бір қатары нана алмай бұрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған.

Енді біліп жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың түбінде осы барлық, әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт нәрсе деп білген. Онысы — от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер ол төрт нәрсенің әр біреуі әлденеше негізден жаралғанын таба - таба жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында тіпті бөлуге келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын Европаша атом, деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Біздің қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сүйтіп барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бірі - бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан.

Мұны алғашқы тапқан; Ион – грек - жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса алғашқы тапқан Финикияның Садда деген қаласынан шыққан Мocкo деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур уа Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды.

Араб жұртының патшалығы зорайып әр елдерді қол астына қаратқан Аббас патша болған кезде ион - гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде осы атом туралы сездерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: Барлық әлем басынан бар ма еді? Соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Европаның. Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокрит - терден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Европа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бірін-бірі тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы.

17 жүз жылдарда адманың үзіліп жерге түскенінен ойлап тапқан. Бұл біліп жаратқан ие жоқ дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әр қайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат.

Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап әр қайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Европаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аййе» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда атомдарда бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір Нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлық әлемнің тұп негізі нұр болғаны дейді.

Нұр — ж а р ы қ. Нұр күннен, не оттан шықса да жан жағының бәріне күлтеленіп шығады. Нұр бір секундта үш жүз шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 минут, 17 секундта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета жұлдыздың нұры жерге үш жүз жылда жететіні бар. Тіпті, алыстарының нұры жерге мың жылда азар жететіні бар. Нұрдың жүрісін білімділер оысша Юпитер, мұсылманша Муштари деген. — Планеттің Пик деген төрт жолдасы юпитерді айналғанда, көлеңке жағынан шыққаннан өлшеп тапқан. Ол юпитер күнді айналғанда он екі жылға жақын мезгілде бір айналып шығады. Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсұтым мынау: нұр да өздігінен бар болмай бір нәрседен шығатыны, о да қозғалып жүретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ұшы-қиыры жоқ көп зорлығы білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есеп өлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім.

Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген жол әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19—жүз жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне көбірек жайылды. Олардың дәлелдерінің күштірек деген-дерін айталық:

1-дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом. Әр нәрсені өсіп-өндіретін сол дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді. Әр планета, жер, күн, ай болсын басында газ, түтін, жалын болып, көп заманнан соң, салқындап қатты дене балып, осы бір қалыбында қалмайды. Бірталайдан соң біріне-бірі соқтығу сияқты бір себептермен қайта газ болып, онан сұйық, онан тағы қатты дене болып сол үш түрге түседі де жүреді. Қайта қатты дене болған кезде бұрынғысынан жер де, басқалар да не үлкен, не кіші дегендей басқа түрде болуы мүмкін. Және ол қайта жаратылыста жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Бірақ өлген соң бізден сезім кетіп, ол өзгерістен еш нәрсе сезбейміз. Ол қайта жаралыста біздің білім, шаруа, байлық, дене сияқтылармыз мұнан тіпті басқа түрде болады. Және барлық әлем біржола газ болмай, бір жағы газ болып жатқанда, бір жақтағылары қатайып, қайта жаралып жатса керек.

Мұның бәрін өзгертіп өзінен не шығып, не болып жатқанын сезбейді дейді.

2-дәлел: жаратылысы жолы. Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған — жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз, ол жаратылыс жолы осы жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес. Осыдан бөлінбейтін заң барлықтың бәрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр. Ол заң өсіп-өнуге, жоғарылауға ұмтылып ең жақсыны сайлап алады. Сондықтан бүтін әлемдегі планета, жұлдыздардың жаралысы жүрісі адам, хайуан, өсімдіктердегі һәм басқа нәрселердің дене бітімі, жаралысы, реттері толық жарасымды мақсұтты жолмен жаратылған дейді. Бұл — философ Литерие сөзі.

3-дәлел: тұқымдастық жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар - бәрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан су хайуандары, өсімдіктері құрғаққа шыққан. Жер жүзіндегі өсетіндердің, жандылардың бәрі басында су хайуаны. Неге десең, қырда не түрлі жандылар болса, теңізде де соған ұқсатар бар. Теңізде жылан, ит сияқтылар болғанымен тұрмай, құс сияқтылар да болған. Сондықтан бұларды бөлек-бөлек жаратқан ие жоқ дейді (Маииенің сөзі).

4-дәлел: дене сезімі. Біз эр нәрсені денедегі сөзімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз бар болып жатқанын көріп біліп тұрмыз. Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. — Бюхнер сөзі.

5-дәлел: әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бүл әр нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі. Жоғарыда айтып едік, бұл біліп жаратушы ие жоқ деген жол XIX ғасырдың аяқ шеніне шейін Европа ішінде көбірек жайылды. Онан кейін бұл жол нашарланқырады. Оның себебі, магнитизм, спертизм, телепатия дегендер шыққандығы болды. Оның мәнісі мынау: магнитизм бір адамның жанының қуатымен әсер беріп, еріксіз ұйықтатып, сонан өткен бір істі немесе келесіде болатын бір істі сұрап ғайыптан хабар айтқызады һәм басқа істерді істетеді. Спертизм өлгендердің жанын шақырып келтіріп ғайыптан хабар айтқызады. Кейде қағазға да жазғызады.

Телепатия тіпті алыстағы тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып, соған ұнағанын істете алады. Осындай адам таңқаларлық бұрын сыры білінбеген метафизика жаралысы жолымен жоғары қуат барлығы анықталған соң, бұрынғы дене сезіміне ғана нанып, онымен білінбеген нәрсені ғана жоқ деп жүргендердің ойын шатастырып басқа ойға түсіреді.

Жан, рух. Жан деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді. Сүйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айталық: сөзі мынау — дененің арасы сөзімнің орта тұрағы, центрі мида, рл тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамыр-сіңірлерге тұтастыратын бір жалғастық (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан бар болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін керіп біліп тұрмыз.

Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар, уақыттар өту себепті, біржола езге дене болып ауысады. Адамның әр түрлі сезімі істі істеуі сол мидың өзіне ғана біткен сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң, дененің құраулары шашылып, бытырап басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сүйтіп әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не дене жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, өмірім деп жүргені сол миға біткен сезу әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңаны сезуі ғана. Өзге бөлек ешнәрсе емес. Ол өзгеріп тұрған дене бұрынғы дененің өзі емес, құры ұқсаған болады. Сондықтан, адам оны өзім деп біледі дейді.

Енді жан туралы ой жүргізген білімділердің сөзін айталық: Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған "бір"қуат дейді. Уиршо - тіршілік механика дене машинелерінің 10 түрінен бір түр дейді. Доиуаримон: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай қиын бір сырлармен байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге көп қиын сырларына қарағанда түпсіз, өлшеусіз; бостықтағы кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: — жан атом дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ, суретте және жан қасиеттері заман, уақыт астына кірмейді. Бұл — ақылдың өзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға келмейді.

Бұлайша болып жан жаралысынан денеден шыққан соң, денедегісінен қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бірі - біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан жатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді, Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жіберді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жаралған болса да, бірігіп тұрғанда үстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, бір нәрсені ойлап сүрендеген ой денеге әсер береді дейді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-біріне, тіпті басқа түрмен болса да, жаратушы ол екеуін бірі - біріне әсер беретін қозғалыстан болғызған жанға денесімен әсер беріп, денені жан әсерімен қозғалыс қылғызған дейді Олер.

Жан мен дененің бір-бірімен әсер беруі қайтарыс жолымен дейді, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс). Жан мен дене арасында орта себеп балатын бір нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ болатындықтан екеуін қосып жарастырып тұрған сол дейді (Ж. Дольн). Бұл туралы былай айтады: жан бөлінуді қабыл алмайды. Және денемен бір жола бірігіп те қалмайды. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр, сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн).

Ж. Дольн және айтады: бүл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) үстінен қарайтын Доруцатстың магнитизм жолымен бір адамды ұйықтатып, соның денесі өлімге ұқсас бір халге түскенде, жаны бұрынғы денеден шығып, сол адам қасында бір түрде болып отырғанын көргендіктен анықтап білдік дейді. Сондықтан, жанның түпкі негізі білінбегенмен, сол сәуле сияқты дене өлген соң да, сол жанның өз алдына біреу болып жүруіне жәрдемші екенін білдік дейді.

Және бір дәлелдері: 19-жүз жылдар ішінде болған франция адамы Алланкардың айтуы солай дейді. Бүл жан шақырып алатын спирит еді. Оның айтуынша, жандар өз дүниелерінде біз сияқты барлар әр қайсымыз тірі күнімізде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене — ортақ дене, екеуі де жансыз еш нәрсе сезбейді. Ортақ дене тірі күнде денеде болса, өлгенде жанмен бірігіп кетіп біржола бар болады дейді.

Жаралыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (физика) нәрселер туралы Европа білімділерінің сөздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш ғалымдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің тіпті азғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге Қараганда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынына еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаралыстың заңдарын ойласам, ұғындыруға шамам келмей таң қаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек боп көп кемшіліктің ұғымсыз жаратылыс жұмбағына қарағанда, бос сөз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді.

Гербрит Спансер күн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең соншалық ашық (форма) нұсқада адамнан үстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф.Фонтель «Білім айналасьшда»*. деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның құдіретінің өлшеусіз зорлығымен біздің ақыл сезімімізді таңғалдыруда деген. Руссо деген атақты поэт (ақын) айтқанмен, басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да, толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барлығына ақылымен әбден нанбай тұрып адам толық тазалыққа жете алмайды деген зор философ Биренжине. Дін мәселесі шешілу үміті таялды деген Жан-Жак Руссо, Ломерти, Лемне, Мешель, Кдллие сияқты неше жүз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниені жаңа бір дін қаптаса керек деген.

Жоғарыда аталған Фонтель айтқан: адамдар жаратылыстың негізгі сырын білуге соншалық нашар. Білмегеніне қарағанда, білгені жоққа есеп. Сүйтіп тұрып себебін, мәнісін таба алмай нәрсені біржола жоқ деп таласады. Мұның сезімі дене сезіміне ғана нанып, басқаға нанбай терең ойлағандықтан жалғыз дене сезіміне ғана нанып тұрса көп шатақ ойлар? Даулар болмас енді деп жаралыс жолымен қуып, сыры табылмайтын (метафизика) істі ойлауға бөгет болуды да ойласқан. Мәселен 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст_Конт позитивизм шын анық деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, езге сөзімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген. Бірақ адамда жаралыс жолының жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе •табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды. Осы кезде Европа әлде жүз ғалымдар магнетизм, спертизм, телепатия сияқты ғылымдарды құрал қылып күні-түні жан мәселесін тексеруде.

Сыры жасырын нәрселермен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камль, Фдаммарион айтқандайын, біз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондык-гректің Пифагор деген білімдісі, тіпті, кішкентай жердің айналасында өзге зор планеталар айналғаннан гөрі жер һәм өзге планеталар күннің айналасында айналғаны ақылға сыйымды Аспанның механика заңына да жөн дегенде сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жүйрік Птоломей, Гиппарх күлкі қылмас еді. Сократ жаратушы ие бар деймін леп не кермеді. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегені үшін не көргенін білесіздер. Ауа (воздух) кислород-азот деген екі газдер қосылғаннын тапқан Лауазьеға онысын теріс көріп, химия ғылымына жүйрік, академия члені Боуме протес қылғанына дым көп.

Архимед Ғайсадан 287 жыл бұрын болған (грек-ион) көп уақыт өткен де жоқ. Сондай жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында күлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель. Осы күнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығын 1738 жылы туып 1815 жылы өлген Месмер деген Германияның докторы хайуан магниті деген нәрсені тауып, сонымен ауруларды емдеген. Оны бүкіл Европа білімділері тексеріп бір қуаттың барлығын мойындаған. Месмер өзі доктор көп ғылымды адам, бірақ емдеуді ғылым жолымен емес, бір шелек суды өзінің бір түрлі жолымен магниттейді де, сол суға кейі қолын, кейі аяғын сұғып, кейі құйынып жазылады. Суды магниттегенде сиқыршы жәдігөйлер сияқты ақылға қонымсыз., Алатау жақтағы қарақұрт шаққанды емдейтін тарамшы дейтіндер сияқты-ау деймін.

Францияда оны тексеруші комиссия шығып, хайуан Магниті түбі білімсіз болса да, әсер беретіні рас екен деп жар салған. Бұл хайуан магнитінің түбі білімсіз болғаны сияқты электрияның да түбі білімсіз. Бірақ, электрияның не нәрседен шығатыны менен неғылып іске жарайтыны табылғандықтан, ғылым еріксіз алып отыр. Сымсыз телеграмм шықпай тұрғанда жаралыс жолымен іс қуғандар оны мүмкін дер ме еді? Соған қарағанда магнитизм, спертизм, телепатиялар да бүгін түп себебі табылмай тұрған қуат екенін мойындау керек дейді. Білімділер бұл гипнотизм, спиритизм, телепатиялармен ауыр нәрсе жеңілденеді, жеңіл нәрсе ауырланады, тірі адамды ұйықтатып, жанын әлденеше жүз шақырымдарға жіберіп ғайыптан хабар алады. Өткенді, келесіні сөйлетеді. Өлген адамның жанын шақырып алып сөйлеседі, жазғызады. Сондықтан олар жанның барлығы, тіпті жоғалмайтындығы анықталды дейді. Мұның бір қатар шартын тапса әр кім өзі сынап білуге мүмкін. Жоғарыда аталған Месмер мен Калиостро деген адам Европа білімділерін таңқалдырған. Калиостроның қылған ісі 18 жүз жылдар Францияның наследнигі (орынбасары) болып, онан кейін король патша болған, аяғында еліне зұлымдық қылғандықтан өлтірілген ХҮІ Людовик деген болған.

Соның наследник күнінде соған тиіп неке қиғызамын деп Францияның патшасы тұратын Париж деген қалаға бара жатқан Мари Антуанетта деген қыз жолда Францияның бір ақсүйегінің үйіне түскен. Сол үйде Калиостроға кез келген соң, оның ғайыптан айтатынын естіген соң Мари Антуанетта Калиостроға бал ашқызып беріңіз, менің осы некемнің арты не болар екен, деген. Калиостро бал ашпаймын десе де қыз болмаған соң, бір шелек судың айналасында әр түрлі істер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, қызға осы судың түбіне қара, өміріңді сонда көресің деген. Қыз суға біраз қарады да, ойбай деп талып қалды. Есін жиған соң қыз да, Калиостро да еш нәрсе демей жөніне кете береді.

Қыздың талған себебі, сол судың түбінде көп адам жиылған. Ортасында өзі. Өмірінде көрмеген бас кесетін машинаға жазалы адамдарды әкеліп, бас кесіп жатқандарды көрген. Аяғында Маридің өзін де сол машинаға әкеліп бір тесігіне басын сұққанда, машинаның жоғары жағынан бір балта сияқты нәрсе Маридің басын қиып бір шылапшында домаланғанын көріп, сонан шошып қалған. Мұның бір таңырқарлық, жері – ол кезде бас кесетін гилотын деген машина жер жүзінде жасалған жоқтығын.

Онан соң Мари наследникпен некеленген. Бірталай уақыттан соң, үкімет басты қинамай тез кесетін айла іздеп жүргенде, профессор гилотын деген бір бас кесетін машина тауып, соның суретін салып, қалай істейтін жайын жазып абақты бастығына берген. Ол апарып корольға көрсеткен, Мари корольдың касында болғандықтан, әлгі машина суреті баяғы суда көрген машинаның дәл өзі болғандықтан, Мари ойбай деп талған. Есін жиған соң, король неге тандың дегенде, баяғы көргенін айтқан. Онан бірталайдан соң, аяғында Маридің де, корольдың де басы сол гило дегенде кесілген.

Калиострдың шын аты Жузе Бальсамо. Жандардың насихатымен атын Калиостро деп өзгерткен, заты италян. Жоғарыда жан туралы аты аталған Аланкардтың шын аты Рауэль. Ұждан насихатымен өзгертілген, заты француз. Осы француз спириттерінің жолы сол Аланкардтың жазып қалдырған кітабының жолы. Бірақ оны француздар ғана ұстайды.

Англия спириттері оны теріс дейді. Брахман дініне ұқсас, мәселен, өлген жаны бір хайуанға кіріп, сонан және біреуге кіре-кіре әбден тазарады. Мұны жандар солай айтты дейді. Англия спириттері жан басқа хайуанға кірмейді, кей жандардың сөзін материализмге (жаралыс жолы дене жолына) ұқсайды. Кейінгі басқа жолға ыңғай болады. Мұндай бірі-біріне шатақ жан сөздеріне Аланкар себеп көрсетеді. Мәселен, адамдармен хабарласатын, кебінесе төмен дәрежелі жандар болады. Сондықтан, олардан шатақ сөз береді. Кейбір сөздер надандар сөзі сияқты болатыны сонан. Бұл Аланкардтың «Лажаз» деген кітабына сперт жайын, әсіресе жан жайын әңгіме сияқтандырып мысалдап әдемі суреттейді. Мұның қылған істері көп. Оның бәрін жазбай-ақ спириттердің сырын табамыз деп ізіне түскен білімділердің бір сөзін айтайын. Морс Лошатый деген «Білім лұғат» деген кітабында айтады, сперт туралы ойлаған ойлар бұрынғы ойлаған ойды өзгертіп, жоғарырақ ойланғандарды таңқалдырар. Бұл спиритизмнің тамам ғылымды жұрттың арасында кетуі кешікпей-ақ мұны анықтап жарыққа шығарушы Аланкардтықты 19-жүз жылдықтың ең зор ғылым өнер шығарушысы дегізер дейді.

Магнитизм, спиритизмді жөдігөйлік, мұның сырын ашып һәм масқара қылайық деп Европа білімділері ізіне түссе де, көзі жеткен соң бір қуаттың барлығын еріксіз мойындады. Кейбіреуі өзі істеп керіп анықтайды. Бірақ түп себебін тапқан әзір ешкім жоқ. Сол ізерлегін білімділердің сөзін айтайын. Ожен Воннер айтады: мен басында спиритизмге күліп едім, енді оным ақымақтық екенін білдім дейді. «Равель» газетінің ғылым туралы жазушысы Виктор Моние айтқан: бүл спиритизм физиктердің (дене) жаралыс жолын қуғандардың құлаған ойларының үстіне балта кермеген орман ағашы жоғарылауда деген. Сол газеттің бас жазушысы Август Багери айтқан: алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында анықтығына он төрт мың адам нанып қол қойған спиритизмге өзім тәжірибе қылып, сынап еріксіз нандым деген. Оның «Миед Дели Стуар» деген кітабы бар. Сонда белгілі спирит Дожерден деген әйелдің істері туралы сөйлейді. 1896 жылы Нансы дәрігерлік факультетінің профессоры Врангайер магнитизм жолымен ұйықтатып емдеуге бола ма екен деп бір адамды ұйықтатып сынағанын айтады. С... ұйықтатып оянғанда (оған) артындағы столдегі қасықты қалтаңа тық, мені кермедім де дейді. Ол оянғанда алдындағы күміс сағатын алып, жоқ бұл ұрлық болады, бұл жарамайды деп қайта қойды дейді. Ұғындыруым нашар болғанын біліп, бір күні тағы артындағы күміс қасықты ұрламасқа лажың жоқ, қалтаңа тық мен көрмедім. Ол оянғанда артындағы столға қарап қасықты алды да не болса да лажым жоқ деп қасықты қалтасына тықты. Мені көрмедім деді.

1843 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетінің 14 июньде шыққан номерінде Гарте Догасиен қол қойған «ұйқыда кезу» деген мақалада айтады: Валер Обал көшесінде 243 нөмірлі үйде доктор Коканның ауру қарайтын бөлмесінде гипнотизм жолымен қатты ұйықтатқанды көрдік дейді. Лапотин деген гипнотизер 22 жасында бір әйелдің шіріген тісін докторға алдыру үшін ұйықтатып, денең түк нәрсені сезе ме деп сұрағанда, сезбейді деп жауап берген соң, әйелдердің қалпақ шәлі бекітетін инелерін әлгі әйелдің бетіне, білегіне, тіліне ине сүқса да түк сезбеді. Доктор әдейі ауыртпақ болып, тісінің етін қандауырмен тіліп, тісін суырғанда қаны бұрқыраса да әйел түк білмей, оянған соңда түк ауырмағанын айтты. Сонда жиырма шақты кісі тұрдық дейді.

Мұнан отыз жылдай бұрын Үнді-қытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау үшін, жан шақырып сөйлесіп отырғанда, бұрын өлген жолдастарының жаны келіп, мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны төлеп алмай өліп едім. Сол маған қиын болып жүр. Сіздер мархабат қылып капитанға сол ақшаны төлеңіздер деген. Капитаннан сұраса ұмытып қалыппын деген. Аналар жалынып сол жылғы книгасын қараса, дәл шыққан.

Марсели яда осындай бір сынау жасап отырғанда, бір жан кеп көршілеріңізде қант саудагерін шақырыңыз, соған айтатын бір сөзім бар десе, саудагер мұндайға нанбай жәдігөйлік дейтіндігінен келмейді. Жан: келсін, қызыл теңізге жіберген кемесі жайында айтамын деген соң, са-удагерді жалынып-жалпайып алып келгенде, қане жәдігөй маған не айтасың деді. Жан айтыпты; мені қаралағанда не табасың, сорлы, сен сәрсенбі күні Қызыл теңізге бір кеме жібердің, сонша кант, сонша қызыметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше, кеме он екі сағаттан соң толқынға ұшырап токтап, оны-мұнысын түзетіп және жүрді. Ион жиегіне шейін жақсы барса да, Метабан тұмсығында толқын болып, компасы (қыбыламасы) сынып жолдан адасты. Таңға жақын бір нәрсеге қатты соқтығып, бір адам тірі қылмай суға кетті. Мен солардың бірінің жанымын. Саған хабар бергелі келдім. Өкімет есітіп, тек-серіп жатыр. Бүрсігүні пристанға хабар келеді. Сонда менің жәдігөй еместігімді білерсің дейді. Айтқандай хабар келіп бәрі дәл шықты.

Спиритизм жайын тексеруші Озен Носи жазады: 1759 жылы Англияның әскері Американың тұрғын халқымен соғысқандағы коменданты Цицерь Уильямс Джонсон Сосет Мэрдағы Американ адамдарына елші жіберіп, Нигера қаласына келсін, сол жерде бітім шартын жасайық дейді. Алдындағы соғыста америкалықтарға қолға түскен Александр Калмри деген офицері елші барғанда Американың қолында екен. Сол айтады: Елші келген соң, американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір үлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатты. Сонда шатыр солқылдап біресе олай, біресе былай қисайып, ішінен әлдене түрлі қорқынышты дауыстар шыққан соң, жан шақырушы шатырға еңбектеп кіріп, біраздан соң терлеп шыққан соң, халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталады. Сонда жан шақырушы барғанымызды ұнайды, комендант бізге көп сый беріп қайырады, ішінде сондай-сондай сауыттар, бәлендер бар дейді. Аяғында соның бәрі дәл шықты дейді.

Париждегі мектебінен оқып шыққан түріктің Хасан Марзух деген спириті: спиритизм, магнитизм туралы Стамбулда бастырған кітабында айтадыГ біз Парижде бірталай спирит жан шақырғанымда көбінесе Жақсаза деген жанды шақырушы едік. Онымыздың себебі, оның айтқаны дұрыс шыға беруші еді. Бір шақырғанымда түрік сұлтаны Ғабдулхамиттің зұлымдығын халқы қанша уақытқа дейін тартады деп сұрағанымда:

— Патшалығының отыз үшінші жылының тоғызыншы айында тақтан түседі,— деді. Өлімі қашан дегенімізде, Австрия — Венгриядағы Франс Иосифтың өлімінен кейін болар, алты айдан кейін бе қалай деді.

Ғабдулхамиттің түсі айтқанындай шықты. Ғабдулхамит Сламекте елді деген хабар өтірік болады. Енді өлім туралы айтқаны қалай болар екен? Соны ескеру керек дейді Хасан. Ол кітабын Ғабдулхамит түскен соң 1909 жылы бастырған.

Спиритизмнің Америка, Европада алғаш анықталуы. 1847 жылы Германияның Нос фамилиялы бір үйлі жаны Америкаға келіп, Гизоиль қышлағында тұрды. Бүл Гизоиль Нью-Йорк қаласында Аркадие ішіндегі Ден Монталасында болады. Фамилиясы Америкаша Фокус болды. Бүл бір үйлі жан бір әке, бір шеше, екі қыз. Қыздың үлкені Маргарет 15-те. Кішісі Кейт 12-де. Бір қатардан соң тұрған үйлерінің төбесі, едені, қабырғасынан неше түрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған үйдегі көрпе-жастық сияқты нәрселері ауысып, шашылып қалатын болады. Басында көпке шейін қорықса да, Кейт үйрене келе, ақсақ шайтан, менің істегенімді істеші деп қолын о да шығаратын болды. Сүйте-сүйте жан екенін біліп, Кейт спирит болды. Онан кейін Аери дариясының жағасындағы Ошестр қаласына көшіп келіп, неше турлі спиритизм ісін көрсете бастаған соң, халық неше рет комиссия шығарып тексерсе де, шығарған комиссияның бәрі алдаусыз, айласыз бір қуаттың барлығын растады. Қара халық оған да болмай, бұл жәдігөй, мұны тірідей кескілейміз деп Кейтті өлтірмекші болғанда, өздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: мені өлтіріп, денемнің үстінен өтпей, Кейтті өлтіре алмайсыңдар деп Кейтті азар алып қалған. Онан соң Американың Однос Мефс, Руберт Keep һәм Лондондағы профессор Крокс сияқты данышпандар тексеріп алдау, айласыз бір қуат барлығын анықтадық деп жариялады. Жоғарыда аталған «Ревель» газетінің бас жазушысы Август Багеридің Америкада таяқ жеп, аяғында шындығына он төрт мың кісі қол қойған спиритизм дегені осы Кейттің ісі. Англияның атақты білімдісі Цормент Кокс айтады: — ешбір ғылым білмейтін бір спирит жан шақырып келтіргенде, ғылымды философтардың сөздерімен сөйлесіп дұрыс шығады деген соң, соны өзім сынап айтқан сөзімнің бәріне де ғылым жолымен жауап берді. Әншейінде ғылым түгіл жай сөзге жауап бере алмайтын надан дейді. Францияда атақты спирит Жанна д’ Арк деген қыз жанның даусын естіп соны қағазға жазып отыратын болған. Колбен Штобе деген спирит ақ қағазды столге не сандыққа салып қойса, жан соған жазып кетеді дейді. Громоотвод (жай тартатынды) шығарған Веньямин Франклиннің жаны спириттерге келіп спиритизм жайын үйретеді дейді. Кейбір жандар артынан дұға қылып, күнамды кеш деп сұратын кісім жоқ. Сондықтан жоғарылай алмай жүрмін дейді. Кейбіреуі мойнымда қарыз кетіп, сол бөгет болып жүр деп айтады дейді. Тіпті бір таңырқарлық іс. Спириттерге орысша Марс, мұсылманша Марных деген планетадағылардың жаны келіп хабар алысады дейді. Олардың бір түрлі тілі бар. Соның бір-екі ауыз сөзі мынау: «Кеуи қашан бример ем һа еб, ол-тағы қашан келеді деген сөзі.

Атақты бәйт ақын-жазушылардың бірқатары спиритизм туралы ойларын өлеңдеріне қосқан. Бұл сөзіме Тиопель Коньенің «Спирит» деген кітабы мен Мышланың «Махаббат» деген кітабы куә. Францияның атақты ақыны Виктор Гюгонің спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау: Сөз сөйлеп столды бір талай жандар ермек қылып көңіл жұбатады. Ашық ұғысайық, мұндайды жеңіл есептеу орынсыз. Ісі ғылыми ең зор ғалымдар енді бірі Германия тілінде «Спенке» газетасы оны да өңкей білімділер шығарған фахризм деген болады. Ол — Үндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен фахризм атанған. Олар оқымай, ешкімнен үйренбей-ақ өзін-өзі жөндеп тазартпай-ақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір үйде отырған бір қатар кісіге менің рұхсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады. Бүл бақсылардың жолы болса керек. Жас күнімде бақсылардың асау атты жүгенсіз мініп үйге кіргізгенін, алты қанат үйдің шаңырағынан секіріп шыққанын көріп едік.

Әншейінде оның бірін істей алмайтындығы анық. Жоғарыда аты жазылған түрік спирит Хасан Марзух кітабында айтады. Бір адам көз тигізші деген соң, соған анау қақпадан алғаш кім кірсе, соған көз тигізші дедік. Біраздан соң қашырға мінген бір поп молда кіріп еді. Әлгі адам тұра келіп қадала қарады. Екі жүз адымдай жерде келе жатқан поптың қашыры тайып жығылып, анадай барып құлады дейді. Қасына барсақ, еш жері ауырған да жоқ, қашырына мінді. Көшедегілер қашыр таймаушы еді деп аң-таң. Біз көз тигізгенге аң-таң болдық дейді. Кейде тірі адамның жаны дене сезімінсіз-ақ ғайыпты біледі, адам істей алмайтын іс істейді. Орысша лунатизм, Европаша соннамиулизм дегенді ғылым оқығанда біледі. Ол біздің қазақша айтқанда, кейбір адам ұйқысырап жүріп кетіп әлдене түрлі істерді істеп, қайта келіп жатып қалады да, оянғанда онысын білмейді. Оны біздің тілде ұйқыда кезу дейді. Мұндайлардың кейбіреулері биік үйдің шатырына шығып, таймастан дәл шеткі қырымен айнала жүріп келіп, сатыдан түсіп төсегіне жатқан. Ол жүргенде дымды мүлде сезбейді, ұйқыдан оянған соң онысынан өзі түк білмейді. Мұндайлар көп болады. Ондайды езіміз өз көзімізбен де көрдік. Кейбір адамдардың пәлен жерім тартты, онда солай болушы еді дегені де дәл шығады. Кейде көрген түс бұлжымай дәл келеді. Ол да тіпті көп. Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнаға көрініп, көрдің бе, шеше, мен өлдім деген. Ол баланың шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай жаманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса да қатын шыдай алмай Парижге келсе, дәл айнадан көрген күні жиені өлген екен. Сіңлісі анам қайғырар деп хат салмайды. Америкада бір адам өзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол буаз болып қалған соң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да білінетін болған соң, қызды өлтіріп көмген. Біраздан соң бір диірменшіге түнде әлгі қыздың аруағы келіп: мені ломмен өлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасаң өзіңді жазым қыламын деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, миынан дене суреті түгенделген. Жас баланың сәулесі көрініп тұрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, үшке шейін тыныштатпайды. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, спириттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, үйдің төрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пішіні иығынан керінген баланың сәулесі түсіп, сол сурет күні бүгін ғылым жиналысы үйінде тұр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан Кетти Кепикак деген Америка әйелі спириттерге келгенде фотография сурет тартатын аппаратпен алған сурет бар дейді.

Бір ғылымды қатын түнде қорасындағы иттер үрген соң, тысқа шықса еш нәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын өшіргелі жатқанда күнде жеміс сатып жүрген бір кедей қатын көрінеді де, мен бұрынғымнан да сорлы болдым дейді де, жоғалады. Қайдан келгенін білмей есікке қараса, ілулі тұр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның үйі өртенеді. Бұған көрінген кезде жемісті қатын үйінде ұйқыда. Үйде аман қалған адамдар жаралыс жұмбаған шеше алмағандықтан, әлдеқайда сандалып, ойлағандарын идеалист дегендердің сөздерін оқыса байқалады. Олар дүниеде нағыз шын нәрсе жоқ дейді. Осы бар деп жүргеніміз құры ғана қиял, айнадағы көлеңке, не сағым сияқты нәрсе. Нағыз шыны бүл емес дейді. Дәлелдері: сезімдеріміздің бәрі бізді алдайды. Мәселен көз алыстағыны сағымданған әлдене қылып көрсетеді. Құлағымыз да бір дауысты әлдененің дауысы сияқтандыра, ойымыз да бір нәрсені шын деп байлап, онысы қата болып шығады. Тіпті бізде дәлін табарлық сөзім жоқ. Және ұйқымыз бен ояуымыз бірдей. Ұйқы түс көргенде әлденені көрмейміз. Ояуымыз да сондай. Түстің бекер екенін, ояудағымыз анық екенін айыратын қаруымыз жоқ. Бір сенген дене сезіміміздің бәрі алдайды. Сондықтан ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей. Баяғы Аплотон деген білгіш өзінің «Республика» деген кітабында Кролгодит деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шепті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі, өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Үйтіп сынап қараса ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз ө


Просмотров 3632

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!