![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тест №294. Препаратты анықтау. Қуаттылығы төмен, органолептикалық және
консистенциясы бойынша майға ұқсайды, холестериннің және өт қышқылының абсорбциясын тежейді, семіруде қолданылады: 1. Олестра 2. Гепабене 3. Сибутрамин 4. Эссенциале 5. Легалон Тест №295. Орлистаттың әсер механизмі: 1. Тәбетті төмендетеді 2. Майды алмастырады 3. Асқазан ішек жолдарында холестериннің сіңірілуін ынталандырады 4. Асқазан ішек жолдарында майдың сіңірілуін азайтады 5. Липолизді және термогенезді ынталандырады Тест №296. Эпилепсияға қарсы заттар: 1. Натрий оксибутираты, лидокаин, ламотриджин 2. Карбамазепин, клоназепам, ницерголин 3. Фенобарбитал, дифенин, этосуксимид 4. Клоназепам, натрий вальпроаты, нимодипин 5. Пирацетам, аминалон, дифенин Тест №297. Бауырдың микросомальдық ферменттерін айрықша ынталандыратын зат: 1. Нитразепам 2. Фенобарбитал 3. Хлоралгидрат 4. Лидокаин 5. Диазепам Тест №298. ГАМҚ- ергиялық жүйені белсендіретін эпилепсияға қарсы заттар: 1. Нимодипин, тиагабин 2. Флунаризин, этосуксимид 3. Винпоцетин, дифенин 4. Диазепам, фенобарбитал 5. Ницерголин, пирацетам Тест №299. Дифениннің әсер механизмі: 1. Кальций каналдарын тежейді 2. Натрий каналдарын тежейді 3. ГАМҚ-тың ГАМҚ рецепторларына аффинитетін жоғарылатады 4. Глутаматтық рецепторларды тежейді 5. ГАМҚ-тың бейтарапталуын тежейді Тест №300. Ламотриджинның эпилепсияға қарсы әсері байланысты: 1. ГАМҚ-тың ГАМҚ рецепторларына аффинитетін жоғарылатады 2. Глутаматтық рецепторларды тежейді 3. ГАМҚ-тың инактивациясының жоғарылатады 4. Кальций каналдарын тежейді 5. Глутаматтың босап шығуын азайтады Тест №301. Тиагабиннің эпилепсияға қарсы механизмі: 1. ГАМҚ тың нейроналды ұсталуын тежейді 2. ГАМҚ тың түзілуін ынталандырады 3. Глутаматтың босап шығуын азайтады 4. Глутаматтық рецепторларды тежейді 5. Кальций каналдарын тежейді Тест №302. Глутаматергиялық жүйенің белсенділігін төмендететін эпилепсияға қарсы заттар: 1. Дифенин, карбамазепин 2. Диазепам, клоназепам 3. Натрий вальпроаты, фенобарбитал 4. Этосуксимид, карбамазепин 5. Ламотриджин, топирамат Тест №303. Т – типті кальций каналын тежейтін эпилепсияға қарсы препарат: 1. Клоназепам 2. Этосуксимид 3. Диазепам 4. Карбамазепин 5. Дифенин Тест №304. Эпилепсияның барлық түрінде таңдамалы препарат болып табылады: 1. Дифенин 2. Натрий оксибутираты 3. Натрий вальпроаты 4. Топирамат 5. Фенобарбитал Тест №305. Эпилепсиялық статуста таңдамалы препарат болып табылады: 1. Этосуксимид 2. Диазепам 3. Топирамат 4. Ламотриджин 5. Натрий вальпроаты Тест №306. Этосуксимид алдын алу үшін қолданылады: 1. Эпилепсиялық статустың 2. Эпилепсияның кіші ұстамасының 3. Эпилепсияның үлкен тырысулық ұстамаларының 4. Миоклонус-эпилепсияның 5. Фокалды эпилепсияның Тест №307. Эпилепсияның үлкен ұстамаларының алдын алу үшін қолданылатын заттар: 1. Диазепам, этосуксимид, нимодипин 2. Фенобарбитал, аминалон, пирацетам 3. Дифенин, фенобарбитал, карбамазепин 4. Этосуксимид, ксантинол никотинаты, флунаризин 5. Ламотриджин, диазепам, ницерголин Тест №308. Миоклонус – эпилепсияда тиімді: 1. Фенобарбитал 2. Карбамазепин 3. Дифенин 4. Клоназепам 5. Этоксуксимид Тест №309. Айқан анксиолитикалық әсер тән эпилепсияға қарсы зат: 1. Диазепам 2. Ламотриджин 3. Этосуксимид 4. Тиагабин 5. Карбамазепин Тест №310. Эпилепсияға қарсы әсермен қатар, дифенинге келесі әсер тән: 1. Антиангиналды 2. Антиаритмиялық 3. Гипотензивті 4. Гипертензивті 5. Гиполипидемиялық Тест №311. Гидантоидты синдром шақыратын эпилепсияға қарсы препарат: 1. Этосуксимид 2. Дифенин 3. Фенобарбитал 4. Топирамат 5. Тиагабин Тест №312. Мидың қан айналымына таңдамалы әсер ететін барвинок препараты: 1. Ницерголин 2. Винпоцетин 3. Ксантинол никотинаты 4. Эуфиллин 5. Флунаризин Тест №313. Ми қан тамырларын және шеткі қан тамырларды кеңейтеді: 1. Нимодипин 2. Циннаризин 3. Винпоцетин 4. Ницерголин 5. Флунаризин Тест №314. Антидепрессивті қасиет тән эпилепсияға қарсы зат: 1. Дифенин 2. Лидокаин 3. Карбамазепин 4. Этосуксимид 5. Клоназепам Тест №315. Барбитураттардың функционалды антагонисті: 1. Атропин 2. Налоксон 3. Бемегрид 4. Унитиол 5. Лобелин Тест №316. ГАМҚ туындыларына жататын нейропротективті заттар: 1. Фраксипарин, аминалон 2. Гепарин, пантогам 3. Пирацетам, аминалон 4. Фибриноген, глицин 5. Семакс, дипиридамол Тест №317. РР витаминінің туындысы, мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылады: 1. Циннаризин 2. Эуфиллин 3. Фепромарон 4. Тиклопидин 5. Ксантинол никотинаты Тест №318. Мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын пурин туындысы: 1. Пентоксифиллин 2. Варфарин 3. Урокиназа 4. Винпоцетин 5. Натрий оксибутираты Тест №319. Мидың қан айналымын кальций каналдарын тежей отырып жақсартатын препараттар: 1. Эуфиллин, винпоцетин 2. Ксантинол никотинаты, флунаризин 3. Ницерголин, пирацетам 4. Циннаризин, нимодипин 5. Аминалон, пентоксифиллин Тест №320. ГАМҚ туындыларының ми қан айналымы бұзылыстарында оң әсер етуі байланысты: 1. Қан тамырларының өткізгіштігінің азаюы 2. Қабыну үрдісінің төмендеуі 3. Ми қан тамырларының тарылуы 4. Мисауыт ішілік қысымның жоғарылауы 5. Ми нейрондарында метаболикалық үрдістерді жақсарту Тест №321. Ницерголиннің тамыр кеңейткіш әсер механизмі байланысты: 1. Бета- адреноблокаторлық әсеріне 2. Альфа-адреноблокаторлық әсеріне 3. Кальций каналдарын тежеуіне 4. Натрий каналдарын тежеуіне 5. Калий каналдарын тежеуіне Тест №322. Мидың қан айналымы бұзылыстары кезінде дамыған тырысу синдромында көрсетіледі: 1. Ницерголин 2. Циннаризин 3. Диазепам 4. Ксантинол никотинаты 5. Эуфиллин Тест №323. Сопақша мидың триггерлік (жіберу) аймағын тежейтін, құсуға және ықылыққа қарсы әсер көрсететін препарат: 1. Пентоксифиллин 2. Аминалон 3. Диазепам 4. Метоклопрамид 5. Натрий оксибутираты Тест №324. Винпоцетиннің қолдануға көрсетілуі болып табылады: 1. Миокард инфаркты 2. Эндоартерит 3. Ишемиялық инсульт 4. Геморрагиялық инсульт 5. Гипотензия Тест №325. Мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын антиагреганттар: 1. Дипиридамол, фепромарон 2. Ацетилсалицил қышқылы, фенилин 3. Дипиридамол, клопидогрел 4. Гепарин, фраксипарин 5. Варфарин, стрептокиназа Тест №326. Мидың қан айналымы бұзылыстарында антиоксиданттар және антигипоксанттар ретінде қолданылады: 1. Бүйрек үсті безінің гормондары 2. E және C витаминдерінің препараттары 3. Антиагреганттар 4. Антикоагулянттар 5. Фибринолитикалық заттар Тест №327. Эпилепсияға қарсы, антиаритмиялық, анальгетикалық әсерлер тән препарат: 1. Дифенин 2. Ницерголин 3. Этосуксимид 4. Триметин 5. Пирацетам Тест №328. Нейропротектор: 1. Диазепам 2. Клонезепам 3. Лидокаин 4. Натрий оксибутираты 5. Тиагабин Тест №329. Ноотропты заттарға жатады: 1. Карбамазепин, дифенин, мидокалм 2. Этосуксимид, клоназепам, вигабатрин 3. Глицин, пиридитол, аминалон 4. Эуфиллин, топирамат, тиагабин 5. Винпоцетин, лидокаин, диазепам Тест №330. Ноотропты препарат –пантотен қышқылының туындысы: 1. Церебролизин 2. Пиридитол 3. Глицин 4. Пирацетам 5. Пантогам Тест №331. Пиридитол, ноотропты әсерінен басқа, келесі әсер шақырады: 1. Гипотензивті 2. Антипсихотикалық 3. Психостимулдеуші 4. Ұйықтатқыш 5. Антидепрессивті Тест №332. Ноотропты әсер көрсететін пептидті қосылыс: 1. Пирацетам 2. Пантогам 3. Семакс 4. Нимодипин 5. Эуфиллин Тест №333. Аминалонның тырысуға қарсы әсер механизмі: 1. Калий каналдарын белсендіру 2.ГАМҚ-ергиялық жүйеге әсер ету 3. Қоздырғыш аминқышқылдарының әсерлерін басу 4. Кальций каналдарын тежеу 5. Натрий каналдарын тежеу Тест №334. Пирацетамға тән негізгі әсер: 1. Ми қызметінің (ақыл ойдың) төмендеуі 2. Психостимуляторлық және аналептикалық қасиеттер 3. Мидың жоғарғы интегративтік қызметін ынталандыру 4. Қорқу, үрей, мазасыздықты басу 5. Психоздың продуктивті симптоматикасын жою Тест №335. Препаратты анықтау: ГАМҚ препараты, мидың қан айналымын жақсартады, антигипоксиялық, тырысуға қарсы, гипотензивті әсер көрсетеді. Қанттың деңгейі жоғары болғанда гипогликемиялық әсер көрсетеді. Мидың интегративтік қызметін жақсарту үшін қолданылады. 1. Пентоксифиллин 2. Церебролизин 3. Фепромарон 4. Глицин 5. Аминалон Тест №336. Дәрілік заттар тобын анықтау: мида зат алмасу үрдісіне және қан айналымына оң әсер көрсетеді. Тотығу-тотықсыздану үрдістерін ынталандырады, мидың ишемияға ұшыраған ошақтарында қан айналымды жақсартады. Жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларында, негізінен қан тамырлық ауруларда және зат алмасудың бұзылыстарына байланысты дамыған, сонымен қатар, геронтологиялық практикада қолданылады: 1. Ноотропты заттар 2. Антикоагулянттар 3. Антиагреганттар 4. Тырысуға қарсы заттар 5. Эпилепсияға қарсы заттар Тест №337. Мидың қан айналымы бұзылыстарында (геморрагиялық инсультте) қолданылатын фибринолиз ингибиторлары: 1. Викасол, фибриноген 2. Аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы 3. Ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол 4. Тиклопидин, пентоксифиллин 5. Клопидогрел, варфарин Тест №338. Мидың қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын антиоксидант: 1. Варфарин 2. Фенилин 3. Аскорбин қышқылы 4. Ацетилсалицил қышқылы 5. Пентоксифиллин Тест №339. Барбитур қышқылның туындысы: 1. Тиопентал натриі 2. Диазепам 3. Пирацетам 4. Натрий оксибутираты 5. Этосуксимид Тест №340. Мидың қан айналымы бұзылыстарында дегидратациялық ем ретінде тағайындалады: 1. Нимодипин 2. Эуфиллин 3. Клоназепам 4. Вигабатрин 5. Фуросемид Тест №341. Ми қабығының инфекциялық ауруларында этиологиялық ем ретінде қолданылады: 1. Пирацетам, винпоцетин 2. Цефотаксим, амоксициллин 3. Фуросемид, церебролизин 4. Флунаризин, пантогам 5. Ванкомицин, пиридитол Тест №342. Ми қабығының қабыну ауруларының патогенетикалық емі ретінде қолданылады: 1. Тырысуға қарсы препараттар 2. Сульфаниламидті препараттар 3. Фторхинолондар 4. Кортикостероидтар 5. Антибиотиктер Тест №343. Мисауыт ішілік гипертензияда дегидратациялық ем үшін қолданылады: 1. Меропенем 2. Левомицетин 3. Спиронолактон 4. Гидрохлортиазид 5. Маннит Тест №344. Тырысуға қарсы заттар: 1. Аминалон, пентоксифиллин 2. Нимодипин, флунаризин 3. Диазепам, натрий оксибутираты 4. Эуфиллин, винпоцетин 5. Ксантинол никотинаты, флунаризин Тест №345. Тыныс орталығын әлсіз тежейтін тырысуға қарсы зат: 1. Натрий оксибутираты 2. Пирацетам 3. Магний сульфаты 4. Ницерголин 5. Топирамат Тест №346. Тырысу синдромында қолданылатын бензодиазепиндік рецепторлардың агонисті: 1. Дифенин 2. Натрий вальпроаты 3. Таламонал 4. Диазепам 5. Тиопентал –натрий Тест №347. Магний сульфаты, тырысуға қарсы әсерімен қатар, көрсетеді: 1. Гипотензивті 2. Гипертензивті 3. Аллергияға қарсы 4. Қабынуға қарсы 5. Антиоксидантты Тест №348. Тырысуға қарсы әсерден басқа, натрий оксибутиратына тән әсер: 1. Антигипертензивті 2. Антиангиналды 3. Антигипоксиялық 4. Кардиотоникалық 5. Гиполипидемиялық Тест №349. Менингитте карбапенемдер қолданылады: 1. Орын басушы ем ретінде 2. Патогенетикалық ем ретінде 3. Симптоматикалық ем ретінде 4. Этиотропты ем ретінде 5. Жалпы тонусты жоғарылататын ем ретінде Тест №350. Генле ілмегінің жоғарылағыш бөлігіне әсер ететін зәр айдайтын зат: 1. Гидрохлортиазид 2. Фуросемид 3. Маннит 4. Индапамид 5. Оксодолин Тест №351. Зәр айдайтын зат – карбоангидраза ингибиторы: 1. Клопамид 2. Триамтерен 3. Диакарб 4. Индапамид 5. Гидрохлортиазид Тест №352. Бүйрек өзекшелері эпителиінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретиктер: 1. Спиронолактон, алтеплаза 2. Триамтерен, фуросемид 3. Индапамид, стрептокиназа 4. Маннит, фибринолизин 5. Гидрохлортиазид, гепарин Тест №353. Бүйрек өзекшелерінің өне бойына әсер ететін зәр айдайтын зат: 1. Маннит 2. Оксодолин 3. Фуросемид 4. Триамтерен 5. Индапамид Тест №354. « Калий - және магний« сақтаушы диуретиктер: 1. Циклометиазид, маннит 2. Спиронолактон, оксодолин 3. Гидрохлортиазид, фуросемид 4. Триамтерен, амилорид 5. Клопамид, индапамид Тест №355. Дихлотиазидтің диуретикалық әсері байланысты: 1. Натрий және хлор иондарының реабсорбциясының төмендеуімен 2. Калий және бикарбонаттар реабсорбциясының жоғарылауымен 3. Магний реабсорбциясының жоғарылауымен 4. Кальцийдің шығарылуының төмендеуімен 5. Натрийдің шығарылуының төмендеуімен Тест №356. Диакарбтың әсер механизмі: 1. Ісінген тіндерден сұйықтықты шығару арқылы айналымдағы қанның көлемін жоғарылату 2. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды жоғарылату 3. Альдостеронның антагонисті 4. Базалды мембрана арқылы иондардың реабсорбциясын жоғарылату 5. Карбоангидраза тежегіші Тест №357. Индапамидтің әсер механизмі: 1. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды жоғарылатады 2. Натрий, хлор иондарының реабсорбциясын төмендетеді 3. Альдостеронның антагонисті 4. Карбоангидразаны тежейді 5. Холинэстеразаны тежейді Тест №358. Спиронолактонның әсер механизмі: 1. Дисталды өзекшелерде Na+ және Cl- тасымалдануын тежеу 2. Карбоангидразаны тежеу 3. Альдостеронның конкурентті антагонисті 4. Жинағыш түтікшелерде Na+ тасымалдануын тікелей тежеу 5. Генле ілмегінің жоғарылағыш жуан бөлігінде Na, K және Cl белсенді тасымалдануын тежеу Тест №359. Бүйрек өзекшелері эпителиінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретик: 1. Маннит 2. Мочевина 3. Амилорид 4. Спиронолактон 5. Преднизолон Тест №360.Альдостеронның антогонисті болып табылады: 1. Маннит 2. Фуросемид 3.Спиронолактон 4. Этакрин қышқылы 5. Амилорид Тест №361.«Ілмектік» диуретикке жатады: 1. Фуросемид 2. Дихлотиазид 3. Амилорид 4. Мочевина 5. Спиронолактон Тест №362. Мидың ісінуінде таңдамалы препарат болып табылады: 1. Диакарб 2. Амилорид 3. Фуросемид 4. Спиронолактон 5. Триамтерен Тест №363. Кальцийдің экскрециясын жоғарылататын диуретик: 1. Преднизолон 2. Дипиридамол 3. Фуросемид 4. Гидрохлортиазид 5. Азатиоприн Тест №364. Фуросемидтің негізгі жанама әсері: 1. Гипокалиемия 2. Гиперкалиемия 3. Гинекомастия 4. Гипертензия 5. Гипергликемия Тест №365. Фуросемид қолданылады: 1. Гипотонияда 2. Стенокардияда 3. Миокард инфарктінде 4. Гипертонияда 5. Созылмалы улануда
![]() |