Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Лемдік жетекші мемлекеттерінің лидерлері



Қазақ «сан қырлылық-тұтастықта» дейді.Бұл-Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты пайым.Оның тұлға ретіндегі тұтастығы ішкі рухани әлеуетінің биіктігінен және туған халқының дәстүрлерінен, өзі игерген іргелі білімдерден,жалпы адамзаттық құндылықтардан әлеует тартатын қайталанбас бірегейлігінде.
Сонымен, әлемнің аса көрнекті лидерлері шоғырының сапына енген тамаша саясаткер,әрі сандаған ұлттар мен ұлыстардан тұратын, жас деңгейлері мен мамандықтары әр түрлі қазақстандықтардың өз тағдырларын сеніп тапсырған мемлекетшіл жаны Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев феноменінің сыры неде.
Мүмкін адамзат өз көшбасшыларынан саяси сарабдалдықты ғана емес,үлкен руханилықты да талап ететін дамудың жаңа бір сатысына қадам баса бастаған шығар.Біздіңше,осы екі ұстанымды ту еткен лидер ғана жаңа жалпыадамзаттық деңгейлерге көтеріле алады.Батыста Назарбаев саясатының арқасында ғаламшарымыздың ірі аймағында тұрақтылықтың сенімді жаңа орталығының пайда болғандығын атай келе,оның экономикалық ықпалдастық үшін болашағы барлығын және де қарулы қақтығыстар мен ядролық қатердің бақылаусыз таралуын тежеуде белсенді роль атқаратынын бағалауда..
Ал,Шығыста болса,Қазақстанның өз тәуелсіздігін алып,оның өз лидерінің халықаралық аренға шығуы -ғаламшарымызда Батыспен үнқатысуға арналған белсенді Орталықтың пайда болуына жол ашқанын,әйгілі Киплигтің болжамын жоққа шығарып, сол Шығыс пен Батыстың әлемдік өркениеттің векторлары ретінде бір-біріне жақындаса бастағанын айтуда.
Егерки, әлемді жағрапиялық тұрғыдан бөлмей, ғаламдық сана мен жалпы адамзаттық ақыл-ой тұрғысынан қарастыратын болсақ,онда осыншалық көлемдегі ақиқат аясынан өзіміз іздеген шындықты ашамыз.Бәлки, тағдыр біздің Президентіміздің есімін тек Қазақстанның серпінді дамуымен ғана емес, әлемнің де жаңа тынысымен сабақтастыруды хош көрген шығар.
Баршаға мәлім, жершарының бір түкпірінде «Қазақcтан» сөзі естілсе, сол сәтінде санаға « Назарбаев» есімі ұялай қалады.Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев есімі өзге де себептермен жиі аталады.Назарбаев туралы ғаламдасу үрдістерімен қабаттаса келіп,адамзатқа төнген қауіптер мен шақыруларды еңсеру әңгіме болғанда сөз етіп жатады.Мүмкін,адамзат баласы осының баршасынан сабақ алар.Сабақ алулары керек-ақ. Әйтпесе, кеш болуы мүмкін.Ғаламшарымыздағы барша ұлттар мен ұлыстар өмір сүру үрдістерін және жалпыадамзаттық дамуға қатысты мүдде-мұраттарын өзара келісе бастағанда жаңа өркениеттің өрлеуі бастау алар.
Егер,Назарбаевтың саясаты мен тарихтағы ролін адалымен сараптар болсақ,ол үшін аясы тар ішкі саясаттың мүлдем жоқтығын байқаған болар едік.Қазақстан тәуелсіздігін алған уақыттан бастап,біздің Президентіміз жекелей алғандағы бір мемлекеттің табысы мен тағдырын барша әлемдік қауымдастықтың жағдайынан бөле-жара қарау мүмкін еместігін дәлелдеумен келеді.
Еліміздің «үлкен» әлемге қадам басуы Қазақстан өз тәуелсіздігін алмай тұрып-ақ басталған болатын.
Одақтың құрамындағы республика кезінде Орталықтың еркінен тыс Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық әлеует-Семей полигонын жапты.Бұл бүкіл ғаламшар қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі- Қазақстан мемлекеттігінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен құтты қадамдардың бірегейі еді.
1992 жылы БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының биік мінберінен Елбасымыз Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының қол жеткен үздік жетістіктерін қызметіне арқау етіп, ғаламның ірі,әрі қауіп-қатері сейілмей тұрған бөлігіндегі үнқатысуларға жағдай туғызатын Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы ұсыныс енгізді.
Осы ұйымның Алматыда өткен алғашқы Саммиті де Қазақстан Президентінің сол бастамасының маңызы мен келешекке керектігін толығымен дәлелді.
Нұрсұлтан Назарбаев мен Руханилық.Назарбаев пен Адамзатты сүюшілік.Бұл сөздер ажырамас тұтастықтағы болмысы бір ұғымдар.
Ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету-Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің ішкі саясатындағы басымдыққа ие өзекті шарболат арқауы.
Жалпы адамзаттық деңгейдегі саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев осы заманның ғана болмысын зерделеп қоймай, келешекті болжап, ғаламшарымыздың да тарихи миссиясын пайымдай білуде.Мақсат-жұмыр жердің бетінде ғұмыр кешіп жатқан әр адамның бақытты болуы.
Елбасымыз жақын болашақта әлемдегі діндераралық дүрдіараздықтар қызуын бәсеңдететін, руханилықты,бейбітшілік сүйгіштікті және төзімділікті насихаттайтын жаңа халықаралық ұйымның құрылуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.Президент Нұрсұлтан Назарбаев діни төзімділік Хартиясын жасауды ұсынады.
Ол мемлекеттің тізгінін тарихтың алмағайып,сынақты кезеңінде қолына алды.Тағдыр оған тәуелсіз мемлекетті құрып,еркін елдің көшін бастауды бұйыртты.Ол болса,мүмкін еместі жасады.Халық та өз көшбасшысымен бірге жасампаздыққа жол ашып,бостандығының байрағы астында,әлемдік айдынға еркін қадам басуда.

 

 

Ислам: мәні мен ықпалы

Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.



Просмотров 1393

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!