![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет
КІРІСПЕ Инженерлік мамандықтың қазіргі кездегі жас түлегінің негізгі қасиеті ретінде оның ғылыми-техникалық потенциалын айтуға болады, яғни оның өзбетінше проблеманы көру қабілеттілігі, өнертабыс деңгейінде жаңа конструкторлық – технологиялық шешімдер іздестіру мәселесін қоя білуі және оны шеше ала білуі, бұл шешімдер бір жағынан сапа бойынша әлем деңгейіндегі бұйымдарды жасауды, ал екінші жағынан осындай бұйымдарды жасағанда және пайдаланғанда ресурстарды жан-жақты қарқындандыруды және үнемдеуді қамтамасыз етеді. Міне мамандардың осындай қасиеттері елдің интеллектуалды потенциалын құрастырады, оның ойдағыдай дамуын, яғни оның экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде ғылыми пәндердің (қоғамдық, техникалық, арнайы) көпшілігін оқыту процесі теориялық және практикалық есептерді шешуге негізделген, сонда бұл есептің қойылуы алдын ала дайын, оны шешу тәсілі белгілі және ұсынылған тәсілмен ұқсас есепті шешу мысалы беріледі. Сонымен қатар есепті шешу нәтижесі оқытушыға белгілі, ал кей кездерде білім алушыға да белгілі болады. Бұлай қарастыру білімді игергенде және пысықтағанда дұрыс болады. Дегенмен, мұндай тәсілдің нәтижелігі кейбір ғылыми пәндерді оқығанда жоғары бола қоймайды, өйткені қойылған есептің шешімі терең ойлауды керек етпейді және әдетте керітартпа жұмысқа айналады. Жас маман жасампаз, жаңалық жасаушы болуы үшін бар білімді игеріп, дағдыларды жақсы иемдену жеткілікті болмайды. Бұған қосымша ол шығармашылықты ойлауға үйренуі тиіс, өзінің шығармашылық қабіліттерін жандандыруға және дамытуға мүмкіндік алуы керек. Бұларды іске асыруға «Инженерлік шығармашылықтың инновациялық әдістер» және «Техникада инновация жасау әдістері» деген пәндердің көмегі тиеді, ал бұлардың зерттейтін объектісі болып шығармашылық іс-әрекет процесі, соның ішінде өнертабыстық іс-әрекет табылады. «Шығармашылыққа және өнертапқыштыққа үйретуге бола ма?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Көп ғасырлар бойы адамдардың шығармашылық іс-әрекетке икемделуі және оларды өнертапқыштыққа оқыту бұл сұраққа қазіргі кезде бірмағыналы болады деген жауап беруге болады. Пәндердің негізгі мәселелері: - жас маманды өзбетінше жаңа техниканы жасау, техника мен технологияны жетілдіру мәселелерін қоя білуді үйрету; - іргелі және техникалық пәндерді зерттегенде алынған білімдерді қолдану дағдыларына әдеттендіру; - өнертабыс деңгейіндегі шығармашылық мәселелерін шешу әдістемесі негіздерімен таныстыру; - жорамал өнертабысқа сұраным құрастыруды үйрену. Шығармашылық және инженерлік іс-әрекет Қазіргі кезде әртүрлі іс-әрекет түрлері белгілі: рухани, материалды, өндірістік, ғылыми және т.б. Шығармашылық іс-әрекет деп қоршаған орта туралы жаңа білімдер алуға, алдында ешқашанда болмаған сапалы жаңа құндылықтарды жасауға бағытталған іс-әрекетті түсінеді. «Шығармашылық» деген ұғым адамның тіршілік әрекетінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады, ал адам өзінің қабілеттілігін, тапқан білімдері мен дағдыларын, өмірлік тәжірибесін пайдалана отырып, бір нәрсені жасайды, жетілдіреді, жаңартады. Шығармашылық деп субъекті қызмет бабында мәселені қоюға немесе таңдауға, оны шешу шарттары мен тәсілін іздеуге және осы кезге дейін болмаған бір нәрсені жасауға арналған субъектінің іс-әрекетін айтады. Шығармашылық іс-әрекеттің саласы мен нәтижелеріне байланысты шығармашылықты мынадый түрлерге бөледі: ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық, көркемөнер, педагогикалық және басқалары. Әртүрлі көркемөнер салаларында шығармашылықтың нәтижесі болып көркемөнер туындылары табылады: өлең және қара сөз, сурет және т.б. Ғылыми шығармашылақ деп қоршаған ортаны тану мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған және іргелі ғылымдармен, яғни математикамен, физикамен, химиямен, философиямен, байланысты болады. Ғылыми-техникалық және техникалық шығармашылықтың іс жүзіндегі анық мақсаты болады және қоғамның пайдалы мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Шығармашылықтың мұндай түрлері ғылым жетістіктерінің негізінде техникалық мәселелерді іздестірумен және оларды шешумен байланысты болады. Олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылағы боламайды және көбінесе оларды біріктіріп, инженерлік шығармашылақ деп атайды. Ғылым мен техника аясында шығырмашылық іс-әрекет нәтижелері мыналар болуы мүмкін: - материалды өнім (бұйым, энергия, зат); -әлеуметтік – экономикалық тиімділік (өзіндік құны төмендеуі, еңбек өнімділігі жогарылауы, материалды өнімнің сапасы және т.б.); - ақпарат (жаңа мағлұматтар, басылымдарда көрсетілген, ғылыми ашылымдар, өнертабыстар және т.б.). Инженерлік шығармашылық түрлерінің біреуі болып өнертапқыштық табылады. Өнертапқыштық деп ғылыми идеялардың техникалық шешімдерге айналдыру процесін айтады. Мынаны ұмытпаған жөн, яғни өнертапқыштық іс-әрекеттің өнімі, яғни өнертабыс ғылыми жетістіктерді игерудің нәтижесі бола тұра, ғылыми идея мен техниканың материалды объектісі арасындағы аралық орынды алып жатады. Былайша айтқанда, өнертабыс әлі толық жасалған машина, толық жасалған технологиялық процесс немесе материал бола алмайды Дегенмен ол нақты физикалық пішінде келтірілген идея болады, сонда оны қоғамның жаңа немесе бар мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған техниканың жаңа объектілерінде іске асыруға болатындығын көрсетеді.
![]() |