Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Топырақтың ластану көздері



Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.
Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.
Химиялық ластаушылар (неорганикалықжәне органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады.
ТМД елдерінде (пестицидтердің көптеген түрін қолдануға рұқсат етілген. Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен ластанса ол жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп соқтырады.
Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен ондай препараттар улылығы аз препаратпен ауыстырылуда. Олардың формалары кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары да негізделуде.Минералды тыңайтқыштар ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Оларға макрожәне микротыңайтқыштар жатады. Минералды макротыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын арттыратын негізгі элементгер (азот, фосфор, калий) енетін затгар. Макротыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және аралас деп бөлінеді.
Минералды тыңайтқыштар түрлері көп-ақ. Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид, натрий нитраты, аммиак селитрасы, калий селитрасы және т.б. енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым және қос суперфосфаттар, негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал денсаулығына зиян. Өйткені, нитрат метгемоглобинемия деп аталатын улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар топырақта канцерогенді әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің негізі болады[1].
Калий топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен тазаруы мен топырақ биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге топырақ қыртысына жасанды сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі. Сонымен бірге мал организміне жиналған аз ғана калий жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Фосфат топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе де фосфат тыңайтқышы гектарына 600 кг немесе топырақтың 1 килограмына 200 мг аспауы қажет. Бұл шамадан асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен қоректік құндылығын нашарлатады. Сонымен қатар топыраққа фосфор тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 литр жер асты суында 20 мг дейін фтор енгізілді деген сөз.
Павлодар топырақтары және ластануы
Жердің солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына қарамастан облыстық барлық территориясы бірдей топырақ белдеуінің маңында каштан топырақта орналасқан. Территориясының (3/4 шамасындай) үлкен бөлігін қоңыр топырақты белдеу алып жатыр. Облыстық тек солтүстік шетіне қара топырақ белдеу,оңтүстік-шығыс белдеуінде топырақты ашық қаштан. Шамамен осындай бөлікті оңтүстік-батыста тау топырағы құрады олардың құрылуы вертикальді белдеу мен таудағы ылғалдылыққа байланысты.Әрбір белдеудің көптеген әртүрлі топырақтың сай келуі аналық жыныстардың әртүрлілігіне, рельефіне,климатына және гидрологиялық факторларына байланысты.
Оңжағалық жазық бөлігінің топырағы төрттік дәуірдің жеңіл механикалық құрылысында құм, саз бар жыныстардан құралған. Сол
жағалауда топырақ құраушы жыныс ретінде тұзды саз және ауыр саздық қатынасады. Қазақстанның ұсақ шоқылы аудандарында топырақ жамылғысы жоқ, ертедегі ескі кристалдық жыныстар кездеседі. Борпылдақ үгілмелі материалдар шоқылардың баурайында бұл жердегі дамушы топырақты ұсақ тастарға айналдыруға себепші болды. Шоқылардың арасында орналасқан тұз тасушы саздар ашық түсті каштан топырақтарды тұздандырып, сор, сортаң, солодиді жасайды.
Жер асты суларының жоғары қарай атқылап шығуынан тұз жақын жатқан минерал суларынан топырақтың жоғарғы горизонтына шығады. Тұзы жердің бетіне жиналатын нағыз тұзды топырақты сор топырақ дейміз.

 

Қорытынды

Топырақтың құрылуы сулану режиміне, жер асты суларының минералдану сипатына, сол сияқты топырақ құрушы жыныстардың ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың қатынасына байланысты шабындық топырағының бір типі құрылады.
Шабындық жайылым топырағының айырмашылағы жоғарғы горизонт топырағының лай болуы, мал азығының базасын дамыту үшін мүмкіндік жасайды.Жерді дұрыс пайдаланбау дағдырысқа ұшырататынын тарих көрсетті. Павлодар облысында тың және тыңайған жерлерді ұтымды пайдаланбауды еске түсірейікші. Сондай ұқсас құбылыс жайылым жерде кездеседі.Жерді селсоқ игеру және бұл жерлерді пайдалану біртіндеп құрғақшылыққа айналдырады. Осылай топыракты пайдалану нәтижесінде ол бұрыңғы құнарлылығын жойып эрозияға ұшырады. Топырақтың құнарлылығын нашарлатуға негізгі себеп жайылым жердегі малдардың санының көбеюі және эрозия.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді инТенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Ерекше қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау қопару жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, тұрмысқа қажетті жерлер айналымнан шығып қалады. Зерттеу жұмысы бойынша келесі қорытынды жасалды:

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Информационно-аналитический отчет по контрольной и правоприменительной деятельности Иртышского департамента экологии за 2009 г. – Павлодар, 2009 г. – 120 стр.
2. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу производствами. –Алматы: «КАЗЭКОЭКСП», 2005.
3. Новиков Г.В., Дудурев А.Н. Санитарная охрана окружающей среды современного города. –М.: Химия, 2001, 239с.

 

 

«Астана Медицина Университеті»АҚ

«Еңбек гигиенасы мен коммуналды гигиена» кафедрасы

 

РЕФЕРАТ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның түрлі аймақтарындағы топырақтың сапасы, оның тұрғындар денсаулығына әсері. Топырақтың сапасын комплексті интегралды бағалау.

 

 

Орындаған: Исембиев Е.А

304 ҚДС

Тексерген: Аманова А.Д.

 

 

Астана 2015ж

 



Просмотров 13244

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!