![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
сурет - «Думплекс» бұрғылау сорабының құрылымы
Бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігі тұрқылы және ауыспалы бөлшектерден тұрады: Тұрқылыға жататындар: -қақпақтары бар гидроқораптар; -айдағыш және қабылдаушы коллектор. Алмастырылатындарға жататындар: -цилиндрлі төлкелер; -поршеньдер; -сорушы және айдаушы клапандар; -қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктердің тығыздағыштары. Цилиндрлі төлкелер бұрғылау сораптарының габариттері және металл сыйымдылығы бойынша ең ірі ауыстырылатын бөлшегі болып табылады. Олардың құрылымдық жасалуы, ұзындығы, сыртқы және ішкі диаметрлері салалық стандарттармен регламенттеледі. Поршень цилиндрлі төлкенің тесігін тығыз жабады, және ось бағытымен қозғала отырып, айдалатын сұйықтыққа артық қысымды береді. Бұрғыла сораптарының поршеньдері резеңкелі-металды құрылымға ие және болат өзек пен резеңкелі өздігінен тығыздалатын манжеттерден тұрады. Өзектер поршеньді штокпен қосатын конусты немесе цилиндрлі тесіктермен жабдықталған. Цилиндрлі тығыздау втулкасының комплектісіне резиналы формадағы дөңгелек кіреді әдетте тығыздау комплектісі қақпақ цилиндрінің тығыздауына арналған және стакан мен втулканың арасына құралады. Гидравликалық коробка, цилиндр қақпағы және корпус штогының тығыздалуы шыңдалған болат конструкциясы бойынша дайындалған сондықтан гидравликалық бөлімінің сенімділігін жоғарлатады. Поршень штоктың жоғарғы жағына конусты тығыздалып отырғызылады содан соң гайкамен және контргайкамен қатайтылады. Поршень штогы крейцкопф штогына резбалы дөңгелек арқылы бұралады және гайка арқылы орнатылады. Гидравликалық тығынның әрқайсында төрт конустық саңылау қарастырылған, содан кейін табақша типтегі қақпақ құрылған, олар жоғары және төмен қысымды бөліп тұратын қуыстан тұрады.Конусты ойыққа ершік (қақпақ отырғызылатын қондырғы) тығыздалады,онда металды дөңгелекпен тартылған қақпақты тығыздау құрылғысы құрылған. Қақпақтың жоғарғы негізгі бөлшектері термиалық жолмен өңделген (ершік қақпақ отырғызылатын қондырғы және тарелка) олар қатты болады. Қақпақ отырғызылатын қондырғыға пружина арқылы тарелка қақпағына отырғызылады. Ершікке қойылатын пуржиналы дөңгелек іштегі бағытталатын ершіктің жылжымауын қамтамасыз етеді. Айдау корпусына сақтандыру қақпағы орнатылады, ол сораптағы поршеннің сұйық қысымына есептелініп орналасуына байланысты, өзіне ішкі диаметрі әртүрлі ауыстырмалы дөңгелекті қосады. Дөңгелектегі өтетін тесік қалыңдығы 0,8мм болатын латунды мембранамен жабылған, ол Л63М маркалы МЕСТ 931-70 бойынша жұмсақ суық қаңылтырдан жасалған. Менбранамен корпустың қосылуын саңылаусыздандыру резиналы дөңгелек арқылы жүзеге асырылады. Сұйықтың көлем қысымының өте жоғары болуы кезінде мембрананың дөңгелек диаметрінің ішкі контуры бойынша бұзылуы болады, содан соң стакандағы тесік арқылы сұйық ағызу құбырына бағытталады, және төбе жағы төмен ығысқан жарық арқылы жуу сұйығы сорапқа қабылдау коробкасымен құбырлы сальник арқылы қабылданады. Тығыздау дөңгелегі гайка арқылы тартылған сонымен қоса корпус бұрамаларын тығыздайды. Сұйық майлы жүйе штокты суыту және майлауға арналған, сонымен қатар поршеннің резиналы манжетадағы штокқа үйкелісін азайтады және ұйкеліс аймағындағы жылудың болуын азайтады.Екі штокқа да майды беру электірлі сорап арқылы ПА-45 МЕСТ2640-44 бойынша жүзеге асырылады, оның өнімділігі 45л/мин. Жетекші блок трансмиссионды біліктен, түбірлі біліктен және шатунды механизмнен тұрады.
Сорапты пайдалану Сорап берік және сенімді механизм болғандықтан, сорапты пайдаланудағы оның жұмыс жасауына аса көңіл аудару қажет, ол үшін ең қажеттісі: -сораптың таза болуына және сорап тұрған аймақтың тазалығын қадағалап тұру қажет. -сораптың жұмыс жасауын қадағалап оның дұрыстығын көз жектіземіз, егер бұзылған немес тозыуға жақындаған бөлшектері болса тез арада оларды алмастыру қажет. -сораптың резбелі қосылыстары бар жерлердің жақсы қатайтылғанын тексеріп тұру қажет. -сораптың жұмыс жасауын қадағалап оның дұрыстығын көз жеткіземіз, егер ұзылған немес тозыуға жақындаған бөлшектері болса тез арада оларды алмастыру қажет. -сораптың резбалы қосылыстары бар жерлердің жақсы қатайтылғанын тексеріп тұру қажет. -жетектеуші бөлімдегі май тұратын ваннадағы майды уақытысымен ауыстыру қажет, ал штоктағы суыту мен майлау жүйесіндегі ыдыстағы майды қолдан келгенше ластанған мезетте ауыстырып тұру қажет. -сораптың сипаттамасында көрсетілгендей оны көп уақыт яғни тоқтаусыз үлкен қысымда жұмыс жасатуға болмайды. -трансмиссиялы біліктің бағытталуы әрқашанда станинада көрсетілген стрелка бағыттаушысына сәйкес келуі тиіс, басқаша айтқанда сораптың тісті ұсталыну нұсқасына бағытталуы тиіс. -сораптың көп уақытқа тоқтаған кезінде немесе минусты температурада суық кезде айдалынып жатқан сұйықты кетіру қажет, ал сорапты суық температурада немес көп уақыт тоқтап қалғаннан кезде, алдымен сораптың гидравликалық бөлімін 10..,15° С-ға дейін қыздырады немесе ыстық су құяды. -жуу сұйығының тазалығын үнемі қадағалап отыру қажет, сұйықтың құрамында 0,5% құм болмауы қажет. ал сұйықтың құрамында 0,5%-дан құм көп болса онда сорапты шығаратын зауыт сорап бөлшектеріне жауап бермейді. -ауыстырмалы бөлшектерді тек қана сызба бойынша дайындау қажет. -манометрдегі қысым көрсеткіші сораптың шығардағы қысымын секірусіз бір қалыпты өсуін көрсету керек, ол компенсатордағы ауа қысымына тең болудан басталуы тиіс. -Қысым тұрақталғанда тығыздау элементінің жұмысының сенімділігін тексеру қажет. -сорап 100 - 150 сағат жұмыс жасағаннан кейін подшипниктердің тиісті ұстағыш және басқада жұмыс тораптарының жұмысы жақсарғаннан кейін, номинальді қуатпен 60% іске қосуға болады. -сораптың жұмыс жасалуы кезінде тербеліс подшипнигі, бармақ және крейцкопф бағыттаушысының қызбауын қадағалап тұру қажет. Қызудың ең жоғарғы температурасы 70С°. -сораптың тоқталуы эластикалық немесе шиннопневматикалық муфта немесе қозғалтқышты тоқтауымен жүзеге асырылады. Ал қысымды төмендету айдау құбыр жүйесіндегі жіберу құрылғысының тесігін ашу арқылы жүзеге асады. -сорапты қашауды ауыстыру, жөндеу және тағы басқа жұмыстар кезінде әсіресе қақпақты дұрыстап жабу керек.
Бөлім бойынша қорытынды. Курстық жобының техникалық бөлімінде сорапты циркульяциялық кешеннің негізгі қызметтері менбұрғылау сораптарының конструкциялалары талданып, оларды жетілдірудің бағыттары айқындалды. Отандық өндірістегі екі поршеньді екі жақты әрекет ететін және үш поршеньді бір жақты әрекет ететін сораптардың техникалық сипаттамалары салыстырылып, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері аталып өтілді..
![]() |