![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Монополистік бәсеке нарығы
Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшелігі: • Фирмалардың салыстырмалы көп саны; • Өнімдер бір-бірінен ерекшеленеді; • Бағалы және бағалы емес бәсеке жүргізіледі; • Салаға кіру салыстырмалы оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Олар: патент, лицензия, сауда маркасы т.б. Монополистік бәсеке нарығында тауарлар бір-бірінен дифференциалданып ерекшеленеді: • Сапасы жағынан; • Қызмет көрсету жағынан; • Фирманың орналасуы жағынан. Таза монополия.Таза монополияда өнімнің бір ғана өндірушісі болады. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнім жоқ. Таза монополияның негізгі ерекшеліктері: • Белгілі бір өнімнің бір ғана өндірушісі және сатушысы болады; • Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнімдер жоқ. Сондықтан монополистің жарнама жасауы өз еркінде болады; • Монополист бағаға толық бақылау жасайды. Салаға кірудің шектері өте жоғары болады. Оның экономика, технология, заң жағынан шектері бар. Сонымен қатар табиғи монополиялар да болады: газ, су, электроэнергия, байланыс т.б. Бұл салалар бірнеше қолда болатын болса, шығындарды анықтау қиындап, пайда аз болады. Сондықтан мемлекет бұл салаларды бір кәсіпорынның қолына береді. Бірақ бағаға бақылауды өзі жасайды. Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады: 1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар). 2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады. 3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады. Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы. Шоғырланудың бағыттары
Көлденең Тікелей Диверсификация
Монополияның ұйымдастыру формалары: 1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу 2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік. 3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі. 4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі . Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы заңдылықтар қолданылады. Олигополистік нарық. Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады. Стандартты олигополияда ауыр өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. Мысалы: құрыш, мыс, т.б. Дифференциалды олигополияда тұтыну тауарлары өндіріледі: автомобиль, киім, т. б. Олигополистік нарықта бірнеше фирмалардың маңызда үлесі бар. Бұл фирмалар бір-біріне тәуелді болады. Олигополиялардың болуы масштаб әсерінен. Олар ҒТП - тің және капиталды орталықтандыру нәтижесінде пайда болған. Көп фирмалар өз әрекеттерін аз ғана капиталмен бастап, басқа фирмалармен бірігіп әрекет етеді. Салаға кіру үшін бірден ірі фирма болу керек, себебі олигополистік нарықта патенттер, лицензиялар, жарнамаларды, стратегиялық тауарларды бақылауға көп шығындар кетеді. Олигополистік нарықта тек қана бағалы емес бәсеке қолданылады, өйткені баға өзгерісіне басқа фирмалар тез арада жауап бере алады. Сондықтан олар жарнамаға көп шығын жұмсай алады. Монополияның пайда болуы ғылыми техникалық прогрестің тоқтауына алып келеді. Сонымен қатар монополия өнім сапасының төмендеуіне және бәсекенің жойылуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ол нарықта фирманың монополизациясын жою. Сол үшін белгілі бір шаралар қолданылады. Олар әкімшілік және нормативтік реттеу. Әкімшілік реттеу ол монополияға қарсы заңдар шығарып, мемлекет тарапынан бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі. Монополияға қарсы акт бірінші рет 1889ж. Канадада пайда болды. 3. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды. Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды. Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д). Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: 1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі. 2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі. 3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар) 4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
5.Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады. Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды. Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады. Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%; ∆ Q% ЕPD = ───── ∆ Р%;
ЕPD = ∆ Q% ∆ Р% Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті; Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
ЕіD = ∆ Q% ∆ I % Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті, Q % - сұраныстың өзгеруі, І % - табыстың өзгеруі. - Егерде ЕіD > О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды. - ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар. - Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар - ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары. Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаятын болса. Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі: ЕхуД = ∆ Qх% ∆ Ру% Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті; ∆ Qх% - Х тауарына сұранысына қатысты өзгеруі; ∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі. - Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуД > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар. - Егер ЕхуД < О теріс сан болса, онда бірін - бірі толықтыратын тауарлар. - ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады. Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш. ЕРS = Qх% Ру% Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі, Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
6-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау Тақырыпты қарастыру барысында жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарының айырмашылықтарын ажыратып, нарықтардың ерекшеліктерін анықтау. Жетілмеген бәсеке нарығына жататын монополия, олигополия, дуополия нарықтарының белгілері мен сипаттарын қарастыру. Нарықтың негізгі элементтері сұраныс, ұсыныс заңдарын меңгеріп, оларға әсер ететін факторларды анықтау. Икемділіктің мәнін ашып, оның түрлерін қарастыру. Нарықтағы тепе-теңдік баға қалай қалыптасады? 7-тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы.
![]() |