![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Электр өрісінің потенциалы
Электр өрісінің кернеулігі Зарядталған денелердің өзара әсерлесу күштері электр өрісі арқылы беріледі. Қозғалмайтын зарядтардың электр өрісін электростатикалық өріс деп атайды. Электр өрісін сандық сипаттау үшін электр өрісінің кернеулік векторы енгізілген. Электр өрісінің кернеулігі электр өрісінде орналасқан нүктелік зарядқа әсер ететін күштің осы зарядтың шамасына қатынасына тең болады: Өлшем бірлігі Кернеулік векторының бағыты оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен бағыттас болады. Электр өрісінің кернеулік векторы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады, яғни электр өрісінде орналасқан бірлік оң зарядқа әсер ететін күшті анықтайды. Барлық нүктесіндегі кернеулік векторының бағыты мен шамасы бірдей болатын электр өрісін біртекті электр өрісі деп атайды. Электр өрісіне енгізілген зарядтарға өріс тарапынан әсер ететін күш Вакуумдегі нүктелік зарядтың тудыратын электр өрісінің кернеулігі: Зарядталған дене нүктелік болмаған жағдайда зарядталған денелерді келесі үш топқа бөлуге болады: 1) Сызықтық зарядталған дене
2) Беттік зарядталған дене
3) Көлемдік зарядталған дене
Электр өрісін көрнекті түрде бейнелеу үшін электр өрісінің күш сызықтары (кернеулік сызықтары) енгізілген.
Электр өрісінің суперпозиция принципі Қозғалмайтын N нүктелік зарядтардан тұратын электрлік жүйені қарастырайық. Тәжірибелер көрсеткендей, зарядтар жүйесіндегі бір зарядқа әсер ететін қорытқы күш оның әрбір жеке зарядпен әсерлесу күштерінің геометриялық қосындысына тең болады
мұндағы:
Қозғалмайтын N зарядтан тұратын электрлік жүйенің тудыратын қорытқы электр өрісінің кернеулігі жеке зарядтар тудыратын электр өрістерінің кернеуліктерінің геометриялық (векторлық) қосындысына тең болады.
Электр өрісінің потенциалы Нүктелік зарядтың электростатикалық өрісі центрлік болып табылады. Сол себепті электростатикалық өріс потенциалды өріс болып табылады. Электростатикалық әсерлесу күшінің тұйық траекториядағы атқаратын жұмысы нольге тең болады.
Осы екі формуланы салыстыра отырып, алатынымыз Электр өрісінде орналасқан нүктелік зарядтың потенциалдық энергиясының осы зарядтың шамасына қатынасын электр өрісінің потенциалы деп атайды. Өлшем бірлігі – Потенциал электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады, яғни электр өрісінде орналасқан зарядтың потенциалдық энергиясын анықтайды. Потенциал – скаляр шама болып табылады. Нүктелік зарядтың потенциалын анықтайтын өрнек: Потенциал үшін электр өрісінің суперпозиция принципін анықтайық. Қозғалмайтын N нүктелік зарядтан тұратын электрлік жүйенің электр өрісін қарастырайық. Осы өрісте кез келген Жеке зарядтардың атқаратын жұмысы Сондықтан
Қозғалмайтын N зарядтан тұратын электрлік жүйенің тудыратын қорытқы электр өрісінің потенциалы жеке зарядтар тудыратын электр өрістерінің потенциалдарының алгебралық қосындысына тең болады. Зарядтар жүйесінің өзара әсерлесу потенциалдық энергиясы Потенциалы Потенциалды күштердің жұмысы потенциалдық энергияның теріс таңбамен алынғандағы өзгерісіне тең екенін ескерсек, яғни Соныменен өріс күштерінің зарядты орын ауыстырғанда атқаратын жұмысы зарядтың шамасының бастапқы және соңғы нүктелердегі потенциалдардың айырмасына көбейтіндісіне тең болады. Потенциалдар айырмасы кернеу деп аталады. Потенциал бірлік оң зарядта өрістің берілген нүктесінен шексіздікке орын ауыстырғанда электр өрісінің атқаратын жұмысына тең болады.
![]() |