Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі



Халықаралық құқықтың қызметі деген сөз- ол халықаралық құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның, яғни халықаралық жүйе компоненттерінің арасында үнемі болатын қарым-қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық рөлін одан әрі тани түсуге, оның дамуына болжам жасауға, оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділіген арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық құқық функцияларын жүзеге асыру процесі.

Халықаралық құқықтың басты функциялары оның халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылармен өзара іс-қимылдарынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъелтілері әр түрлі амалдарды пайдаланады .

Халықаралық құқықтық қызмет атқару үшін, бір жағынан-халықаралық құқық және сыртқы саясат ара салмағының, екінші жағынан-хылықаралық құқық және дипломатия ара салмағының мәселелері көкейтесті болып есептеледі. Бұл мәселенің халықаралық жария құқық жөнінлегі монографиялық еңбектерде талай айтыс туғызатынын айта кету керек. Қаралып отырған проблема құқық және саясат ара салмағы туралы жалпы мәселенің бір болып табылады. Сыртқы саясаттың ішкі саясатпен салыстырғанда өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, сыртқы және ішкі саясатты мемлекеттің белгілі бір жоғарғы органдары бағыттап және белгілеп отырады. «Дипломатиялық сөздіктегі» дипломатияға қатысты анықтау мынадай: «Мемлекеттер, үкіметтер және сыртқы қатынастардың арнаулы органдары басшыларының мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ шет елдерде мемлекеттің құқықтары мен мүделерін қорғау жөніндегі ресми қызметі». Дипломатиялық сыртқы саясат құралы ьолып саналады.Дипломатиямен бірге экономикалық, мәдени, әскери және басқа да сыртқы байланыстардың осындай құралдар болып табылатыны даусыз.

Халықаралық жария құқықтың қызметі үшін, мыналар көкейтесті мәселелер болып есептеледі:

біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттерді жалпы танылған нормалар мен принциптерді басшылыққа алуды міндеттей отырып, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектейді;

екіншіден, халықаралық құқықтың, сонымен бірге, сыртқы саясат пен дипломатияны дамытуға негізі бар;

үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысатын органдардың қызметін реттейді.

Мысал үшін халықаралық жария құқық өз жүйесінде дипломатиялық және консулдық құқық саласын зерттейді. Оған халықаралық та, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипаттағы жеткілікті нормативтік база бар- дипломатиялық қатынастар жөніндегі 1961 жылғы Вена Конфенциясы, консулдық қатынастар туралы 1963 жылы Вена конференциясы, Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» 1997 жылғы Заңы. Сыртқы қатынастар органдарының ерекшеліктерін зерттеу, құқықтық мәселелер мен зардаптары, сенім және кері шақыру грамоталарын тапсыру, дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі және т.б. осы саланың мазмұны болып саналады. Қауіпсіздік құқығын зерттеген кезде халықаралық құқық мемлекеттің сыртқы саясатының басты элементтерін негізге алады мәселен, ұжымдық, аймақтық қаупсіздікті аиықтаған кезде, халықаралық қаупсіздіктің халықаралық-қүқықтық жолдарын қамтамасыз ету үшін.

Халықаралық құқық Халықаралық қатынастарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.

Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.

Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.

Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.

Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар.

Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық -құқықтық нормаларды көрсететін формалар.

 


 

67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары: құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.

Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары:

1. Заңның үстемдік етуі.

2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

3. Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.

4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.

5. Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.

6. Азаматтық коғамның қалыптасуы.

7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптеріне сәйкес келуі. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:

Заң - мемлекеттің ақылы.

Сот - мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет - мемлекеттің тәртібі.

Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп, қалыптасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптергесәйкес келсе, елімізде құқықтық, мемлекет орнайды. Қорыта айтқанда, құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке тұлға мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі менқұқық принциптеріне негізделген мемлекет.

 

 

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері

Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.

Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.

Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады

Құқық субъектісі — заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құкықтар мен міндеттерге ие болып, олар-ды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Азаматтар әр түрлі құқықтық қатынастардың субъектісі болып саналады. Бірақ олардың қатысуы құқық нормаларын реттейтін қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты. Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып тек соған қатысы бар тұлғалар саналады. Пенсиямен қамтамасыз ету құқық қатынасымен байланысы жоқ адамдар бұл қатынасқа субъекті бола алмайды, себебі олар пенсия жасына жетпеген, не пенсия жасына жетсе де оған құқығы жоқ.

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

 

 

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5. орман қорының жері.

6. су қорының жері.

7. босалқы жер

Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.

Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.

Жер қорын басқару анықтамасы басқаларға қарағанда Ю.А.Вовк берген:

«Біртұтас жер қорын басқару ретінде мемлекеттің елдегі жерлерді мейлінше

ұтымды пайдалануды ұйымдастырудың және оларды қорғауды мақсат етіп

тұратын құқықтық қызметі түсініледі».Бұл анықтамада жер қорын мемлекеттік басқарудың басты өзіндік белгісі болып оның елдегі жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудағы ұйымдастырушылық рөлі табылады.Анықтамадағы екінші ерекшелік жер қатынастарын емес,біртұтас мемлекеттік жер қорын басқарудан көрініс табады.

Арнайы жер қоры – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, сондай-

ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының

заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерінің және

шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердің

есебінен құралатын резервтегі жер.

Иммиграциялық жер қоры – оралмандарға беру үшін резервке қалдырылған

және арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері.

 


Просмотров 2449

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!