Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сұрақ. ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ



Жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кегей аудандық «Коммунизм нұры» газетінде еңбек жолын бастаған. 1970 — 1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.

Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып түр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы.. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.. «Қош бол, менің ертегім» пьесасымен «Аққу сазы» хикаялар кітап. Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.

Баққожа романы ХХ ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Мұнда ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.

Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.

Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, сал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Бір көрімге тәуір адам, қулығына құрық бойламайды. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді

 

сұрақ. ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Қасым Аманжолов лирикалары өзінің сыршылдығымен, әуезділігімен, көркемдік қуаттылығымен тез арада оқырман жүрегін жаулап алды. Қасым 1937 жылдардың өзінде поэма жанрына қалам тербей бастаған. Алғашқы поэмасы – «Қытай қызы». Бұл тарихтан білетініміздей жапон империалистерінің қытай жеріне баса көктеп кірген кезі еді.. Одан соң 1937-1938 жылдары атақты Естай ақынға арнап «Хорлығайынды» жазды. Бұл өлеңмен жазылған драмалық туынды. 1938 жылыжазылған «Құпия қыз» ‒ керемет поэма. Шығыс Түркістанда өскен Ләззат есімді сұлу қыз тағдыр тәлкегіне ұшырайды. Оны сол жердің зәңгісі жастығына қарамай, әйел үстіне алмақ болады. Бірақ, Ләззат оған көнбейді. Араға түсіп, арашалап алатын адам болмағандықтан, сұлу қыз баяғыдан арманы ата жұртқа ат басын бұрады. Шығарып салған қойшы Жақып соққыға жығылып, Нұрман қазаға ұшырайды. Зәңгі Жүсіптің адамдары шағын ауылды әбігерге салып, ойран ботқасын шығарады. Алайда, Ләззаттың өгей шешесінен басқа ешкім оған қайғырып алаңдамайды. Ләззат ата жұрты Қазақстанмен қауышып, бақыттың бесігінде тербеледі. Зәңгі Жүсіптің ылғида тек жағымсыз қылықтармен оқшауланады да, тұрады. Автор оның тіпті Зәңгілікті қалай алғанын да жасырмайды. Ол аз десеңіз Әбіл қартқа «қызын берсін» деп, түн ішінде жаушы шаптырады. Жүсіптің есерлігі мұнымен бітпейді. Жолы болмаған соң жаңа тапсырма береді. Міне, поэмадағы Жүсіп бейнесі осындай. Ақын Зәңгі образын ашу арқылы адам бойындағы ынсапсыздық пен зұлымдықты, қатыгездік пен жауыздықты, керітартпа мешеулікті сынайды. Ал Ләззаттың көркіне ақылы сай. Оның өмірі атын естігені болмаса, көзі көрмеген мекенге ат басын бұруы, тәуекелге бел байлауы – романтикалық кейіпкерге тән әрекет. Ол өз болашағы үшін күресе алатын, қорлық пен озбырлыққа төзбейтін, еркін, азат өмірдің қарлығашы. Дегенмен, бұл поэма әйел теңдігін жырлаған туынды емес. Мұнда кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында туған шығармаларға тән ескі мен жаңаның да күресі жоқ. «Құпия қызды» махаббат бар, күрескерлік рух бар, адам тағдырына бей-жай қарамайтын ақындық философиялық бар. Әрі-беріден соң қытай жеріне қалған қандастарымыздың тағдырына араша тілеген жүрек бар.
Қасым Аманжолов 1938 жылы «жырдың қызыл жолбарысы» атанған Жамбыл Жабаевтың ақындық қызметінің жетпіс бес жылдық мерекесінен алған әсермен үлкен поэма жазды. Ол«Жамбыл тойында» болатын. Бұл бір шынтақтап, шалқып-тасқан» Жамбылдың тойына Парнастан Гомер, Ираннан Фердауси дұғай сәлем жолдайды. Жыр нөсері Махамбет, «ақылдың ақыны» Абай бастап, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса қостап, енді бір жақтан Бұхар мен Сүйінбай, Құрманғазы мен Тәттімбет, Сұлтанмахмұттар келеді. Ол, ол ма, мына жақтан Пушкин мен Лермонтов, Некрасов пен Гоголь, Чехов пен Толстой, мұзбалақ Горький келе жатыр. Олардың ізін баса Байрон, Шекспир, Шиллер, Шота, Гете, Гейне келеді. Жақсы мен жайсанның ұмыт қалғаны жоқ. Барлығы шалқып-тасып Қасымның замандастарымен сырласып отыр. Бір шеттен Шекспир мен Мұқаң (Мұхтар Әуезов) тізе қосса. Горький Сәбеннің (Сәбит Мұқанов) «Теміртасын» қарап отыр. Сұлтанмахмұт Дихан Әбілевтің «Шалқымасына» шалқыса, Әбділда Тәжібаев пен Гейне оңаша жүр. Тайыр Жароков Махамбетті жағаласа, Гоголь мен Әлжаппар, Беилнский мен Есмағамбет бөлек жүр. Ал Маяковскийдің қасында Ғали мен Қалижан бастаған бір топ жас ақын. Барлығы да ғажайып күйге бөленіп, көңілдің көк дөненін кермеге байлап, бақытқа мас болып жүр. Романтик ақын Жамбыл тойын осылай бір шалқыта суреттейді. Қасым Аманжоловтың оқырмандар арасында елеулі сынға ұшырап, тіпті 1950 жылдары өзіне қамшы боп тиген тағы бір поэмасы «Бикеш» болатын. Бұл адамзат баласының моральдық азғындауының сырын ашып, жігін жіктеп берген туынды еді. Мұндағы басты кейіпкер – Азғынбаев типтік характер. Бойында адам сүйер бір қылық жоқ. Жүрген жері ылаң, сау басын дауға салып жүретін бейбақ. Өзі – жалқау, айтқаны – өтірік, ішкені – арақ. Екінші кейіпкер Бикеш сұлу қыз. Ақын оны «ақша маңдай, алма сағақ» деп бір-ақ жолмен сипаттайды Қасым «Бикеш» поэмасы арқылы «Азғынбаевтардың» кеңес дәуіріндегі бейнесін дәл сомдап берді.

Сұрақ.Қ. Ысқақ. Жазушы, драматург, кинодраматург,1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. Проза жанрында жазушының коптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық корді: «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы.Аманхан ӘЛІМҰЛЫ: Мен қазақ прозасын бірнеше ағымға бөлемін. Бірінші, эпикалық проза. Бұл Әуезов бастаған топ. Кең тынысты прозалар. Мысалы, орыстарда «Война и мир», Толстойдың эпикалық прозасы бар. Сосын Аймауытов бастаған топ бар. Психо-поэтикалық проза. Адамның ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы поэтикалық тілмен жеткізу. Одан кейінгіні орыстар «деревенская проза» дейді. Ауыл прозасы дейік. Бұл Бейімбет бастаған топ. Содан кейінгісі интеллектуалдық проза. Бұған үлкен дайындық керек. Асқар Сүлейменовтер, Қалихандар. Кітаби интеллектуал емес, ұлттың өзінен шыққан интеллектуалдар. Яғни, ұлттық ойлау жүйең болмаса, бұлардың прозасын қабылдай алмайсың.

Сұрақ. М. Мағауин: «Жармақ», Прага, «Арт-Фокус» баспасы, 2008 жыл. қазақ әдебиетіне жаңа заманға сай тыңнан қалыптанған, тосын мінезді, ұлттық сыр-сипатқа мей­лінше бай, әлемдік өредегі әсем үлгілер қосылды. Осы тұрғыдан кел­генде, “Қып­шақ аруы”, “Кесік бас – тірі тұлып”, “Жармақ” сынды жаңа тұрпатты хикаят-романдары Мұхтар Мағауиннің айрықша жамалды, бірегей бітімді, жаһа­ни шығармашылыққа бет бұрғанын, бұ­рын­ғыдан да биігірек көркем сурет­керлік өріске шыққанын әйгіледі. Әсіресе, бүгінгі күндер суретін сұлбалаған, ұлттық ділі­міздің қақ жарылған қасіретін таң­балаған “Жармақ” романы ұлттық про­за­мыз ұмты­лар замани межені меңзейтіндей. Роман қазақ елінің ғасырлар тоғысындағы көкейкесті мәселелеріне арналған. Онда ұлтсыздық, мемлекет болашағы, халық тағдыры туралы толғаныстар көрініс тапқан.

Осы ойымызды академик Сейіт Қасқабасовтың өткен жылдың ақпанында бізге берген сұхбатында: “Тәуелсіздік тұсын­дағы әдебиетіміздің аяқ алысы жаман емес. Жаңа леп, жаңашыл көз­қарастар баршылық. Постмодернизм нышандары байқалуда. Мысалы, жаңа әдебиеттің үлгісі деп Мұхтар Мағауиннің “Жармақ” романын айтар едім” – деген сөздері айқындай құптамай ма. Негізгі кейіпкерлері: Марат пен Мұрат, Мүштар Маханов, Балжан, романдағы екі кейіпкерге назар салған жөн. Бірі – Иман Қазақбай, екіншісі – Мұрат. Қазақбай әлдебір журналдың бас редакторы қызметін атқарып, ел үшін, ұлт үшін жанын салады, кейін сонысы үшін қоғамға сүйкімсіз боп шеттеп қалады. Елден Иман кетіп, ылғи имансыздар қалса, қазақтың (Қазақбайдың) құрығаны. Бірақ, Иманның өзі кетсе де, көзі кетпейді, ол Мұратты тәрбиелеп кеткен еді. Мұрат имансыз Маратқа қарсы күреседі. Кейде әлсіздік танытып, жеңіледі, кейде жеңеді, кейде тіпті «ұ» әріптік қазақы ұлы қасиеті «а» әріптік бөтен пиғылға ауысып, Мұрат Маратпен тұтасып кетеді, қайтадан екеуінің арасы жарылып («Жармақ»), иманды жолға қайта түседі...

 


Просмотров 3160

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!